Пән: Қаржы 2 Тақырып: «Мемлекеттік қаржының жалпы сипаттамасы»



Дата02.02.2023
өлшемі18,1 Kb.
#64723
Байланысты:
Глоссарий


АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРЖЫ және ЭКОНОМИКА МЕКТЕБІ


ГЛОССАРИЙ
Пән: Қаржы
2 Тақырып:
«Мемлекеттік қаржының жалпы сипаттамасы»

АЛМАТЫ 2023



Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары.бюджеттен тыс қорлар,
Мемлекеттік кредит - жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңды және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі карызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды.мемлекеттік қаржы
Республикалық бюджет — бюджет жүйесінің дербес бөлігі; мемлекеттік бюджет жүйесінің құрамына кіреді. Жалпы республикалық маңызы бар экономикалық, әлеуметтік және несиелік даму саласындағы шаралардың қаржыландырылуын қажет қаражатпен қамтамасыз етеді
Жергілікті бюджет — мемлекеттегі әкімшілік-аумақтық бөліктердің өз әлеуметтік-экономикалық бағдарламасын қаржыландыруға арналған ақшалай қорлары.
Қаржы қатынастары - өндірістік қатынастардың табиғи құрамдас бөлігі; шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте ақшалай табыс пен қорланымның қалыптасуына, нысаналы мақсаттағы ақшалай қорлардың құралуына және пайдалануына байланысты қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары. Яғни ол мемлекет пен шаруашылықты жүргізудің жеке субъектілері арасындағы ақшалай нысандағы экономикалық байланыстарды көрсетеді
ақша қорларының жиынтығы
Қаржы мекемелерi- тұтынушылар мен капитал нарықтары немесе қарыз нарықтары арасындағы реттелетін делдалдар
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысыбірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.•
Үй шаруашылығының қаржысы- тұтас алғанда қоғам қаржысы секілді, шаруашылық мүдделерінің материалдық жəне əлеуметтік жағдайларын жəне олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру жəне пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. орталықтандырылған қаржыларға
Орталықтандырылған қаржы - бұл мемлекеттің сенімгерлік қорларды қалыптастыру, тарату және пайдалану үдерісіндегі қарым-қатынасы. Қаржыландырудың бұл түрі (егер сіз оны қорлар жинағы деп санасаңыз), әдетте, еліміздің орталық банкінің мемлекеттік шоттарында жинақталып, содан кейін бюджетке және бюджеттен тыс қаражатқа бөлінеді.
ДЕРЕККӨЗДЕР


  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%B1%D1%8E%D0%B4%D0%B6%D0%B5%D1%82 ( Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3)

  2. https://www.marsh.com/kz/ru/industries/financial-institutions.html

  3. https://www.referat911.ru/Finansy/sharuashyly-zhrgzush-subektler-arzhysyny-zhmys/508029-3192418-place1.html Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2014 в 19:47, реферат

  4. https://www.referat911.ru/Finansy/sharuashyly-zhrgzush-subektler-arzhysyny-zhmys/508029-3192418-place1.html Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2014 в 19:47, реферат


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет