Мақсаты: Ақпараттық жүйелердің негізгі қасиеттерін қарастыру. Дəріс жоспары «Ақпараттық жүйелердің негіздері»


Ілгеріде айтылған қасиеттердің жиынтығы ашық АЖ-ні



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі227,61 Kb.
#20203
1   2   3   4   5   6
Ілгеріде айтылған қасиеттердің жиынтығы ашық АЖ-ні 

(ААЖ) сипаттайды. Жекелей алғандағы бұл қасиеттер қандай да 


бір шектерде АЖ-нің бұрынғы буындарында жүзеге асырылған 

болатын. Ашықтық қасиеттерін қамтамасыз ету тəсілдері ендігі 

уақытта өзара байланыста кешенді түрде қарастырылатындығы, 

ашық АЖ-ге деген қазіргі көзқарастың ерекшелігі болып саналады. 



ААЖ идеологиясы мен стандарттары АЖ-нің өсе түсіп отырған 

күрделілігі мен оларды құруға жұмсалатын қаржы мен уақыт 

шектеулері арасындағы ілгеріде айтылған қарама қайшылықтарға 

берілетін жауап болып табылады. 

Ашық жүйелердің артықшылығы тегін сыйға берілмейтіні 

түсінікті. Ол үшін жабық, монолиттік жүйелердің ең аз қорларымен 

салыстырғанда, жүйелік қорларды (өнімділікпен, жадылардың 

көлемімен) біршама артық төлеуге тура келеді. 

Бірақ аппаратуралар мен жүйелік бағдарламалық қамтамасыз 

етуді дамытудағы қазіргі уақытқа дейін қол жеткізген ілгерілеушілік, 

қолайлы бағаға ашық АЖ-де қажетті мол қорларға ие болуға 

мүмкіндік береді. Қорлардың осындай молшылығы, егер ашық 

жүйелердің идеологиясы мен стандарттарын сақтамаса, оны өндіруге 

тура келетін, АЖ-ні жобалауға жəне бағдарламалауға жұмсалатын 

шығындарды үнемдей отырып, сондай-ақ ашық АЖ құруға салған 

инвестицияларды сақтау жолымен өзін-өзі ақтайды. 

Ілгеріде айтылғандай, ашық жүйелер тұжырымдамасы бірден 

пайда бола салған жоқ. Ол бірте-бірте, АЖ пайдаланушыларының 

олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, олардың техникалық 

жəне бағдарламалық құралдардың бір жеткізушісіне тəуелді бо- 

лудан босағысы келетіндігін сезінулеріне қарай қалыптасты. Осы 

құралдардың əзірлеушілері мен жеткізушілері сондай-ақ, тіпті аса 

ірі фирмалардың өзі құралдардың барлық спектрінде іс-қимыл 

жасай алмайды жəне тұйық фирмалық идеологияның орнына 

өзге фирмалардың ең жақсы жетістіктерін оңтайлы пайдаланған 

тиімдірек деген қорытындыға келді. 

Сондықтан ашық жүйелер тұжырымдамаларының тарихы 

ақпараттық технологияларды стандарттау үдерісімен тығыз байла- 

нысты. 

Ашық жүйелер тарихын – ашық жүйелер стандарттарының тари- 

хы деп анық айтуға болады. 

60-шы жылдардың өзінде архитектурасы əртүрлі компьютер- 

лер арасындағы осымшаларды тасымалдаушылық туралы қам- 

қаракет жоғары деңгейде бағдарламалау тілдерін жасауға жəне 

осы тəсілдерге стандарттар қабылдауға əкелді. Бағдарламалау 

тілдерінің бұрынғы нұсқалары, мысалы, КОБОЛ, ФОРТРАН жəне 

т.б. бір ақпараттық платформалардан екіншісіне ауысу кезінде 

(стандарттық шеңберлермен атқарымдық мүмкіндіктерді шектесе 

де) бағдарламалардың (жəне қолданбалы бағдарламалаушылардың) 

тасымалданушылық проблемаларын шешуге мүмкіндік берді. Бұл 




стандарттарды іс жүзінде платформалардың бүкіл пайдаланушыла- 

ры жүзеге асырған болатын. 

Стандарттау жөніндегі халықаралық жəне ұлттық ұйымдар 

бағдарламалау тілдеріне де-юре стандарттар қабылданған кезде, 

тілдер нақты өндірушіге тəуелсіз болды. Сондықтан ФОРТРАН-ды, 

мысалы, IBM фирмасының жасап шығарғанының, ендігі уақытта 

ешқандай маңызы болмады. Тілдің синтаксисі мен семантика- 

сы нормаларын сақтай отырып, өндірушілердің компиляторлар- 

ды жетілдіру есебінен бəсекелесе алуы, ал пайдаланушылардың 

– қандай да бір нақты машинаға қатал байланусыз қолданбалы 

бағдарламаларды жасай алуы, түбегейлі болды. 

Тасымалдаушылықтың осындай деңгейіне жету ашық жүйелер 

мүмкіндіктерінің бірінші мысалы болды. 

Бұйрықтардың  бірыңғай  жиынына  ие  жəне  бір  операциялық  жүйенің 

басқаруымен жұмыс істеуге қабілетті IBM/360 компьютер- 

лер буынының жасалуы тасымалдау үшін бағдарламаны қайта ком- 

пиляциялау талап етілмегенде, ал тиімділік аппаратураның барлық 

мүмкіндіктерін пайдалану қамтамасыз етілген кезде орындалатын 

код деңгейінде бағдарламалардың тасымалдануына жетудегі алға 

басқан қадам болды. Бірақ тасымалдаушылық, аталған архитекту- 

ралар шектерінде ғана қамтамасыз етілді жəне IBM/360 компьютер- 

лерде құрылған АЖ-нің қасиеті болды. 

VAX VMS операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс жасай- 

тын Digital Equipment фирмасының VAX компьютерлер үйірі 

қосымшаларды операциялық ортада виртуалдық мекенжайлық 

кеңістікпен тасымалдаушылық бағытындағы ашық жүйелер 

тұжырымдамаларын дамытудың келесі сатысы болды. 

Бір мезгілде, алдымен IBM фирмасының SNA, Digital фирмасының 

DECnet ЭЕМ желілерінің фирмалық архитектуралары түрінде, содан 

соң, мысалы, ARPA желілерінің ТСР/ІР хаттамаларының жергілікті 

жəне жаһандық желілерінің стандарттық хаттамаларының, содан 

кейін Интернеттің желілік технологияларының қарқынды дамуы 

жүрді. 

Стандарттау жөніндегі ұйымдардың желілік технологияларға 

назар аударуы ашық жүйелердің өзара байланыстарының (АЖӨ) 

эталондық модельдерін OSI/ISO құруға жəне интерфейстерде стан- 

дарттар мен осы модельдердің бүкіл жеті деңгейінің хаттамаларын 

əзірлеуге əкелді. 

Unix операциялық жүйесі (ОЖ) тасымалданушылықтың жал- 

пы базасын жасаудың тарихи өте өміршең нұсқасы болып санал- 

ды. Оның интерфейстерінің спецификацияларын түсінікті жəне 

жеңіл сипатталатын деңгейде жеткізуге мүмкіндік беретін Unix 

қарапайым болды. Бұл Unix-тің əртүрлі жүзеге асырылуын басқара 

отырып жұмыс жасайтын əртүрлі аппараттық платформалардың, 

сол сияқты POSIX(Portable Operating System Interfaces) жəне X/ 



Open интерфейстеріне стандарттарды қанағаттандыратын, өзге ОЖ 

платформаларының арасында жеңіл тасымалданатын қолданбалы 

(жəне тіпті, ОЖ ядросынан өзге, жүйелік) бағдарламалар əзірлеуге 

мүмкіндік берді. Əрине, бұл мүмкіндік Си бағдарламалаудың 

бірыңғай тілінің болуымен тікелей байланысты. Айтпақшы, Си тілі 

неғұрлым анық жəне дəл стандарт болып саналады. 

Unix  ОЖ-нің  өзі  тұтастай  дерлік  Си  тілінде  жазылған,  модульдік  жəне 

салыстырмалы түрде икемді болып саналады. Оған мыналар 

кіреді: аппаратурамен тікелей өзара əрекет ететін бағдарламалардың 

аппараттық тəуелді ядросы, мəліметтерді өңдеу бойынша негізгі 

əрекетті орындайтын инструменталдық утилиттер жиыны жəне 

пайдаланушылық интерфейсті білдіретін қабықша. 

Пайдаланушының бір платформадан екіншісіне Unix-те 

қарапайым ауысу мүмкіндіктері əуелгі бастан-ақ қарастырылған 

болатын. Пайдаланушының жүйемен өзара əрекет ететін жалғыз 

интерактивті интерфейсі – бұл қабықша (shell). Unix пен shell тілі 

диалектілері қаншалықты жүзеге асырылса да, өзара əрекет ету 

қағидаты өзгеріссіз, сол күйінде қалды. Бірақ барлық Unix – плат- 

формаларда қолдайтын жəне жүйемен өзара əрекет етудің кестелік 

пайдаланушылық интерфейстерінің біркелкі құралдарын қамтамасыз 

ететін терезелік жүйе (XWindows System) құру пайдаланушылық 

интерфейсті стандарттаудағы шешуші қадам болды. 

Ең соңында, Unix-те ТСP/ІР (OSI/ISO модельдерінің үшінші жəне 

төртінші деңгейлері) хаттамалары стегін жүзеге асыру, жүйелер 

тұжырымдамаларын қалыптастырудағы аса маңызды қадам болды. 

Бұл əртүрлі компьютерлерде əртүрлі операциялық орталарда жұмыс 

істейтін, əзірленген бағдарламалық компоненттерге қатыссыз, нақты 

интероперабельділік мүмкіндігін қамтамасыз етті. 

Unix-тің жəне POSIX стандарттарының пайда болуымен ашық 

жүйелер тұжырымдамаларында, олар жұмыс істейтін орта мен 

қосымшалар арасында қолданбалы бағдарламалау интерфейстері 

ұғымы пайда болғанын көру қиын емес. Бұл ұғым ашық жүйелерді 

стандарттау үшін негізгіге айналды. 

Əртүрлі АЖ арасында электронды мəлімет алмасуды (Electronic 

Data Interchange - EDI) қамтамасыз ету қажеттілігі осы АЖ 

қосымшалары деңгейінде бірлесіп жүзеге асыру стандартта- 

рын жасауға əкелді. АЖ-ні қолданудың əртүрлі салалары үшін 

халықаралық стандарттар əзірленген болатын: 

- осы құжаттармен алмасудың құрылтайшылық құжаттары мен 

форматтарының архитектуралары – ISO Open Document Architecture 

(ODA) жəне Open Document Interchange Format (ODIF); 

- тдүниежүзілік банк қауымдастығы – Society for World – Wide 

Interbank Financial Telecommunications қабылдаған, SWIFT алмасу 

хаттамалары мен банкаралық төлем құжаттарының форматтары; 




-  EDIFACT  (Electronic  Data  Interchange  For  Administration,  Commerce  and 

Transport) əкімшілік, сауда жəне көлік үшін электрон- 

ды мəліметтермен алмасу форматтары. 

Осы бағытты одан əрі дамыту əртүрлі салалар, əсіресе, ғылым, 

мəдениет жəне білім беру салалары үшін электронды мəліметтер 

алмасу форматтарына стандарттар əзірлеумен байланысты бол- 

ды. Ғылыми жарияланымдардың электронды көрсетілулерімен 

алмасудың стандартталған форматтары, осы салалардағы 

объектілердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, математи- 

ка, химия, биология жəне медицина мен өзге де ғылым салалары 

үшін ұсынылған. Сондай-ақ мұражай коллекцияларының (сəулет, 

живопись, мүсін, музыкалық шығармалар) жəне құжаттамалық 

мұрағаттардың электронды көрсетілулері үшін стандартталған фор- 

маттар бар. 

Электронды кітапханалар құру проблемалары электронды ката- 

логтарды, библиографиялық сипаттамаларды, жарияланымдардың 

толық мəтіндерін көрсетуге, осы құжаттардағы қажетті ақпараттарды 

іздеуге жəне онымен алмасуға қолданылатын стандарттар көмегімен 

шешіледі. 

Осылардың барлығы, ақпараттық қорлардың жиынтығы мен осы 

қорларға қатынау құралдарын білдіретін, қоғамның ақпараттық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет