М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет33/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142
Базаларды таңдауға байланысты қателіктер. Технологиялық үдерісті жасау барысында әрбір операция үшін бастапқы базаларды таңдайды және бастапқы размерлерді, сонымен бірге дайындаманы тұспалдау үшін базаларды қояды. Базаны дұрыс таңдамаған жағдайда дайындаманы бекітуге немесе босатуға кететін көмекші уақыт ұлғаяды да, жабдық конструкциясы күрделене түседі. Дайындауға аз уақыт кететін, қарапайым айлабұйымның қолданылуын қажет ететін және қажетті дәлдікке жай ғана, әрі сенімді түрде қол жеткізуге бо- латын конструкция ең технологиялық деп саналады. Бастапқы де- ректер ретінде деталь сызбасында және оның элементтеріне қатысты көрсетілген конструкторлық размерлер қабылданады. Деталь бетін өңдеу кезінде базалау сұлбасын жасау мысалы 1.21-суретте көрсетілген [10].



1.21-сурет. Беттерді өңдеу барысында базалау сұлбаларын жасау: 1-6 тірек нүктелері

Дайындаманы бекіту кезінде қателіктер әрқашан болады және олар дайындаманың айлабұйымдағы орналасу жағдайына әсер етеді. Іс жүзінде партиядағы әрбір дайындама айлабұйымда басқа жағдайдан өзгеше орналасады.


Мысалы, цилиндрлік білікшені призмаға 1 базалау кезінде ең үлкен диаметрлі Д білікше осі О нүктесінде орналасқан болса, ал ең кіші диаметрлінікі (Д-а) – О1 нүктесінде болады. Призманың симме- трия жазықтығы бағытындағы білікше осінің (оның диаметрлерінің қателіктері арқасында) ығысуы ОО кесіндісіне тең. Ал призманың симметрия жазықтығына перпендикуляр бағытта білікше осі ешқашан да ығыспайды. Айлабұйымда базалау кезінде дайындаманың әртүрлі беттері мен нүктелері әртүрлі шамаларға ығысады. Мысалы, сол білікшенің осі m шамаға ығысса (1.22-сурет а), А нүктесі – n шамаға, ал В нүктесі – l шамаға ығысады.


1.22-сурет. Білікшені призмада базалау қателіктері (а) және оны есептеу сұлбасы (ә)

Дайындаманың базалау кезінде талап етілетін жағдайдан ауытқуы, ең алдымен оның бастапқы базадан ауытқуы, операция кезінде бастапқы өлшемдерді сақтап қалу дәлдігіне әсер етеді. Сондықтан базалаудың әрбір жағдайында дайындаманың бастапқы өлшемі бағытындағы бастапқы базадан ығысуын анықтау қажет. Бұл ығысу бастапқы базаның



базалану қателігі деп аталады да, d
бб

деп белгіленеді.

Бастапқы базаның базалау қателігі – бастапқы размер бағытында өлшенетін, айлабұйымда базалану кезінде партиядағы әртүрлі дайындамалардың бастапқы базасына орналасатын шеткі жағдайлар- дың арасындағы қашықтық.
Дайындаманы базалау кезіндегі бастапқы базаның ығысуын дайын- дау қателіктері мен тірек элементтерінің тозуы да тудырады.

Іс жүзінде d
бб

анықтау кезінде тозудың әсеріндегі қателіктерді оның

дайындау шақтамасының шегінен аспауына байланысты ескермеуге де болады.
Базалау қателіктерін анықтау таза геометриялық есептерді шығаруға келіп тіреледі [10].
ОО2О1 тік бұрышты үшбұрыштағы білікше осінің призманың сим- метрия осі бағытындағы қателіктер шамасын есептелік (1.22-сурет ә):


OO2 Rmax Rmin ; OO1 s1 ;

мұндағы, d
б


бағытында базалау қателігі, мм:
d Rmax Rmin ; (1.27)
1

Егер призмаға (Д-а) диаметрдегі білікше бекітілсе, онда

R Дmax
Д ; R
Д min Д a ;

max 2 2 min 2 2
Rmax және Rmіn мәндерін (1.27) формулаға қойып, өрнекті түрлендірген соң, алатынымыз:

б
d

0



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет