М.Қанабекова


-тапсырма. Төмендегі үзінділерден жай сөйлемдердің



Pdf көрінісі
бет95/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   131
18-тапсырма. Төмендегі үзінділерден жай сөйлемдердің 
қолданысына, синтаксистік құрылымының стильдік сипа-
тына талдау жасаңыз. 
Сұрай-сұрай Меккені де табады дейді. Сол айтпақшы, 
Ахат пен Молдабек сұрай-сұрай Алматының абақтысын да 
тапты. Басқаны білмесе де, жұрт түрмені біледі екен. Әуелі Ахат 
пен Молдабек базарға барды. Ал базар – не сұрасаң да та-
былатын жер; Дауылбай аттан түсіп, оязбен құшақтасып, қош-
тасқан жерде әлі тұр. Ұлықтың құшып тұрып арқасынан 
қаққаны әлін алып қойғандай, орнынан қозғалар емес. Шала 
мас. Бәрі шала. Көңіл ала. Ояз күліп аттанса да, Дауылбайдың 
күдігі жанын жеулі. Әлгі Алсай сойқаны болысқа қатты сойқан 
болды. Ояз мәдениетті, зиялы кісі. Сыпайы мінезбен бәрін 
жуып-шайып сыр білдірмей кетті. Ал бірақ ішінен не деп кетті. 
...Ел құлағы елу, болыстың ақ ордасын тал түсте ат ойнақтатып, 
бір кедей сабалап кетіпті деген сыбыс жер-жерге жайылып 
кетсе, сол жаман. Сүйекке таңба. Масқара таңба. Қап, ит Алсай. 
Жер басып жүрсем, ендігі ісім сенімен болсын (Ш.Мұртаза).


19-тапсырма. Мәтін үзінділеріндегі риторикалық сұ-
раулар мен лепті сөйлемдердің қолданысына назар ауда-
рыңыз, шешендікке тән атрибуттарды (тілдік көрсеткіш-
терді) тауып көрсетіңіз. 
...Бес-ақ мың қолымен жиырма мың жауға қарсы соғыс-
қанда ертауыл мыңдықтың басында кім шауып еді?... Баба сұл-
танның басын шапқанда қасында тұрған кім еді? Бөлекей-Қоян 
сұлтан ұлы Баһадур сұлтан! 
..Хақ-Назар ханның қалың қолының алдындағы қара 
дауыл болған... Ондан сұлтанның аруағына кім бас ұрмас!? 
Ораз-Мұхамед сұлтан сол Ондан сұлтанның өзі болмаса да көзі 
емес пе?... 
Әз-ханым:
...Егер Тәуекел хан алаш бегін қоңыраттан, ұлыс бегін 
жалайырдан қойса, бар қазақты тең тұтам деп жар салғаны емес 
пе? Бегін белге шығарып, еліне қоныс берсе, жау қолында қал-
ған барлық руға ұран шашқаны емес пе? Жетім қозы тас бауыр 
жат болып кетсе, қайтесің?.. Бірақ, балам, өкпе арты өкінішке 
ұласатын кез бар, наз арты түңіліске ұласатын кез бар... Мен 
ақылы қысқа әйелмін, көсемдігімнен емес, көргендігімнен 
айтам... (М.Мағауин). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет