Мамаева Айгүл Еркінқызы Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


Ала жылан, аш бақа күпілдектер



бет52/69
Дата31.12.2021
өлшемі0,92 Mb.
#21824
түріДиссертация
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69
Ала жылан, аш бақа күпілдектер

Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр.

3. Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,



Қоржаң суық келеді кей сасық ми.

Ері ақылды, қатыны мінезді боп,

Тату болса, рай - үстіндегі үй.

4. Ақ көйлекті, таяқты



Ақсақал шығар бір шеттен:

Малыңды әрі қайтар деп,

Малшыларға қаңқылдап.

5. Саудагер қашты бұл елден,



Несиесін жия алмай.

Бұралқылар сандалды,

Жуандарға сия алмай.

6. Күлмеңдеп келер көздері,



Қылжыңбас келер өздері.

Кекектеп, секек етем деп,

Шошқа туар сөздері (Абай).

Жоғарыдағы асты сызылған дисфемистік метафораларды ұлы ақын өз замандастарының, соның ішінде бай-болыстардың кем-кетіктерін сынауда қуатты поэтикалық құралға айналдырған десек, қателеспейміз.

Абай поэзиясын арнайы зерттеген фольклорист Қ.Ж. Жұмалиев метафораның қолданылу мақсаты жөнінде айта келіп: “Метафора поэтик тілдердің басқа түрлеріне қарағанда ой-сезімге тікелей әсер етеді. Жалпы ақындардың, соның ішінде Абайдың өлеңдерінде көп кездесетінінің бір себебі осы болуға тиіс. Және теңеу мен метафораны сезімге әсер ету жағынан алғанда метафораның ерекшелігі де осы ой-сезімге әсер етуде”, - дейді [83, 228 б.].

Бұл жоғарыдағы мысалдардан көріп отырғанымыздай, ұлы Абай қазақтың ұлттық сөз саптау өнерін ұтымды пайдалана отырып, дүниеге сан алуан дисфемистік метафоралар әкелген. Өз заманындағы надан адамдардың портретін, оның жағымсыз іс-әрекет, қылықтарын сомдау үшін осындай өрнектерді өте орынды қолдана білген.

Әдебиеттанушы Зәки Ахметов Абайдың метофорамен келген образдар арқылы нені сипаттайтынын дәлелдейді, ұйқасқа алынған сөздердің поэтикалық жүгін танытады [84, 179 б.].

Абай қолданған дисфемистік метафоралар негізінен адамның жағымсыз мінез-құлқын, жалпы көңіл-күйін сөз етуге арналған. Жағымсыз әрекеттер мен қылықтардың өзін атап қана қоймай, олардың орындалу сипатын көрсетуді де нысана еткен. Академик Р. Сыздықтың сөзімен айтқанда: “Ақын Абай өз тұсындағы қазақ қауымындағы сөзуар, білгіш, закөншік, көргіштерді”, “қу старшын, аш билерді”, “малдан басқа мұңы жоқтарды”, “тобықты молыққан пысықтарды” көріп, солдардың бойындағы ең жағымсыз қылықтардың бірі -“көлгірсуді”, “іші залым, сырты абыздыққа салынуды” сынайды. Дәлірек айтсақ, ақын білмесе де, бір нәрсені білгенситін, “мұрнын қисайта тартып” тұрып әсемситін, “елін мығымдап ұстай алмаса да”, өтірік қайраттысып, қамқорситындарды “бойы бұлғаң, өзі жылмаң бола тұрып” бір міні жоқ пендеситіндерді әшкерелеп, түзетпек болады” [85, 51-60 бб.].

Абай поэзиясындағы дисфемистік метафоралар, өзі өмір сүрген қоғамдағы кейбір адамдарға көңілі толмағандықтан пайда болған, контексте белгілі бір жүк арқалап, реті келгенде айтылмақ ойға жағымсыз ой үстеген.

Ұлы ақын өзі өмір сүрген замандағы байларды, болыстар мен шен-шекпен иелерін, ашық сынайды, мысқылдап әшкерелейді, сүреңсіз бейнелерін әсерлі әрі дәл етіп суреттейді. Мұны академик Р. Сыздық былайша жеткізеді: “Сырт қарағанда мұндай сөздер поэзия тілін “тәтті” етіп тұрған жоқ сияқты күлтесі көз тарататын раушан гүлінің сабағына біткен тікенектерге ұқсайды. Сірә, раушан гүлі жарып шығып, құлпыруы үшін табиғат шіркін тікенектерді керек етіп жаратқаны сияқты өлең тілі тұтасымен көңіл толтыруы үшін поэзия табиғаты керек жерінде “ащы-тәтті” сөздерді шебер қолдануға да баратын болар. Құлаққа түрпідей, ауызға қышқылдай тиетін мұндай “дөрекі” сөздердің Абайдағы қолданысы стильдік мақсатпен орнымен келгендер (ғылым тілімен айтқанда, мотиві-уәжі барлар) болып табылады. Ақын тілінің көркемдік құны сұлу “тәтті” сөздердің ғана шоғырымен танылмайды. Ақын тілін сөз еткенде, көркемдік пен шеберлік қатар әңгіме болмаққа керек” [85, 73 б.].

“О языке казахской поэзии” деген зеттеуінде З. Ахметов Абайдың поэтикалық тілін дәстүр мен жаңалық проблемасына жанастыра қарастырады [86, 65 б.]. Абай өлеңдеріндегідей дисфемистік метафоралық сөз саптау үлгісін өткен ғасыр басында өмір сүрген Домалақ шешеннің поэзиясынан да кездестіруге болады. Мысалы:

Алаштың адамының бәрі малғұн,

Кім қалды таразыға тартылмаған.

Қаңқылдап сахарада көшкен қазақ,

Заманың енді келмес салқындаған.

Бұл үзіндіде қазақтың бұрынғы дәурені өтіп, ауыр заманы туды деген ойды ғана ұғуға болады [87, 62 б.]. Ақын өлең жолдарындағы мағұн, қаңқылдап деген дисфемистік метафораларды ескі қоғамдағы рулық құрылысты аяусыз сынға алу мақсатында пайдаланған.

Әсет ақында «Байларға» деген сықақ өлеңінде дисфемистік метафораны Абай стилінде жұмсайды.

Бай құмар сайлау болса, шен алмаққа,

Болыс боп үш жыл тұрып демалмаққа.

Қайратын, адал малын сарып қылып

Парадан, ұрлық- зорлық жем алмаққа.

Дисфемистік метафоралар өзге де жазушылардың шығармаларында көп ұшырасады. Қазақ көркем прозасында жағымсыз образ жасауда кейіпкер тілінде экспрессивтік-эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты үлкен міндет артып тұратындығы байқалады. Мысалы:



- Мылжыңдама, қу түлкі (З. Жәкенов).

- Телібайың нағыз көк есек еке (Б. Нұржекеұлы).

Бұл мысалдардағы қу түлкі, көк есек дегендер адам мағынасында жұмсалған. Бұл сөздер арқылы қаламгер кейіпкердің іс-әрекетінен, мінез қырларынан, ішкі жандүниесінен хабар берген. Тіліміздегі метафоралардың қолданылуы туралы Б. Хасанов былай дейді: “Қазіргі дәстүрлі метафоралардың түп атасы бар. Біздің осы күнгі ауыс мағына алған метафоралар дейтініміз бұрыңғы кездегі белгілі бір жүйрік тілді шешеннің терең толған ойлы сөз саптауынан қалған. Бертін келе көптің қолдауымен “халықтық ортақ меншікке айналған”. Мысалы, “есек” сөзінің жануар мағынасымен қатар “ақымақ, топас” мағынасы, “түлкінің” қу мағынасы бар” [80, 23 б.].

Дисфемистік метафораны жазушыларымыз кейіпкердің тіліне, оның мінезіне, психологиясына және өскен ортасына, кәсібіне, оқиға болып жатқан жағдайға байланысты үйлестіре қолданады. Тағы да мысалдар келтірелік:

- Мана кету керек еді, әлгі төбеттер тап беріп өлтіріп тастай жаздады ғой, - деді Таңат (Қ. Қараманұлы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет