М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет27/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   142

P l l


мұндағы, h – базалық ұзындық аумағында берілген сызықтың


p

профильдің шығыңқы бөліктерін кесіп өтетін кесінділер ұзындықтарының bi сомасы (профильдің тірек ұзындығы); n – базалық ұзындық аумағында кесіп өтетін кесінділер саны (1.9-суретті қараңыз); l – базалық ұзындық.
Беттің кедір-бұдырлығы бойлық және көлденең болып бөлінеді. Бойлық кедір-бұдырлық кесу жылдамдығы векторының бағытымен өлшенеді (1.10-сурет а), ал көлденең кедір-бұдырлық беру бағытымен өлшенеді (1.10-сурет ә). Беттің кедір-бұдырлығы Rz немесе Ra
параметрлерімен бағаланады.




1.10-сурет. Беттің бойлық (а) және көлденең (ә) кедір-бұдырлықтары


өңдеу жағдайларының беттің кедір-бұдырлығына әсері. Беттің кедір-бұдырлығы өңдеу режимдері мен әдістеріне, қолданыстағы кесу аспабының сапасына, технологиялық жүйенің қаттылығына, өңделетін материалдың физика-механикалық қасиеттеріне, қолданылатын майлау- салқындату сұйықтарының түріне, технологиялық жүйенің діріліне және т.б. тығыз байланысты болады.
Кесу жылдамдығы беттің кедір-бұдырлығының құрылуына әжептеуір әсер етеді. Өңделген беттің кедір-бұдырлығы жоңқаның пайда болу процесіне едәуір дәрежеде байланысты болады. Өскін пай- да болмай тұрып, жылдамдықтың мәні аз аймақта (v<5м/мин) тегіс еместіктің размерлері де аз болады (1.11-сурет) [9].
Ал жылдамдықтың өсуімен (20 40 м/мин) тегіс еместік размерлері жоғары мәндеріне дейін артады (өскін пайда болу периоды). Кесу жылдамдығының одан әрі өсуі өскін шамасын кішірейтеді және өңделген беттің тегіс еместік биіктігін азайтады.


1.11-сурет. Жону кезінде кесу жылдамдығының беттің кедір-бұдырлығына әсері

Өскін пайда болмайтын жылдамдықтар аймағында (>60 м/мин) беттің кедір-бұдырлығы ең аз мөлшерде болады. Діріл пайда болмайтын


жағдайға дейін кесу жылдамдығының өсуінің тегіс еместік биіктігінің кішіреюіне әсері аз болады.
Таза және дәл бетті алу үшін өңдеуді 75 м/мин және одан жоғары жылдамдық аймағында жүргізеді, бұл жағдайда аспапта өскін пайда бол- майды, ал беттің кедір-бұдырлығы барынша төмен дәрежеде болады.
Беріс те кедір-бұдырлықтың пайда болуына әсер ететін кесу режимінің факторы болып табылады. 1.12-суретте болатты жону кезінде тегіс еместік размері мен беру арасындағы байланыс графигі келтірілген.


1.12-сурет. Болатты жону кезінде берістің беттің кедір-бұдырлығына әсері

Бұл графиктен байқалатыны – таза өңдеу жағдайына сипатталған (АВ бөлігі) кіші мәнді беріліспен (0,01...0,15мм/айн) жұмыс істеу кезінде беру мәнін өзгертудің бет тазалығына әсері өте төмен болатындығы.


Ірі беру аймағына өтер кезде (S > 0,15 мм/айн) тегіс еместік размерлері бірден өседі де, кедір-бұдырлық қисығы шұғыл жоғары көтеріледі (ВС бөлігі).
Жоғары өнімділікті алу кезінде өңделетін беттің кедір-бұдырлығы- ның ең төменгі деңгейін қамтамасыз ететін және көміртекті немесе аспапты болаттардан жасалған кәдуілгі кескіштермен өңдеу барысын- да ұсынылатын берудің ең тиімді мәні S=0,05...0,12 мм/айн-ға тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет