Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»



бет1/14
Дата15.12.2023
өлшемі98,3 Kb.
#139532
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»-emirsaba.org


Лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»

Лекциялық кешен
1- лекция. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» мәселелері. 2 сағат.
Жоспар:1. Көркем образ дегеніміз не?
2. Көркем образдың нақтылық, жалпылық қырлары қандай?
3. Көркем бейненің танымдық, эстетикалық, философиялық мәні.
Образ деген сөз әдебиетте негізінде екі түрлі қолданылады. Бірінші, көркем сөз мағынасында, екінші, адам образы – тип мағынасында.
Көркем сөз ұғымында – образға теңеу де, эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп аталады.
Екінші адам образы – тип мағынасында қолданылады.
Образдың қазақшасы – көркем бейне. Бұл кеңірек ұғым. Ең қарапайым мағынасында образ – суретті сөз.
Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлатып әр нені.
(Абай)
Осы жолдарды оқығанда біздің маңымызда әдеттегі жансыз табиғат емес, әлдебір тіршілік тыныстап, көз алдымызға кәдімгідей қимыл, құбылыс елестеп кетеді. Аспан жай тұрған жоқ, езу тартып, «күлімсіреп» тұр. Жер жай жатқан жоқ, әлгі бір жадырап, жайнап күлген аспанның қылығына елтіп, бір түрлі «ойланып» жатыр. Осының бәрін біз көзімізбен көріп, көкірегімізбен сезінетін секілдіміз.
Аспан күлімсіреп тұр дегенде, Абай әрине, аспанның ашық, нұрлы екенін айтып отыр. Бірақ, аспан ашық деген сөздің аспан күлімсіреп тұр дегендей болмас еді. Өйткені алдыңғысы әншейін хабар, ауызекі айтыла салған сөз ғана да, соңғысы сөзбен салынған сурет. Бұл әрі нақты, әрі затты. Бұл бедерлі бейне, көркем образ. Сөз зергерлері көркем сөз арқылы бұлайша өрнек төгіп, айшық жасамаса әдеби шығарма да тумас еді. Бұл ретте образ тіпті тар мағынасының өзінде әдеби тілдің жалпы сөйлеу тілімізден, сондай-ақ көркем әдебиеттің жалпы «әдебиет атаулыдан айырмашылығын да, артықшылығын да қоса танытып тұр.
Әдеби шығарма, оның ішінде өлең арқылы жасалған көркем бейне болмаса, мысалы, даланың селеуі, шеңгелі мен шиі дәл мынадай тірлікте, әрекетке ие бола алмас еді:
Елсіз жер... еңіреген інгенде күй,
Селеулер жел оятқан билеген би.
Аулақта қорқақ қоян зар тыңдаған,
Тұқырып қала берген шеңгел мен ши.
(І.Жансүгіров)
жансыз табиғатқа жан бітірген ғаламат сурет. Кең дала күйге толы. «Еңіреген інгеннің» қасіретін, «зар тыңдаған» қоянның қайғысын өз алдына қойғанда, өлі ұйқыдан елгезек «жел оятқан селеудің биін», әрі назға, сазға елтіп, әрі ойға, мұңға батып, тым-тырыс «тұқырып қалған шеңгел мен шидің» күйінен тура бір адам бойындағы іс-қимылды байқауға болады.
Лириканы әркім өзінше ұғып, өзінше түсіну қажет. Көркем әдебиеттің оқыған адамды баурап алар, оның жан-дүниесіне әсер етер құдіретті күші осынау образдылығында жатады.
Образдылық – суреттілік, сөздегі сурет. «Әр сөз» – дейді Потебня, – қалай болғанда да, өзінің поэтикалық шығарма қалпын бастан кешіреді». Бұған қарағанда, әр сөздің түп-төркіні – зат, сурет, образ. Мыс: қалқалап тұрды қалқанды деген тіркес, шынында да, біздің көз алдымызға образ, сурет болып елестейді. Осындай түп-төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр сөз өзара қатар түзеп, тіркес құрағанда, бір түрлі бір қиял жетпес қызық айнаға айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың өзгеше айшық-өрнегі, сурет-сәулесі түсетін тәрізді. Образдылық осылай пайда болады.
Гималай – көктің кіндігі.
Гималай – жердің түңдігі.
Бұл метафора тәсілімен жасалған сурет: екі нәрсе қатар қойылып, бір-біріне баланады, өзара «сәуле түсіреді», сол арқылы оқырманның көз алдына үшінші нәрсенің суреті жайылады. Байқап қарасақ, образдылық дегеннің өзі әр сөзге оның о бастағы заттылығын қайтып беретін секілді, сөйтіп, затты сөзді нақты суретке айналдыратын тәрізді.
Біздің көркмдегіш сөздеріміздің көпшілігі баяғы бабалар дәуірінен бері қарай мың мәрте қолданылып келеді. Олар әсіресе, ауыз әдебиетінде тұнып тұр. Және олар ауыз әдебиетінің шығармаларына жарасып тұрады. Мысалы, Қыз Жібектің портретін:
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай.
Білегінің шырайы
Ай балтаның сабындай.
Төсінде бар қос анар
Нар бураның санындай.
Оймақ ауыз, құмай көз
Іздеген ерге табылды-ай!...
Мұндай керемет сұлу, жан тебірентер әсерлі сурет бүкіл дүние жүзінің фольклорлық туындыларын түгел шарласақ та сирек ұшырасады. Ал енді осынау көркемдеу тәсілін, қазіргі профессионал қаламгерлеріміздің бірі айнытпай қайталап, өзінің көркем шығармасындағы сұлу әйелдің «ақтығы ақша қардай, бетінің қызылы тауықтың қанындай, ажары сағымдай, білегі балтаның сабындай...» деп шұбатып отырса, әрине, күлкі болар еді.
Сөз өнеріндегі сұлу нәрсе – қайталанбайтын нәрсе. Суреттіліктің сұлулығы да суреттің сонылығында, жаңалығында жатса керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет