Материалдары



Pdf көрінісі
бет41/57
Дата15.02.2017
өлшемі11,99 Mb.
#4144
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
бәрінен  де  шоқтығы  биік  тұрған  шағын  туынды  –  «Көкжал»  боп  көрінді.  Жасыратыны  жоқ,  сол 
дүние маған ерекше әсер етті. Әсер етіп қана қойған жоқ, ойыма айналып соға берді. Көңіл алаңдай 
бергеннен  кейін  осы  туындымен  тақырыптас  біраз  нәрсені  қайта  қарап  шықтым.  Оған  түрткі 
болған «Көкжал» атты әңгіме. 
Думан Рамазанның бізге ерекше әсер еткен «Көкжалы» да қасқыр туралы өте әдемі жазылған 
әсерлі  әңгіме.  Тақырыбы бір  болғанымен,  бұрынғылардан  мүлде  бөлек  дүние.  Бастауын  бастасаң 
болды, қызығына тартып, иіріміне өзі­ақ үйіріп әкетеді. Бас алмай, бір демде оқып шығасың.  Бас 
кейіпкер  Елубай  мен  оның  әйелі  Гүлғайшаның  образы  қандай,  болмаса,  арлан  мен  қаншық 
қасқырдың немесе қазақы төбеттің іс­әрекеті мен көркем бейнесі қандай сәтті шыққан. Рас, Думан 
көркем  образ  жасауға  шебер  екен.  Ұлы  әдебиеттердің  ұлы  өкілдерінен  келелі  –  келелі  мысалдар 
алып,  оларды  өзара  салыстыра    отырып,  Думан  Рамазанның    «Көкжалын»  өз  биігіне  көтеріп 
көрдім...  Менің  мұным,  біреулерге  оғаштау  көрінуі  де  мүмкін...  Бірақ,  бірақ  ұлы  классиктердің 
пысы  басып  тұруы  заңды  да...  Дегенмен  жас  дарынның  дөп­дөңгелек,  жұп­жұмыр  дүниесінен  өз 
басым көзге ұрып тұрған олқылық байқамадым.  
Думан  Рамазанның  бұдан  да  басқа  «Алланың  әмірі»,  «Күйік»,    «Жылап  аққан  тамшылар», 
«Сағындым сені , жанқалқа» ,  «Жантәсілім», « Ақсақал мен ақ жылан», «Соңғы дем», «Азалы күн» 
қатарлы біраз шығармасын оқыдым. Көңіліме жақсы әсер қалдырды... 2007  жыл [2,104]. 
Бірде Тұманбай Молдағалиев ағамыз жазушымыз жайында былай пікір айтса керек:  Думан 
Рамазан  жас  та  болса  елімізге  танылып  қалған  талантты  қаламгер.  Ізденгіш,  еңбекқор  жастың 

 
 
268 
 
жазғандарына  мен  әркез  сергек  көңілмен,  үлкен  сеніммен  қараймын.  Жас  жазушы  бүгінгі  ауыл 
өміріне  қалам  тартады.  Қаламының  күші  мол.  Айтайын  дегенін  әшекейлеп,  әспеттеп,  өрнектеп 
айта алады. Кібіртіктемеиді. Төгіле толғайды. Өзі жазып отырған оқиғаның ішіне кіріп, өзі жырлап 
отырған  кейіпкерлерінің  жан  дүниесіне  бойлап  қалам  сілтеу  ­  әсте  болашағынан  көп  үміт 
күттіретін  шынайы  таланттың  ғана  жолы  екені  біз  айпасақ  та  белгілі.  «Соңғы  дем»  де  «Шерлі 
жүрек»  те  қара  бояуы  көптеу  шығармалар.  Ауыр  тағдырларға  Думанның  жаны  ашиды.  Өз 
кейіпкерлерінің  басына  түскен  ауыртпалықты  автор  бірге  көтеретіндей.  «Соңғы  демдегі» 
Нұрбектер өте мейірімді жігіт қой. Мұндай жігіттер жер бетінде тірі жүрсе , дүние бұрынғысынан 
да әдеміленіп, нұрланып кетпес пе еді...     Өз көзі, өз жүрегі, өз сезімі, өз биігі бар жас жазушымен 
алғашқы  кездесу  әдебиет  сүйетін  қауымды  қуантарына  мен  ешқандай  шүбә  келтірмеймін.  
Мөлдіреп  жатқан  көлді    көріп  тұрып,  оған  шомылмай  кету  бір  түрлі  күнә  сияқты  .    Осындай  
мөлдір сезімнің  жыршысы болам  дейтін   жазушының да   жан дүниесіне  үңілмеу –  адамдығыңа 
сын  [2,114].  Жақсы  адамдарға  жолықтырар  Думан  Рамазанның   жанжүрегімен  сырласып,   мен  
өзім  рахат көліне  шомылғандадай  әсерлендім. 2001 жыл 
Ия,  жазушымыздың  бір  ғана  әңгімесінен­ақ  сан    қырлылығын  байқауға  болады.  Сонымен 
қатар,  реалдылық  пен  фантазияның  өзіндік  айшыққа  ие  синтезі  жазушының  жанр,  құрылымдық 
және  сюжет  түзуші  принципіне  айналды.  Суреткердің  аталмыш  жинаққа  енген  «Көш», 
«Жатбауыр»,  «О  дүниедегі  кездесу»  т.б.  әңгімелерінде  жоғарыда  біз  сөз  еткен  әдеби  әдіс  кең 
көрініс  тапқан.  Осы  аталған  әңгімелерде  реалдылық  бір  шетке  ысырылып,  романтикалық  қос 
әлемділік (романтический двоемирие) идеясы «өлілер патшалығынан» еніп, «осында» мен «онда» 
болмысы  бір­біріне  қарама­қарсы  қойылып,  қаламгер  өз  оқырманына  не  шынайы  өмір  (пәни),  не 
тылсымды  тірлік  (бақи)  турасында  тұтасқан  түсініктің  ұштығын  ұстатуға  еш  тырыспайды,  қайта 
олардың көршілесе өмір сүруін қабылдауға тиісті екендігімізді ұғындырады. Автор ұғындырмасы 
бойындағы  денеңді  мұздатып,  жүрегіңді  ұшырып,  зәреңді  зәр  түбіне  кетіретін  мистикалық  күш 
біздің  өмірімізге  дендеп  еніп  қана  қойған  жоқ,  сонымен  бірге  өз  заңдылығын адамдар  санасында 
орнатып та үлгергендігін мәтіндемелік емеурінмен сездіреді. 
Қазақ  прозасында  үш  түрлі  миф  туындыгерлігі  өмірге  келді.  Оның  біріншісі  –  социалистік 
мифтуындыгерлігі,  екіншісі  –  модерндік  мифтуындыгерлігі,  ең  соңғысы  –  постмодерндік  миф 
туындыгерлігі. 
Сонымен 
1980 
жылдардың 
соңынан 
бастап, 
қазақ 
әдебиетінде 
миф 
туындыгерлігінің  екі  бағыты  модерндік  және  постмодерндік  ілкі  нышан  бірінің  бойында  бірі 
жарыса  өмірге  келді.  Осы  қазақ  муф  туындыгерлігінің  үшінші  толқынының  дара  тұлғасы  Думан 
Рамазан  әңгімелерінде  модерндік  миф  хаосты  кескіндеу  формасы  мен  ұйымдастырудың  амал­
тәсілі  болып  табылады.  Онда  қаламгер  өзінің  экзистенциалдық  кейіпкерлері  арқылы:  отар  елдің 
зиялысының  «ішкі  фантазиясы»  және  коммунистік  режимге  қызмет  еткендердің  «ақталмайтын 
қылмыстарын» әлдебір заңдылық арқылы мәдениеттанушылық мәртебеге көтереді [3,51]. 
Қазақ  ішкі  прозалық  модернінің  түп  төркінінде  «абсурдты  әлем»  идеясы,  құдайсыз  әлем 
идеологиясы  жатқанымен,  оның  мәйегі  болған  ұлттық  миф  постмодерндік  "антироман" 
соцеализмге  қарама­қарсы  алаштық  реализмге  бастап  алып  келді.  Думан  Рамазан  осы  көштің  ту 
басында  тұруымен  ерекшеленеді.  Думан  Рамазан  бергенінен  берері  көп,  үнемі  ұлт  әдебиетіндегі 
соны  да,  жаңашыл  әдеби  ізденістердің  бел  ортасында  жүретін  санаулы  жазушыларымыздың  бірі. 
Сөз  соңын  Думан  жазушының  талантына  табынушы  журналист  Сәндібай  Күмісбеков  ағасының 
мына сөзімен тәмамдағым келеді: «Мен сені мақтамаймын, біз сенімен мақтанамыз!».  
 
 
ҚАЗІРГІ ИНТЕРАКТИВТІ ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕГІ «ЕКІНШІ ЭКРАН»  ҰҒЫМЫ   
 (second screen) 
 
Мансурова Айдана Батырханқызы, Сүлейман Демирел атындағы университет 
 
Аңдатпа.  Күн  өткен  сайын  технология  қарыштап  даму  үстінде.  Адам  ақылымен  жарысқа 
түсер  небір  құрылғылар  ойлап  табылып  жатыр.  Мұндай  технологияның  дамуы    журналистика 

 
 
269 
 
саласын  да  айналып  өткен  жоқ.  Радио,  телевидение  тіпті  интернет  те  бүгінгі  күні,  осы 
технологияның  даму  жолындағы  бір­бір  баспалдақ  іспеттес.  Статистикаға  сүйенсек  медиа 
қолданыстың    90%  ­ы  бүгінде  экран  арқылы  беріледі  екен.  Ол  теледидар,  компьютер,  планшет 
немесе әр түрлі смартфондардың экраны болуы мүмкін. Осыған орай, біздің уақытымыз да  экран 
арасында  бөлінуде. Тіпті, біз  қазір бір емес бірнеше экранды (құрылғыны) қатар қолдана беретін  
болдық.  Бұл    журналистикада    жаңа,  тың  дүниелердің  бірі  –    «екінші  экран»  деген  ұғымның 
қалыптасуына алып келді. Ағылшын тілінде  «second screen» деген атаумен танымал. Уақытымен  
«екінші экран» бүгінгі медиа қолданыстағы бізге үйреншікті процестерді  мүлдем өзгертуі  мүмкін.    
Кілт  сөздер:  телевидение,  журналистика,  интернет,  әлеуметтік  жүйе,  әлеуметтік 
телевидение. 
       
«Екінші экран»  ­  ағылшынша second screen деген сөзінен шыққан, яғни бір мезетте бірнеше 
экранды  қатар  қолдану  ұғымына  келіп  саяды.    «Екінші  экранның»  қызметі  –    басқа  экран 
(планшет,  смартфон,  компьютер)  арқылы  дәл  осы  уақытта  теледидардан  көрерменге  беріліп 
жатқан  мәліметті  анықтап,  сол  туралы  толығырақ  ақпарат  ұсыну.    Айталық,  дәл  қазір  болып 
жатқан  сүйікті  телехикаяңыздың  актерлері  туралы,  олардың  өмірі  мен  шығармашылығы  жайлы 
толығырақ  мағлұмат  беру  не  болмаса  футбол  болып  жатса,  сол  матчтың  статистикасы  жайында 
хабардар  бола  аласыз.  Одан  бөлек,  тағы  да  экранда  (теледидарда)  беріліп  жатқан  бағдарламаны  
әлеуметтік  желіде  талқылауға  мүмкіндік  береді.  Тіпті,  теледидардағы  актердің  үстіндегідей  
жейдені  де  «екінші  экран»  көмегімен  тауып,  сатып  алуға  болады.  Мұның  барлығы    теледидарда  
болып жатқан дүниелерге деген көрермен қызығушылығын арттырары сөзсіз.  Бұл  дүние  отандық 
журналистикамыздың  шекарасына әлі жете  қойған жоқ. Бізден алшақтау.  Алайда  бастауын АҚШ 
және батыс еуропа елдерінен алған «екінші экран» көршілес Ресейге  де жат емес екен. Нақтырақ 
тоқталатын 
болсақ. 
 
 
Британдықтардың 
71%­ 
ы 
[http://www.cableman.ru/node/7532],  
американдықтардың 92%­ ы, оның ішінде солт. Америка  40% , оңт. Америка  52%  [http://irev.ru/], 
таяу  шығыс  елдері  мен  африканың  63%  [http://irev.ru/],  ресейліктердің  51%  ­  ы  [http://irev.ru/]  
бүгінде «екінші экранды» қолданады екен.  
Осыған қарап, дәстүрлі телевидение мен әлеуметтік ортаның (желі) бірігуі көрермен үшін ең 
қызықты әрі берері мол медиа­трендтердің бірі болып қалыптасып келе жатқанын көруге болады. 
Болашақта  телевидение  және  әлеуметтік  желі  қосылып,  әлеуметтік  телевидение  деген  өзгеріспен 
танылуы да әбден мүмкін. 
Енді  осы  «екінші  экранның»  біздің  журналистикада    өзектілігі  қандай?    Берері  не?  Осыған 
тоқталып  өтсек.  Иә,  бұл  ұғым  жоғарыда  айтып  өткенімдей,  қазақ  журналистикасында  әлі 
қалыптасып үлгерген жоқ. Алайда инстаграм әлеуметтік жүйесінде қазақ журналистерінің  біразы 
(Майя  Веронская,  Салтанат  Калиева,  Гүлнәз  Әлімгерей,  Ирина  Тен,  Сұлтанбай  Маржан, 
Нұрсұлтан  Құрман  т.б)  дәл  «екінші  экранды»  қолданбаса  да, соның  бастамасын  қалыптастыруда. 
Атап айтар болсам, Сочиде өткен паралимпиадаға қазақ делегациясының ішінде журналист ретінде  
барған Нартай Аралбайұлын алайық. Паралимпиада жайлы камераға ілінбей қалған, кірмей қалған 
тұстарды,  қазақстандық  спортшылардың  дәл  сол  сәттегі  көңіл­күйі,  толқынысы,  жанкүйерлерінің 
қолдауы  туралы қосымша мәліметтерді паралимпиада жүріп жатқан уақытта арнайы көрермендер 
үшін инстаграм парақшасына салып отырған. (Мысалы, «бүгін Сочиде паралимпиаданың алғашқы 
жарыс  күні  өтті.  «Лаура»  шаңғы­биатлон  кешенінде.Толығырақ,  дүйсенбілік  жаңалықта»    деп 
жаңалыққа  сілтеме  жасаған).Бұдан  көрермен  назарын  жаңалыққа  аудару  байқалады.    Немесе 
«Әйел бақыты»  бағдарламасының жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызын айтуға болады. «Әйел бақыты» 
бағдарламасында  көрермен  пікірін  біліп,көрерменге  ой  салу  мақсатында  ортаға  тасталынған 
сауалнаманы  инстаграмға  да  салып,  ол  жердегі  көрермен  жауабынан  құралған  рейтингті 
бағдарламада  жариялайтын  болған.  («Сауалнама:  елге  белгілі  жандар  арасынан  ең  үздік  қазақ 
келіні  кім  деп  ойлайсыз?  Ұлттық  дәстүрге  адал,  қазақы  болмысымызбен  үйлесім  таба  білген 
шаңырақ  ұйтқысын  атаңызшы.  Осы  жерде  құрастырылған  рейтингті  «Әйел  бақыты»  эфиринде 
бүгін  жариялаймыз»).  Сонымен  қатар,  тек  журналистер  ғана  емес,  бағдарламалардың  да  жеке 
парақшаларын осы инстаграм әлеуметтік жүйесінен табуға болады. Мысалғы, «қазақстан» ұлттық 

 
 
270 
 
арнасынан  берілетін  таңғы  бағдарлама  «Таңшолпанның»  парақшасын,  «Әйел  бақыты»  
бағдарламасының  парақшасын,    Нұрлан  Қоянбаевпен  болатын  «Түнгі  студия»  бағдарламасының 
парақшасын,  «астана»  арнасынан берілетін  «Ел аузында» бағдарламасының парақшасын және т.б 
табуға болады. Тіпті  «31 арна», «хабар»  агенттігі, «Хит тв» арнасы, «ордаFM» радио толқыны да 
осы  әлеуметтік  жүйеде  өз  жаңалықтарымен  бөлісіп,  көрермен  көкейінде  жүрген  ой­пікір, 
сауалдарды  ескеріп  отыратынын  байқаймыз.    Яғни,  бұл  жерде  «екінші  экран»  қызметін  әзірге 
инстаграм атқарып тұр десек те болады.   
Енді  бізге  бұның  берер  пайдасы  қандай  деп  ойлайтын  шығарсыз?  Берер  пайдасы  біршама. 
Осы  «екінші  экранды»  қолданатын  қандай  да  бір  бағдарламаның,    біріншіден,  аудиториясын 
кеңейтеді.  Көрермен  ауқымын  көбейтеді.  Ол  бағдарламаға  жарнама  болады.  Демек,  көрермен 
ауқымы  мен  аудиториясы  кеңейген  бағдарлама  сұранысқа  ие  болады.  Бағдарламаның  рейтингі 
көтеріледі. Ал бағдарлама сұранысқа ие болып, рейтингі көтерілгеннен соң, ол бағдарлама өзге де 
ел  сүйіп  көретін,  танымал  бағдарламалар  арасында  бәсекеге,  бақталастыққа  түседі.  Бәрімізге 
белгілі  бақталастық,  бәсекелестік  бар  жерде  әрдайым  алға  жылжу,  даму  болады.  Бүгінгі 
интернеттің «заманында» телевидение аудиториясы тарылуда. Жақында ғана жабылған «Ел арна» 
каналын  мысал  ретінде  алуға  болады.  Қанша  қызықты  бағдарламалары  болғанымен  көрермен 
аудиториясының тарылуына байланысты рейтингі төмендеп, ақыры соңында жабылуға әкеп соқты. 
Оған  арнадағы  бағдарламаларға  жарнаманың  аз  болғандығы  да  әсер  етеді.  Ал  «екінші  экран» 
телевидение  бағдарламаларына  әрі  жарнама,  әрі  аудитория  болады.  Әрі  дамуына  өзіндік  үлес 
қосады. 
Қорыта айтқанда, «екінші экранды» интерактивті телевидениеде ұтымды қолдана білу – әрбір 
журналистке  керек  дүние.  Себебі,  интернеттің  заманында  дәл  сол  интернет  арқылы  интерактивті 
телевидениені де  дамыта алудың бірден бір жолы осы «екінші экран» болмақ. 
 
Әдебиеттер  
1.  http://newreporter.org/2013/09/06/vtoroj­ekran­nezanyataya­nisha­dlya­ interaktivnogo­
televideniya 
2.  http://irev.ru/ru/technologii/tag:vtorojekran 
3.  http://inventos.ru/produkty/second­screen/#top 
4.  http://en.wikipedia.org/wiki/Second_screen  
5.  http://irev.ru/ru/2013­t­ru/723­sotsialnaya­auditoriya­vtorogo­ekrana&layout=irevo:news 
6.  http://irev.ru/ru/2013­t­ru/721­nastuplenie­vtorogo­ekrana&layout=irevo:news 
 
 
 
Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК 
ҚҰНДЫЛЫҒЫ 
 
Рақымберлі Парасат Мағауияқызы, Еуразия Гуманитарлық Институт, Астана  
Ғылыми жетекші - ф.ғ.к., доцент Байтанасова Қ. М.  
 
 
Аңдатпа.  Зерттеу  жұмысында  Н.Ә.    Назарбаевтың  шығармашылық  жұмыстары  бойынша 
көркем  тіл шебері  ретінде  тың  ойларды  қозғайды. 
 
Зерттеудің    көкейтестілігі:  Елбасымыз    Н.Ә.  Назарбаев  тек    ел  басқарушы,    саясаткер, 
дипломатиялық  мәмілегер  ғана  емес,  қазақ  әдебиетінде  өзіндік    ерекше  орны  бар,    ұлылардың 
ұлағатты  ойларынан    сусындаған  тіл  майталманы,  көркем  сөздің  шебері  екеніне  нақты 
дәлелдемелер келтіру, сөз өнерін  қолданудағы  шешендігін насихаттай отырып, үлгі­өнеге алуға, 
ата­бабамыздан  қалған  асыл  мұраның жастарға да қажеттілігін сезіндіру. 

 
 
271 
 
Зерттеу  жұмысының    мақсаты:  Елбасымызды  ақын  ретінде  елінің  тарихи­уақыт 
шындықтарын,  өмір  оқиғаларын  көркем,  әсерлі  сезіммен  жеткізген  көркем  тіл  шебері,  адуынды 
шешен екендігіне айрықша мән беру. 
Зерттеу жұмысының болжамы: 
Мектеп    оқушылары  және  қазақ  жастары    Елбасымыз  Н.Ә.    Назарбаевтың    еңбектерінен  
шешендік  өнедің  үлгілерін, асыл  сөздің  маңызын,  сөз  саптаудың өзіндік  құндылығын  түсінеді 
және  өнеге  тұтады,    егер:  Н.Ә.  Назарбаев    шығармаларымен    толық    танысып    оқыса, 
еңбектеріндегі  аталы  сөздердің  мән­мағынасын  түсініп,  өмірде қажетіне  жарата  білсе,  отбасы  
тәрбиесінде  бірлесіп  тәрбиелік    сөздеріне,  ақылына,  даналық  ойлары    қолданылса,  шешендік 
сөздердің  ондағы  сөзді    қолдану  көркемдігін  әдебиет    сабақтарында    талдаулар,    сараптамалар,  
зерттеу жүргізіп  отырса.  
В) Зерттеу жұмысының  жаңалығы 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевты  саясаткер тұлғасында емес,  қазақ  әдебиетіндегі  ерекшелігімен  
ақын­ жазушы  тұлғасында  танылды
Еңбектерінен  қанатты сөздері  жинақталды; 
Өлең  тіліне  талдаулар  жасалды; 
Зерттеу  жұмысының  негізгі бөлімінде 3  тақырып қамтылған. 
1. Н. Ә. Назарбаев­көркем тілдің көсемі, шешендік өнердің шебері.  
2. Н. Ә. Назарбаевтың  «Елім менің», «Үшқоңыр» өлеңдеріндегі көркем тіл әлемі. 
3. Н. Ә. Назарбаевтың даналық, ғибрат, қанатты сөздарінің ұрпақ тәрбиесіндегі  орны. 
Зерттеу  жұмысының  қорытынды  бөлімінде  Н.Ә.  Назарбаевтың  шығармашылық  жұмыстары 
бойынша көркем тіл ерекшелігіне жүргізілген талдау нәтижесінде өзіндік бояуы бар талғамы мен 
толғанысын  көркем  тілмен  әрлеудегі  шеберлігін  танытатындай,  көсем  сөзбен  көмкеріліп,  қуатты 
сөздермен қанаттанған даналы сөздер топтамасының жинағын шығару ұсынылған. 
         Abstract. The research project deals with the works of  Nursultan Nazarbayev as a master of the 
language.  
The actuality of the research: The Head of the country N.A.Nazarbayev is not only a governor, 
an excellent politician and diplomat of our country, he is also a master of the language who absorbed wise 
thoughts of famous people and who has a particular place in the Kazakh literature. And it is necessary to 
propagandize his way of usage of the art of speech, to have the youth feel the necessity of the legacy value 
of the ancestors. 
The  aim  of  the  research:    to  pay  a  special  attention  to  the  skill  of  the  Head  of  the  country 
N.A.Nazarbayev as a poet, who could tell the historic truth, life history of his country eloquently with a 
great impression.   
A hypothesis of the research: School children and young people will understand the importance 
of  words  of  wisdom,  value  of  being  able  to  speak  eloquently  and  get  example  from  the  works  of 
Nazarbayev, if they 
 
are introduced with the works of N.A.Nazarbayev fully in detail; 
 
understand the meanings and the importance of words of wisdom from his works and use 
them where it is necessary to; 
 
utilize them in family upbringings; 
 
do research works, make analytical works onto a skill of the usage of words at lessons in 
Literature. 
A novelty of the research:  
 
The Head of the country N.A.Nazarbayev is recognized not only as a politician, but also as 
a poet­writer in the Kazakh literature by his peculiar feature; 
 
words of wisdom of his works have been collected; 
 
the language of his poems has been analyzed; 
The main part of the research work comprises three themes: 
1. 
  N.A.Nazarbayev – a master of the literary language. 

 
 
272 
 
2. 
The  literary  language  world  in  the  songs  of  N.A.Nazarbayev  “Yelim  mening”, 
“Yshkongyr”. 
3. 
The  role  of  words  of  wisdom  of  N.A.Nazarbayev  in  educating  and  upbringing  a  young 
generation. 
In  the conclusion  of  the  research  work  a  collection  of  grouping  words  of  wisdom  of  the  literary 
works of N.A.Nazarbayev is recommended. 
 
 
 
 
 
 
 
          Аннотация 
Научно­исследовательский  проект  имеет  дело  с  произведениями  Нурсултана  Назарбаева  как 
мастер языка.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Актуальность  исследования:  Глава  страны  Н.А.Назарбаев  не  только  губернатор, 
отличный  политик  и  дипломат  нашей  страны,  он  также  является  мастером  языка,  который 
поглощается мудрые мысли известных людей, и кто имеет особое место в казахская литература. А 
надо  пропагандировать  свой  образ  использования  искусстве  речи,  чтобы  иметь  молодежь 
чувствуют необходимость стоимости унаследованного от предков.   
 
Цель  исследования:  обратить  особое  внимание  на  навыком  руководителя  страны  Н.  А. 
Назарбаева  в  качестве  поэта,  который  мог  сказать  историческую  правду,  историю  жизни  своей 
страны красноречиво с отличным впечатлением. 
 
 
 
 
 
 
Гипотеза  исследования:  школы  детей  и  молодежи  поймет  важность  словах  человеческой 
мудрости,  стоимостью  в  состоянии  красноречиво  говорят  и  получить  пример  из  произведений 
Назарбаева, если они 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
• вводятся с работами Н. А. Назарбаева в полном подробно; 
• понимать значение и важность слова мудрости от своих работ и использовать их там, где 
это необходимо; 
• использовать их в семейных воспитанием; 
• сделать научно­исследовательских работ, сделать аналитических работ на навыком 
использования слов на уроках в области литературы. 
Новизна исследования: 
• Глава страны Н. А. Назарбаева признан не только как политик, но и как поэт­писатель в 
казахской литературе по свойственной ему функции; 
• были собраны мудрые слова из своих работ
• была проанализирована язык его стихов; 
Основная часть научно­исследовательской работы состоит из трех тем: 
1 . Н. А. Назарбаев ­ мастер литературного языка. 
2 . Литературный мир язык в песнях Н.А.Назарбаева» Елім Менің ", " Үшқоңыр" 
3. Роль слова мудрости Н.А. Назарбаева в образовании и воспитании молодого поколения. 
В  заключении  научно­исследовательской  работе  коллекция  группировки  слова  мудрости 
литературных произведений Н.А. Назарбаева рекомендуется. 
Н. Ә. Назарбаевты бүгін де Қазақстан Республикасының Президенті ретінде 100 пайыз халық 
біледі. Әйтсе де әдебиет жанрында өзіндік орны бар, сұлу сөз бен көркем тілді жанына серік еткен 
ерекше тұлға ретінде бірі білсе, бірі білмейді. Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаевтың тек  ел басқарушы,  
саясаткер,  дипломатиялық  мәмілегер  ғана  емес,  қазақ  әдебиетінде  өзіндік    ерекше  орны  бар  
ұлылардың ұлағатты ойларынан  сусындаған тіл майталманы, көркем сөздің шебері екеніне нақты 
дәлелдемелерді  зерттейтін, сөз өнерін  қолданудағы  шешендігін насихаттайтын, үлгі­өнеге алуға, 
ата­бабамыздан  қалған  асыл  мұраның біз  сияқты жастарға да қажеттілігін сезінетін уақыт  келді. 
Елбасының  халықпен  кездесулеріндегі  жүргізген  сұхбаттары  мен  өлеңдерінде,  мақалаларында 
айтылатын: ел мен жерге деген адалдық, тарихи тұлғаларға деген тағзым, адам мен оның еңбегіне 
деген құрмет, ұлттық болмысымыздың айнасы іспеттес салт­дәстүріміз бен әдеп­ғұрпымыз,тіліміз 
бен дініміз, әдебиетіміз бен мәдениетіміз туралы өнегелі, өрелі сөздерін оқырман қауымға таныту 
қазіргі   жастарға  жаңа арна,  игілікті жаңа   бастамаларының   бірі болмақ. Сондай­ақ,  жан азығы 
ғана  емес,  өмір­тұрмыс  сырларын,  уақыт  тынысын  тамыршыдай  тап  басып  көрсететін,  көңіл 

 
 
273 
 
көкжиегіне  де  әдемі  әсер,  әсемдік  ұялатып,  жан­жүрегіңді  тербеп,  толғам­толғаныс,  тебіреніспен 
өзгеше  күйге  бөлейтін,  сыр  мен  сезімге  толы    «Елім  менің»  мен  «Үшқоңыр»  әндері  бүгін  де    ел 
арасында  тыңдарман  қауымды  патриоттық  сезімге  бөлейтін,  Отанына,  туған  жеріне  деген 
сүійспеншілігін  оятатын  бірден­бір  ән  болғандығын  ең    бірінші    жастар  біз    жүрегімізбен 
сезініуіміз  керек.  Сонымен  бірге  Н.  Ә.  Назарбаевтың  өлеңдерінде  кездесетін  ұлт  пен  ұрпақ  қамы 
туралы  ойларын,  өмір­тұрмыс  жайлы  сырларын,  уақыт  бедерінде,  қоғамдағы  кездесетін 
түйткілдерге  қарсы  ой­тұжырымдарын  ұлықтау,  үлгі  тұту  болса,  әр  кезде  айтып  жүрген  тіпті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет