М.Қанабекова


-тапсырма. Мәтіндерді оқи отырып, ондағы бірың-



Pdf көрінісі
бет93/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   131
14-тапсырма. Мәтіндерді оқи отырып, ондағы бірың-
ғай мүшелердің қолданысына назар аударып, көркем стиль-
дің сөз бедері тұрғысынан талдау жасаңыз. 
Гуілдейсің, күбірлейсің, 
Кейде ыза боп сарнайсың. 
Тербелесің, дірілдейсің, 
Кейде ұша жаздайсың (Б.Күлеев). 
Бұл үйге әсіресе көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол 
Сүйіндіктің қызы – Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен 
ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. 
Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілменен 
Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей 
сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – 


баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. 
Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың 
жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанаты-
ның ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қасы жү-
рекке шабар жендеттің жебесіндей. Тоғжан үйдегі сөзге құлақ 
салып, не күліп, не қымсына, сұлу қастары бір түйісе түсіп, бір 
жазылып толқып қояды. ...Абай көпке шейін Тоғжан жүзінен кө-
зін ала алмай, телміре қарап қалды (М.Әуезов).
15-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден синтаксистік-
стильдік категория парцелляция тәсілін тауып, оның қол-
данылу уәжін анықтаңыз. 
1.Мейірхан бұл үйге Мақсұт өлген соң көп келген жоқ. 
Қашқалақтағандай. 2.Ептеп қоңырқай тартқан иесіз дала жеңіл 
тұманды жамылып сазарғандай.3.Алыстан қарағанда, Арқалық 
бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге аса көңілсіз. 4.Әйелдер сол түні 
таң атқанша шам жағып, ұйықтамай, құдайдан тілек тіледі. 
Сыйынды, жылады (М.Әуезов). Жүйрігі үзеңгі тістеп, сәл ғана 
қалыңқы келе жатқан – Ай-Шешек. Үнсіз. Ораз-Мұхамед бұры-
лып қарай жаздап, қалт бөгелді. Жүрегі сыздап қоя берді 
(М.Мағауин). Сатылмаған не қалды? Сатылып жатыр. Өтпелі 
кезең өкіндірмесін дейсің. Өкіндіреді. Осы мен кіммін, қай елде, 
қай мемлекетте, қандай ұлт бейнесінде өмір сүріп жатырмын 
деген сұраққа жауап іздейсің. Сен де ойлан. Ізден 
(Ш.Мұртаза). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет