Макет заголовка



бет2/12
Дата07.01.2022
өлшемі5,77 Mb.
#17680
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Жыныстық цикл дегеніміз жыныстық жетілген малдың организмінде әсіресе жыныс жүйесінде белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отыратын, өте күрделі морфологиялық, физиологиялық құбылыс. Бұл өзгерістер гипотолямус - гипофиз, ұрық безі мен басқа да эндокринді жүйелердің арақатнастық жағдайына байланысты, әрі орталық жүйке жүйесінің тікелей басшылығымен іске асады. Осы құбылыстардың белгілі бір тәртіппен қайталанып отыруын жыныстық цикл деп атайды.

Жыныстық циклді жан-жақты зерттеп, оны ілім ретінде қалыптастырған профессор А.П. Студенцов. Оның анықтамасы бойынша жыныстық цикл 3 сатыдан тұрады:


  • қозу сатысы,
  • ежелу сатысы,
  • теңелу сатысы.

  • Қозу сатысын 4 феноменнің көрінісін сипаттайды, олар:
  • шылым ағу (эструс) феномені,
  • жалпы реакция (жыныстық қозу) феномені,
  • күйлеу (либидосексуалис) феномені
  • овуляция-феномені.

Қозу сатысында малдың организмінде оның шағылысуына, ұрықтануына, эмбрионның пайда болуына қажетті жағдай туады. Жыныстық цикл синхронды немесе асинхронды, ырғақты және ырғақсыз, жарамды және жарамсыз болып өтеді.

Синхронды жыныстық циклде барлық феномендер бір-біріне ілесіп, әр қайсысы белгілі бір уақыт аралықтарында көрінеді. Мысалы: шылым ағу 24-36 сағат болса қалған феномендерде сондай уақыт аралықтарында байқалады. Қозу сатысы тез қалыптасып өте айқын көрінеді. Жарамды жыныстық цикл деп барлық феномендері түгел байқалған жыныстық циклді атайды. Жарамсыз жыныстық циклде бір немесе екі феномендер дұрыс көрінбей қалады. Мысалы, анэстралды реактивті-жалпы реакция қозу феномені болмайды. Альбидті – күйлеу феномені жоқ. Ановуляторлы жыныстық цикл овуляция феномені болмайды. Жарамсыз цикл кезінде мал ұрықтанбайды.

Шырыш ағу феноменінде жатырдың кілегейі қабатындағы эпителий торшалары көбейіп, бірнеше қабат болып өседі, олар сөл бөліп шығарады. Малдың сарпайынан созылмалы ақ сұйық шырыш бөлінеді. Шылым ағу феноменінен кейін 1-1,5 тәулік ішінде малдың мінез-құлқы өзгеріп, келесі, екінші феномен басталады. Жыныстық қозу (жалпы реакция) феноменінде сиыр мазасызданып, азыққа тәбеті өзгереді, сүті азаяды және оның сапасы өзгереді. Басқа сиырға артылып, шағылысуға әрекет жасайды. Бірақ бұқаны жолатпайды, бұл феномен 15-24 сағатқа созылады кейде байқалмайды да. Күйлеу (либидосексуалис) Ұрғашы малдың шағылысуға, ұрықтануға дайын екенін көрсетеді. Аталық мал асылғанда, қозғалмай тұрып қалады. Сиырда күйлеу орта есеппен 20 сағатқа дейін созылады, қыстың күндері 10-13 сағатқа, ал жазда 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Малдың күйелегенін күйіттеуші мал (пробник) арқылы анықтаған дұрыс.

ҚОЗУ САТЫСЫНДАҒЫ СИЫРЛАР

Овуляция-деп пісіп жетілген фолликулдың жарылып, ішінен сұйықпен бірге аналық ұрық торшасының бөлініп шығу үрдісін айтады. Бұл қозу сатысының соңғы феномені. Аталған үрдістің алдында жұмыртқалықта өте күрделі, овогенез үрдісі өтеді. Овуляцияның өткенін тік ішек арқылы тексеріп, жарылған фолликулдың орнында шұңқыр пайда болғанынан сипап біледі. Кейін ол орын қанға толып, ол ішкі секреция безі сары денеге айналады –ол прогестерон деген гормон бөледі. Тежелу сатысында барлық феномендер бәсеңдеп, соңына қарай мүлдем жойылады, сөйтіп овуляциямен аяқталады. Мал бұрынғы қалпына келіп, тәбеті қалыптасады. Тежелу сатысында жатырдың кілегейлі қабатында эпителий қалыптасады. Жыныстық циклдің теңдесу сатысында - жатыр мойнының секреторлық торшалары қою, полисахаридті шырыш бөледі. Егер малдың жыныс циклі ұрықтанумен аяқталса аталған шырын жатыр мойнында тығын түзейді, оны кейін, қынаптық айнаның көмегімен көруге болды. Ұрғашы малдың ұрықтанғанға дейінгі уақытын сервис кезеңі дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет