«Қаржыландыру» санаты мына ішкі сыныпты кіріктіреді:
өзгешеліктері бар ішкі борышты өтеу: мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне қарыз борышты өтеу, ішкі рынокқа орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышты өтеу, басқадай ішкі борышты өтеу;
біраттас өзгешелігі бар сыртқы борышты өтеу ішкі сыныбы.
Коммерциялық емес қызметтің жеке бағыттары мен түрлері үшін өзіндік сипаты бар шығындарды құрайтындардың басым болып келуі оған тән қасиет. Мысалы, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында, әсіресе үй шаруашылықтарына берілетін трансферттердің өзіндік салмағы жоғары. Бұған балалары бар отбасына берілетін жәрдемақылар, тұрмыс кұнының қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақылар, соғыс ардагерлеріне, экологиялық апаттардың нәтижесінде азап шеккен азаматтарға берілетін әр түрлі өтемақылар және т.б. жатады.
Денсаулық сақтаудың емдеу мекемелерінде сипатты шығыстар дәрілік заттар мен таңу құралдарына, тағамдық азықтарға, жұмсақ жабдыққа жұмсалатын шығыстар болып табылады.
Қорғаныс жүйесінде әскери арналымдағы тауарлар мен әскери техниканы сатып алуға, азық-түлікпен қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің ақшалай жабдықталымын төлеуге жұмсалатын шығындар маңызды орын алады.
Кәсіподақ, партия, қоғамдық қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар шығыстарының құрамында съездерге, конференцияларға, митингке дайындалу және оларды өткізуге, үгіт-насихат жұмысын жүргізуге жұмсалатын шығыстар сипатты шығыстар болып табылады. Ардагерлердің қоғамдық ұйымдарында олардың қатысушыларына материалдық қызмет көрсету шығыстары басым болады.
Мәдени-ағартушылық мекемелерде (кітапханаларда, мұражайларда, тұрақты көрмелерде) едәуір қаражаттар кітап қорларын, экспонаттарды, коллекцияларды толықтыруға жұмсалады.
«Күрделі шығыстар» санаттарына жұмсалатын шығыстар күрделі кұрылыс, негізгі өндірістік емес қорларды жасау мен молайтуды жүргізетін, сондай-ақ оларды күрделі жөндеу туралы жұмыс қабілеттілігінде ұстауды жүзеге асыратын қызметтің коммерциялық емес түрлерінің барлық ұйымдары мен мекемелері үшін сипатты болады. Бұл санат бойынша сондай-ақ материалдық активтерге, жерге құкықты сатып алуға жұмсалатын шығыстар, қаржы мекемелерінің жарғылық қорына төленетін жарналар тіркеледі.
«Кредит беру, үлестік қатысу» санаты бойынша шығыстар басқа экономикалық бірліктерді несиелендіруді, олардың айналысқа шығарылған бағалы қағаздарын сатып алуды, мемлекеттік кәсіпорындарға, қаржы мекемелеріне, жекеше кәсіпорындарға түрлі кредиттер беруді жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер үшін қарастырылады.
«Қаржыландыру» санаты бойынша шығыстарды ішкі және сыртқы берешектерді өтейтін ұйымдар мен мекемелер, негізінен мемлекеттік және үкіметтік құрылымдар жүзеге асырады.
Өндірістік емес сфера салаларына бағытталған қаражаттардың көлемі олардың қызметінің нәтижелеріне қоғамның қажеттіліктерімен, сондай-ақ өндірілген ұлттық табыспен анықталады. Алайда қазіргі кезде ол көбінесе мемлекеттік бюджеттің ахуалына, жүргізіліп отырған қаржылық саясатқа байланысты болып отыр.
Әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың ондаған жылдар бойы үстем болған «қалдық қағидаты» өзінің шамасыздығын әлдеқашан дәлелдегеніне қарамастан әлі де орын алуда. Сонымен бірге өндірістік емес салалардың материалдық өндіріске ұдайы өндірісті жұмыс күшімен қамтамасыз ете отырып, белсенді ықпал жасап отыратынын ұмытуға болмайды.
Бюджеттен қаржыландыру үшін ең жоғары тиімділікті (олардың сапасы, ассортименті, орындау уақыты, қабылдауға болатын құн және т.б.) қамтамасыз ететін мекеменің немесе ұйымның қызметтер көрсету бағдарламасы таңдап алынғанда бюджеттік ұйымдар деп аталынатындарды қаржыландыру олардың қызметтерін беру бағдарламаларын конкурстық іріктеу негізінде ұйымдастырылуы тиіс екенін ескеру қажет. Оңтайлылықтың бұл қағидаты рыноктық орта жағдайларында кез келген құрылымның іс-қимынының нәтижелігіне қарай шекті пайдалылық теориясының «шекті шығындар-пайда» талаптарына сай келеді.