М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


өндірістік және технологиялық үдерістер



бет13/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   142
өндірістік және технологиялық үдерістер. Машина жасау (маши- на жөндеу) кәсіпорындарында бұйымды шығаруға (жөндеуге) байла- нысты әртүрлі үдерістер орындалады.
Машина жасау технологиясында зерттеу және жасау нысандарына төмендегілер жатады:

Берілген кәсіпорында бұйымды дайындау (жөндеу) үшін қажетті адамдар іс-әрекеті мен өндіріс құралдарының өзара байланыстағы жиынтығын өндірістік үдеріс деп атайды. Өндіріс құралын өзгертіп және оның одан кейінгі жағдайын анықтау бойынша іс-әрекеттен тұратын өндірістік үдерістің бір бөлігін технологиялық үдеріс деп атай- ды. Технологиялық үдерісті орындау барысында берілген техникалық талаптарға сәйкес бұйым алу мақсатында материал мен шикізаттың формасын, өлшемдері мен қасиеттерін өзгертуге қол жеткізуге болады. Қоюшы кәсіпорындағы қосымша өңдеуді немесе жинауды қажет ететін бұйым шикізат деп аталады. Технологиялық үдерістердің
түрлері: механикалық, термиялық өңдеудің, жинаудың технологиялық үдерістері және т.б.
Бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық үдерістің аяқталған бөлігі технологиялық операция деп аталады. Технологиялық операцияның негізгі элементтері мемлекеттік стандартпен анықталады. Технологиялық операция технологиялық үдерісті өндірістік жоспар- лау үшін негіз болып саналады, яғни үдерістің еңбек сыйымдылығын есептеуге, біліктілік бойынша қажетті жұмысшылар санын анықтауға және т.б. Операция технологиялық және қосымша өтпелерге бөлінеді. Материалдан жоңқасымен бірге жаңа қабатты бөліп алу арқылы жаңа беттерді алу кесумен өңдеу деп аталады. Кесумен өңдеудің жалпы түріне өткір жүзді аспаптармен орындалатын өткір жүзді өңдеу жата- ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет