Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет6/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Себебі, Ол Алла 

Әл-Алим, яғни, бәрін бі-
луші, тере-е-ең білім мен даналық иесі.
Қолына 


23
қалам ұстаған адам, өзің айтқандай, қандай ши-
май жазбасын, бұл – көктен келген аян, енші-сый 
деп білгені жөн. Ең бастысы, жазғандарыңды ой-
електен өткіз, жүректен түлет, сонда ғана жүрек-
ке жетеді, ботам. 
– Жақсы, ата, айтқандарыңызды ақылға, ой-
түйсігімнің таразысына салып көрейін. Бірақ 
тым терең, әдеттегідей... 
– Әдеттегідей ұзақ әңгіме демексің ғой. Әңгіме 
емес, бұл – бұралаң жолда бағыт-бағдар беретін 
нұсқаушың. Әлгі, әлгі... 
– Компас дейсіз ғой. 
– Ие, ие. Бәрінде жүрекпен ұғып, жүрекпен 
жеткізуге тырысып бақ. Сөйте ғой. Енді өлеңдері-
ңе келейік, бақ құсым! Мен де әжеңе өлең арнап, 
хат жазушы едім, сол баяғы жастау кезімде. Қазір 
де жазғым-ақ келеді...
Жас күнімде әжеңе шексіз ғашық болып, 
күмістей күмбір күлкісіне, сындарлы ой-сөзіне, 
түнекті жарып, жарқ еткен шамдайын жалт қара-
ған жанарына, е-е-е, заман-ай, ұйқас іздеп, ұйқы-
сыз талай түнім өтіп еді. Ол кезде мен үшін әжең 
– әдемінің әдемісі еді... Бірақ қазір де әжеңнің қай 
жері кем? Есесіне, алпыс жылдық ғұмырымды 
мәнді етіп, маған, менің абыройыма, арыма, аға-
йыныма, асқазаныма қызмет етті ғой, сәулем-ау. 
Қазір неге жыр арнамасқа? Сол кезбен салыстыр-
ғанда қазір әжең мен үшін мың есе ардақты, жа-
ныммен жаны бір жан. Өмір сондай ғой, балам, 
кейде қолда барда бағасын білмейсің. Ал қол 
жеткізу үшін не істемейсің? Ал, айырылып қал-
саң.... Ох, не деп кеттім?.. Аллам, өзің сақтай гөр! 


24
Мені сұлу келіншегімсіз, шуағымсыз, шырағым-
сыз қалдыра көрме. Алсаң да Құдай, бір күнде ал-
саң, арманым жоқ. Ә-ә-ә-мин! 
– Ата, күлкілісіз кейде. 
Атамның осылай өз-өзімен сөйлесіп, күбір-
күбір етіп жүргенін бақылау да бір бақыт... 
– Ата, әже екеуіңізді кім жіберіпті?.. Алла 
ұзақ ғұмыр берсін сіздерге… Жарайды, ата, осы 
әңгімені бекер бастамадыңыз ғой, білем. Сіз-
ге де өлеңдерімнен сезімнің ұшқыны сезілді-ау 
деймін. Мұны сіздің алдыңызда айту да ұятты 
болар, бәлкім, айып та шығар. Бірақ, ата, мен бұл 
өлеңдерімді сіз сияқты белгілі бір адамға арна-
маймын. Ол сонысымен де қызық. Мен ешкімге 
ғашық емеспін. Мен өлеңдерімнің иесін өмірімде 
көрмегенмін. Ешқашан көрмегенмін. Әжемдікін-
дей түнекте жанған шам секілді жалт еткен жа-
нарына да ғашық болмағам. Әйтеуір, бір... Әйеуір 
бір... елес сияқты. Мұндай өзгешелік есті адамда 
кездесті ме екен өзі?.. 
– Қарлығашым-ау! Дүнияда Құдай Тағалам 
өзге жаратылыстан үстем әрі ардақты етіп адам-
затты жаратты. Бізге шексіз ой мен қиял, қанша 
сүңгісең де түбіне жете алмайтын жан берді. 
Се-
бебі, Ол, Алла – Әл-Мусаууир емес пе? Яғни, келбет 
беруші, адамдарды бір-біріне ұқсамайтын етіп 
жаратушы. 
Біздер осы ғаламат дүнияда бізден 
басқа тіршілік жоқтай, барлық өмір осы біздің 
күнделікті күйбеңге байланғандай көреміз. Ал, 
бірақ… ғаламның нығметтері, мүмкіндіктері, 
құпия тылсым сыры мол. Айналамызда біздің 
шексіз қиялымыздан да асып түсерлік ғажайып-


25
тар орындалуда. Біздің сана өлшеулі болғаны-
мен, Құдай және Ол жаратқан ғалам өлшеусіз, ба-
лам. Дүния – ғаламат күш. Сондықтан, ақ құсым, 
ақиретке дейінгі тіршілікте барлығы мүмкін. 
«Мүмкін емес», «ешқашан» деген сөздерді сөздік 
қорыңнан алып тастағың. Себебі барлығына Құ-
дайдың ұлы әмірі жүреді. 
Ол, Алла 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет