ҚЎлпыбаев с



бет225/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

Сақтық брокері – сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру келісімшарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкілдік ететін немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру келісімшартын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөніндегі делдалдық қызметті, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.
Сақтық агенті – сақтық агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтық ұйымдарының атынан және олардың тапсырмасымен сақтандыру келісімшарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлға.
Сақтық ісі және сақтық қызметі, Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол қызметтің мынадай түрлерін: инвестициялық қызметті; «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын тиісті жинақтаушы сақтандыру келісімшартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтық ұйымы үшін); сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтық ісі және сақтық қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру келісімшарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтық ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтық ісіне және сақтық қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтық (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтық агенті ретінде сақтық делдалы болуды; консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға, сақтық ұйымдары арасындағы не сақтық ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге заңи тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын ассистансты; сақтық төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционері бола алады.
Жарғылық капиталының 50 пайызынан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдар сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге міндетті.
Құрылатын сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезге дейін толық төлеуге тиіс.
Жеке және заңи тұлғалар – «Сақтық қызметі туралы» заңда және уәкілетті мемлекеттік органның өзге нормативтік-құқықтық актілерінде қарастырылған талаптарды ескеретін Қазақстан Республикасы резиденттері мен бейрезиденттері сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
Жиынтығында орналастырылған акцияларының (артықшылықты және өтеуі төлеп алынған) 25%-нан астамы меншігінде және басқаруында болатын ұйым бейрезиденттердің қатысумен сақ­тық (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері;
2) жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің немесе орналастырылған акцияларының 50%-дан астамы меншікте және (немесе) басқаруда болатын заңи тұлға-резидент;
3) бейрезиденттердің бағалы қағаздарының атаулы ұстаушылары болып табылатын резиденттер.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Қазақстан Респуб­ликасының резиденттері болып табылатын заңи және жеке тұлғалар мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек сақтық ұйымы жүзеге асырады. Сақтық ұйымдарымен – Қазақстан Республикасы бейрезиденттерімен, жұмыс, емделу, демалыс мақсаттарында уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген, тек осы тұлғалардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде уақытша болған жеке тұлғалармен – Қазақстан Республикасының резиденттерімен сақтандыру келісімшарттарын жасасуға рұқсат етіледі.
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы екінші деңгей банктері мен ұйымдарға жеке және заңи тұлғалардан - Қазақстан Республикасы резиденттерінен Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына сақтық сыйлықақылар төлеумен байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.
Сақтық ісі мен сақтық қызметін жүзеге асыруға мынадай жалпы талаптар қойылады.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы сақтық қызметін (қайта сақтандыру жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтық қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелері:
сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
ішкі аудиттік қызметтің және басқа да тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру), инвес­ти­циялық, кредиттік, операциялық, рыноктық және басқа да тәуекелдерді басқару жүйесін;
құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен жұмыс­керлері оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін айқындауға тиіс.
Сақтандыру ережелерін және сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелерін директорлар кеңесі бекітеді. Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында актуарийі болмаса, сақтық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтық ұйымдары таратылған жағдайда сақтық ұйымдары, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтық төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Жұртқа мәлім, Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қоры құрылған.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық органдар құра алады: директорлар кеңесі – басқару органы; басқарма – атқарушы орган; тексеру комиссиясы – бақылау органы.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады, ал оның капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалармен қалыптасады.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы еншілес ұйымдарды құруға, сатып алуға немесе уәкілетті орган рұқсаты кезінде басқа заңи тұлғалардың жарғылық капи­талына қатысуға, ал оның келісуінсіз өзінің оқшауланған бөлімшелерін – Қазақстан Республикасы аумағында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы­нан тыс жерлерде де филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы.
Сақтық ісі және сақтық қызметі заңмен белгіленген тәртіп бойынша лицензиялануға жатады.
Сақтандыру сферасындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, сақтық рыногындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса, уәкілетті орган және мемлекеттің өзге органдары өз құзыры шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтық брокерінің сақтық қызметіне араласуына тыйым салынады.
Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында тұрақты сақтық жүйесін жасау мен қолдау және ұлттық сақтық рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру; сақтық рыногын реттеу және сақтық қызметін қадағалау; сақтандырудың негіздерін заңнамалық баянды ету, міндетті сақтандыру түрлерін, халықаралық сақтандыру жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын белгілеу; сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негізде қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық норматив­тердің және сақталуға міндетті өзге нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.
Пруденциялық нормативтерді уәкілетті орган белгілейді және оларды:
1) жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
2) кепілдік қорының ең аз мөлшері;
3) төлем қабілеттігі маржасының ең аз мөлшері;
4) төлем қабілеттігі маржасының және кепілдік қорының жеткілікті нормативі;
5) жоғары өтімді активтердің жеткілікті нормативі;
6) активтерді әртараптандыру нормативі құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет