ҚЎлпыбаев с



бет226/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

Төлем қабілеттілігі маржасы – оларды сапасы мен өтемпаздығы бойынша сыныптауды ескере отырып есептеп шығарылған активтердің ұйым міндеттемелерінен асып түсуі.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жекелеген келісімшарты бойынша меншікті ұстап қалудың26 ең аз мөлшері төлем қабілеттігі маржасының іс жүзіндегі мөлшерінен асып түспейді.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жекелеген келісімшарттары бойынша міндеттемелерінің ең көп көлемі өз капиталы мен сақтық резервтері сомасының 10 пайызынан аспауы керек.
Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген келісімшарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтық резервтерінің болуы міндетті.
Сақтық резервтерінің қаражаты тек қана сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру келісімшарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға байланысты сақтық төлемдерін жүзеге асыруға арналған.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымына санкцияларды уәкілетті орган не сот қолданады: уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға: айыппұл салуға; лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға; лицензияны кері қайтарып алуға; сақтық (қайта сақтандыру) ұйымдарының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүри сатып алу туралы шешім қабылдауға және оларды жаңа инвесторларға сатуға құқылы.
Сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы өз қызметінің жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізіп отырады. Жыл қорытындысы бойынша жасалынған аудиторлық қорытынды сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есептеменің ажырағысыз бөлігі болып табылады.
Негізгі сақтық ісі мен сақтық қызметінен алатын сақтандырушының табысы сақтық төлемдері мен сақтық ісі және сақтық қызметінен алынған табыстардың және шығыстардың сақтық сомаларын төлеудің және сақтық ісін ұйымдастыру мен оның материалдық базасын жасау жөніндегі шығыстардың, еңбекке ақы төлеу шығыстарының, сақтық қорларына (аударылатын аударымдардың) орнын толтырудың айырмасы ретінде анықталады. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс қызметтің осы түрлеріне белгіленген ережелерге сәйкес салық салынатын табыс резервтік қорларға аударылған аударымдардың сомасына азайтылатынын ескере отырып есептеп шығарылады.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;
сақтандырудың қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтық брокері, сақтық агенті, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, актуарий, уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор), өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалаудың жүйесін ұйымдастыру;
сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық сақтық жүйесін дұрыс ұйымдастыруда және сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлерін жедел дамытуда мол резерв жасалған.
Қазіргі заманғы сақтандыру индустриясын құру мемлекетке: мемлекеттік бюджеттің табиғи-техногендік сипаттағы көлденең шығыстарды өтеу бөлігіндегі салмақты азайтуға; рыноктық экономика қағидаттарында сақтандыру арқылы (зейнетақы қорланымдарын, еңбек қабілеттілігінен айырылуы немесе асыраушысы қайтыс болуына байланысты, жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақыларды, медициналық шығыстарды төлеу) әлеуметтік қамсыздандырудың (қамтамасыз етудің) жекелеген проблемаларын шешуге; халықтың, жеке ұйымдардың жинақақшасын ұзақ мерзімді негізде ұлттық экономикаға тартуға мүмкіндік береді.
Азаматтардың ақшасымен операцияларды жүзеге асыратын банктер мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі сияқты сақтық ұйымдарының қызметі де белгілі бір мөлшерде халықтың сақтандыру институтына деген сенімінің деңгейіне байланысты.
Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салықтық-бюджеттік және ақшалай-кредиттік саясатты жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты болады.
Қазіргі заманғы сақтық рыногының толыққанды жұмыс істеуі сонымен қатар актуарийлерлер (сақтық міндеттемелерінің экономикалық-математикалық есеп-қисабы саласындағы мамандар) институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стадиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс, жетілмеген заңнамалық база) ол әлемдік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған рыноктық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол небәрі 40 түрін қамтиды. Жеке басты сақтандырудың және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Әлемдік тәжірибе сақтық ісі бизнестің кең таралған және пайдалы сферасы екендігін дәлелдеп отыр, ал қуатты сақтық компаниялары өзінің қызметін шектес салаларға әртараптандыра отырып, етене және қаржылық-орнықты рыноктық құрылым бола отырып, рыноктық экономикада тұрақты жайғасымдарды алып отыр.
Ерекше сақтық қатынастарын, сақтық қызметінің рыногын дамыту, азаматтар мен заңи тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департаменті нормативтік актілерімен реттеліп отырады.
Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциация­сы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Соңғы жылдары сақтандырудың отандық рыногында оң үрдістер байқалуда. Сақтық рыногында сақтық ұйымдарының активтері мен меншікті капиталдары­ның ауқымдық өсуінің үрдісі сақталып отыр. 2008 жылы олардың жиынтық активтері мен меншікті капиталы тиісінше 20 және 30 пайыздан аса өссе, 2009 жы­лы жиынтық меншікті капитал 8,8 пайызға өсіп, 180,5 миллиард теңгені құрады. 2009 жылы тура сақтандыру келісімшарттары бойынша қабылданған сақтық сыйақылардың көлемі 113,3 милиард теңгені құрап, алдыңғы жылдың көрсеткішінен 15,1%-ға азайса, 2010 жылдың қорытындысы бойынша 140,0 миллиард теңгені құрады немесе алдыңғы жылдың көрсеткішінен 23,5 пайызға көбейді.
2009-2010 жылдары экономикалық белсенділік пен халықтың төлем қабілеттілігінің төмендеуі сақтық сыйақылар көлемінің біртіндеп қысқаруына әкелді. Ол 2009 жылдың қорытындысы бойынша бұрынғы жылдың осындай көрсеткіштерінен 23,6%-ға, 2010 жылы 9,03%-ға кем болып, 25,3 миллиардқа жуық теңгені құрады.
Қайта сақтандыруға берілген сақтық сыйақыларының көлемі 2010 жылы 59,9 миллиардқа жуық теңгені немесе сыйақылардың жалпы көлемінің 42,8%-ын құрады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы төрт жылдың ішінде ерікті мүліктік сақтандыруда халық ынталылығының өсуі байқалуда. Мәселен, егер 2007 жылы сақтандыру келісімшарттары бар халықтың үлесі халықтың жалпы санының 4%-ын құраса, 2008 жылы 3,9%-ды, 2009 жылы 4,7%-ды және 2010 жылы 5,3%-ды құрады.
Осы кезенде ерікті мүліктік сақтандыру келісімшарттары бойынша жеке тұлғалардан алынған сақтық сыйақылар көлемінің 413 рет қатты төмендеуі (мүліктік сақтандыру мен автомобиль көлігін сақтандыру бойынша сыйақылардың қысқаруы есебінен) болды. Жеке басты сақтандыру бойынша 2007-2009 жылдары, керісінше, оң динамика байқалады: тиісінше 62,1 миллард теңге, 68,6 және 92,7 миллиард теңге сақтық сыйақылар. Алайда, 2010 жылдың 10 айында олардың мөлшері небәрі 26,5 миллиард теңгені құрады, бұған науқастарды сақтандыру мен жазатайым жағдайлардан сақтандыру класы бойынша сыйақылардың қысқаруы себеп болды.
Сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2011 жылдың 1 қаңтарына 15,4%-ға ұлғайып, 343,2 миллиард тенгені құрады, меншікті капитал 12,2%-ға – 202,1 миллиард теңгеге артты.
Қазіргі кезде Қазақстанда 38 сақтық (қайта сақтандыру) (7 өмірді сақтандыру) ұйымдарының сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар, соның ішінде жетеуінің өмірді сақтандыру бойынша, 29-ының көлік құралдары иелерінің АҚЖ-ні міндетті сақтандыру бойынша лицензиялары бар. Сондай-ақ сақтық қызметтер рыногында 14 сақтық брокерлері және 78 актуарийлер және 145 тәуелсіз сарапшылар (оның ішінде 64 жеке тұлғалар, 81 заңи тұлғалар) жұмыс істейді.
Қазір сақтық төлемақыларына кепілдік беру жүйесінде 32 сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет