2.2 . Өзбетімен шығаруға арналған есептер.
1. Қарбыздың 98%-і су. 5 кг қарбызда қанша су бар?
Жауабы: 4,9 кг
2. Әсеттің массасы 35 кг. Адам массасының 65%-і су. Әсеттің денесінде неше
кг су бар?
Жауабы: 22,75 кг
3. Тік төртбұрыштың ұзындығы 15 дм, ауданы 90дм
2
. Оның ені
ұзындығының неше проценті?
Жауабы: 40%.
4. Бұйымның бағасы 12%-ке арзағанда, 440 теңге болды.
Бұйымның алғашқы
бағасы неше теңге болған?
Жауабы: 500
5. Атай жинақ кассасына жылына 10%-тік өсіммен
мың теңге ақша салды.
Атайдың ақшасы 1 жылдан соң қанша теңге болады?
Жауабы: 40,04 мың
теңге
6. Алманың бағасы қаңтар айының барысында 30%-ке, ал ақпан айының
барысында 20%-ке көтерілді. Осы екі айдың
ішінде баға қанша процентке
көтерілді?
Жауабы: 56%
7. Фирма жарнама агенттеріне заказ құнының 5%-ін төлейді. 200 теңге табу
үшін, заказдың құны қанша болу керек?
8. Фотоаппараттың бағасы бір айдың ішінде бірінші 18%-ке, одан кейін 20%-
ке төмендеді, соңында 1640 теңге болды. Фотоаппараттың бастапқы бағасын
табыңыз:
Жауабы: 2500 теңге
9. Жұмысшы еңбек ақысын орындағын нормасы бойынша алады. Айдың
аяғында нормасын 20%-ке асырса орындағаны үшін 8400 теңге алды. Оған
осы айда қосымша есептелген ақшасын табыңыз. Жауабы: 1400 теңге
Жауабы: 1400 теңге
10. Банк өзінің салымшыларына салымның жылдық өсуін 4%-ке арттырмақ.
Егер адам банкке 1200 теңге салса, онда бір жылдан кейін алатын ақшасын
табыңыз.
Жауабы: 1248 теңге
11. Май заводы күніне 50ц сүт қабылдап, оның 59%-ін
май дайындайтын
цехқа жібереді. Онда қабылданған сүттің 16%-індей май алынады. Завод
күніне неше центнер май дайындайтынын табыңыз.
Жауабы: 47,2 ц
12. Машина бір қала мен екінші қаланың арасын 3 күн жүрді. Ол бірінші күні
52,8км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта барлық жүругі тиісті жолдың 12%-ін,
екінші күні қалған жолдың 60%-ін жүрді. Машина үшінші күні қанша жол
жүруге тиісті екенін табыңыз.
Жауабы: 619,52 км
13. Қоймада 100 кг жидек бар еді. Тексере келгенде жидек құрамының 99%-і
су екен. Біраз уақыт өткеннен кейін жидектегі су мөлшері 98%-ке дейін
азайды. Сонда қалған жидек массасының қанша екенін табыңыз.
Жауабы: 50 кг
14. Тауардың бағасын алдымен 20%-ке, ал содан кейін жаңа
бағасын тағы да
25%-ке кемітті. Тауардың бастапқы бағасын барлығы неше процент
кеміткен?
Жауабы: 40%
15. Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар.
Ағылшын тіліндегі кітаптар шет тіліндегі кітаптардың 40%-ін,
француз
тіліндегілер ағылшын тіліндегінің 75% құрайды, ал қалған 210 кітап-неміс
тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде қанша кітап бар?
Жауабы: 700
16. Тік төртбұрыштың ені оның ұзындығының 75%-ін құрайды. Осы тік
төртбұрыштың ауданы 48м
2
болса, оның периметрін табыңыз.
Жауабы: 28 м
17. 1 кг май 80
теңге тұратын, ал бір жылдан кейін 360 теңге болды. Май
қанша процентке қымбаттады?
Жауабы: 350%
18. 14 т капуста магазинге әкелінді. Барлық капустаның 30%-і сатылды.
Магазинде қанша капуста қалды?
Жауабы: 9,8 т
19.Ракета бір сағаттың ішінде жанармайдың 15%-ін жағады. Егер ракета
ұшырылғаннан бір сағаттан соң онда 170 тонна жанармай қалса,
жанармайдың бастапқы шамасы қандай болғаны?
Жауабы: 200 т
20. Товар 1386 мың теңгеге сатылғанда 10% пайда алынды. Товардың өзіндік
құнын анықтаңыз.
Жауабы: 1260
мың теңге
21. 56 санының 25% табыңыз.
Жауабы: 14
22. 55 санының 20% табыңыз.
Жауабы: 11
23. 45 санының 30% табыңыз.
Жауабы: 13,5
24. 65 санының 40% табыңыз.
Жауабы: 26
25.Бүлдіргеннің 6% құмшекер болады. 27 кг бүлдіргеннің неше құмшекер
болады.
Жауабы: 1,26
26. 200 санының 5%-ін табыңыз.
Жауабы: 10
27. 900 санының 12%-ін табыңыз.
Жауабы: 108
28.
5
1
3
санының 25%-ін табыңыз.
Жауабы:
5
4