ҚЎлпыбаев с



бет256/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

Сыртқы сауда айналымы

61927,2

80511,7

109072,6

71604,4

88976,6

Экспорт

38250,3

47755,3

71183,6

43195,7

59216,6

Импорт

23676,9

32756,4

37889,0

28408,7

29760,0

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі

Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (ұйымдастырылмаған сауданы есепке алмағанда) 2010 жылы 89 миллиард АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,3 %-ға көбейді (22,1 кестені қараңыз). Бұл ретте экспорттың құндық көлемдері 37,1 %-ға өсіп, 59,2 миллирад доллардан асты, импорттың құндық көлемдері 4,0 %- ға өсіп, 29,8 миллиардқа жуық долларды құрады. Сауда балансының оң сальдосы алдыңғы жылдың көрсеткішінен (14,79 миллиард доллар) екі есеге өсіп, 29,5 миллиард долларды құрады.


Сыртқы сауда саласындағы көрсеткіштердің айтарлықтай өсуіне Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасында 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастаған Кедендік одақ ерекше игі ықпал еткендігін атап көрсету керек. Кедендік одақтың алғашқы қорытындылары көрсетіп отырғанындай, 2010 жылы Ресейге шығарылған қазақстандық тауарлардың экспорты 35,9 пайызға, Беларуське шығарылған өнімдер 1,6 есеге артқан. Ресейден әкелінген импорт көлемі 23,7 пайыз, ал Беларусь импортының көлемі 24,5 пайызға артты. Кедендік одаққа мүше мемлекеттермен тауар айналымының көлемі 2010 жылы 16,5 миллиард АҚШ долларын құрап, 28,1 пайызға өсті. Кеден одағы мемлекеттерімен сыртқы сауда айналымы Қазақстанның жалпы сауда айналымының 18,5 пайызына тең болды.
Қазақстандық экспорттың тауарлық құрылымы 2010 жылы да жақсы жаққа өзгермеді. Экспорттың жалпы көлемінде минералдық өнімдердің үлес салмағы жыл ішінде 74,0 %-дан небәрі 74,9 %-ға өсті. Бұл ретте химия өнімінің үлесі 5,3 %-дан 5,1%-ға, азық-түлік тауарлары мен шикізат 3,8 %-дан 3,4%-ға, машиналар мен жабдық 0,9%-дан 0,8%-ға төмендеді.
Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр. Мысалы, минералдық өнімдер мен металдарға 88%-ға дейіні тиеді, қалған бар­лық тауарларға 12%-ы тиіп отыр, соның ішінде машиналар мен құрал-жабдық экспорттық жеткізілімнің небәрі 0,8%-ын құрайды. Сөйтіп біздің еліміз бұрынғысынша әлемдік рынокта шикізаттық ресурстардың экспорттаушысы болып қалуда.
Қазақстанның сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Қытай және Ресей болып табылады. Қытайға тауарлар экспортының үлесі 2010 жылы 17,1 %-ды (немесе 10,1 миллиард доллардан артық), Италияға 16,2 %-ды, Ресейге 8,1 %-ды, Францияға 7,5 %-ды құрады. Бұл ретте импорттың барлық көлемінің 37 %-ы Ресейге, 13,3 %-ы Қытайға, 6,1 %-ы Германияға, 5,3 %-ы Италияға тиеді. Басқа алыс және жақын шетелдерге тауарлар экспорты, сондай-ақ импорты 5%-дан келіп отыр.
2020 Стратегиялық жоспарға сәйкес 2020 жылға қарай экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін ұлғаюы тиіс.
Қаржылық практикада «экспорттың бюджеттік тиімділігі» – валюталық түсім-ақша мен шығындардың (өнім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар – көлік, жүкті ауыстырып тиеу, порттарда, стансаларда сақтау шығындарының) арасалмағы ұғымы қолданылады. Валюталық түсім-ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет