М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



жүктеу 68.16 Kb.

бет1/31
Дата12.03.2017
өлшемі68.16 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

1
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік  
университетінің ғылыми-көпшілік журналы
Научно-популярный журнал Павлодарского 
государственного университета им. С. Торайгырова
2001 жылы құрылған
Основан в 2001 г.
ӨЛКЕТАНУ
КРАЕВЕДЕНИЕ
2
 
2013
 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
2
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
ӨЛКЕТАНУ - КРАЕВЕДЕНИЕ
СВИДЕТЕЛЬСТВО
о постановке на учет средства массовой информации
№ 2276-Ж
выдано Министерством культуры, информации и общественного согласия
Республики Казахстан
1 сентября 2001 года
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ
Кадысова Р.Ж., д.и.н., профессор (главный редактор)
Батталов К.К., к.и.н., доцент ПГУ (заместитель главного редактора)
Молдакимова А.С., к.и.н., доцент ПГУ (ответственный секретарь)
Члены редакционной коллегии:
Абжанов Х.М., д.и.н., профессор;
Абусеитова М.Х., д.и.н., профессор;
Артыкбаев Ж.О., д.и.н., профессор;
Алдабергенов К.М., д.и.н., профессор;
Богуслав Р. Загорски, профессор исламских арабских исследований 
института Халдуи (г. Варшава, Польша);
Власов А.В., д.и.н., МГУ им. М.В. Ломоносова (г. Москва, РФ);
Исмагулов О.И., д.и.н., академик НАН РК;
Кабульдинов З.Е., д.и.н., профессор;
Октябрьская И.В., д.и.н., профессор НГУ (г. Новосибирск, РФ);
Токо Фудзимото, доктор PhD, научный сотрудник Национального 
музея этнологии (г. Токио, Япония);
Уильям Фиерман, профессор университета Индиана (США);
Цыряпкина Ю.Н., к.и.н., доцент Алтайской ГПА (г. Барнаул, РФ);
Нургожина Б.В. (технический редактор).
За достоверность материалов и рекламы ответственность несут авторы и рекламодатели.
Мнение авторов публикаций не всегда совпадает с мнением редакции.
Редакция оставляет за собой право на отклонение материалов.
Рукописи и дискеты не возвращаются.
При использовании материалов журнала ссылка на «¤лкетану - Краеведение» обязательна.
© ПГУ им.С.Торайгырова

3
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Өлкетану - Краеведение 2’2013
АБДУЛХАК МАЛКОЖ
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы тәуелсіздік идеялары
 
5
А.С. АҚТАНОВА, Ш.С. АҚТАНОВА
Мәшһүр - Жүсіптің сюжетті өлеңдерінінің көркемдік құрылымы 
9
Қ. АЛЛАБЕРГЕН
Мейрам Сопы руының халықшыл тұлғалары 
12
М.Н. БАРАТОВА
Түрік әлем әдебиеті және Мәшһүр Жүсіп 
17
С. БАЯЗИТОВ
Мәшһүр Жүсіптің Алланы тануы 
23
С.БАЯЗИТОВ
Мәшһүр Жүсіптің Қамаралдин хазіретті жоқтауы 
25
Р.А. ВАФЕЕВ
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы окказионал фразеологизмдер
 
30
Қ.П. ЖҮСІП
Суреткер ақын 
33
Е.Қ. ЖҮСІПОВ
Мәшһүр Жүсіптің деректанушылық көзқарасы
 
49
Г.Қ. ЖҮСІПОВА
Қазақтың қисса–дастандары және Мәшһүр Жүсіп 
57
Н.К. ЖУСУПОВ
Мәшһүр Жүсіптің фольклорды шығарудағы тәжірибесі 
69
К. КАНАПЬЯНОВ
«Мен тас, жер бетіндегі құдай ұмытқан...» 
78
А. КӘРІПЖАНОВА
Фразеологиялық коннотацияның стилистикалық сипаты 
82
C. НЕГИМОВ
Мәшһүр Жүсіп Әлемі 
91
М. РАХМЕТОВ
Мәшһүр Жүсіп ұрпақтары 
118
Ж.Т. САРБАЛАЕВ, Е.Ж. САРБАЛАЕВ
Мәшһүр Жүсіп өлеңдеріндегі азаматтық әуен көрінісі 
120
М.Т. ТЕЗЕКБАЕВ
Лексико-семантикалық интерференция 
125
М.Т. ТЕЗЕКБАЕВ
М.Ж. Көпеевтің шығармашылық өмірбаяны 
129
А.Қ. ТҰРЫШЕВ 
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы Шоң мен Шорман 
133
А.Қ. ТҰРЫШЕВ
Мәшһүр-Жүсіп және рухани мәдени лексика 
145
Ә.А. ТҰРЫШЕВ
Мәшһүр-Жүсіп руханиятының ғылыми негізі 
153
Ә.А. ТҰРЫШЕВ
Мәшһүр-Жүсіптің орыс-еуропаны тануы 
161
Х. ТЮФЕКЧИОГЛУ
Maşhur Jusip Kopaev’’in sosyal ve felsefi görüşleri
 
171
МАЗМҰНЫ

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
4
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
АБДУЛХАК МАЛКОЖ
Идеи независимости в произведениях Машхур Жусип Копеева
 
5
А.С. АКТАНОВА, Ш.С. АКТАНОВА
Художественное строение сюжетных стихотворений Машхур-Жусипа 
9
К. АЛЛАБЕРГЕН
Народнические личности рода Мейрам Сопы 
12
М.Н. БАРАТОВА
Мир турецкой литературы и Машхур Жусип 
17
С. БАЯЗИТОВ
Познание Аллаха Машхур Жусипом 
23
С. БАЯЗИТОВ
Поиски Машхур Жусипом хазрета Камаралдин 
25
Р.А. ВАФЕЕВ
Окказиональные фразеологизмы в произведениях Машхур Жусипа
 
30
К.П. ЖУСИП
Поэт художник 
33
Е.К. ЖУСИПОВ
Достоверный взгляд Машхур Жусипа
 
49
Г.К. ЖУСИПОВА
Казахские саги – дастаны и Машхур Жусип 
57
Н.К. ЖУСУПОВ
Опыт Машхур Жусипа в издании фольклора 
69
К. КАНАПЬЯНОВ
«Я камень, забытый богом на земле...» 
78
А. КАРИПЖАНОВА
Стилистическое описание фразиологической коннотации 
82
C. НЕГИМОВ
Мир Машхур Жусипа 
91
М. РАХМЕТОВ
Поколения Машхур Жусипа 
118
Ж.Т. САРБАЛАЕВ, Е.Ж. САРБАЛАЕВ
Гражданские мотивы в стихотворениях Машхур Жусипа 
120
М.Т. ТЕЗЕКБАЕВ
Лексико-семантическая интерференция 
125
М.Т. ТЕЗЕКБАЕВ
О творческой биографии М. Ж. Копеева 
129
А.К. ТУРЫШЕВ 
Шон и Шорман в произведениях Машхур Жусипа 
133
А.К. ТУРЫШЕВ
Машхур Жусип и духовно-культурная лексика 
145
А.А. ТУРЫШЕВ
Научная основа духовности Машхур Жусипа 
153
А.А. ТУРЫШЕВ
Познание русских-европейцев Машхур Жусипом 
161
Х. ТЮФЕКЧИОГЛУ
Maşhur Jusip Kopaev’’in sosyal ve felsefi görüşleri
 
171
CОДЕРЖАНИЕ

5
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
1990 жылдардан бастап еңбектері жан-жақты 
қолға алына бастаған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 
шығармашылығы  әлі  де  терең  түрде,  ғылыми 
негізде  зерттелуі  қажет  деп  білемін.  Ақынның 
еңбектерін толық жүйелеп, жарыққа шығаратын 
болса,  қазақ  халқы  ғана  емес,  күллі  түркі  және 
ислам әлеміне ортақ рухани мұра болады. Менің 
бір  ғана  анық  түсінгенім  –  Мәшһүр  Жүсіп 
Көпейұлы туған халқының жүрегінен ойып тұрып, 
елеуіл орын алған данышпан. 
«Дін –апиын», «Салт-дәстүрді, рухани мұраны 
–  ескішілдік,  қанаушылық  жүйенің  қалдығы» 
деп  білген  кеңестік  жүйе  де  ақынның  өміршең 
еңбектеріне  тосқауыл  қойғанымен  қаймана 
қазақтың  ұлы  тұлғасына  деген  жүрек  түбіндегі 
құрметін, махаббатын жоя алмады. Мұндай құрмет 
пен сенімге ұлты үшін еңбектенген тұлғалар ғана ие 
болады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – солардың бірі.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өмір сүрген дәуір 
қазақ халқы, қала берді орта азияның түркі тектес 
мұсылман мемлекеттері үшін ауыртпалығы мол, 
сыртқы күштердің қысымы молайған қысыл таяң 
кезең болды. Патшалық Ресейдің отарлау саясаты, 
осының  кесірінен  шұрайлы  жерінен  айрылған 
халқының  ащы  дауысы,  басқыншылыққа  қарсы 
жүргізілген  ұлт-азаттық  көтерілістер  ойшыл 
ақынды  әрине  толғандырды.  Қаламынан  ащы 
шындықты әшкерелеген өлеңдер туғызды. Елдің 
жарқын болашағын, жерінің тұтастығын көздеген 
еңбектер жаздырды.
Заманынан озып туған дара тұлға, көрнекті 
ақын, шежіреші, қазақ халқының ауыз әдебиетін 
жинауға қомақты үлес қосқан қазақтың біртуар 
тұлғаларының  бірі  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы 
шығармаларында тәуелсіздік идеяларын екі бағыт 
бойынша зерттеп қарауға болады. 
Біріншісі, ақын шығармашылығындағы қазақ 
халқының  ұлт-азаттық  көтерілісі  жолындағы 
күрескерлік  кезеңдерінің  жырлануы.  Бұған 
ақынның «Абылай хан», «Кенесары», «Кенесары 
– Наурызбай» және тағы басқа жырларын енгізуге 
болады.  Сондай-ақ  ақынның  шежіре  тақырыбы 
аясында жазылған құнды еңбектерін де тәуелсіздік 
идеясында  жазылған  еңбектерге  жатқызуға 
болады. Себебі, мұнда ақын жүздер мен хандар 
шежіресін, рулар шежіресін зерттеу арқылы өткен 
тарихты  насихаттайды.  Сол  арқылы  тамыры 
тереңге бойлаған халық, іргелі ұлт, еңселі ел, ұлт 
пен халық мүддесін қорғаған биік тұлғалары, билері 
мен шешендері, қол бастаған батырлары болғанын 
анықтайды.  «Кенесары-Наурызбай»  жырының 
өн  бойынан  қазақтың  азаттық  пен  бостандыққа 
ұмтылған жаужүрек батыр ұлдарының ерліктерін 
көруге  болады.  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының 
«Кенесары-Наурызбай»  жырын  жазуын  –  үлкен 
ерлікке балауға болады. Абылай ханның немересі, 
жауына жай оғындай атылған көкжал Қасымның 
баласы,  қазақ  хандарының  ең  соңғы  асыл 
тұяқтарының бірі, өмірі аттың жалы мен түйенің 
қомында өткен ақберен Кененің қазақ тарихы, ел 
тәуелсіздігі жолындағы алар орны биікте. Дәлірек 
айтсақ, елінің жолына өмірлік мұратын арнаған 
асыл тектілердің тұқымы. «Кенесары-Наурызбай» 
жырындағы Мәшһүр Мүсіп Көпейұлының сөзімен 
айтсақ:
Көп тілеуін тілеген,
Мұсылманың баласы.
Ата бір тегін сұраса,
Абылайдың баласын.
Тұра алмай оның кеткені – 
Бұл жақтағы қазақтың
Ауызының аласы.
Абылай ұғлы Қасым-ды,
Жасық емес, асыл-ды. 
Жырда  айтылғандай,  ақын  Кенесарыны 
«Көп  тілеуін  тілеген,  Мұсылманың  баласы» 
деп  сипаттайды.  Яғни,  елінің,  халқының, 
ұлтының  жолына  бар  ғұмырын  арнаған  данқты 
қолбасшы.  Мәшһүр  Жүсіп  ешуақытта  қазақты 
мұсылмандықтан алыс қоймаған. Мұсылмандық 
ӘОЖ 882.151.212.2
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯЛАРЫ
АБДУЛХАК МАЛКОЖ (ABDULHAK MALKOÇ) 
доктор, Анкара университеті, Анкара қ., Түркия

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
6
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жолы – қазақтың жолы, бабалар жолы. Сондықтан 
жырдағы  «Мұсылманның  баласы»  деген  сөзді 
«қазақтың  баласы»,  «алаштың  азаматы»  деп 
түсінген абзал. Және ұлы ақынның солай ойлағанына 
кәміл сенемін. Ақын өмір сүрген заман, сол кездегі 
қоғамдық  түсінік  үшін  «мұсылман»  -  «қазақ», 
-«қазақ»  -  «мұсылман»  деген  ұғыммен  бірдей. 
Өкінішке  орай  заманынан  озып  туған  дара 
ақынның еңбектеріне Кеңес Одағы жылдарында 
қатаң  тыйым  салынды.  Оның  үстіне  ақындық 
пен исламның ақ жолын қатар ұстанып, өмірінің 
соңына дейін алған бетінен бұрылмаған біртуар 
тұлғаны «дін апиын» деген таяз ұстанымды бетке 
ұстаған  атеистік  қоғам  одан  бетер  халқынан 
аластатуға тырысты. Бірақ та халқының жүрегінен 
орын алған ақынды, көріпкел әулиені біржолата 
ұмыттыра алмады. Еліміз тәуелсіздік алып, ардақты 
тұлғаларымыздың есімі атала бастағанда, солардың 
қатарында  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  да  туған 
халқымен қайта қауышты. 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  «Кенесарытану» 
ғылымына  өлшеусіз  үлес  қосқан  тұлға  және 
көшбасшысы деп айтсақ та болады. Кенесараның 
қазақ халқының ұлт азаттығы жолындағы жорықты 
жолын  баяндай  отырып,  аңсаған  мұратын  дәл 
көрсетті.  Оны  жырдың  өзегіне  айналдырды. 
Кенесараның аңсаған арманы – қазақ халқының 
бостандығы. Міне, осыны ақын жырда анық айтты, 
әрі  именбей  тура  жырлады.  Әсіресе,  Патшалық 
Ресейдің отарлау саясатын дәл дөп басып айтты. 
Оған ақынның мына жыры дәлел бола алады: 
Біздің  бұл  Сарыарқадағы  қазаққа:  «Қазақ, 
бізге бағын, қара! - деп, - Ақ патшадан жарлық 
алып шықтым! - деп, Иван Семеныш (Семенович) 
[полковник  Карпачеев  -Е.Қ.]  деген  полковой 
(бөлкебай) келді.Сонда онымен таласа Қытайдан 
да  елші  келді:  «Қазақ  саған  қарамайды,  маған 
қарайды!» - деп. Ол екеуінен басқа қазақтың өзі 
ішінен Кенесары, Наурызбай деген шықты: «Бұл 
екеуіне бағынбаңдар! Өзімнің соңыма еріңдер!» 
- деп.
Онда олар айтты:
Бағынба, қазақ, орысқа!
Бағынсаң, қазақ, орысқа,
Осы бастан амандас
Сарыарқа деген қонысқа!
Береке кетер асыңнан,
Билік кетер басыңнан!
Негеннен неген күйерсің,
Күйдіруші табылып.
Көршілес жақын қасыңнан.
Қызығып тұрсың байқамай,
Күйгеннен зарлап айтам-ай!
Көрінісі орыстың
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріндей!
Абақты деген үйі бар,
Қазулы даяр көріңдей!
Қызыл қарын жас бала
Обалына қаларсың!
Кейінгі үрім – бұтақтан
Қарғыс, бір нәлет аларсың!
Ап кетейін бір жаққа
Соңымнан ерші, ерінбей!:
дейді.
Сол  замандағы  қазақ  жақсылары  кеңесті 
де,  Кенесары,  Наурызбайдың  сөзін  қостамады. 
«Жерімізге  тимесең,  солдат  алмасаң,  саған 
қараймыз! - деп, - ғадалатшілігі бар!» - деп, ақ 
патшаға өз ықтиярларымен қарап бағынды. Ит 
терісіне жаздырып уағда хат алды: «Қазақтың 
жер-суына залал қылмаймыз, солдат алмаймыз!» 
- дегенін жаздырып. Баянаула тауына Шоң биден 
сұрап,  қала  салды.  Көкшетауға  Уәли  ханның 
тоқалы  Айғанымханымнан  сұрап,  қала  салды. 
Сөйтіп Сарыарқаның пайдалы жақсы жерлеріне 
қала сала бастады. /Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, 
«Сарыарқа тарихы» 2-ші нұсқа/.
Озық ойлы, қоғамда жүріп жатқан толқулар 
мен көтерілісті, осының салдарынан орын алған 
туған  халқының  жан  даусын  Мәшһүр  Жүсіп 
тереңінен түсінді. Бостандыққа деген ұмтылыс деп 
бағалады. Әсіресе, терең, сұңғыла ойлы ақынды 
арпалыс  өткен  Кенесарының  өмірі,  жорықты 
жолы ерекше толғандырды. Қазақ үшін Кенесары 
Қасымұлының орны әркезде де биікті болатынын 
түсінді. Осы мақсатпен «Кенесары» жырын жазды. 
Қазақ  халқының  болашағын  ойлаған  ақын 
Патшалық Ресейдің, одан кейінгі кеңестік жүйенің 
көздеген түпкі мақсатын тани білді. Саяси жүйенің 
астарында  қазақ  жерін  отарлау  мақсаты,  арам 
пиғылы жатқанын анық білді. Соған жүрегі ауырып, 
түн  ұйқысы  төрт  бөлінді.  «Қайтсем,  не  істесем 
ұлтыма  пайдам  тиеді»  деп  ойланды.  Толғанды. 
Әсіресе, қазан төңкерісі қарсаңындағы алмағайып 
кезең, тартысқа толы өмір, сол бір тұстағы алаш 
қайраткерлерінің жан пида еңбегі үлкен жүректі 

7
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
ақын Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығына тың 
серпін берді. Сондықтан осы бір алмағайып кезеңде 
жазылған ақын шығармаларын тәуелсіздік идеясы 
тұрғысынан жеке зерттеп білген дұрыс. 
 «Мәшһүр» аты шығып, халыққа кең танымал 
болуына ең алдымен тұңғыш қазақ газеті - «Дала 
уәлаяты»  беттерінде  ХIХ  ғасырдың  соңғы  он 
жылдығында жарияланған өлең, мақалаларымен 
қатар,  1905  жылғы  халық  наразылығы  өсуінен 
сескенген Ресей патшасының сөз бостандығына жол 
ашқан Қазан манифесі әсерімен Қазан қаласында 
басылған: «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір 
тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі 
екендігі»  кітаптарының  әсері  мол  болды.  Баспа 
бетіндегі уақытша берілген кеңшілікті пайдаланып, 
патшалық Ресейдің отарлау саясатының астарын, 
жер тартып алуын, сөз, пікір айтуға шектеу қоюын 
қазақ зиялылары ішінде ең алғашқылардың бірі 
болып әшкерелей бастаған Мәшһүр Жүсіп екені 
белгілі.  Сол  еңбегі  үшін  1912  жылдан  бастап 
ақынды  қудалау  басталғаны,  біраз  уақыт  оның 
үйінен  кетіп,  қайда  екенін  айтпай,  ел  ішінде 
жасырын  жүргені  де  мәлім.  /Мәшһүр  Жүсіп 
өмірбаяны/
Ақынның патшалық ресей саясатына қарсы 
пікірде шығармалар жазуы күрескер ақын екенін 
анық  білдіреді.  Яғни,  ұлтының  көкірек  көзін 
ашу, қоғамды, саяси жүйені терең тани білуі үшін 
идеологиялық  жолды  таңдады.  Идеологиялық 
жағынан өзіне қарсы пікір айтқан адамды кеңестік 
жүйенің ит қосып қуалағаны, итжеккенге айдағаны, 
абақтыға  жауып,  атқаны  белгілі.  Сондықтан 
Мәшһүр Жүсіптің басына да қауіп пен қатер төнді. 
Тәуелсіздік идеясы, тәуелсіздік ұғымы жері 
бар,  шекарасы  белгіленген  ел  болумен  қатар, 
сол жерде мекендеген байырғы ұлттың тілі мен 
мәдениеті,  салт-дәстүрінің  дамуына  тікелей 
байланысты  деп  айтсам  болады.  Тәуелсіз  ел, 
тәуелсіз халық, мемлекет құрушы негізгі ұлтты 
басқа  халықтардан  бір  ғана  ұғым  жеке-дара 
көрсетіп тұрады. Ол сол халықтың тамыры тереңге 
бойлаған  тарихы  мен  мәдениеті.  Бұған  ешкім 
де  қарсы  пікір  айта  алмайды.  Және  бүгінгідей 
әлемдік қарым-қатынас қоғамдық өмірдің барлық 
саласында, экономика мен мәдениетте, ғылым мен 
өнерде және тағы басқа салаларда мидай араласып, 
соның ішінде алпауыт елдердің ара тұра білініп 
қалатын оғаш саяси көзқарасына қарсы тұру үшін 
ұлттық идея бәрінен биік. Ұлттық идея дегеніміз 
–  тәуелсіздік  идеясы.  Ал  осы  тұрғыдан  алып 
қарайтын  болсақ  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының 
«Тарихи  жырлары»  мен  «Шежіре  мәтіндері», 
«Аңыз хикаяттары», «Дастандары» ұлт мүддесін 
көздеген шығармалар қатарына жатады. 
«Жеті атасын білген ұл – жету рудың қамын 
жейді» деген, қазақтың ұлы сөзі бар. Ататекті тану 
тек қазақ үшін ғана емес күллі түркі әлемі үшін ең 
басты ұстанымдардың бірі. Асыл текті ұлт өсіру, 
ұлт пен қан тазалығын сақтау үшін жеті атасын, 
өткенін  білу  міндет.  Сондықтан  мен  Мәшһүр 
Жүсіп Көпейұлы шежіре жазуда осы негізге алды 
деп нық сеніммен айта аламын. 
Қазақ  халқының  ұлы  жазушылары  мен 
ғалымдары ақын шығармашылығына жоғары баға 
берді. 
«Өз шығармаларын былай қойып, басы ашық 
ескі  үлгілерді  жазып  алып,  біздің  дәуірімізге 
жеткізген  еңбек  Мәшһүрде  мол  екенін  және  де 
естен  шығармау  керек.  Сондықтан  қазақ  ауыз 
мен  жазба  әдебиетінің  ғылымдық  бір  саласы 
историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі 
еңбегіне  әрдайым  орынды  баға  берілуі  шарт»  /
Мұхтар Әуезов/. 
Міне,  мұнда  ұлы  классик  Әуезов  мәшһүр 
шығармасын  қазақтың  ауызша  және  жазба 
әдебиетінің бір саласы ретінде қарастырып отыр. 
«Мәшһүр  ақындықтан  басқа  ғалым  адам. 
Күншығыс,  араб.  парсы  халқының  тарихын, 
фәлсапасын  жақсы  білген.  Химия,  физика, 
астрономия  ғылымдарынан  жақсы  хабардар 
болған. Мәшһүрдің бұл сияқты терең ғылыммен 
танысуына көз болған, көбінесе атақты Әбу Әли 
Сина, Әл-Фараби сияқты орта ғасырдағы Бұқара 
ғалымдарының  шығармалары  мен  араб,  парсы, 
түрік  кітаптарын  көп  оқыған.  Мәшһүр  Жүсіп 
жинаған тарих, әдебиет материалдары өте бағалы» 
/Әлкей Марғұлан/.
Бұл қазақ мұрасын зерттеумен шұғылданған 
ақынның Мәшһүр еңбегіне берген бағасы. 
1906-1907  жылдар  –  М.Ж.Көпейұлы 
шығармашылығының идеялық жағынан тереңдей 
түскен дәуірі. Бұл жылдары жазған шығармалары 
тегісінен  қазақ  халқының  бостандық,  саяси-
экономикалық  құқықтарымен  байланысты 
болып келеді. / «Даланың дархан ұлы» Мәшһұр 
Жүсіп  Көпейұлының  150  жылдығына  арналған 
әдістемелік-библиографиялық  құрал,  Павлодар 
ЭКО -2008/.

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
8
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Әсіресе  осы  бір  аумалы-төкпелі  заманда 
шыққан  кітаптарының  ішінде  «Сарыарқаның 
кімдікі  екендігі»  кітабының  маңызы  айрықша 
жоғары.  Мұнда  ақын  қазақ  халқына  бостандық 
беру,  жерге  жеке  меншік  және  сөз  бостандығы 
туралы толғайды. Елдің бетке ұстар азаматтарын 
халқының болашағы үшін жұмыс істеуге шақырды. 
Ақын жан даусымен:
Жолыңнан сыбағалы құр (құры) қалма,
Жақсыны аты естілген естен салма.
Халық-жұртының қамы үшін қайрат қылып,
Айдалып, атылсаң да арман бар ма?!, - деп 
толғады /Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, көп томдық 
шығармалар жинағы 4 том «Алматы-Алаш – 2005» 
«Сарыарқаның кімдікі екендігі»/.
Тарих сахнасына бірге келіп, бір дәуірде өмір 
сүрген қазақтың қос алыбы Абай Құнанбайұлы мен 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығында 
бір-бірімен үндес тұстар өте көп. Заман мен қоғам, 
қазақ  еліне  іштегі  шешемін  таппаған  жүйе  мен 
сырттан төнген қатер мен қауіп қос жүректі бірдей 
толғандырды.  Екеуі  де  құбылмалы  заманның 
ағымынан сескенді. Ойшыл Абай Құнанбайұлын 
толғандырған  ұлтының  болашағы  Мәшһүрді 
де  толғандырды.  Қазақты  сынады.  Ұлтын  жек 
көргендіктен емес, ел қатарына қосамын деп сын 
тезіне  алды.  Жақсылығын  асырып,  кемшілігін 
түзетпек болды.
Қазаққа ғана емес, күллі түркі әлеміне ортақ, 
әлемдік деңгейдегі ұлы ақын, данышпан Абай:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. 
Жақсы менен жаманды айырмадың, 
Бірі  қан,  бірі  май  боп  енді  екі  ұртың,-  деп 
жырлады. Бірақ ұлтынан түңілмеді. 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  да  халқын  сын 
тезіне алды: 
Өмірді қымбатқа алған - арзан саттық,
Жастықтың қадірін білмей босқа жаттық,
Күнәні – арзан, сауапты қымбатсынып,
Обалға  белшемізден  күнде  баттық,-  деп 
толғады. 
Бір  ерекшелігі  Абай  да,  Мәшһүр  Жүсіп  те 
халыққа  ең  бірінші  керегі  өнер  білім  деп  білді. 
Көшпенді дәуірден отырықшылыққа айналатын 
уақыт жақындағанын білді. Бұл сонау Асан қайғы 
толғаған,  Мөңке  Тілеуұлы  ащына  жырлаған, 
Абылай хан армандаған ұлы мұраттар еді. 
М ә ш һ ү р   Ж ү с і п   К ө п е й ұ л ы н ы ң 
шығармашылығы – халқымен бірдей жасай береді. 
Себебі ақын еңбектерінде барша адамзатқа ортақ 
адами құндылық, ұлттық идея, рухани мұра, тарих 
пен мәдениет бар. Мұның барлығы тәуелсіздік пен 
бостандықтың түпкі тамыры. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, көп томдық шығармалар жинағы. 4 том. – «Алматы: Алаш, 2005. 
«Сарыарқаның кімдікі екендігі».
2 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, «Сарыарқа тарихы», 2-ші нұсқа.
3 Мәшһүр Жүсіп «Ит дүние» таңдамалылары. – Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2008.
4  «Дархан  даланың  данышпан  ұлы»  Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлына  –  150  жылдығына  арналған 
әдістемелік-библиографиялық құрал. – Павлодар, 2008. 
5 «Мәшһүр Жүпіс Көпейұлы» көп томдық шығармалар жинағы. 4-ші том. – Алматы: «Алаш», - 2005. 
6 «Мәшһүр Жүпіс Көпейұлы» көп томдық шығармалар жинағы. 10-ші том. – Алматы: «Ел шежіре», 2010. 

9


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал