М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет25/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   142
Беттің кедір-бұдырлығы және детальды дайындау дәлдігі. Бет сапасы кедір-бұдырлықпен, толқындықпен және бет қабатының физикалық-механикалық қасиеттерімен сипатталады.
Бетің кедір-бұдырлығы (микрогеометриясы) – деталь бетінің рельефін құрайтын базалы ұзындықтағы салыстырмалы түрде аз адым- ды тегіс еместіктер жиынтығы.
Бет толқындығы – қатар орналасқан төбешіктер немесе еңістер арасында қашықтық базалық ұзындықтан артық болатын және олар периодты түрде ауысып отыратын төбешіктер мен еңістер жиынтығы. Толқындықтың нормаланатын параметріне оның биіктігі (1.8-сурет а) және орташа адымы (1.8-сурет ә) жатады.
1.8-сурет. Бет толқындылығының биіктігін (а) және адымын (ә) анықтау

Толқындық биіктігі Wr – ұзындығы lw болатын өлшеу участогінде анықталатын оның бес мәнінің арифметикалық ортасы, нақты мәні толқындықтың ең үлкен адымының, кем дегенде, бесеуіне тең болады:



W 1 W W

W W


W ; (1.20)

r 5 1 2 3 4 5

Толқындық биіктігінің Wr шектік сандық мәндерін мына қатардан таңдау қажет, мкм: 0,1; 0,2; 0,4; 0,8; 1,6; 3,2; 6,3; 12,5; 25; 50; 100; 200.
Толқындықтың орташа адымы Sw – базалық ұзындық l шегіндегі салыстырмалы аз адымды беттер профилінің тегіс еместігінің жиын- тығы.
Базалық ұзындық – беттің кедір-бұдырлығын сипаттайтын және тегіс еместікті анықтау үшін қолданылатын сызықтық базалық ұзындық. Толқындық пен кедір-бұдырлық мәндері арасындағы ше- кара шартты түрде ғана, себебі пайдалану тұрғысынан белгіленетін базалық ұзындықтың l өзгеруі кезінде толқындық пен кедір-бұдырлық параметрлерінің сандық мәндері де өзгеретін болады. Форма ауытқуы мен толқындық және кедір-бұдырлық арасындағы айырмашылық критериі есебінде көбінесе орташа адымның биіктікке қатынасы
қолданылады: Sw /Wr  40 – кедір-бұдырлылық; 40  Sw /Wr  1000 –
толқындық; 100  Sw /Wr форманың ауытқуы.
Кедір-бұдырлықты сандық түрде бағалау үшін параметрлер қатары қарастырылған, ал мәндерін санау профильдің орташа сызығы mw деп қабылданған бірыңғай базадан бастау алады.
Профильдің орташа сызығы mw – формасы беттің номинал профиліндей болатын және нақты базалық сызық шектеуінде профильдің орташа квадраттық ауытқуы осы линияға дейін минималды болатындай етіп бөлетін базалық сызық.
Кедір-бұдырлық мәндерін профильдің орта сызығынан бастап са- нау жүйесі орта сызық жүйесі деп аталады.
Профилограммада (1.9-сурет) базалық сызық l шектеуінде осы сызықтың екі жағында профиль контурына дейін орналасқан алаңдар бір-бірімен тең болуы тиіс.


1.9-сурет. Бет кедір-бұдырлығының негізгі параметрлерін анықтаудың профилограммасы
Беттің кедір-бұдырлығын өлшеу кезінде базалық ұзындық мына сандар қатарынан таңдап алынады, мм.: 0,01; 0,03; 0,08; 0,25; 0,80; 2,5;
8,25.
Тегіс еместіктер размері үлкен болған сайын базалық ұзындық та үлкен болуы тиіс.
Кедір-бұдырлыққа сандық баға беру төмендегі параметрлер бойын- ша жүргізіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет