Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


қаншықтың желкең қиылсын! - Көктемегір қаншық!



бет29/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69
- Сен қаншықтың желкең қиылсын!

- Көктемегір қаншық! (Ауыз екі сөйлеуден алынды).

- Нұрғаным бір езулеп, күле тұрып анасына жақын кеп, құлағына аузын тосып, әкесіне естірткісі келмей: “Ол кәрі қасқыр болса, мен жас қаншық болып көңілін таба алмасам, алдаусырата алмасам, өзімнің одан жас, артық екенімді сездіре алмасам, барамын деп бел шешіп айтпас та едім- дейді (С. Бақбергенов).

- Бай құтаймайтын қанды етек қаншық! (О. Бөкеев).

Осы мысалдардан көріп отырғанымыздай қаншық сөзі сөйлемге эмоционалды-экспрессивті реңк үстеп, әйел сөзінің ауыспалы мағынасының бірі болып тұр. Демек, бұл сөзде ауыспалы мағына негізінде қалыптасқан эмоциялық реңк бар. Биологиялық тұрғыдан алып қарағанда қаншық иттің, қасқырдың ұрғашысына байланысты айтылады. Бір кезде бұл әйелдің қоғамдағы рөлін төмендетуден туындаған болса керек. Б. Қыдырбекұлы осы сөздің мағынасын былай деп түсіндіруге тырысқан: “Қаншыр - түлкінің қаншығы. Түлкі төбеті “Қаншырда қаншықта, қыларма еді, қан шыпта” (саятшы-аңшылар мәтелі), қаншырдың қанын шашар ма еді деп тұрғаны. Қаншық-қаншыр деген сөздің аз ғана дыбыстық түрге ұшыраған түрі. Екеуінің беретін мағынасы бір” [43, 66 б.].

Шүйкебас - әйелге байланысты айтылған дисфемизмнің тағы бір варианты. Бұл да әйелді менсінбеу, қорлау місе тұтпау ұғымынан туған. Осы сөздің тура мағынасы - келін. Б. Адамбаевтың айтуынша: “Үй ішіне жаңа мүше - келін. “Келін - жат-жұрттан" келеді, өз рухының салт-санасын ала келеді. Елінің жақсы әдет-ғұрпын әкелсе, нұр үстіне нұр, жаман әдетін әкелсе рудың қалыптасқан тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын бұзуы да мүмкін. Сондықтан қариялар үйленетін жасты ондай “қауіптен” күні бұрын сақтандыра бастайды. Көріп алған көріктіден көрмей алған текті артық; Есік көргенді алма, бесік көргенді ал деп ақыл кеңес айтады. Ауылында сыпайылап “қалындық” атанған қыз күйеуінің ауылына келісімен “келін”. Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан деп жаңа жұрт жас мүшесін жамандықтан сақтандырып, жақсылыққа бағдарлайды” [19, 42 б.].

Келін туралы айтылған осы үзіндіден халқымыз әйел баласына, оның ішінде келінге үлкен мән бергені көрініп тұр. Келін халқымыздың көзқарасында тек қана үй-ішіне ғана емес, бүкіл ауыл-елге ұйытқы болатын жан. Тәрбиенің бастауы да келін болған. Халқымыз келіндеріне үлкен мән беріп, оған сын көзбен қараған. Келін туралы ойларын жақсы сөзбен де, тұрпайы сөзбен де жеткізе білген. Бір ғана шүйкебас сөзімен дана халқымыз бүкіл келіндердің жиынтық образын жасаған сияқты. Осы сөз арқылы әр келін өзіне лайықты мінездемесін, бағасын алса керек. Шүйкебас сөзінен халықтың келінге деген сыны, көзқарасы толық көрінеді. Халқымызда мұндай көзқарас феодалдық заманда болған. Бүгінгі өркениетке бет бұрған жаңа өмірімізде шүйкебас деген сөз көп пайдаланыла бермейді. Дегенмен, бұл сөз бүгінгі таңда ақын-жазушыларымыздың шығармаларында, кейіпкерлердің тілінде ұшырасады. Мысалы:

- Сөйтсе оны ауылда абысындары айтқандай “шүйкебас” десең де, “шөмелебас десең де, өтірікші болмайды екенсің (Ә. Кекілбаев).

- Мәселе шүйкебаста емес, үлкен кілем мен гарнитурда (Б. Ыбыраймов).

- Әуелі өзі бір шүйкебас тауып алып, оның қамын содан ойлаған дұрыс қой (Ж. Аймауытов).

- Әттең бағы ашылмай жүрген бала. Өзіне бір шүйкебас алып берсең, үй болып алып кетейін деп-ақ тұр (С. Жүнісов).

- Мен болсам сырқаттымын, бір шүйкебасты түсірсеңші деп айта-айта шаршадым (С. Мұратбеков.)

- Қара балаң тірі болса, әлі-ақ бір күні сидаңдаған қу сирақ бір шүйкебасты қолына жетектеп әкеп тұрар”, - деді (Ә. Кекілбаев).

Бұл мысалдарда шүйкебас жаңа түскен жас келін, келіншек деген мағынаны білдіріп тұр. Шүйкебас күрделі сөз. Шүйке және бас деген сөз екі сөзден құралған. Яғни, түбірі шүйке зат есім, беретін мағынасы естуге, иіруге арналған жүн. Шүйке сөзіне былай деп те анықтама берілген: “Кез келген қазақтан “шүйке деген не?” десең, тулаққа салып сабаумен сабалған, әбден түтілген майда, созылған, иіруге дайындалып, домалақтап, әлде орамдап қойған жүнді шүйке дейді. Оны, яғни созылған жүнді мықтағанда қос жұдырықтай етіп домалақтап орайды. Яғни шүйкелейді. Шүйке үлкен болмайды. Сондықтанда қазақтар оны кішкентай нәрсенің белгісі ретінде де “шүйкедей ғана” “шүйкедей” деп айтады. Бұл екі сөздің бұдан басқа мағынасы қазақ жерінде әлі естілген де, жазылғанда емес” [43, 7 б.].

Біздіңше, шүйкебас сөзі халықтық танымның ұлттық ерекшелігіне байланысты қалыптасқан болуы мүмкін. Бұл сөздің құрамындағы сыңарлары түрлі мағына беруіне қарамастан, біріккен күйде бір лексема болып тұр. Сөздің екі сыңары да зат есімнен болған. Яғни, сыңарлары бір ғана сөз табынан. Шүйкебас деген атауды халық қалай болса-солай қоя салмағанға ұқсайды. Бұл ретте заттың нақты ерекшелігі, қасиеті, сипаты барынша ескерілген.

Бас адамның дене мүшесі екені белгілі. Бұл екі сөз мағынасы жағынан бір-біріне тіпті жанаспайды. Дей тұрғанмен де, қазақ халқының ұлттық жіп иіру құралының бірі - ұршықты, шүйкесі бар, басына шүйке қыстырған ұршық, яғни жүн қыстырған ұршық деген. Отбасына енді ғана түскен келінді менсінбей шүйкебас деп атау осыдан шықса керек. Яғни жас келінді шүйкебас, басына жүн қыстырған ұршыққа теңеген. Халқымыздың мынадай нақылы бар: “Жаман келін - келсап”. Демек, келінді келсапқа теңегені сияқты ұршыққа да теңеген деп түсінуіміз қажет. Аталған сөздің тағы бір сыңары - шөмелебас. Бұл сөз де бір нәрсені екінші нәрсеге ұқсату заңдылығымен байланысты туған. Бұл күрделі сөз зат есім мен зат есімнің бірігуінен жасалған. “Бес жүз бес сөз” деген еңбекте былай делінеді: “Сөздің бірінші сыңары шөмеле. Беретін мағынасы төбе-төбе етіп үйілген шөп. “Олар әр жерде шөмеле боп үйіліп жатқан шөптерді арбаға тиеді” (Б. Тоғысбаев). Кейбір түркі тілдерінің мәліметтеріне қарағанда бұл сөздің алғашқы тұлғасы етістік мағынасында қолданылған. Якут тілінде “чамхто” сөзі қазіргі қазақ тіліндегі “жинау”, “салу” мағыналарында жұмсалады. Шамасы, осы тұлға ертеректе біздің тілімізде қолданылып қазір “жиюдың” нәтижесіне пайда болған үйінді (шөп) атауына ғана ие болып қалған. Якут тіліндегі етістік мағынасы кейбір тунгус-маньчжур тілдерінде де ауысқан [45, 297 б.]. Біздіңше, шөмелебас деген әйелдің төбесіне түйген шашын төбе-төбе болып жиналған шөпке ұқсатудан туындаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет