Ұлттық музей-қорық жобалары: Ботай, Сарайшык, Бозок. Бекет Ата мәдени объектісі


Бекет Ата мәдени объектісі, Ақсу Жабағлы, Көржалғын, Тамғалы мәдени рәміздер және қазақ халқының мәдени бірегейлегінің географиялық құраушысы ретінде



бет3/4
Дата25.11.2023
өлшемі7,44 Mb.
#127827
1   2   3   4

Бекет Ата мәдени объектісі, Ақсу Жабағлы, Көржалғын, Тамғалы мәдени рәміздер және қазақ халқының мәдени бірегейлегінің географиялық құраушысы ретінде.

Бекет ата Бекет ата — Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.

Бекет Ата бес мешіті бар. бірі маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда», бесіншісі Маңғыстау ауданы Тобықтыда дейді. Бекет Ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі - Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Құлсары қаласына жақын жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған. Екіншісі - Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Бөлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынньң мүрдесі де осы бөлмеге қойылған. Кіреберіс бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы жерленген.

Ақсу жабағлы

Ақсу – Жабағалы мемлекеттік табиғи қорығы – Қазақстан АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен 1926 жылы шілденің 14-іне құрылды. Қаулыда қорық « Табиғат ескерткіші ретінде Ақсу мен Жабағылы өзендерін,олардың барлық ағаш және тал- шілік егістерін, шөп жамылғылары мен осы қорықты мекендейтін жан-жануарлар әлемін қол тимеген табиғи қалпында сақтап қалу мақсатында » құрылғаны атап көрсетілген.Қорықтың көлемі жылдан – жылға өзгеріп, бүгінде оның алып жатқан аумағы –131 934,3 га.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет