М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата12.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#8949
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
«Аспанда  жарық  жұлдыздай,  маңдайға  біткен 
құндыздай.  Ханның  болып  еркесі,  Арғынның 
болып  серкесі,  Толған  айдай  толғаның»  деген 
лебіздер «Үзілмей келген асыл тектің», «гауһар - 
дананың» келбетін келісті ыспаттайды.
Жоқтауда  Мұса  Шорманұлының  қоғамдық 
–  әлеуметтік  қызметі,  елшілдік,  мемлекетшіл 
бірегей істері, дін шырағын жандырғаны, артықша 
күзеткені, Рум мен Қырымға дабысы жеткені, ғазиз 
ердің  асқақ  рухы  мейлінше  көркем  жырланған. 
Жоқтау мәтінінде Мұса Шорманұлының Кенесары 
ханға жақындығы айтылады. («Абылайдан шыққан 
асыл  зат,  Кенесары  хандарға,  Жасында  жолдас 
болғаның! ») 
Тоқетері,  осынау  жоқтау  -  ұлттық  поэзия 
тарихындағы үздік үлгі.
«Бұрынғы замандағы құн төлеу, адам емдеу 
салты» (екінші нұсқа) – Абылай хан заманындағы 
билік-кесімдер  шығарушы,  төрелік  айтушы, 
дау-шарларды реттеуші, бітімгер күлік Шобалай 
баласы Жаңабатыр бидің құнға қылған кесімдері 
көрсетілген. Мысалы, «қара құн - жүз жылқы, он 
екі жақсы; сүйек құны – елу жылқы, алты жақсы; 
өнер құны – «тоқал құн» болады - тоғыз жақсы. 
Бұл  үш  құн  -  еркекте  Көтеш  ақынға  алынған, 
ұрғашыда  Ұлбикеге  алынған.  Батыр  майданда 
өлсе,  «Жеті  ердің  құны  алынсын!»  деген  кесім 
шығарған.  Аттың  құйрығын  кескен  ұры  жыл 
бойы  босаға  күзетеді  екен.  Мұның  мәнісі  –  бір 
жыл ішінде кісі өлсе, кісі құнын төлеттіреді екен. 
Мал  ұрлаушыға  мал  иесі  оның  мойнына  арқан 
салып,  өлшеулі  жерге  дейін  сүйрейді  екен.  О 
заманда  ойнасқорды  қара  есекке  теріс  мінгізіп, 
мойнына құрым киіз ілдіріп, арқан тағып, қырық 
қысырақтың құйрығына байлап, еркімен жібереді 
екен, сөйтіп, үріккен жылқылар тас-талқан қылып 
өлтіреді екен.
Мақалада  «бақсы»,  «жарғыш»,  «құяңшы», 
«оташы»  тәрізді  халық  емшілерінің  өнерін 
тәптіштеп жазған.
«Тіл  мен  көз»  -  Шоң  би  мен  Торыайғыр 
би  Қаракесек  еліне  бітімге  бара  жатып,  жол 
бойында тұп-тура кісінің басындай ақ тасты көріп, 
тамашалап,  таңданысып  кете  барады.  Ауылға 
байдың үйіне ат басын тіреп, тағы да екі ала бас 
ботасы мен екі аққара бас марқасын қызықтапты. 
Бұлар  аттанғанша,  бұлар  да  пышаққа  ілініпті. 
Олар  өзара  шүйіркелесіп:  «Мына  боталар  мен 
марқаларға біздің көзіміз тиді. Кешегі біз сұқтанған 
тас  қайтті  екен?  –  десіп,  әдейі  бұрылып,  тасты 
көрсе ортасынан қақ жарылған екен дейді.
«Алланың  шайтанынан  адамның  шайтаны 
күшті» делінген сөз – соқыр мен ақсақтың достығы 
жайлы, және екеуінің мызғымас достығын бұзуға 
Алланың шайтанының шамасы жетпей, адамның 
шайтанының айла-шарғысы артық екендігі туралы 
тәмсіл.
«Ақтайлық сыны» - тапқырлық пен шешендікке 
негізделген. Алшынбай биді алшысынан түсірген 
тарланбоз.  Ақтайлақ  Қарқарылыға  келгенде, 
Алшынбай  би:  «Осы  сіздің  ел:  «Қымызға  тар, 
-  дейді  ғой,  шөлдеп  бара  жатқан  жолаушыға 
тостағанмен ауыз тигізіп, шөлін қандырмайды!» 
- дейді. Осы рас па? – депті.
Сонда Ақтайлақ би: «Жылқыны қазақ: «Жаным, 
- дейді, - қымызын-қаным» - дейді емес пе?!»
Ақтайлақ би ойын әрі қарай сабақтастырып, 
көзбен көріп айтып отырсыз ба? – депті.
Алшынбай естігенім бойынша депті. Сонда 
Ақтайлақ  би:  «Көз  -  шынның  расы,  құлақ  – 
өтіріктің ұясы» - деуші еді. «Өтірік пен шынның 
арасы  төрт-ақ  елі  –  деп,  төрт  саусағын  көз  бен 
құлақтың арасына қойып тұрып: «Сіз осы сөзді 
көзбен көрген шығар, расын айтып отыр екенсіз» 
- деп отырсам, «өтіріктің ұясы» құлақтың естігенін 
айтып отыр екенсіз ғой – деп өкініпті.
Ақтайлақ бидің Алшынбай бидің бәйбішесіне 
айтқан: «Ердің семізі – елдің құты, әйелдің семізі- 
үйдің  жұты.  Атың  жемпаз  болса,  берді  Құдай, 
қатының  жемпаз  болса,  ұрды  Құдай»,  «Етегім 
– төсек, жеңім – жастық» - дейтін уытты, қуатты 
сөздері қандай десеңізші!
«Ағыбай батыр» – Хан Кененің бас батыры. 
Ол  «ақ  жолым»  деп  атаған.  Ақжолтай  Ағыбай 
батырдың бейнесі халықтың жыр – аңыздарында, 
халық ақындарының дастандарында жарқын түрде 
сипатталған. 
Мәшһүр  Жүсіптің  «Кенесары  жорығына 
қатысты  төртінші  дерек»  дейтін  жазбасында: 
«Ағыбай батыр туын жықпай, таң атқанша тұрған 
жерінде  тұрып  қалды.  Таң  атқан  соң,  оқ  бойы 
өз алдында жүріп: «Ағыбай, Ағыбай!» – дегізіп, 
жолдастарын  шулатты  да  отырды.  Қырғыз  қақ 
жарылып,  жол  бере  білді.  Бір  қырғыз  беттеп 
бөгеуге  бата  алмады.  Сол  жүргеннен  жүріп 
отырып,  тайдай  тал  түсте  аман  –есен  құтылып 
шықты» – делінген. 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
108
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
«Айқап  туралы»  (1911,  қаңтар  -1915, 
қыркүйек)  –  Мәшһүр  Жүсіп  өзгелердің  сән 
үшін  жазылатындығын,  «оқып  байқап» 
көрмейтұғынын, майлық, сулық, шаршы орамал 
ретінде тұтынатынын, ал өзі бұл басылымға деген 
ықыласын, сөзге үйірлік қасиетін мәлімдейді.
«Басқа  да  бұрынғы  шешендік  үлгілері» 
-  Мәшһүр  Жүсіп  қолжазбаларында  молынан 
көрініс тапқан. Төле би, Жобалай – Жаңабатыр би, 
Күнтубаласы Жанайдардың алғыр, тапқыр сөздері 
және «Заман азбас, ел азар», «Қариялардан қалған 
сөз», «Байғыз деген құс болар» дейтін толғамдар 
жинақталған. 
Сондай  –ақ  Мәшһүр  Жүсіптің:  «Бұрынғы 
өрнекті хан, үлгілі билердің сөздерін айтушы да 
таусылды, шын құлақпен тыңдаушы да таусылды.
Енді сұм жалғанның сұмдық сөзі. Ел тозығы жетіп, 
сөзден азғындық белгісі - осы» - деген пікірінің 
жаны бар.
«Газет-журналдардағы  сын»  -  Мәшһүр 
Жүсіптің мерзімді баспасөз бетіндегі материалдарға 
қатысты  мақаласында  «жүректі  түртіп,  ойды 
қозғайтұғын  дәнеме  жоқ»,  «құлақ-мұрыннан 
жұрдай», «жарапазан есепте» өлеңге, «түзеттім, 
мәнісін  түзеттім»  деген  көзбояушыларға  сыни 
көзқарасын білдіреді.
«Жаңылтпаштар» - қазақ ауыз әдебиетіндегі 
балалар фольклорының бір түрі. Ж. бала тілінің 
жетілуіне, оралымды, жатық, анық сөйлеуіне, ана 
тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз 
саптауға үйретеді. Мәселен: «Қырда қылау, Қызыл 
ала бұзау. Жатыр жалмаң құлағы, Қиқу қыздардың 
қызыл ала тырнағы. Қызыл тырнағы қылтылдақ, 
Сүйір тырнағы жылтылдақ».
«Географиялық мәліметтер туралы» - Тянь-
Шань, Памир, Алтай, Орал таулары, Сырдария, 
Амудария,  Еділ,  Жайық,  Ертіс  өзендері,  Мұз 
теңізі  туралы  мәліметтер  берілген.  Мәшһүр 
Жүсіптің ғұламалық зердесі шағын географиялық 
мәліметтерден көрініс тапқан. 
«Бұрынғы  құдалық  әңгімелері»  -  бұрынғы 
замандағы өлшеусіз байлық иелерінің әсіре жөнсіз 
құдалығы,  келін  түсіруі,  қыз  ұзатуы,  әкесіне  ас 
бергендігі,  қызықты  дүние  қызығының,  сасық 
байлықтың  басы  қандай,  аяғы  қандай,  ешкімге 
опа бермейтіндігі, «жұрт көзіне түспек, ел аузына 
ілінбек өзі бір атақ», «бұл дүние жиылған жеріне 
не  жылан,  не  шаян,  не  у,  онан  басқасы  жоқ 
екендігі», «біреуге опа қылмаған дуние біреуге опа 
қылмайтындығы»,  тұрмыс-тіршіліктің,  «бөліспе 
бүліншіліктің» нақты мысалдары, дәйек-айғақтар 
арқылы баяндалады.
Алтай –Қарпықтың атақты байы Сапақ «Үш 
жүзден  бай  таңдады,  құда  болуға,  Кіші  жүзде 
Байсақал деген бай бар деп, байлығын өзіне тең 
көріп, сол Байсақалға Кенесары-Наурызбайдың ағасы 
Саржан төрені алып, елу кісімен құда түсуге барды.
Қалыңдықтың  бір  сәукелесінің  құны  бес 
жүз  байталға  татиды  екен.  Қыз  жасауының  өзі 
бес отау, бір алтын шатыр, бес жүз жылқы және 
де  қыз  отауының  уығын  атпен  жүріп  байлаған 
екен. Керегенің басы мен аяғы, уық, күлдіреуіш, 
шаңырақтың өзінде тұтам күміспен көмкерілген. 
«Ай дейін десе, аузы бар, Күн дейін десе көзі бар» 
бір қасық сумен жұтып жібергендей, жасы дәл он 
бесте сұлу қыз екен.
Тоқетері,  Сапақ  бәйбішесі  өз  келініне  «өзі 
ұйқышы,  өзі  жынды,  неше  түрлі  жамандықты 
жапсыра  берді...»  Әрине,  бұлайша  ғайбаттау 
-  ойсыздықтың,  дүниеге  тойымсыздықтың, 
топастықтың,  тасырлықтың  белгісі.  Мұса 
Шорманұлының  лебізіне  жүгінейік:  «...  әдейі 
Сапақтың келінін іздеп барсам, бет біткеннің сұлуы 
екен. Ұрғашының алғара қиғашы екен. Сөйлескен 
жанды магниттей тартып кететұғынның өзі екен. 
Шай қайнатып, әбдіресін ақтарып шай салғанда, 
шайдың  иісі  отырған  үй  түгіл,  ауылды  аралап 
мұрын жарып кетті». 
Бұл орайда Мәшһүр Жүсіп «Байлық алды – 
денсаулық, онан соңғы – ақжаулық, мұнан кейін 
–  жүз  саулық,  мұнан  асса,  жын  шалық»  деген 
әулиелердің  сөзін  орайлы  келтіреді  де,  Сапақ 
бай жын шалықтың-шалығымен орыстың Майор 
деген бастығымен төбелесіп жер ауады. Келінін 
Сапақ  байға  келістіре  шағыстырудың  кесірінен 
бұл жалғаннан татар тұз –дәмі таусылады.Мұның 
тарихы былайша өріледі. Келін жүрегі ажалдың 
құрығына  ілінетінін  сезген  соң:  «Бір  кішкене 
қайғысын  қойнына  алып  құшақтап  жататұғын 
болыпты. Керек төсекте, жатқан жерінде өлтіріп, 
құшағында  жатқан  баланы  қатынның  қолын 
кескілеп, әзер айырып алған екен дейді».
Сібірдің он сегіз мың казак-орысы атқа қонып, 
Кенесарының ауылын шапқанда, Сапақтың баласы 
бір жерошаққа жасырыныпты, үстіне бір түйенің 
жабуын  тастатқан  екен.  Бір  орыс-казак  жабуды 
көтеріп  қалса,  бұғып  жатқан  сорлы  байдың 
баласын  мылтықпен  бір-ақ  атып  кете  барыпты. 

109
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Олар  ажалдысын  қырған,  ажалсызы  құтылған, 
кейбіреулері  тірідей  тұтылған.  Тек  ханның 
иелігіндегі Байсақалдың қызының отауының бір 
бүлдіргеніне қол тигізбеген. «Дәу де болса, бұл 
үйдің әр нәрсесіне у жағып кетті ғой, - деп, - біреуге 
опа қылмаған дүние біреуге опа қылмайды екен» 
- деп хан өртеп жіберіпті.
Сапақ  байдың  қыздары  Алшын  би  мен 
Азнабай мырзаға келін болып түскен екен. Құтсыз 
келін болғандықтан, бірде-бір ине жібіне тимей 
төркініне қайтарылыпты. Байдың «бір маржаны 
барған  жерін  оңдырмайтұғын  болыпты».  Сапақ 
байдың тұқымы бордай тозыпты.
Тоқа Сапақ бай Байсақалдың қызын Жасұлан 
мен Кенжебай дейтін жігіттерге өлтірткен. Екеуі де 
ит жемеде қаңғып өлген. «Байсақалдың қызының 
ақ қаны осындай қылған» - дейді екен.
«Бөлтірік би» - Мәшһүр Жүсіп: «Құдай рахмет 
қылсын Бөлтірік биге, кісі болса, осындай болсын» 
деп  сүйсінген.  Мәшһүр  Жүсіп  Бөлтірік  бидің 
қырғыз ханын әлденеше рет сөзден сүріндірген, 
қырғыз шешеннің қалайша сөзден тосылғанының 
тарихын тұжырымды баяндаған. 
«Бөлтірік сөзі» - бір ханның жалғыз баласы 
дүниеден озғанда, «ноқталы басқа бір өлім» деп 
басталатын Асан қайғының көңіл айтуы. 
«Торыайғырды  тоқтату»  -  Торыайғыр  би 
Шоң  биге  өкпелеп  Жиделібайсынға  бет  түзеп 
кетіп бара жатқанда Қобының құмында Қарауыл 
Мүсет би басу айтып, елге қайтарғанда айтқаны: 
«Шоң,  Торайғыр,  сенбісің  мақтап  жүрген,  Бар 
өнерің  осы  ма  сақтап  жүрген?!  Елден  кетіп 
барасың, Мамыр менен Сабырға. Барғаннан соң 
сен жерсің, Жал-жая жоқ, қабырға. Жүйрік атың 
бар болса, Барымтаға шабарсың. Сұлу қызың бар 
болса, Бозбалаға жағарсың. «Ауыл қашан көшед?» 
-деп, Түндігіне қарасаң, Төрешіге барғанда, Төмен 
қарап,  жарарсың,  Асыл  туған  затыңды!  Шоң, 
Торайғыр атанған, Егіз шыққан атыңды, Қайдан 
іздеп  табарсың?!  Ұқсаң,  айтқаным  осы!  Босат 
атымның басын! – депті.»
«Боздақ  би  туралы  бір  дерек»  -  Мәшһүр 
Жүсіптің  көрсетуінше,  Ақиіс  –  Қалқаманның 
ұрпағы.  Салдық  құрған,  «сылқылдап,  әдемі 
киініп  жүрген».  Бейіті  Далбаның  ту  сыртында 
Үшқағылдың  оңтүстігінде  Жайма  деген  жердің 
күншығысында. Өлерінде: «Сүйіндіктің жерінің 
шетіне апарып қойыңдар! Олай-бұлай жүргені дуа 
қыла жүрер!» - деп, өсиет қалдырған.
«Боздақ би» - Қалқаманның Ақиіс тармағынан 
өрбіген. Шыншыл, әділ Боздақ бидің өз тұқымы 
жайында былай депті :« Бестеректің түбінде, Бес 
үйлі  Ақиіс  демесін,  «Бес  Мейрамға  білдірмей, 
Басын жеймін!» - демесін.»
«Жәуке шешен» - тапқыр ойлы, өткір тілді 
ділмар-шешен.  Айдабол-Күліктің  Айдаболынан 
тараған Еламанның баласы, Тұрсынбай, Шонтының 
ағасы. Ол Ұлы жүзде «Би қатын» атанған Сарайбикені 
сөзден сүрндірген. Керуенбасы Жәуке шешен Арқадан 
Бұқараға бет түзейді. Жолшыбай «Би қатынды» 
«Үйінде бар ма?» - деп сұрастырса, Түркістанда Тоғай 
хан шақырып, сол елге кетті» деседі.
Тоғай ханның ордасына сәлемдесуге барса, 
«Би қатын» тақтың үстінде жалы күдірейіп отыр 
екен. Айрықша құрмет, ықыласқа бөленген. Төменгі 
жақтағы науша жастар өзара күңкілдесіп, күлісіп:
-  Хан  мұның  қойнына  барады  ғой,  солай 
болғаны үшін осынша ардақтайды ғой – дейді
 Мұны Би Қатынның құлағы шалып қалып, 
біздерге қарап:
«Мұндар,  не  дейсің,  жағыңды  тас-талқан 
қылайын ба? – дейді.
Содан Жәуке би:
- Сүндетің бар ма? – дейді.
Қатын: 
- Жоқ, - дейді.
Жәуке би:
-Оһ! – дейді.
- Жаназаға кіріп, еркекке имам болған жерің 
бар ма? – дейді.
Қатын: 
- Жоқ, - дейді.
Жәуке би:
-Оһ! – дейді.
- Ердің құнына нардың пұлын төбеге шығып 
төрелік берген жерің бар ма? – дейді.
Қатын: 
- Жоқ, - дейді.
Жәуке би:
-Оһ!  –  дейді,  -  Тең  теңін  олжалайды,  тезек 
қабын  олжалайды.  Олжа  алуға  қатын  аттанса, 
жорықта  жүріп,  сақар  мен  сабын  олжалайды. 
Құралай бастаған киік оңбайды, Қатын бастаған 
көш оңбайды. Байтал шауып бәйге алмайды, Қатын 
қайраттанып қазан қайнатпайды. Оңбаған ханды 
төлеңгіті билейді, қараң қалған елді қатын билейді 
деген. Сен бір қараң қалған елдің ішінде тұрған 
немесің-дағы!  Мен  Арқада  жатқан  он  сан  Орта 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
110
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жүз деген елмін. «Абылай аспаған сары белмін»! 
Сен түгіл мына отырған Тоғай хан менің атымның 
шаужайын ұстауға жарар ма екен? Көзіңді ашып 
қара өзіңе! – дейді Жәуке шешен. 
Осы бір шешендік сөздерді жеткізген «аттыға 
жол, жаяуға сөз бермеген» «Алтай керуенбасысы» 
атанған Алтай Сайдалының Аққошқары. 
Ноғайлының  дәулеткер  байы  Құдайберді 
айдаһармен  дос  болған.  Осы  бір  әңгімені  де 
керемет келістіріп айтады екен Жәуке би.
«Арыстан Тобылбайұлы» (1811-1880) – әнші 
ақын, жыршы, айтыскер. Арыстанның жыршылық 
өнері  хақында  Ш.  Уәлиханов  «Қазақ  халық 
поэзиясының түрлері жөнінде» дейтін зерттеуінде: 
«Ер  Көкше»  және  «Ер  Қосай»  дастандарын 
тұтастай орындайтын бір ғана өнерпаз бар еді, ол 
Көкшетау  жеріндегі  Қойлы  Атығайдан  шыққан 
Арыстанбай болатын» - деп жазыпты. Ол «Едіге 
жыры» туралы айтқанда, «Бұл жыр-дастанды да 
Арыстанбай білуші еді,» - деп атап өткен-ді.
Сібір облыстық мекемесінде тәржімашы және 
Құлжада консульдік хатшы болған И. Безверхов 
«Дала уалаяты газетінің» 1893 жылғы 16-санында 
«Қазақтың  өлеңшісі  һәм  ақыны»  деген  мақала 
жариялаған.  Сонда  Ұлытау  өңірі  мен  Қарақұм 
бойын бірге аралап, жол-жоба көрсеткен Арыстан 
туралы: «Бірде жыршы-ақын «Қозы Көрпеш – Баян 
сұлу» жырын бес сағат ішінде тамамдай алмай, 
қалғанын келесі күні айтып бітірді» - дейді.
Арыстан  Орынбай,  Шөже,  Сералы,  Тоғжан 
тәрізді ақындармен сөз сайысына түскен.
Мәшһүр  Жүсіптің  қолжазбалар  мұрасында 
Арыстанның «Ғаламда он сегіз мың жан болыпты» 
деген  дастаны  сақталған.  Мұнда  Хан  Кенеге 
қатысты әдемі ой-толғаныстар бар.
«Бұрынғылардың тағы бір батасы» - аталардың 
қасиетті өсиеті замандар бойы мысқалдап жиналып, 
ақыл-ой  сүзгісінен  екшелген,  сұрыпталған  өмір 
тәжірибесінің, тарихи зерде-санасының даналық 
қорытындысы, тоқсан ауыз сөздің түймедей түйіні, 
адамгершіліктің ереже –қағидасы. Бұл – бата сөз 
келісті, ұғынықты. Мысалы: «Арқадағы Абылай 
бол,  Бұқарадағы  Даниярдай  бол!  Қойкөлдінің 
қойын берсін, Қойсоймастың ойын берсін! Тоқаның 
жылқысын берсін, Ақылдының құлпысын берсін..!»
«Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913)» - әнші-
ақын,  композитор.  Мәшһүр  Жүсіп:  «Ақан  сері 
–  адамзаттың  сұңқары,  қызыл  тілдің  ділмары, 
жігіттің құлпы жібегі, сөздің ағытылған тиегі» деп 
бағалаған. Ақан сері 40 үрзадаға өлең шығарып 
айтқанын,  Құлагерді  сипаттап,  жүрек  толқытар 
жоқтаулар  жазғанын  айтып  отырады  екен. 
Атақты серінің «Ақтоқты, кеткенің бе шынымен», 
«Торыны таңға байлап жүрген қандай?», «Қарағым, 
асыл тасым сағаттағы», «Қолыма ұстағаным алтын 
балдақ», «Асыл зат, қоңыр қазым көлге тартқан», 
«Ауылыңды аралаймын Кербезкермен», «Көпестер 
пұл сатады пайдаменен», «Ғизатлу, хат жазамын 
қара сия» сынды өлеңдерін жатқа заулатқан. 
«Бұрынғылардың  батасы»  -  образдық  – 
метафоралық  жүйесімен,  ұлттық  дүниетаным 
өресімен,  діни-философиялық,  этикалық 
қырларымен,  стилистикалық,  семантикалық 
байлығымен  ерекшеленеді.  Пайғамбарлардың 
қасиеттерін,  өсиеттерін,  өркендемпаз  істерін, 
дәулет-сәулетін,  айбат-қайратын,  қуат-ұятын, 
бақ-берекесін  тізбелеп  келеді  де,  былайша 
жалғастырады: «Халық қамын жеген – Қарқарадай 
хандардың  сәлеметтігіне,  Ел  қамын  жеген  – 
Едігедей бидің сәлеметтігіне, Өз еңбегін жеген – 
Құдай, шүкір, тәубе дейін – Қара бұқара халықтың 
сәлеметтігіне! Халқын, жұртын, қаны бірге ұлтын 
– ілгері бастырамын деген – Еңбекшіл ерлердің 
сәлеметтігіне! Қой орнына ат берген – Атымтай 
жомарттардың сәлеметтігіне!» Осынау бата сөздер 
адам  баласының  көркем  мінезді,  түзу,  дұрыс 
пиғылды, сабырлы-салиқалы, байыпты-байсалды, 
ақ еділ жайсаң, жайдарман, таза ниетті, мәдениетті, 
әдепті болуға шақырады.
«Бұрынғы  жоқтау  үлгісі»  -  Кеңгірбай  би 
Жігітекұлына  (1730-1815)  арнаған.  Жоқтау 
Мөшһүр  Жүсіптің  қолжазбалар  мұрасында 
және В.В. Радловта сақталған. «Ақын Абайдың 
бесінші атасы Айдос пен Кеңгірбай бір туысады. 
Кеңгірбайдың  бейіті  Шыңғыстың  бауырында, 
Қарауыл өзенінің жайылмасында Ши деген жерде, 
жол аузында арбаның тұмсығы ілінетін тұмсықта. 
Ел қонысынан ауып жүргенде, Ұлытаудың Алаша 
хан, Жошы хан бейіттері(күмбездері) тұрған Кеңгір 
өзенінің бойында туыпты, атын сонымен Кеңгірбай 
қойған  ».  Жоқтаудың  тілі  мейлінше  ажарлы. 
Айталық: «Алты атасы бай өткен, Алты атанға жүк 
артқан». Я болмаса: «Айдының Алатаудай бар еді, 
Қайратың Қаратаудай бар еді». 
«Өлең және қара сөз ғибраты» - көркемдік, 
философиялық,  символикалық  мәні  ерекше 
елеулі  туынды.  Қазақ  қоғамын  ізгілендіру, 
ұлттық  игіліктерді  жаңғырту,  рухани  жетілу 

111
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
мәселесі  түп-тамырынан  әңгімеленеді.  Заманға, 
уақытқа,  адамзатқа  қатысты  ащы  ой-пікірлерін 
ірікпей айтады. Адамдарда іріліктің, сақилықтың, 
кісіліктің жоқтығын, «халық-жұрттың ортасынан 
опаның  қашқанын»,  «бұрынғы  аққу  мен  қаз 
отыратұғын көлдердің басында қарға, сауысқаннан 
басқа дым жоқ» екенін қатаң ескертеді. «Халықтың 
жақсысының  өнері  –  зорлық,  жаманының  өнері 
-  ұрлық»  деп  дұрыс  мінейді.  Адамдық  абзал 
қасиеттердің  құрдымға  жоғалғанын,  дертті 
қоғамның келеңсіз, көріксіз көріністерін былайша 
тізбелейді:  «Біреу  қасқырдай  жан-жағындасын 
талап, біреу иттей көрінгенге көзін сүзіп, босағадан 
босаға қалдырмай аңдып, біреу түлкідей құйрығын 
бұлаңдатып,  біреу  мәймұндай  (маймылдай) 
көрінгенді  еліктеп,  біреу  жыландай  сыртынан 
жылтырап, ішінен зәрін төгіп, кейбіреуі қабыршағы 
жоқ  балықтай  қолға  тұрмай  жылпылдап,  біреу 
қарғадай  ауыздан  ішіп,  арттан  түсіп  қалғанды 
әлдеқандай  аңдып...»  М.Ж.  адам  баласының 
бойындағы  есепсіз  жиіркенішті  құбылыстарды 
ұсқынсыз  аң-құстардың,  жәндіктердің, 
мақұлықтардың  сорақы  қылықтары  арқылы 
сипаттап  жеткізеді.  Бұл  –  М.Ж.  білімдарлығын, 
байқампаздығын байқатады. «Сұңқар табиғатты» 
болуға,  «ұшқан  құстан,  жүгірген  аңнан  ғибрат 
алуға» керек дейді. Мына бір ойларының мәні мен 
сәні  толғандырмай  қоймайды.  «Жігіт  адамның 
қырағылығы бүркіттей болсын, зеректігі байғыздай 
болсын! Жүріс маймұндай болсын! Он екі қырлы, 
бір  сырлы,  отыз  аяқты  болсын!  «Отыз  аяқты 
болсын!» дегені – басқан ізін білдірмей жүрген, 
жымын  кісіге  сездірмейтін  болсын  дегені».  Бұл 
шығармада танымдық, ғибраттық мән-мағынасы 
өзгеше  тәмсілдер  жеткілікті.  Мәшһүр  Жүсіп 
былай толғанады: «Адам: «Жақсы мінезді қайдан 
үйренем?» демесе керек. Түйе деген малдан ғибрат 
алуға керек. Түйе сондай зор биіктігін (биіклігін) 
ойына алмай, бір тышқанның құйрығына байлап 
қоя берсе, еріп жүре береді. Өзі қырық күншөлге 
шыдайды,  көзіне  көрінгенді  қорек  қылып,  еш 
нәрсені талғамай жеп, қанағат қылып жүре береді. 
Күштілікте  қара  жердің  кемесі  десе  болады». 
Мәшһүр  Жүсіптің  өзінің  ой-толғаныстарын 
нешеме сырлы мақал-мәтелдермен, нақыл, ақыл 
сөздермен көркейтіп отырады. Қай туындысында 
болмасын асыл сөз тізбектері молшылық. Мұнда 
да  солай.  Әрі  тосын  мазмұндық,  мағыналық 
қырларын  көрсетіп  береді.  Мысалы,  қойдың 
жүнінен  басылған  кигіздің  бір  ерекше  қасиетін 
атақты Шоң би былайша түсіндірген: «Аспаннан 
түсетұғын жайдың оғы тесігі жоқ бүтін кигізден 
тіпті өтпейді. Дәл осы күнде осы үйдің үстінен 
жайдың оғы кез келсе, өтетұғын жері жоқ, кигіздің 
жүнінің арасынан бытырап-бытырап сіңіп кетеді».
Қанағат  деген  қасиетті  ұғым  бар.  Бұл  – 
адамшылықтың кепілі. Адам қанағатта жапалақ, 
байғыз дейтін құстардан үйренерге керек дейді.
«Мұса Шорманұлы» - Мәшһүр Жүсіптің ұлт 
тарихындағы ұлы тұлға, орыс әскерінің полковнигі 
Мұса Шорманұлы (1819-1885) дүниеден озғанда 
шығарған  жоқтауы.  Қара  сөздің  хас  шебері  он 
үшінде би атанған, аталы сөзге атан түйеге татыған 
Шорманның асыл тұяғы алыстан туған ғазиз ер 
Мұсаның  тұлғасын  таңғажайып  ақындық  қуат-
тегеуірінмен, кемел көркемдікпен мүсіндепті, ұлт 
тілінің құт-берекесін сұңғылалықпен, зергерлікпен, 
іңкәрлікпен төгілте, есілте, гүлдендіре тоқыпты. 
«Мырза  пішінді»,  «Ақылы  бір  дана-данышпан» 
Мұса  Шорманұлының  көсемдік,  шешендік 
өнегесін, елшілдік, мемлекетшілдік істерін, зерделі 
жаратылысын Мәшһүр Жүсіп былай өрнектеген:
«... Жасынан кіріп билікке, үлгіменен жолды 
тауыпты,  Аузынан  дүрлер  төгіліп,  шамшырағы 
жаныпты...Бас қосылған жиында, бұлбұлдай болып 
сайраған, Бұлақтай ағып қайнаған, Сөйлеген шақта 
көздері, шамшырақтай жайнаған». Мәшһүр Жүсіптің 
ой-толғаныстары Тайбурылдың шабысын елестетеді. 
Өрден  өрге,  қиядан  қияға  самғайды,  буырқана 
толғайды. Көңілдің дариясынан, сырдың телегейінен, 
рухтың асқақ биігінен інжу-маржан сүзіп, меруерттей 
мөлтілдете  тізіп,  ғажайып  бір  сұлулық  әлеміне 
енгізеді.  Мәселен,  «Сөйлеген  шақта  халайық, 
аузына қарап телмірген. Бәйге қара ат үстінде неше 
түрлі ойын етіп, өнерін жұртқа білдірген. Айдынды 
шалқар теңіздей ақылға дана, кең еді, қазақтан туды 
демесе, басқа жұртпен тең еді. Аузына дұға қойылған 
– айтқан бір сөзі ем еді». Сөз өнері тарихындағы 
қазақ шешенінің шын мәнісіндегі шынайы тұлғасы 
жасалынған. «Жақсылық іске бас болған, жамандарға 
қас болған, Жаяуларға ат болып, тарыққанға ас 
болған» Мұса Шорманұлының парасатты дархан 
болмысын,  бекзаттық,  дегдарлық,  кемеңгерлік 
табиғатын асылдың артықша қасиеттерін дауылша 
үдеп жырлайды. «Бал-шекер тамып сөзінен, Нұр 
балқып  раушан  жүзіңнен,  жұртыңның  мейірін 
қандырдың. Жұрт астым деген жақсыны, Жарыса 
сөйлеп келгенде, Ақылынан тандырдың!» «Тереңнен 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
112

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет