Магистрлік диссертация жаңалықтар мәтінінің ҚҰрылымы жәНЕ ЛЕКСИКалық ерекшеліктері



бет3/6
Дата31.12.2021
өлшемі81,8 Kb.
#23707
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
Зерттеу нысаны. Қазіргі қазақ интернет баспасөзіндегі жаңалықтар мәтінінің құрылымы мен лексикалық ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеуіміздің мақсаты – қоғамдағы саяси-әлеуметтік ахуалға байланысты тіліміздің бүгінгі даму кезеңінде орын алған өзгерістердің қазіргі қазақ баспасөзіндегі көрінісін жан-жақты қарастыра отырып бүгінгі медиа-мәтінді адресанттың өз прагматикалық ұстанымын жеткізуде қалайша пайдаланып отырғандығын анықтау және сол арқылы тіліміздің қазіргі жай-күйіне лингвопрагматикалық тұрғыдан баға беру. Бұл үшін мынадай міндеттер қойылды:

–                   қазіргі тіл біліміндегі прагмалингвистика бағытының даму тарихына шолу жасалып, оның антропоцентрлік бағыттағы өзге салалармен байланысы анықталып, өзіндік ұғымдық шеңбері мен теориялық мәселелерін анықтау;

–                   БАҚ арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық-коммуникативтік процестің маңызды элементі – медиа-мәтінді ақиқат болмысты репрезентациялайтын және интерпретациялайтын аса қуатты құрал ретінде қарастыру;

–                   медиа-мәтінді бұқаралық санаға әсер етудің прагматикалық стратегияларын жүзеге асыратын және әлеуметтік-реттеуіштік қызмет атқаратын фактор ретінде зерделеу;

–                   прагмалингвистиканың негізгі категориясы – субъектіні адресант-адресат қостағаны аясында жан-жақты қарастыру;

–                   адресанттың прагматикалық ұстанымдарының қазіргі қазақ газети мәтіндеріндегі жеткізілу тәсілдерін анықтау;

–                   қазіргі қазақ медиа-мәтінінің адресат факторына тигізетін әсерін мәтін интерпретациялануы тұрғысынан саралау;

–                   адресант-адресат арасындағы рөлдік қатынастардың бүгінгі қазақ басылымдарындағы көрінісін сипаттау;

–                   медиа-мәтіндегі модальділік категориясын мәтін түзуші мен оны қабылдаушы субъектілер арақатынасы аясында қарастыру;

–                   газет мәтінінің әсер ету күшін көрсететін прагматикалық интенсификаторларды (қарқындатқыштарды) анықтау;

–                   қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси дискурсты айқындау;

–                   тәуелсіздік жылдарындағы қазақ баспасөзіндегі жаңа қолданыстарға прагмалингвистика тұрғысынан баға беру.

Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде 2010-2021 жылдары жарық көрген ресми интернет-басылымдардың («Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Түркістан», «Алматы ақшамы», «Айқын», «Жас Алаш») және ішінара оппозициялық бағыттағы газеттердің («Жас қазақ», «Ақ жол Қазақстан», «Апта kz») материалдары пайдаланылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет