Педагогика психология факультеті



Дата08.02.2023
өлшемі59,29 Kb.
#66279
Байланысты:
блок схема


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика психология факультеті


СӨЖ


Тақырыбы:
Арнайы мектептегі тәрбие үдерісінде технологияларды топтап, оны жүзеге асыратын тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау


Дайындаған: Алмагамбетова Ж.Ж.
Тексерген:  Калыкбаева А. Ж.


Алматы
2023
Соңғы жылдары республикамызда оқыту үрдісін жетілдіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды инновациялық процесс немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп атайды. «Инновация» ұғымының мәні латынның (in-novus) деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын береді. Білім сапасын арттыру мақсатында педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді, яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу болып табылады. Заман талабына сай, арнайы білім беру үрдісінде заманауи педагогикалық технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып келеді. Себебі, тиімді пайдаланған педагогикалық технологиялар зиятында ауытқуы бар балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, оқу-тәрбие үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға мүмкіндік береді.



Мүлдем жаңа нәрсе, бұрын еш жерде, еш уақытта қолданылмаған білімдік идеялар мен әрекеттер. Практикада ондай жаңалық өте сирек кездеседі;


Практикада бұрын болған, тек максатын өзгертіп пайдалану жаңа нәтижелер беретін жаңалықтар.



Білім беру саласындағы
педагогикалық жаңалықтарды
француз ғалымы Э.Брансуик

Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейкестілігімен ерекшеленген, қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі педагогакалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды;

үш топқа бөлген

Арнайы білім беру саласында көп қолданатын педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:




Арнайы (түзету) мектебінде оқу және
тіл дамыту пәнін оқыту міндеттері:


  • оқушының жеке танымдық қабілеттерін дамыту;

  • көркем шығармалардың идеялық мазмұның ұғындыру;

  • оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;

  • жазу мәдениетін, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру тіл байлығы молайту;

  • адамгершілік, патриоттық тәрбие беру.

Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің шығармашылықпен жүзеге асырылуына, мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруына байланысты. Осы бағытта педагогикалық технологияларды зерттеп, ең тиімділерін өз іс-тәжірибемде қолданып жүрмін. Зиятында ауытқуы бар балалардың таным ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, деңгейлеп-саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетіне қарай өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, әр баланы өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің негізі – қарапайымнан күрделіге жету.


Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы – оқушының шығармашылық пен белсенді жұмыс атқаруын дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өйткені грамматикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады. Бұл әдістің тағы бір ұтымды жағы – оқушы өзінің нені білетініне, ал нені білмейтініне көзі жетіп, өзі ізденіп, оқып келеді, және бұл ізденіп оқығаны есінде қалады. Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмалар арқылы бірнеше деңгейдегі тапсырманы орындап, өз қабілетін көрсете алады. Егер оқушы берілген тапсырманы орындап, күрделіге талпынса, мұғалім оның білімін, қабілетін анықтай алады. Оқушылардың сөйлесу әрекетінің түрлеріне (тыңдауға, сөйлеуге, оқуға) үйреткенде, жеке және жас еркшеліктерін ескере отырып, оқыту үдерісінде саралап және даралап оқытуға көп көңіл бөлемін. Психологиялық ерекшеліктеріне сай шамадан тыс күш түсірмеу жағдайын ескеремін. Себебі, көмекші мектепте оқитын әрбір оқушының өзіне ғана тән табиғи қаблеттері бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет