Мазмұны: Кіріспе 1 Режиссура саласының физика заңдылығымен ұқсастығы



бет5/6
Дата30.07.2023
өлшемі243,37 Kb.
#104923
1   2   3   4   5   6
3 Болат Атабаев. Имидж және эго

3.1 Имидж және эго (жасандылықтан қашу)


Имидж – өнeр рeтінде мақсатты түрде адамның өзін, немесе бұқаралық ақпарат арқылы белгілі бір зат немесе адам жөніндегі керек мәліметті бейнелеп көрсету.


Эго – латын тілінен аударғанда «мен» дегенді білдіреді. Психология мен философияда эгоны белгілеу үшін қабылданды жеке ар- ождан, мұны олардың шындықты қабылдау қабілеті деп түсінді.
Қандай да бір іспен жан дүниеңнің рахаты үшін айналыссаң, бар ықыласыңмен шынайы түрде кіріссең, сен өз сфераңдағы шеберге айналасың. Режиссер ретінде ұжымға өзіңді бағындырғың келсе, сенде эго болуы міндетті. Өзіңе, қиялыңа деген сенімділік, және өз ойыңа өзгелерді ғашық қыла алу, санасына сіңіре білу маңызды құрал. Сенің ойыңдағы арман, мақсатты ұжым болып жарыққа шығару.
Әртістерден шынайылықты талап ету, кейіпкер жанды образдар тудыра білу қажет. Өмірде болып жатырған өзекті мәселелерді және пробламаларды сахнада мәдени, көркем түрде жеткізу. Көркем әдебиетті шындыққа әкелу. Театрға еңбегі сіңген ұлы аға, аталарымыздың өнер жолынан шабыт алып, қазіргі заманға сай жаңашыл театр жүйесін құрайық.

3.2 Атабаев Болат Манашұлы


1952 жылдың 14 мамырында Қазақ КСР, Талдықорған облысы Тентек ауылында туған.


Қазақстандық театр режиссері, драматург, қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Халық Майданы» оппозициялық қозғалысының белсендісі, тіркелмеген «Алға!» оппозициялық партиясының мүшесі. Неміс драма театрының және М. Әуезов атындағы Қазақ театрының бас режиссері болып жұмыс істеген.
«Ақсарай» театрының көркемдік жетекшісі[8].

3.3 «Көшкін» қойылымы


2011 жылдың 16 желтоқсанындағы Жаңаөзен оқиғасына байланысты айып тағылғаннан кейін ол өзі басқаратын «Ақсарай» театрында «Көшкін» спектаклін қойды. «Көшкінде» биік таудың бөктерінде тұратын ауыл халқының үрейге толы өмірі суреттеледі. Алапат қар көшкіні болып кетпеуі үшін жұрт сыбырлап сөйлесуге, тыныштық сақтауға мәжбүр. Әйтпесе қатты дауыс шыға қалса, бүкіл ауылды жайпап өтетін қар көшкіні жүруі мүмкін.


Тіпті ауыл ақсақалдары жаңа үйленген жастардың балалы болатын уақыттарын есептеп, ауыл әйелдерінің босанатын мезгілін де қадағалайды. Нәресте дүниеге келгенде қатты дауыс шығарып, жылайтыны белгілі. Бала дүниеге шыр етіп келген бетте қар көшкіні жүріп кетуі мүмкін. Сондықтан ауыл адамдары әйелдер босанатын уақытын да реттейді.
Алайда, бір жас келіншектің толғағы мерзімінен бұрын келіп қалады. Ауыл ақсақалдары сәбиді дүниеге келтірмей, жас келіншекті тірідей табытқа салып, көміп тастауға үкім етеді. Жары мен жарық дүниеге келмеген баласын қимаған жігіт үкімді өзгертуді сұрап, ақсақалдарға жалбарынады. Бірақ «бір әйел үшін барлық ауыл тұрғындарын құрбан етуге болмайды» деген ақсақалдар райынан қайтпайды. Амалы таусылған жігіт ашу үстінде қолына мылтық алып, аспанға атып жібереді. Бұл – спектакльдің шарықтау шегі еді. Мылтық атылған сәтте бүкіл ауылды көшкін жайпап өтеді деген тұрғындар қатты шошиды. Бірақ жұрт күткен көшкін жоқ! Сәлден кейін қауіптің мүлде жоқ екеніне елдің көзі жетеді. Ауыл тұрғындары қаншама жыл бойы жалған үреймен азапты өмір сүріп келгенін түсінеді.
Режиссер «билік адамдарды осылайша үрейде ұстағысы келеді» деп санады.
Бұл туындының трагедиясы неде? Адамдар «айқайлағысы» келеді. Өз ойын жеткізгісі келеді. Бірақ мұндағы үрей, қорқыныш халықтың санасын билеуші күш болып тұр. Олар содан өлердей қорқады. Бірақ шындап келгенде «көшкін» жоқ. Көрдіңіздер ғой, мылтық атылды – ал көшкін болған жоқ. Жалпы бұл біздің бүгінгі шынайы жағдайымыз: біз өз ойымызды ашық жеткізуден қорқамыз, – деді. Қазақстан режиссерлері Атабаевтың «Көшкініне» сын көзбен қарады.
Кейбірі «қиялға көбірек бой ұрады. Өмірдегі оқиғаның бәрін сахнаға шығара беруге болмайды» десе, кейбірі «Болат Атабаев өз ұстанымдарын көбірек қызықтап кетеді. Ол тіпті театр жөніндегі өз көзқарасына өзі ғашық сияқты көрінеді – содан шыға алмай қалады, кейінгі қойылымдарына саяси реңк берді, тәуелсіз болуы керек еді» деп санады[9].

3.4 Қанат Тілеуханұлымен сұхбаты


Театр туралы өзекті мәселелер қозғалған кезде Болат Атабаевты атамау мүмкін емес. Көзін көріп, сөзін өз құлағымызбен естімесек те, жан-жақты ізденіп әңгімесін теріп келеміз. Бір сұхбатында қазіргі әртістердің ұстанымы, табиғаты жайында ойын айтқан болатын:


«Имидж деген – я для других, эго деген – я для себя. Көп әртістер имиджді көбейтіп алған. Қалталарына имиджді салып алып, әр жерде әр түрлі қолданады, сосын шатасады. Сонда эго қайда қалды.?Содан кейін неше түрлі фальштар пайда болады. Ешкім сенбейтін фальшивый адамдар.
Көбінесе қазір әртістер өзінің әртіс екенін сахнада ұмыттырмайды. Сен көріп отырасын оның әртіс екенін. Ал маған оның әртіс екенін көру не үшін керек? Егер тірі адамды көрмесем. Процесс жоқ қазір сахнада. Процесс болмай кетті. Результат. Процесс ойналмайды. Бәрі ойнағысы келеді сахнаны, жүргісі келеді әдемі киініп алып, әдемі сөйлегісі келеді, процесс жоқ жандарын қинамайды.
Актриса екенін ұмытпайтын әртістер, зарлап сөйлейтін актерлар. Әбден шаршадым. Әрекет жасау керек. Надо действовать, а не страдать. Сюжет қоймау керек, ощущение қою керек. Театрды басқа жаққа бұрып, әдебиет қылып жібердік».
2021 жылы көктемде Болат Атабаев Қазақстанға қайта оралды, бірақ баспасөзбен сұқбаттасуға ықыласты болмады. Бірнеше айдан кейін белгілі журналист Қанат Тілеуханмен сұқбаты жұрт назарын айрықша аударды. Саяси белсенділігі басым көріне бастаған режиссерді суреткер ретінде ұмыта бастаған тыңдаушылар өтінішімен Қанат Тілеухан тағы да бір рет сұқбат алды.
– Алғашқы сұқбатқа тартыныңқырап бардым. Адуын мінезді адам ғой. Көп әңгімелестік. Қоштасып отырғандай көрінді. Ол кісіден билікке ыңғайсыз болған, бірақ бір сөзімен-ақ биліктің өзіне ықпал ете алатын Асқар Тоқпанов, Нұрғиса Тілендиев, Бауыржан Момышұлылармен ішкі ұқсастық көрдім. Бірақ олардай бола алмады, қоғам да өзгеріп кетті, –дейді журналист Қанат Тілеухан.
Қанат Тілеуханмен сұқбатынан кейін Болат Атабаевты іздеуші көбейді. Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры Атабаевтың жеке өзіне арнап спектакль қойды.
– Соңында пьесаны егжей-тегжейлі талдады. Актерлар мен режиссерлерге «енді қайраткерлікке ұмтылуларың керек» деді. Шәкірттері тізерлеп тыңдағанын көрдім. Екінші сұқбатқа өзі сұранды. Өте қунақ болды. Халықтың іздегені қанаттандырғандай көрінді. Жүзінен өмірге құштарлық, сенім байқалды.
Протезімді киіп жүрмін, бұйырса далаға шығамын деп еді (Болат Атабаев Германияда болған кезінде операцияға түсіп, бір аяғын кестірген ). Қазір ойласам бой жазу екен ғой, – дейді Қанат Тілеухан[10].
Театр саласында үлгі алатын тұлғам – Болат Атабаев.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет