ҚЎлпыбаев с


«Ағымдағы шығыстар» санаты



бет90/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

«Ағымдағы шығыстар» санаты мына сыныптарды кіріктіреді:
Ішкі сыныптардың құрамында тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар:
өзгешеліктері бар жалақы: негізгі жалақы, қосымша ақшалай төлемдер, өтемақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндетті зейнетақы жарналары;
жұмыс берушілердің жарналары, өзгешеліктері: әлеуметтік салық, автокөлік құралдары иелерінің құқықтық-азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлерін мемлекеттік емес міндетті сақтандыруға төленетін жарналар; әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің жеке басын міндетті сақтандыруға төленетін жарналар, сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік сақтандыру;
тауарларды сатып алу, өзгешеліктері: тамақ өнімдерін сатып алу; дәрілік заттар мен медициналық арналымның өзге құралдарын сатып алу; ағымдағы шаруашылық мақсаттарына арналған заттар мен материалдарды сатып алу; жұмсақ жабдық пен дүние-мүлікті сатып алу; айрықша жабдық пен материалдарды сатып алу; ел ішінде іссапарлар мен қызмет бабындағы жүріп-тұрулар; елден тыс жерлердегі іссапарлар мен қызмет бабындағы жүріп-тұрулар; үй-жай мен жер үшін жалгерлік ақы; тауарларды сатып алуға көрсетілетін өзге қызметтер;
қызметтерді сатып алу, өзгешеліктері: байланыс қызметіне ақы төлеу; коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
көлік қызметтеріне ақы төлеу; электр қуаты үшін ақы төлеу; жылу үшін ақы төлеу; үймереттерге қызмет қөрсету бойынша ақы төлеу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметтерін көрсету үшін қызмет бабындағы жеңіл автомобилдерді пайдалану; басқадай қызметтер;
басқа ағымдағы шығыстар, өзгешеліктері: жабдық пен құрал-саймандарды ұстау; үймереттерді, үй-жайлар мен ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу; сот шешімін атқару; ерекше шығыстар; кредиторлық берешекті өтеу; басқадай ағымдағы шығыстар;
мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілетін қызметтер, ерекшеліктері: заңи тұлғаларға көрсетілетін қызметтер; қаржы мекемелеріне көрсетілетін қызметтер; жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер;
Ішкі сыныптар мен біраттас өзгешеліктер құрамындағы «сыйақылар төлеу» сыныбы:
ішкі қарыздар бойынша сыйақылар төлеу; сыртқы қарыздар бойынша сыйақылар төлеу.
Ішкі сыныптардың құрамындағы «субсидиялар*10 және басқа ағымдағы трансферттік төлемдер» сыныбы:
субсидиялар (біраттас өзгешелігімен);
өзгешеліктері бар жеке тұлғаларға берілетін ағымдағы трансферттер: міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға беру; зейнетақылар, стипендиялар, басқадай ағымдағы трансферттер;
өзгешеліктері бар мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы трансферттер: субвенциялар**11; мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін басқадай ағымдағы трансферттер; жоғарғы деңгейге берілетін басқадай ағымдағы трансферттер;
өзгешелігі бар шет жаққа берілетін ағымдағы трансферттер – шет жақтағы ұйымдарға берілетін ағымдағы трансферттер; өзгешелігі бар басқадай ағымдағы трансферттер – әр түрлі басқадай ағымдағы трансферттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет