ҚЎлпыбаев с



бет79/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

8.2. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржылық ресурстары

Шаруашылық-қаржылық қызмет үдерісінде шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық ресурстарды – белгілі мақсаттарға арналған ақшалай қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақшалай қаражаттар үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.


Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық практикасында кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өз қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы шаруашылық жүргізуші субъектілерде экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты шаруашылық жүргізуші субъектілерге қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржылық қорларда кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы толық немесе ішінара түрде бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық-қаржылық және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін бейнеленді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі кезеңде кәсіпорынның жалақы қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір жұмыскеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары қаржылық ресурстардың мына нысандары болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорланымға арналған қаражаттар, тұтынуға арналған қаражаттар, еңбекке ақы төлеу қаражаттары валюталық, жөндеу қаражаттары. Дербестік жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектілер басқа да мақсатты ақшалай қаражаттар құруы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру, жекешелендіру, өндірістік және әлеуметтік инфрақұры­лым дамуына қатысудың үлестік қаражаттары және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген шаруашылық жүргізуші субъект (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет үдерісінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді. Акционерлік қоғамның жарғылық қоры қор рыногында акцияларды орналастыру кезінде акционерлердің қаражаттары есебінен жасалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында қалатын қаражаттар­дың негізінде, яғни салықтар мен басқа төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорын­дар мен ұйымдар тұтыну және қорланым үшін ресурстар қалыптастырады.
Тұтынуға арналған ресурстар мыналарды кіріктіреді:
бүкіл жұмыскердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақшалай және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
материалдық көмек:
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкіне салынған жұмыскерлердің акциялары мен салымдары бойынша төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар);
оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнертабу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа жеке сипаттағы төлемдер.
Сөйтіп, тұтынуға арналған ресурстар еңбекке ақы төлеуге бағытталған қаражаттар (өнім, жұмыстар және қызметтер өткізуден алынған түсім-ақшадан) және жұмыс­кер­лерді материалдық көтермелеу мен түрлі әлеуметтік төлемдер үшін шаруашы­лық жүргізуші субъектінің қарамағында қалдырылатын таза пайданың бір бөлігі есе­бінен құрылады. Қор қаражаттары жұмыскерлердің жеке тұтынуына жұмсалады.
Қорланымға арналған ресурстар:
шаруашылық жүргізуші субъектілер қарамағында қалатын пайда;
негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
банктердің кредиттері;
жай ақцияларды қосымша шығару;
басқа көздер есебінен қалыптасады.
Қорланым қаражаттары:
ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыруға:
негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
ғылыми-техникалық дамуға, жаңа өнімдерді игеруге;
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомобиль жолдарын, есептеу орталықтарын, жөндеу, энергетика, құрылыс және басқа өндірістерді және т.б.) салуға үлестік қатысуға;
құрылысты және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін (тұрғын үйлерді, клубтарды, демалыс үйлерін, пансионаттарды, санаторийлерді, емханаларды, ауруханаларды, балалар мекемелерін, спорт объектілері мен ғимараттарын, қосалқы ауыл шаруашылық өндірістерін) салуға үлестік қатысуға пайдаланылады.
Ұдайыөндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржылық резервтердің (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы зор. Рыноктық қатынастарға көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржылық резервтерді шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржылық ресурстар есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде), мамандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет (әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржылық қорлары) жасай алады. Оның мақсаты – шаруашылық-қаржылық жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін олардың жеткіліктілігі жағдайында).
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық ресурстары валюталық түсімдердің есебінен мына көздерден қалыптасады:
экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
валютада жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық кредиттерінен;
ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;
бейрезиденттер көрсететін қаржылық көмек (гранттар).
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюта­лық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық қорларына бағытталады. Бұл қорларға актив­терге (бағалы қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б. нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қарыздық қаражаттардың жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті негізде өздерінің валюталық қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде өздерінің қарап шешуі бойынша пайдалана алады. Валюталық ресурстар ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын ше-тел тауарларын, дәрілік заттарды және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюталық ресурстардың қаржысы ізгіліктік және қайырымды­лық көмек көрсетуге де пайдалануы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілер­дің валюталық ресурстар қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге – әріптес-терге бере алады; бұл түсімдердің көлемі келісімшарттық негізде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып, шешілді.
Жөндеуге арналған қаражаттар кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай-күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы мүмкін. Бұл шығыстардың мөлшерлері содай-ақ салық салу ережелерімен реттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет