~~Ұлттық қалыптасу дәуірінде қазақша ғылыми-көпшілік стильдің пайда болу ерекшеліктері қандай екені туралы жазыңыз


~~ХҮ-ХҮІІ ғғ. әдеби тіл лексикасындағы көне сөздерге мысалдар келтіріңіз, талдау жасаңыз



бет4/5
Дата15.05.2022
өлшемі24,21 Kb.
#34408
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ (20)

~~ХҮ-ХҮІІ ғғ. әдеби тіл лексикасындағы көне сөздерге мысалдар келтіріңіз, талдау жасаңыз.

XV-XVII ғасырдың aрaсын қамтиды. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалгез, Доспамбет, Жиембет т. б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөз немесе билер сөзі осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері деп танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексика-грамматикалық ерекшеліктерді біршама сақтап қалған. Мәселен, Шәлгездегі "сындырау арқа", "сырт соқпақ", "түнде жүріп түлкі өтер" сияқты сөз тіркестері мен сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап" тәрізді реалистік суреттер, Қазтуғандағы "Буыршынның бұта шайнар ауызы, бидайдықтың кел жайқаған жалғызы" сынды теңеу образдар уақыт өзгерісіне төтеп беріп, бізге дейін жеткен. Сол сияқты астана, жұрт, аруұл, қом су, алаңжұрт сияқты фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат (жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі. XV-XVII ғасырдағы ауызша әдеби тілдің лексикалық құрамы негізінен жалпыхалықтық тілдің есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шаһид, ғазрейіл, бәйтолла тәрізді араб тілі сөздерінің болғандығын байқаймыз, бірақ олардың саны әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда тым аз. Сол тұстағы грамматика норманың мысалы ретінде шығыс септігінің дың/дің түрінде келуін ("Бұл Бұзылдін қайтпассың") ілік септігінің ьш/ім тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы ғай-гей формасында ("қалға қабылан жау тигей ме?") берілуін, екінші жақ буйрық райдың ғыл түрінде ұшырауын келтіруге болады.

3-деңгей

~~ХҮІІІ ғ. қазақ поэзиясы тіліндегі әдеби-көркемдеуіш тәсілдер: инверсияланған тіркестер, тұрақты тіркестер, белгілі сөздердің тек эпитетпен келуі, өлең құрылысының 7-8 буынды жыр өлшемімен келуі, сөздер мен сөз тіркестерінің жырдың ортасында, я басында не аяғында қайталанып келуін көрсетіңіз.
XVIII ғасыр поэзиясында, әсіресе ақындарда нақтылы бір тақырып тенденциясы күш ала бастағандықтан әдеби-көркемдеу тәсілдерінің де өзгере бастағаны байқалады: психологиялық параллельдер кеми түсе, сөзді ауыспалы мағынамен қатар тура мағынасында қолдану көбірек кездеседі. Мысалы, Шал ақынның кәрілік туралы өлендерінде әрбір есім мен етістік өз мағынасында жұмсалған, мұнда тіпті жөтел, қақырық, тер, қасыну тәрізді ұнамсыз мәнді сөздер де орын алған. Бұл тәсіл – қазақ поэзиясы тіліндегі нақтылыққа көше бастауының белгісі.

Бұхар көркемдеуіш элементтерді қолданудан бастап, шығарманың (өлең-толғаулардың) құрылысы мен грамматикасына дейін өзінен бұрынғы қазақ поэзиясы дәстүрін жалғастырды. Оның толғаулары 7-8 буынды жыр өлшемімен келеді. Ұйқас суреті қатаң сақталмайды. Мысалы, «Жаулық жолын сүймеңіз» толғауының ұйқастары а, –, а, –, б, –, б, –, –, –, –, б болып құрылған (сызықша арқылы ұйқаспайтын тармақтарды көрсеттік). Демек, 12 жолдық толғау бөлігінде екі-ақ ұйқас бар, олар да бес-ақ жолды қамтиды, қалған жеті жол ұйқассыз келеді. Өлеңнің буын саны да әрдайым қатаң сақтала бермейді. Айтпақ ойды білдіретін сөздердің сыйымдылығына қарай кейде бір тармақтағы буындар 7-8-ден не асып, не кем түсіп отырады:


Төс(і) аршынды сұлуың – 7 буын
Сілкіп төсек сал(а) алмас малдан соң – 10 буын
Бұл қылығың қоймасаң – 7 буын
Сонау кеудедегі дулығадай бас кетер – 13 буын
Немесе бұл жолдарды:
Бұл қылығың қоймасаң – 7 буын
Сонау кеудедегі – 8 буын
Дулығадай бас кетер – 7 буын
түрінде жазсақ та, тармақ жолдарының өлшемі біркелкі шықпайды.
Бұхарда 11 буынды өлең өлшемі жоқ. Оның «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай» деген бір ғана шығармасы 11 буынды болғанымен, ол қара өлең өлшемінде емес: а, а, б, а ұйқасты қара өлеңнің тармақ ішіндегі буындар өлшемі 4+3+4 немесе 3+4+4 болуы керек, ал Бұхардың аталған өлеңдерінің тармақтары 3+5+3 немесе 2+7+3 болып келеді. Бұл – өлеңнен гөрі белгілі бір өлшеммен айтылған қара сөзге жуық, мұнда тіпті ұйқас та жоқ, сондықтан бұл бес жолдық шағын шығарманы жырау Бұхардың толғауы деп емес, «ақылшы (сенатор)» Бұхардың шешендікпен айтылған жай сөзі деп қараған абзал.

~~Көне қыпшақтық элементтер қандай шығармаларда кездеседі, мысалдар келтіріңіз.


Түркі халықтары тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII ғ.) дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, оның ішінде X-XII ғасырларда Қараханидтер мемлекеті өмір сүрді. Қараханидтер династиясы кезінде Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі халықтардың ана тілі мен әдебиеті өркендеді. Бұл кезде қыпшақ, оғыз, қарлұқ және ұйғыр халықтарының тілдері негізінде араб графикасындағы түркі жазуы қалыптасты, ескерткіштер дүниеге келді. Ол ескерткіштер: «Құдадғу білік» (XI), Махмұд Қашқаридың «Диван лұғат ит-түрік» (XI) атты еңбегі, Иүгінекидің «һибатул хакайик» атты шығармасы. Осылармен қоса XII-XVI ғасырлардағы Рабғузидің «Қысас ул-анбие», Абу Хаййаның «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» шығармасы, Құтбтың «Хосрау уа Шырыны», Хорезмидің «Мухаббатнаме» атты поэмалары жатады. Бұлардың бәрі араб әрпімен жазылып сақталған жәдігерлер. Солардың бірі «Оғызнаме» эпосын қазақ зерттеушілері, оның ішінде Қ. Өмірәлиев жан-жақты зерттеп, қазақ тіліне аударып, жан-жақты (жанрлық, стильдік жағынан, бастау формуласынан) талдай келіп, түрік тіліне телімейді. Н. Келімбетов те оғыз-қыпшақ диалектілерінің басым екендігін айтады. 13 мың жолдан тұратын «Құдатғу білік» туралы да әр ғалым түрліше пікір айтады. Дастан – түркі жазба әдеби тілінде жазылған тұңғыш көркем шығарма. Соның ішінде шығарманы тұңғыш қазақ тіліне аударушы, әдебиеттанушы ғалым А. Егеубаевтың пікірі құнды болып табылады. Махмұд Қашқаридың «диван лұғат ат-түрік» атты еңбегінен, Ахмед Игүнекидің «һибат ул-хақайық» («Ақиқат сыйы»), Қожа Ахмет Иассауидің «Хикметінен» де қыпшақтық элементтер кездеседі деп есептейтін ғалымдар бар. Дүрбектің «Жүсіп-Зылихасы», Сәйф Сараидың «Гүлстаны», «Мухаббатнамасын» нағыз қыпшақтық элементтерден құрлаған деген пікірлер жиі айтылады. Бұл шығармаларда авара қыл (әуре қыл), ат қоймақ (ат қою), күні тоғды (күн туды), бойнын үзді (өлтірді), йаман ат (жаманат), қадғу йұтты (қайғы жұтты), сүччік тілліг (тәтті тілді) чічәктек солду (гүлдей солды) деген тіркестер жиі ұшырасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет