Мағжан Жұмабаевтың «Жас келін» өлеңінің ойлау формасы мен мазмұны Орындаған: Көпірбай Шолпан



бет3/4
Дата31.01.2023
өлшемі14,97 Kb.
#64221
1   2   3   4
Сұрақ-жауап айдары:

  • Босаға майлау дегеніміз не?

  • Қазақтың ұлттық аспаптарын ата.

  • Киіз үй жиһаздарын атаңыз.

  • Қалжа дегеніміз не?

  • Үш жұртты ата.

  • Сый қонаққа қандай табақ тартылады?

  • Жеті атаны атаңыз.

  • Жасау дегеніміз не?

  • Мүше алу дегеніміз не?

  • Бес жақсыны атаңыз?

Сұрақ-жауап айдарының жауаптары:

  • Босаға майлау — жастар жеке отбасы құрғанда немесе жаңа үйге кіргенде жақын- жуықтары келіп, үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде беріледі.

  • Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней), ішекті (жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыралар, қобыз), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді.

  • Киіз үй жиһаздары мен бұйымдары[ - үй тұрмысында қолданылатын жабдықтар, халық арасында олардың алуан түрлері бар. Кейбір түрлері қазіргі заманға дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Олар: әбдіре, ағаш төсек, адалбақан, кебеже, жастықағаш, жүк аяқ, сандық, сандыққап, асадал, алаша, бөстек, жастық, көрпе, құстөсек, сырмақ, текемет.

  • Қалжа – келінге арнап байланған қой. Баланы дүниеге әкелген ана өмірінде оның мәні зор. Қазақта босанған әйелге арнайы сойылған қойдың еті біткенше келінді жеке қалжалаған. «Жас босанған әйелдің тісі әлсіз болады, түсіп қалуы мүмкін» деп суық ас жегізбеген екен.

. Үш жұрт - жігіттің үш жұрты: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұртыХалық арасында мұны: өз жұртың - күншіл, қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл деп те мәтелдейді.

  • Негізінен қонақтың сыйлы қонаққа қойдың басын ұсынған. Жасы үлкен қарттарға, аса сыйлы қонақтарға тартылады. Оған салынатын кәделі мүшелері: бас, жамбас, ортан-жілік, белдеме (ол жамбастың серігі) сүбе қабырға, қойдың ұлтабары; жылқы етінен — қазы, қарта, жал, жая.

  • Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет