Материалдары



Pdf көрінісі
бет1/57
Дата15.02.2017
өлшемі11,99 Mb.
#4144
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

 
 

 
Сулеймен Демирел атындағы универсиет 
Университет имени Сулеймана Демиреля 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен» атты 
студенттердің IІІ ЖОО аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының  
МАТЕРИАЛДАРЫ 
 
  
МАТЕРИАЛЫ  
IІІ межвузовской традиционной студенческой конференции «Развитие и 
перспективы Казахстана глазами молодых» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қаскелең, 2014 
 

 
 

 
УДК 001 (063) 
ББК 72 
Қ 18 
 
 
 
Рецензенттер: 
Ысқақұлы  Д.  –  филология  ғылымдарының  докторы,  Сүлеймен  Демирел  атындағы  
университеттің профессоры 
Сейітқұлов  Н.А.  –  педагогика  ғылымдарының  докторы,  Сүлеймен  Демирел 
атындағы университеттің профессоры 
 
 
 
 
Қ  18  «Қазақстан  ғылымының  дамуы  мен  келешегі  жастар  көзімен»: 
студенттердің  ІIІ  ЖОО  аралық  дәстүрлі  ғылыми  конференциясының  еңбектері.  = 
«Развитие и перспективы Казахстана глазами молодых»: труды IІІ межвузовской 
традиционной  студенческой  конференции.  –  Қаскелең,  2014.  –  552  б.  (қазақша, 
орысша, ағылшынша, түрікше) 
 
 
 
ISBN 978­601­7537­01­2 
 
 
Жинаққа  «Қазақстан  ғылымының  дамуы  мен  келешегі  жастар  көзімен»  атты 
студенттердің  ІІІ  ЖОО  аралық  дәстүрлі  ғылыми  конференциясы  (филология, 
экономика,  педагогика,  ақпараттық  технология  салаларына  қатысты)  барысында 
талқыланған  баяндамалар  енгізіліп  отыр.  Баяндамалар  жастардың  ғылым 
салаларындағы  түрлі  мәселелерге  жаңаша көзқарасын,  жаңаша  бағалауын қамтиды. 
Ғылыми  жинақ  магистранттар  мен  студенттерге,  жалпы  ғылым  жолында 
ізденушілерге арналған. 
 
 
                                                                                                                     УДК 001 (063) 
                                                                                                                     ББК 72 
 
 
 
 
 
ISBN 978-601-7537-01-2          © Сүлеймен Демирел атындағы университет, 2014  
 

 
 

 
 
 
Ұйымдастыру алқасы: 
 
Сейітқұлов Н.А. – Ғылыми істер жөніндегі проректор 
Ментебаева А.Е. – Ғылым департаментінің директоры 
Алиев Г. – Экономика және әкімшілік ғылымдары факультетінің деканы 
Гаипов Д. – Филология және педагогикалық мамандықтар факультетінің деканы 
Косеоглу Ю. – Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

 
 
1/1 – СЕКЦИЯ 
 
«CURRENT ISSUES IN FINANCE AND ECONOMICS» 
 
ӘОЖ 338.242.4:331.5 (574) 
 
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Абишева Асем, Қарағанды «Болашақ» Университеті, Қарағанды қаласы 
Ғылыми жетекші: э.ғ.к., доцент Мукашев А.А. 
 
Экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды іске асыру қажетті дағдысы бар еңбек 
ресурстарын  арттыруды  талап  етеді.  Олардың    ұзақ  мерзімді  өсуі  халық  санының  өсуімен 
қамтамасыз  етілетін  болады.  Халықтың  табиғи  өсімі  мен  көші­қонның  жағымды  сальдосы 
демографиялық көрсеткіштерді жақсартады. 
Білім  беру  мен  денсаулық  сақтаудағы  қайта  құрулардан  басқа,  мемлекеттің  ерекше  назары, 
еңбек  қызметін  қауіпсіз  жағдайлармен  қамтамасыз  етуге,  елге  білікті  мамандардың,  оның  ішінде 
тарихи отанына қайтып келгісі келетін отандастардың келуіне жағдай жасайтын көші­қон саясатын 
жүзеге асыру арқылы көші­қон үдерістерін ұтымды басқаруға және экономиканың дамуына өзінің 
үлесін қосуына ерекше көңіл бөлінетін болады.  
Мемлекет  еңбек  ресурстарының  экономиканың  заңды  секторына  өтуі  үшін  қосымша 
ынталандыруларды қалыптастырады. 
Бүгінгі  таңда  қоғам  мен  мемлекетті  дамытудағы  адам  капиталы  факторына  зор  зейін 
қойылып 
келеді. 
Елімізді 
әлеуметтік­экономикалық 
тұрғыдан 
жаңғыртудағы 
әрбір 
қазақстандықтың рөлін арттыру туралы сөз етер болсақ, бұл  әбден заңды да. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  халықтың  табысты  да  тұрақты  жұмыспен  көбірек  қамтылуы  қоғам 
орнықтылығының  аса  маңызды  шарттарының  бірі  болып  табылады,  мұның  өзі  елдегі 
экономикалық  және  әлеуметтік  ахуалға  айтарлықтай  дәрежеде  ықпал  етеді.  Жекелеген  адамның 
әл­ауқатын арттыруда  атқаратын  аса  маңызды рөлі  туралы  айтылғанның  өзінде,  жұмыспен  қамту 
кәсіптік  машықтарды  кеңейтіп,  ұштай  түсуге  мүмкіндік  береді,  халықтың  барлық  санаттарының 
өзін­өзі  көрсете  білуіне  жол  ашады  және  түптеп  келгенде  өмір  сүру  деңгейін  арттыруға  ықпал 
етеді, яғни көптеген неғұрлым ауқымды міндеттерді шешудің кепілі болып табылады. Осылайша, 
халықты  жұмыспен  қамту  еңбек  қатынастарының  сипатын  ғана  емес,  біздің  айналысатын 
істерімізді  де  өзгертетін,  түрлендіретін  және  былайша  айтқанда,    өзімізді  де  өзгертуге  қабілетті 
негіз қалаушы функцияға ие болып отыр. 
Жұмыспен  қамту  проблемасы  ­  бүгінде  әлемдік  күн  тәртібіндегі  басты  мәселелердің  бірі. 
Мәселен,  Халықаралық  еңбек  ұйымының  көңіл  көншітпейтін  болжамына  қарағанда  алдағы  төрт 
жылда  планетадағы  жұмыссыздар  саны  жылына  шамамен  үш  миллионға  көбейіп,  алдын  ала 
есептеу бойынша 2017 жылға қарай 211 млн. адамға жетеді екен, ал бұл өте ауыр салдарларға әкеп 
соғуы мүмкін. 
Мысалға  Еуропалық  одақты  алайық.  Бүгінгі  таңда  Грекияда,  Португалияда,  Испанияда, 
Италияда және Еуропаның басқа елдерінде болып жатқан жағдай – жұмыссыздықты туындататын 
экономикалық  проблемалардың  айқын  салдарлары,  бұл  терең  әлеуметтік  және  тіпті  саяси 
дағдарысқа  ұласып  барады.  Күні  кеше  ғана  мерей­асы  тасып  тұрған  осы  елдерде  жұмыссыздық 
деңгейі  қазіргі  кезде  айтарлықтай  жоғары  болып  отыр.  Бұл  әлі  де  жалғаса  түсуі  мүмкін.  Ең 
бастысы  –  адам  және  зияткерлік  капиталын  пайдаланудағы  ұстанымдардың  белгілі  бір  дәрежеде 
жоғалуы айқын көрініп тұр. 
Мұның  аясында  Қазақстандағы  жағдай  айтарлықтай  жақсы.  Елімізде  тиімді  алдын  алу 
шаралары  қолданылып,  олар  тіпті  әлемдік  қаржылық  дағдарыс  шарықтап  тұрған  шақта  да 
жұмыссыздық  деңгейін  6,6%  шегінде  ұстап  тұруға  мүмкіндік  берді.  Қазір  елімізде  жұмыспен 

 
 

 
қамтылмаған, бірақ жұмыс істеуге қабілетті халық саны 5%­дан сәл­ақ асады. Бұған білім деңгейін 
арттыруға,  кәсіби  кадрларды  даярлау  жүйесін  дамытуға,  жаңа  жұмыс  орындарын  ашуға 
бағытталған,  Парламент  қабылдаған  заңдар  да  септігін  тигізді.  Бұл  мақсаттарға  тек  «Жұмыспен 
қамту  –  2020»  бағдарламасы  бойынша  ғана  2011­2012  жылдары  республикалық  бюджеттен  102 
млрд.  теңгеге  жуық  қаржы  жұмсалды.  Жұмыспен  қамтудың  іс  жүзінде  тиісті  түрде  қолданылып 
отырған және тиімділігі дәлелденген тетіктері мен құралдары сынақтан өткізілді.  Бағдарламаның 
іске асырылуының бір жарым жылы ішінде оған 239 мың адам қатысты. 
Ағымдағы жылы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның 
барлық  бағыттарын  жүзеге  асыруға  1,1  трлн. теңге  бөлінді,  бұл  110 мыңға  жуық  адамды  қамтуға 
мүмкіндік жасайды, ал  2014 жылы 1,2 трлн. теңге бөлінеді. Мәселен, ағымдағы жылдың басында 
102  мыңнан  астам  адам  аталған  бағдарлама  бойынша  әлеуметтік  шартқа  қол  қойды,  олардың 
ішінде 66%­ға жуығы жұмыссыздарды, 27%­ға жуығы өзін­өзі жұмыспен қамтығандарды құрады.  
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Қазақстан­2050»  Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «...біз еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі 
саясатын жаңғыртуға тиіспіз» деп атап көрсетілген. Бүгінде былай деп айтуға болады, егер бұрын 
барлық  негізгі  іс­шаралар  жұмыссыздықпен  күреске  бағытталған  болса,  енді  халықты  жоғары 
жалақысы бар, тиімділігі жоғары, инновациялық өндірістерде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету 
жөнінде анағұрлым биік міндеттер қойылып отыр. Бұл өз кезегінде еңбек нарығында сұранысқа ие  
жоғары білікті мамандар даярлауды талап етеді. Мұның өзі бірінші кезекте Үдемелі индустриялық­
инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін кадрлық әлеуетті ұлғайтумен 
байланысты  болып  отыр,  оның  шеңберінде  2010­2012  жылдары  жалпы  сомасы  2,1  трлн.  теңге 
болатын 500­ден астам инвестициялық жоба іске қосылып 57 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны 
ашылды.  Демек,  еңбек  нарығы  құрылымында  оның  неғұрлым  тиімділігі  мен  икемділігіне  қарай 
өзгерістер болып жатыр. 
Мемлекет басшысы жұмыспен қамту саясатын еңбек нарығына, сондай­ақ жұмысқа қабілетті 
жұмыссыз  халық  үшін  іс  жүзінде  жұмыс  орындарын  ашуға  бағдарлап  түзету  қажеттігі  жөнінде 
бірқатар  міндеттер  қойып  отыр.  Бұл  бағытта  «Жұмыспен  қамту­2020»,  Білім  беруді  2020  жылға 
дейін  дамыту,  «Бизнестің  жол  картасы­2020»,  Үдемелі  индустриялық­инновациялық  дамудың 
мемлекеттік бағдарламасы сияқты стратегиялық бағдарламалар табысты жұмыс істеуде. 
Адам капиталын тиімді пайдаланудың тағы бір маңызды бағыты – шағын және орта бизнесті   
қолдау  мен  дамыту.  Соңғы  жылдарда  бұл  үшін  заңнамалық  тұрғыда  біршама  жұмыс  атқарылды. 
Әлеуметтік  маңызды  мемлекеттік  қызметтерді  оңтайландыру  мен  автоматтандыруға,  бюджеттік 
процесті,  салықтық  және  кедендік  әкімшілік  жүргізуді  жетілдіруге  бағытталған  кәсіпкерлік 
мәселелері бойынша заңнамаға бірқатар маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Және бұл 
шаралар  оң  нәтижесін  берді:  соңғы  үш  жылда  шағын  және  орта  бизнесте  белсенді  түрде 
айналысатын  қазақстандықтардың  саны  22  пайызға  өсті,  олар  жыл  сайын  елдің  жалпы  ішкі 
өнімінің 17­20­дай пайызын өндіріп отыр. 
Шағын  және  орта  бизнесті  бірігу  мен  кооперациялануға  ынталандыру,  жергілікті  бизнес­
бастамаларды  көтермелеу  жолымен  ішкі  нарықты  дамыту  бойынша,  ұсақ  кәсіпорындар  мен  дара 
кәсіпкерлердің  белсенді  дамуы  мен  орта  бизнеске  өтуіне  жағдайлар  мен  алғышарттар  жасау 
бойынша,  отандық  өндірушілердің  мүдделерін  бірыңғай  экономикалық  кеңістік,  сондай­ақ  
дүниежүзілік сауда ұйымына алдағы өту шеңберінде қолдау, қорғау және алға жылжыту тетіктерін 
жетілдіру бойынша шаралар кешенін қолдану көзделіп отыр. 
  Мұның  бәрі  Мемлекет  басшысының  2030  жылға  қарай  ішкі  жалпы  өнім  құрылымында 
шағын  және  орта  бизнестің  үлесін  екі  есе  ұлғайту  жөніндегі  тапсырмасын  орындауға  мүмкіндік 
береді, ал 2050 жылға қарай экономиканың бұл секторы тіпті басымдыққа ие болуы тиіс.  
Еңбек нарығындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары келесілер болуы мүмкін:  
-  жұмыскерлерді,  олардың  одан  әрі  жұмыспен  қамтылу  жағдайларын  алдын­ала  даярлау 
арқылы  жоспарлы,  реттемелі  босату  жолымен  жұмыспен  қамту  динамикасын  өндірісітң  даму 
қарқынына сәйкестендіру; 
-  еңбек миграциясы үдерістерін реттеу, әсіресе иммиграция үдерісін; 

 
 

 
-  өндіріс  пен  ішкі  жалпы  өнім  көлемінің  құлдырауын  жою  негізінде  халық  табысының 
оңтайлы деңгейіне, еңбек ақыны реттеудің ұжымдық келісім шарттық жүйесінің дамуына, тұтыну 
бағаларына  динамикасына  сәйкес  еңбек  ақыны  тұрақты  индексациялауға  қол  жеткізу,  еңбек 
ақының ең төменгі мөлшерін аз қамтамасыз етілудің құндық шекарасына дейін көтеру, қала және 
ауыл табыстары деңгейіндегі алшақтықты қысқарту; 
-  кәсіпорындарды  қайта  бағдарлау,  меншік  түрлерін  өзгерту  жолымен  бар  жұмыс 
орындарын  барынша  сақтау  негізінде  экономикалық  мүдделер  мен  өндірістік  қажеттіліктер 
басымдықтарын ескере отырып, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының теңсіздігін жою; 
-  жұмысты ұтымды ұйымдастыруды дамыту; 
-  қабілетті  кәсіпкерлердің  санын  жоғарылату,  олардың  шағын  және  орта  бизнес  аясында 
жұмыс орындарының елеулі санын ашуын ынталандыру; 
-  жұмыссыздық  деңгейі  өте  жоғары,  халықтың  тұрмыс  деңгейі  әлдеқайда  төмен  жерлерде 
кәсіпкерлік  пен  шаруашылық  қызметті  дамыту  үшін  түрлі  салықтық  жеңілдіктер  бере  жасай 
отырып, қолайлы экономикалық жағдай жасау; 
-  жоғары  білікті  мамандардың  жұмыспен  қамтылу  жағдайларын  жақсарту,  кәсіпорындар 
тапсырыстары бойынша кәсіби даярлау тәжірибесін өрістету, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта 
даярлау  жүйесін  ауыл  шаруашылығының  сандық  және  сапалық  қажетті  жұмыс  күшінің  шынайы 
мұқтаждықтарымен сәйкестендіру. 
Аталған  шаралар  кешенін  жүзеге  асыру  Қазақстанға  «Қазақстан  ­  2050»  Стратегиясының 
басты  мақсатына  жетуге  ­  қуатты  мемлекет,  дамыған  экономика  және  жалпыға  бірдей  еңбек 
мүмкіндіктері негізінде берекелі қоғам құруға  мүмкіндік береді деп сенемін. 
 
Әдебиеттер 
1  2012  жылғы  14  желтоқсандағы  ««Қазақстан­2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің 
жаңа  саяси  бағыты»  атты    Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына жолдауы 
2  Байжолова  Р.Ә.  Жаһандану  жағдайында    ұлттық  еңбек  нарығын  мемлекеттік  реттеу. 
Монография. – Астана: КазГЮУ, 2010. – 324 б. 
3  Байгісиев Майдан­Әли Кадырханұлы. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу ­ Алматы: 
Раритет, 2010 
 
 
 
ОЦЕНКА ПОСЛЕДСТВИЙ ВСТУПЛЕНИЯ КАЗАХСТАНА В ВТО. 
 
Байбусинова Гульден Каиржановна  
Казахская инженерно-техническая академия 
 
Аннотация 
В  статье  рассмотрены  перспективы  вступления  стран  –  членов  Евразийского 
экономического сообщества оценка последствий Казахстана в ВТО. Проанализированы трудности 
и преимущества, с которыми может столкнуться Казахстан при вступлении в ВТО.  
 
"Создав конкурентоспособную экономику", мы  
"создадим конкурентоспособный Казахстан" 
Н. Назарбаев 
 
Одним  из  основных  приоритетов  развития  Казахстана  глава  нашего  государства  назвал 
достижение высокого уровня развития экономики Казахстана и вхождение республики в число 50 
наиболее конкурентоспособных стран мира. 

 
 

 
Казахстан  все  более  втягивается  в  орбиту  глобализации  ­  мы  строим  открытое 
демократическое  гражданское  общество,  формируем  либеральную  экономическую  систему, 
устанавливаем  обширные  связи  со  многими  государствами  мира.  Прежде  всего,  речь  идет  о 
торговых связях. Торговля стала важнейшим фактором экономического роста как развитых, так и 
развивающихся стран. 
ВТО  ­  это  и  организация,  и  одновременно  комплекс  правовых  документов,  своего  рода 
многосторонний  торговый  договор,  определяющий  права  и  обязанности  правительств  в  сфере 
международной  торговли  товарами  и  услугами,  она  была  создана  1  января  1995  г  расположена  в 
Женеве  Швейцария.  ВТО,  объединяющая  около  150  стран  покрывающая  95  %  оборота  мировой 
торговли, и вступление в нее является стратегической целью для Казахстана. В 2003 году начались 
переговоры  с  рабочей  группой  ВТО,  в  которую  входят  43  страны.  В  соответствии  с  графиком 
рабочей группы планируется завершение основной переговорной работы к декабрю текущего года. 
Глава Казахстана Нурсултан Назарбаев в недавнем послании народу страны поставил перед 
правительством задачу по вступлению в ВТО до конца 2012 года. «В течение первого квартала мы 
завершим процесс двусторонних переговоров, в течение второго квартала будет завершена работа 
с партнерами по корректировке тарифных обязательств с учетом вступления уже России в ВТО». 
Более  предсказуемые  и  основанные  на  международном  праве  условия  ВТО  дадут 
возможность  Казахстану,  используя  выгодные  внутренние  возможности,  проявить  свою 
конкурентоспособность в соревновании с торговыми партнерами. 
Вступление в ВТО несет с собой как плюсы, так и минусы. С одной стороны, это открывает 
предприятиям  стран­членов  доступ  к  более  дешевым  импортным  комплектующим  и  сырью,  а 
населению  –  к  более  дешевым  товарам  и  услугам.  Но,  с  другой  стороны,  несмотря  на  то,  что 
экономика  в  целом  выигрывает,  отдельные  отрасли  могут  пострадать,  и  существенно.  Поэтому 
имеет смысл  рассмотреть  последствия от вступления Казахстана в ВТО с  точки зрения  плюсов и 
минусов. 
Целью  и  к  положительной  оценки  вступления  любой  страны  в  ВТО  является  получение 
определенных преимуществ. Для Казахстана они заключаются в следующем:  
­  создание  благоприятных  условий  для  устойчивого,  экономического  роста  за  счет  
осуществления  своей  внешней  торговли  и  коренной  перестройки  внутренних  условий 
производства товаров и услуг.  
­Усиление процесса интеграции в мировую экономику; 
­Снижение  тарифных  и  нетарифных  барьеров  в  торговле  промышленными  и 
сельскохозяйственными  товарами,  дальнейшая  либерализация  международной  торговли  и 
создание условий для свободной и справедливой конкуренции на мировых рынках; 
­Регулирование  международной  торговли  услугами  на  основе  выработанных  принципов  и 
правил, ее дальнейшее расширение и постепенная либерализация путем проведения переговоров;   
­Создание  механизма  эффективной  защиты  в  области  торговых  аспектов  прав  на 
интеллектуальную собственность с учетом различий в национальных правовых системах
 ­Создание эффективного многостороннего механизма урегулирования торговых споров; 
 ­Осуществление мониторинга национальной торговой политики стран­членов ВТО; 
 ­Доступность мировых рынков для экспорта казахстанских товаров и услуг; 
 ­Приведение  торгового  законодательства  страны  в  соответствие  с  международными 
нормами и стандартами; 
 ­ Формирование в стране предсказуемой торгово­инвестиционной среды; 
­Обеспечение  функций  «переговорной  площадки»  для  периодического  проведения 
многосторонних торговых переговоров. 
­Создание  условий  повышения  качества  и  конкурентоспособности  национальной 
продукции  в  результате  расширения  присутствия  передовых  технологий,  товаров,  услуг  и 
инвестиций на внутреннем рынке, внедрения международных стандартов качества. 
­В  связи  с  расширением  импорта  потребитель  сможет  получить  доступ  к  широкому 
ассортименту товаров и по более низким ценам. 

 
 

 
К Оценке негативных последствий можно отнести:  
После вступления Казахстана в ВТО страну ожидают массовые потрясения. Представители 
малого  и  среднего  бизнеса  обанкротятся,  не  выдержав  конкуренции  с  иностранным 
производителем,  который  практически  свободно,  без  высоких  таможенных  пошлин,  выйдет  на 
казахстанский  рынок.  Кроме  того,  вступление  в  ВТО  откроет  рынки  дешевым  импортным 
сельскохозяйственным  продуктам,  с  которыми  местные  производители  конкурировать  смогут 
нескоро. Скорее ­ сельское хозяйство в стране перестанет существовать, что приведет к снижению 
уровня жизни сельчан и зависимости страны от импортного продовольствия. Также: 
­ожидаемый заметный спад производства в ряде отраслей; 
­ощутимые финансовые потери в виде уменьшения поступлений в бюджет от таможенных 
пошлин; 
­ослабление 
устойчивости 
финансово­банковской 
системы 
следствие 
ее 
низкой 
капитализации; 
­угрозу национальной и производственной безопасности в результате потери контроля  над 
отдельными рынками, оказавшимися в руках иностранных компаний
­рост безработицы и наплыв дешевых зарубежных продуктов.  
 
Необходимо провести следующие работы:  
­осуществить поэтапную унификацию ставок акцизов на отечественную и импортируемую 
продукцию;  
­привести в соответствие с  правилами ВТО ставки сбора  за  государственную регистрацию 
индивидуальных предприятий;  
­также планируется завершить унификацию железнодорожных тарифов на перевозки грузов 
в импортном, экспортном и внутреннем направлениях;    
­необходимо  также  разработать  правила  по  регулированию  использования  пищевой 
продукции и генетически модифицированных организмов;  
­целесообразно  создать  координационную  комиссию  при  правительстве  по  данному 
вопросу. 
Как  известно,  Казахстан  выступает  за  углубление  региональной  и  глобальной  торгово­
экономической  интеграции.  Он  является  членом  СНГ,  Организации  Центрально­Азиатского 
сотрудничества,  Организации  экономического  сотрудничества,  Шанхайской  организации 
сотрудничества  и  Евразийского  экономического  сообщества.  В  настоящее  время  ведутся 
переговоры  об  условиях  вступления  Казахстана  в  ВТО.  По  данному  вопросу  в  коридорах 
государственной  власти,  в  обществе  и  среди  экономистов  существуют  разные  мнения.  Одни 
считают, что вступление в ВТО является благом для Казахстана, другие наряду с положительными 
последствиями  этого  шага  видят  много  отрицательных.  Третьи  рекомендуют  не  спешить  со 
вступлением в ВТО.  
Как  сказано  в  послании  Президента  Республики  Казахстан  Н.  Назарбаева  народу 
Казахстана,  "создав  конкурентоспособную  экономику",  мы  "создадим  конкурентоспособный 
Казахстан". И тогда сможем спокойно и уверенно вступать во Всемирную торговую организацию. 
Это  на  порядок  повысит  инвестиционную  привлекательность  нашей  экономики.  «Я  думаю,  что 
Казахстан вступит в ВТО. И это сделает, Казахстан еще более привлекательным в сфере бизнеса, и 
эта привлекательность будет все время увеличиваться». 
Что  же  касается  негативных  сторон,  то  можно  предположить,  что  краткосрочные  потери, 
которые  несут  вновь  вступающие  страны  при  сокращении  тарифов,  будут  с  лихвой 
компенсированы долгосрочными доходами от вхождения в мировой рынок. ВТО дает нам только 
правила торговли и благоприятную среду, т.е. даются возможности, а как отдельная страна будет 
развивать  свой  экспорт,  зависит  от  нее  самой.  Если  правительство  будет  вести  грамотную 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет