Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


Бірінші бөлім бойынша тұжырым



бет26/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69
Бірінші бөлім бойынша тұжырым

1) Дисфемизмдер - бірден-бірге, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, бүгінгі дәуірімізге дейін келіп жеткен сөз байлығымыздың өзіндік орны бар, ерекше бір саласы. Сөздердің осы бір қомақты тобынан, басқа да тілдік қабаттар сияқты, ұлтымыздың болмысы мен дүниетанымы, ділі мен руханияты, өнері мен мәдениеті, тірлігі мен тұрмысы анық танылады.

2) Дисфемизмдік қолданыс - сөздерді ауыспалы мағынада қолдануын, ұтымды жолдарының бірі. Бұл ретте күнделікті өмірдегі, әдеби қолданыстағы жағымды, сыпайы, әдепті сөздер саналы түрде дөрекі, тұрпайы, анайы сөздермен алмастырылады. Осы арқылы айтайын деген ойын ашық жеткізеді.

3) Дисфемизмдер халық ауыз әдебиеті үлгілерінде, орта ғасырлардағы жазба ескерткіштер тілінде, ауызекі сөйлеу тілі мен диалектілерде, көркем әдебиетте, баспасөзде молынан ұшырайды. Оларды:

а) бүкілхалықтық қолданыстағы дисфемизмдер;

ә) жеке қолданыстағы дисфемизмдер деп екіге бөліп қарастыруға болады. Бүкілхалықтық дисфемизмдер қоғам мүшелерінің барлығына бірдей түсінікті болса, қалам қайраткерлерінің шығармаларында кездесетін дисфемизмдер мәтінде (контексте) ғана түсінікті болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет