М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет36/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78
 
№14 практикалық сабақ
Тақырыбы.  Тарихи романдардың кӛркемдік ерекшелігі 
Жоспары:
1. Тарихи роман тілі туралы зерттеулер 
2. Тарихи прозадағы психологизм 
3. Тарихи романдарда қолданылатын кӛркемдік құралдар мен әдіс-
тәсілдер 
4. Оқу және талдау: Қ.Жұмаділов «Тағдыр», «Соңғы кӛш», 
«Дарабоз» 
5.
Әдістемелік нҧсқау. Бұл сабақ топтық жұмыс түрінде 
ӛткізіледі. Сабақта студентке тӛмендегі жұмыстарды орындау 
ұсынылады. 
Бақылау сҧрақтарына жауап беру:
10. 
Тарихи романдардағы кӛркем уақыт пен тарихи 
кеңістіктің байланысын қалай анықтауға болады? 


197 
11. 
Тарихи 
туындылардағы 
отансүйгіштік 
идеясының кӛрінісі. 
12. 
Тарихи роман кейіпкерін сомдау арқылы жас 
ұрпақ тәрбиесіне үлес қоса аламыз ба? 
Глоссариймен танысу:
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі – 
халық прозасының дамыған, кӛркемделген түрі, яғни 
фольклорлық кӛркем шығарма. Ол әрі тәрбиелік, әрі кӛркемдік-
эстетикалық рӛл атқарады. Ертегілік прозаның басты міндеті –
сюжетті барынша тартымды етіп, әрлеп баяндау. Ертегі 
жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы ӛте ұзақ. Ертегінің 
негізін қалған жанрларда, яғни миф, хикая, әпсана, т.б. алғашқы 
қауымдық қоғамның түсініктері мен салты, әдет-ғұрпы, яғни сол 
заман шындығы ӛзінше бейнеленген.
Жылнама – оқиғалардың болған жылы, күні бойынша
баяндайтын аса маңызды жазба деректер. Ерте заманда
абыздар, тарихшылар, дін қызметкерлері, патша хатшылары
жыл ішінде болған елеулі тарихи оқилар мен тарихи
құбылыстарды рет-ретімен тіркеп, қайта жазып отырған. 
Жылнамалар жазу дәстүрі ежелгі Мысыр, Үндістан, Қытай, 
Иран, Арабия, т.б. елдерден басталған. Ертедегі жылнамашылар 
кӛбінесе патшалардың іс-әрекеттерін дәріптеп, солардың беделі
мен үстемдігін нығайтуды кӛздеген. 
Троп (грек. tropos – иін, иірім) – сӛз немесе сӛз тіркесінің 
кӛркем шығармада тура мағынасында емес, ауыспалы мағынада 
қолданылу тәсілі. Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі 
ӛзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері, дыбыстары, 
бояулары болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге 
қызмет етеді. Стилистика мен поэтикада сӛз бір мезгілде тура 
және астарлы мағынада қолданылады. Бұлардың бір-бірімен 
байланыстылығының 
ӛзі 
заттар 
мен 
құбылыстардың 
ұқсастығына әрі контрастылығына байланысты. Кӛркем тілде 
троп түрлері ӛте кӛп. Троп екі нәрсенің, не құбылыстың бір-
бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде 
жасалады 
(метонимия,
синекдоха), 
не 
сипатталатын 
құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне 
ұқсастыру, ауыстыру тәсілі арқылы туады (метафора, теңеу). 


198 
Троп бір нәрсені үлкейту, не кішірейту, не сықақтау яки қарсы 
мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі 
(гипербола, литота, кейіптеу, ирония). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет