БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Қаржы рыногының ерекшелiктерi және оның басқа рыноктардан айырмашылығы неде?
2. Қаржы рыногының жұмыc iстeyiнің қандай алғышарттары бар?
3. Қаржы рыногының маңызы неде?
4. Бағалы қағаздар рыногы дегенiмiз не?
5. Бағалы қағаздардың негiзгi түрлерiн қысқаша сипаттандар.
6. Бағалы қағаздар эмиссиясының мақсаттары қандай?
7. Бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының құpaмын атап шығыңдар.
8. Бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын сипаттаңдар.
9. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк peттey қалай жүзеге асырылады?
10. Қор биржасы дегенiмiз не және ол қандай функциялар орындайды?
11. Қор биржасының қаржылық қызметi неде?
12. Қазақстанда қор рыногының қандай индикаторлары қолданылады?
22-тарау. Сыртқы экономикалық
қатынастар жүйесіндегі қаржы
22.1. Сыртқы экономикалық қызметтің сипаттамасы және Қазақстанда оның даму бағыттары
Рыноктық қатынастарға көшу өзара байланыста және әлемдік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге әлемнің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушыларымен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредиттік, салықтық, инвестициялық, борыштық, есеп-қисаптық, сақтық, трансферттік және өзге операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің «үшінші дүниемен» (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржылық механизм Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттің қаржылық саясатын іске асырудың құралы болып табылады (22.1 сызбаны қараңыз).
Іс-қимыл жасаудың айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржылық қатынастар ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық үдерістің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Халықаралық байланыстарды дамытуда қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржылық ресурстарды жұмылдыру;
халықаралық ықпалдастық үдерістерді реттеу;
халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру;
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:
1) сыртқы сауда – тауарлармен, қызметтермен, жұмыстармен, ақпаратпен, зияткерлік қызмет нәтижелерімен халықаралық айырбас саласындағы кәсіптік қызмет;
2) шетелдік инвестициялау: капиталды жұмсау, бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңи тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, концессиялар – елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғат ресурстарын, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүліктік құқықтарды алу, меншікті жалдау;
3) халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысу; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беруге байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
4) ғылым, техника, мәдениет, туризм, спорт салаларындағы ынтымақтастық;
5) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа персоналды ұстау жөніндегі есеп-айырысымдарын жүргізу.
Дамыған елдердің экономикасында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды құрамды бөлігі шетелде өнеркәсіптік, азаматтық, көлік және өзге объектілерді тұрғызу немесе салу болып табылады; алайда қызметтің бұл түрін қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың формалды мойындалған жетіспеушілігінен Қазақстан қолданбайды. Осымен бір уақытта экономиканың «көлеңкелі» секторы шетке «капиталдың жылыстауы» болып табылатын шетелдік активтерге: шетел банктеріндегі депозиттерге, бағалы қағаздарға капитал салу нысанындағы сыртқы инвестициялауды, жылжымайтын мүлік сатып алуды және т.б.
Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтарды – айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру қызметтің ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогрессивті шетелдік технологиялар мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылады.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюталық-қаржылық, есеп-қисаптық және кредиттік қатынастардың негізіне қойылған. Сыртқы сауда экспорт пен импортты кіріктіреді. (22.1. кестені қараңыз)
22.1 кесте. Сыртқы сауда айналымының динамикасы, млн. АҚШ долл.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |