ҚЎлпыбаев с


Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін қайта құрудың және оны әртараптандырудың қаржылық аспектілері



бет76/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

7.4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін қайта құрудың және оны әртараптандырудың қаржылық аспектілері

Шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесін қалыптастырғанда маңызды проблема тауарларды өндіру, бөлу және олардың айналысы сфераларында, шаруашылық шешімдерді қабылдауда монополизмді жою, шаруашылықтың натуралдануына, республика өңірлерінің тұйықтанушылығына және өзін-өзі оқшаулануына жол бермеу болып табылады. Қазақстанда бұл проблеманы шешу меншіктік катынастарды өзгерту, еркін кәсіпкерлік пен бәсекені дамыту, монополияға карсы саясатты жүргізу, ұлттық шаруашылықта өндірісті кішірейту және әртараптандыру есебінен қосарлас өндірістік құрылымдарды қалыптастыру бағытында жүргізілді.


Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жолымен мемлекеттік меншікті басқа нысандарға жаңғырту бұл нысандардың әралуандығын қамтамасыз етуі тиіс, мұның негізінде материалдық өндіріс пен қызметтер сфераларында нақты шаруашылықтарды қалыптастыру үшін объективті алғышарттар жасалады, ол кәсіпкерлік пен бәсекені ынталандырады, жұмыскерлерді еңбектің жоғары түпкілікті нәтижелеріне уәждеме жасайды.
Мемлекет иелігінен алу − бұл мемлекеттік меншік мәртебесін өзгерту, шаруашылықты басқару функциялары мен тиісті өкілеттіктерді мемлекеттен шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейіне беру, сатылас шаруашылықтық байланыстарды деңгейлестікпен ауыстыру; мемлекет иелігінен алу меншік иесі­нің ауысымынсыз болуы мүмкін.
Жекешелендіру – мемлекеттік немесе муниципалдық меншікті (жер учаскелерін, өнеркәсіп орындарын, банктерді, көлік және байланыс құралдарын, ғимараттарды, акцияларды, мәдени құндылықтарды және т.c.c.) жеке меншікке ақыға немесе өтеусіз беру. Жекешелендіру мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландыру немесе оларды жеке адамдарға сату арқылы жүргізілуі мүмкін.
Қазақстанда экономиканы мемлекет иелігінен алудың және меншікті жекешелендірудің не­гіз­гі нысандары мыналар болды:
мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға, басқа шаруашылық қоғамға немесе серіктестікке өзгерту (қайта құру);
мемлекеттік кәсіпорынды немесе мемлекеттік акцияларды азаматтардың, сондай-ақ мүлкі мемлекеттік меншік болып табылмайтын заңи тұлғалардың конкурс бойынша немесе аукционда өтеуін төлеп алу;
холдингтер мен акционерлік компанияларды әртараптандырғанда акционерлік қоғамдар акцияларының, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің ұқсату және қызмет көрсету кәсіпорындар акцияларының меншік иесінің шешімі бойынша өтеуін сатып алу.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру коммерциялық есептін режімін баянды етеді және каржылық сауықтырудың маңызды факторы болып табылады. Олар өндірістің барлық резервтерін пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпкерлікті дамыту үшін кепілдемелер жасайды. Жекешелендірудің шаруашылық жүргізуші субъектілер мүлкінің кұны шығарылатын өнімге немесе қызметтерге нақтылы қалыптасатын бағаларды, сұранымды, оның бәсекеге кабілеттілігін, өндіріс рентабелділігін, кәсіпорынның даму перспективаларын, әлемдік бағалардың деңгейін есепке ала отырып қалдық құны негізінде анықталады.
Мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудан және жекешелен­діруден алынған қаражаттар мемлекеттік меншік болып табылады. Түскен қаражаттар бірінші кезекте егер бағалау кезінде жекешелендірілетін кәсіпорын құны берешек мөлшеріне азайтылмаған болса, оның борыштарын жабуға бағытталады. Жекешелендіруден алынған қаражаттарды пайдаланудың тәртібі мен бағытын Қазақстан Республикасының Парламенті анықтайды. Бұл ретте қаражаттарды жұмсау мемлекеттік борышты өтеу, экономиканы тұрақтандыру, әлеуметтік саясатты жүзеге асыру, қосарлас өндірістік құрылымдарды, жаңа рыноктық құрылымдарды құру қажеттігімен үйлестіріледі.
Қайта құрылымдау дәрменсіз кәсіпорындарды болуы мүмкін санациялау (қаржылық сауықтыру), жекешелендіру немесе жою жоспарларын әзірлей отырып жекелеген перспективалы бәсекеге қабілетті шаруашылық объектілерге өндірісті технологиялық жағынан негізделген саралаудың іс-шараларын қамтиды. Қайта құрылымдаудың алдында объектінің қаржылық жағдайының, соның ішінде банктерге, бюджетке, шектесушілерге кредиттік берешек деңгейінің мониторингі (зерделеу) болады.
Стратегиялық маңызы бар, мемлекеттік тапсырысты орындайтын, маңызды әлеуметтік функцияларды алып жүретін объектілерге қатысты қаржылық экономикалық сауықтыру (санациялау) шаралары қолданылады. Іс-шаралар кәсіпорын әкімшілігінің, оның уәкілетті органының, тиісті мемлекеттік құрылымдардың, қаржы-кредит мекемелерінің кәсіпорынды қайта құру және жаңғырту, қазіргі менеджементті жөнге салу, өндірісті мүмкін болатын қайта кескіндеу, өткізім рыногын қалпына келтіру немесе жаңасын іздестіру, баланстың активтері мен пассивтерін ретке келтіру, залалсыз жұмысты қамтамасыз ету, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша ұйымдық-техникалық, өндірістік, қаржылық-экономикалық іс-қимылдарының жүйесін қарастырады. Санацияланатын кәсіпорындарды қаржылық қолдау қайтарымды негізде жүзеге асырылады.
Бірыңғай мүліктік кешендер ретінде одан ары жұмыс істеуі мақсатқа сәйкес еместігі анықталған дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты қайта құрылымдау мына әдістердің бірімен жүргізіледі:
1) бірнеше перспективалы рентабелді объектілерді құрумен кәсіпорынды саралау;
2) заңнамамен белгіленген тәртіппен жұмыс істеп тұрған заңи тұлғаға қосу;
3) заңнамамен белгіленген тәртіппен артық мүлікті алу және оны сату немесе кейін өтеуін сатып алу құқығымен жалға беру;
4) кәсіпорынды жою және оның мүлкін иелену ( сату, жалға беру, басқа кәсіпорынға балансқа беру).
Сонымен бірге санациялау қайта құрылымдық соттан тыс рәсім ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге – дәрменсіз борышқорларға олардың кредиторлармен уағдаластыққа жеткен жағдайларда қолданылады (екінші рәсім заңнамаға сәйкес, борышқордың дүниесін сырттай басқаруды белгілеу).
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкін емес деп танылған шаруашылық жүргізуші субъектілер сот тәртібімен банкрот деп жарияланады. Олар «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған арнаулы белгіленген рәсімдерге сәйкес жойылуға жатады.
Рыноктық экономикада заңи тұлғаларды қайта өзгертудің қосылу, жұтылу, бөліну, бөлініп шығу сияқты нысандары қолданылады.
Қосылымдар мен жұтылымдар – қаржылық операциялардың тобын белгілеуге арналған ұғым, бұл операциялардың мақсаты – компанияларды, банктерді және т.с.с. бәсекелік артықшылықтарды алу және ұзақ кезеңде бұл объектінің құнын барынша көбейту мақсатымен біріктіру.
Қосылымдар мен жұтылымдар кезінде рынокта монополиялану дәрежесі күшейетіндіктен қосылым және жұтылым операциялары мемлекеттік реттеудің предметі болып табылады, ірі мәмілелерді монополияға қарсы органдар бақылайды.
Қосылымдар мен жұтылымдар жаһандануға күшейіп отырған үрдістермен, халықаралық бәсекенің өсуімен, өндіріс технологиялары мен басқаруды үнемі жаңартуға негізделген дамудың инновациялық тұрпатына дамыған экономикалардың ауысуымен байланысты болып отыр.
Меншікті әртараптандырудың өзгеше нысаны концессия – келісімшарт бойынша мемлекеттік меншіктің объектілерін, сондай-ақ концессионердің қаражаттары есебінен жаңа объектілерді жасауға (салуға) құқықтарды жақсарту және тиімді пайдалану мақсаттарында уақытша иеленуге және пайдалануға беру болып табылады. Концессияға минералдық ресурстардың, табиғат ре­су-рстарының кеніштері , темір жолдар, автомобиль жолдары , коммуникацияның әр түрлі құралдары, басқа ірі инфрақұрылымдық және шаруашылық объектілері беріледі.
Қазақстанда өндірістің прогрессивті ұйымдық-технологиялық және экономикалық нысаны – кластерлер дамып келеді .Кластер өндірістің бүкіл циклін – қызметтің сан алуан түрлерінің бірнеше кәсіпорындарында технологиялық өзгертіп жасау бойынша жүзеге асырылатын бастапқы шикізаттан дайын өнім шығаруға дейінгі циклді біріктіреді . Бұл ретте көлік шығындарын үнемдеу үшін жекелеген өндірушілердің аумақтық жақындығының артықшылығы болады. Кластер қатысушыларының арасында шаруашылықтық қатынастар келісімшарттық негізде ұзақ уақытты байланыстармен анықталады, ал қаржылық аспектіде олар дербес бірліктер болып қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет