Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі9,52 Mb.
#5516
  1   2   3   4   5   6

№23 (116) 10 желтоқсан, 

2015 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

Ќазаќстан жања жаћандыќ наќты 

ахуалда: µсім, реформа, даму



Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті  Парламент  депутаттары,  Үкімет 

мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

Санаулы  күндерден  кейін  біз  азаттық  туын 

желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 

25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті 

нығайту  жолындағы  өлшеусіз  еңбегіміздің 

ширек  ғасырлық  белесін  қорытындылайтын 

мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол 

жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын 

мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай 

өткелі  күрделі,  өкпегі  көп  бұралаң  жолдардан 

өтуге тура келеді.

Заманның  беталысын  өздеріңіз  көріп  отыр-

сыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. 

Жаңа  қатерлері  мен  тың  мүмкіндіктері  қатар 

өрбіген  жаһандық  ахуал  біздің  көз  алдымыз-

да  өзгеруде.  Алпауыт  елдердің  текетіресі  мен 

өзара  санкциялар  алмасу  дүниені  тұйыққа 

қарай  бастауда.  Біздің  басты  экспорттық 

өнімдеріміздің  дүниежүзілік  нарықтағы  бағасы 

еселеп  құлдырады.  Бүгінгі  ахуал  –  біздің 

жетістіктерімізді  сынға  салып,  елдігімізді 

шыңдай  түсетін  уақыт  тезі.  Жауапты  сәтте 

бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай 

тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз 

–  біріміз  үшін  деген  қағиданы  ұстанып,  еңбек 

етуге тиіспіз.

Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай 

амал  болуы  керек.  Ең  жақсы  жоспар  –  уақыт 

талабына  бейімделе  алатын  жоспар.  Біз  де 

заманның  беталысына  қарай  межелерімізді 

белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. 

Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген 

қасиетті  Отанымыз  Қазақстанды  «Мәңгілік 

Ел»  ету!  Әлемдегі  ең  дамыған  30  мемлекеттің 

қатарына  қосылып,  бай  да  қуатты  елдермен 

иық  түйістіру.  Біз  бұл  мақсатымызға  міндетті 

түрде  жетеміз.  Мен  бүгін  жаңа  қатерлері  мен 

тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық 

нақты  ахуалда  дамудың  басты  бағыттарын 

айқындайтын Қазақстан халқына Жолдауымды 

жария етпекпін.

Қымбатты қазақстандықтар!

Бірнеше күннен кейін тарих ел Тәуелсіздігінің 

25  жылдығының  есебін  бастайды.  Небәрі  ши-

рек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық 

байланыстарға  қосылған  егемен  ұлттық  эко-

номика  және  ұлттардың  әлемдік  отбасының 

толыққанды  қатысушысына  айналған  мем-

лекет  ретінде  қалыптасты.  Біз  бәріміз  бірге 

көптеген  сынақтарға  төтеп  бердік,  шынықтық 

және  нығайдық.  Біз  өзіміздің  бүкіл  тарихымыз-

да  көз  көрмеген  табысты  экономикалық  даму 

қарқынына қол жеткіздік. Біздің халқымыз бұған 

дейін  ешқашан  бүгінгідей  жақсы  өмір  сүрген 

емес. Біз көп нәрселерге қол жеткіздік.

Қазір  әлем  шапшаң  қарқынмен  өзгеруде. 

Басқаша  дәуір  туып  келеді.  Біздің  көз  алды-

мызда  өзгеше  мүмкіндіктері  мен  тәуекелдері 

бар  жаңа  жаһандық  нақты  ахуал  пайда  бо-

луда.  Бүгінде  Қазақстан  экономикасына 

әлемдік  рыноктардағы  құлдырау  туындатқан 

бірқатар  сыртқы  факторлар  теріс  әсерін 

тигізуде.  Жаһандық  дағдарыстардың  шығу 

төркіні  біздерге  байланысты  емес.  Жаһандық 

дағдарыстар  ықпалынан  ешкім  де  сақтанып 

қала алмайды.

І.  Жаңа  жаһандық  нақты  ахуалдың  сын-

қатерлері

Бүгінде  бізге  де  әлем  дамуының  бүкіл  сын-

қатерлерін көре білудің маңызы зор.

Біріншіден, қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай 

қамту сипатына ие. Іс жүзінде барлық әлемдік 

рыноктар  –  қаржы,  көмірсутегі,  металдар, 

азық-түлік  және  басқа  да  рыноктар  тұрақсыз. 

Біздің  экспорттық  өнімдерімізге  сұраныстың 

төмендеуінің негізгі себебі де осында.

Екіншіден,  әлемнің  барлық  экономикала-

рында  да  экономикалық  өсімнің  баяулауы 

байқалуда.  Бүгінде  жаһандық  ІЖӨ  өсімінің 

үнемі  төмендеуі  жөніндегі  болжамдар  ешкімді 

де  таңқалдырмайды.  2011  жылдың  күзінен  ба-

стап  Халықаралық  валюта  қоры  оларды  5-тен 

3 пайызға дейін төмендете отырып, болжамдық 

көрсеткіштерді 6 рет қайта қарады. Және, ша-

масы, бұл да шек емес сияқты.

Үшіншіден, бүгінде мұнайдан түсетін суперта-

быстар жоқ.

Төртіншіден,  жаһандық  экономика  сая-

си  факторлардың  қысымын  сезінуде.  Әлем 

тұрақсыз  бола  түсті.  Жетекші  державалар 

бір-біріне  қарсы  санкциялар  енгізді.  Олардың 

арасындағы  сенім  күрт  төмендеп  кетті.  Таяу 

және Орта Шығыс, Солтүстік және Орталық Аф-

рика  өңіріндегі  тұрақсыздық  пен  дау-жанжал-

дар  кең  ауқымды  босқындар  ағынына  апарып 

соқтырды.  Әрбір  күн  террорлық  актілер  мен 

ондаған  адамдардың  қаза  тапқандары  туралы 

хабарлар жеткізуде. Бүгінде халықаралық тер-

роризм  әлемге  елеулі  қатер  төндіріп  тұр.  Бұл 

тәуелсіз  мемлекеттердің  ішкі  істеріне  сыртқы 

күштердің  араласуы  жолымен  мемлекеттіліктің 

күйреуінің нәтижесі.

Әлемнің  дамуы  күштердің  әлемдік  және 

өңірлік  орталықтарының  арасындағы  қатаң 

бәсекелестік  аясында  жүретін  болады.  Жаңа 

жаһандық  өмір  шындығының  сын-қатерлеріне 

біз  өзіміздің  нақты  мүмкіндіктеріміз  негізіндегі 

біртұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюымыз 

керек.


ІІ.  Қазақстанның  дағдарысқа  қарсы 

мүмкіндіктері

Жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, 

сонымен  бірге  жаңа  мүмкіндіктер.  Әлемдік 

ауқымдағы  көптеген  компаниялар  дамудың 

дағдарыстық  кезеңінде  сәтті  компанияларға 

айналды. Іс жүзінде соңғы жарты жүзжылдықта 

табысқа  қол  жеткізген  елдердің  бәрі  тура 

мағынасында  нөлден  бастаған  болатын.  Біздің 

Қазақстанның өзі де дағдарыс дәуірінде өмірге 

келді.  Алғашқы  онжылдықта  –  Тәуелсіздіктің 

қалыптасуының ең қиын кезеңінде – біз негізінен 

«мұнайсыз» өмір сүрдік. Тәуелсіз Қазақстан әр 

кезде  де  сыртқы  экономикалық  стихияларға 

кереғар  дамып  отырды.  Біз  Тәуелсіздігімізді 

жариялаған өткен ғасырдың 90-шы жылдарының 

бірінші  жартысы  біз  үшін  қолайлы  бола  алды 

ма?  Ол  уақыттары  өндіріс  тоқтап,  адамдар 

жұмыссыз  және  өмір  сүруге  қажетті  қаржысыз 

қалды.  Біз  лайықты  түрде,  әрбір  қадам  сай-

ын  ол  дағдарысты  еңсере  білдік.  Біздің  еліміз 

өзгерістердің  алғашқы  нәтижелерін  енді  ғана 

сезіне  бастаған  сәтте  1997-1998  жылдардағы 

Оңтүстік-Шығыс  Азиядағы  қаржы  дағдарысы 

келіп жетті.

Сол  уақыттары  қабылданған  стратегиялық 

шешімдер  мен  іс-қимылдар  маңызды  оң  си-

патты  мәнге  ие  болды.  Ол  кең  ауқымды 

жекешелендіру  мен  біздің  экономикамызға 

көптеген  трансұлттық  компаниялардың  келуі. 

Сол кезеңде біз жаңа елордамыз – Астананың 

құрылысын  қолға  алдық,  Каспий  құбырлы 

өткізгіш  консорциумы  жұмыс  істей  бастады, 

«Қазақстан-2030»  Стратегиясы  бастау  алды. 

2007-2009  жылдардағы  дүниежүзілік  қаржы 

дағдарысы туындаған кезде Ұлттық қор құру ту-

ралы шешімнің маңыздылығы мейлінше айқын 

бола түсті. 20 миллиард доллардай – Қазақстан 

ІЖӨ-сінің  14  пайызы  –  жұмыспен  қамтуды 

қолдауға,  жолдарды  жөндеуге  және  салуға, 

қалалар мен ауылдарды көріктендіруге бөлінді. 

Банк секторы, шаруа қожалықтары, шағын және 

орта  бизнес  көмекке  қол  жеткізді.  Арам  ниетті 

құрылыс  салушыларға  алданған  мыңдаған 

үлестік  құрылысқа  қатысушылар  мемлекеттің 

ізгілікті  ерік-жігерінің  арқасында  жаңа  тұрғын 

үйлер алып шықты.

Біз  дағдарысқа  қарсы  екі  жоспарды  әзірлеп, 

дәйектілікпен  жүзеге  асырдық.  Бұл  біздің 

экономикалық  қиындықтарды  еңсерудегі  зор 

да  табысты  тәжірибеміз.  Қазіргі  жаһандық 

дағдарыс  біздің  басымызға  күтпеген  жерден 

келіп түскен жоқ. Мен жаңа толқынның қайткенде 

де  келіп  соғатынын  талай  рет  айтқанмын.  Бұл 

жолы  Қазақстан  дағдарысқа  қарсы  алдын  алу 

стратегиясын алғаш рет қолданып отыр.

Біріншіден, біз қазірдің өзінде индустриялық-

инновациялық  дамудың  екінші  бесжылдығын 

бастадық,  яғни  шикізат  ресурстарына  ғана 

қарап қалмайтын экономика құрудамыз.

Екіншіден,  біз  «Нұрлы  Жол»  Мемлекеттік 

инфрақұрылымдық 

даму 


бағдарламасын 

қабылдадық.  Дағдарысқа  қарсы  шаралардың 

маңызды  аспектісі  ұлттық  валютамыз  теңгенің 

еркін бағамға көшуіне байланысты болды.

Үшіншіден,  біз  «5  институттық  реформаны 

жүзеге  асыру  бойынша  100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарын  жүзеге  асырудамыз.  Парламент  Ұлт 

жоспарын  заңнамалық  қамтамасыз  ету  үшін 

жұмыс істеуде. Олар 80-нен астам заң. Олар біз 

жоспарлағандай,  2016  жылдың  1  қаңтарынан 

жұмыс  істей  бастайды.  Шағын  және  орта 

кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда, 

мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық 

сақтау  жетілдірілуде.  Осы  шаралардың  бәрі 

де мемлекетке, қоғамға біздің экономикамызға 

қосымша төзімділік береді.

Төртіншіден, біз қажетті мемлекеттік қор мен 

алтын-валюта резервін жинақтадық.

Бесіншіден, менің тапсырмам бойынша, бұған 

дейін мен айтқандай, мұнай бағасы баррельіне 

30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген 

жағдайларға 

ойластырылған 

іс-қимылдар 

нұсқасы әзірленді.

Алтыншыдан,  Қазақстанда  инновациялық 

индустрияландыру 

шеңберінде 

құрылған 

экономиканың жаңа секторлары экономикалық 

өсімнің  драйверлеріне  айналуда.  Көптеген 

өңдеуші салалар өсім көрсетіп отыр. Бес жылда 

өңдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен 

құрылыс  материалдары  өндірісі  1,7  есе  өсті. 

Машина  жасау  өнімдерін  шығару  2,2  есе,  экс-

порт 3 есе артты. 800-ден астам индустриялық 

жобалар  жүзеге  асырылды.  Биылғы  жылы  ме-

таллургия  өнеркәсібі  бірден  15  пайызға,  хи-

мия  өнеркәсібі  3,2  пайызға  ұлғайды.  Минерал-

ды  өнімдер  өндірісі  3,2  пайызға,  киім-кешек 

4  пайызға  өсті.  Дүниежүзілік  банк  пен  Азия 

даму банкі Қазақстан үшін 2016 жылға жоғары 

экономикалық өсу қарқынын болжап отыр.

Жетіншіден, 

қазақстандықтардың 

экономикалық мінез-құлықтары өзгеруде. Еңбек 

өнімділігінің  60  пайыздан  астамға  артқаны 

байқалып отыр.

* * *

Біздің 


халқымыз 

ешқашан 


бүгінгідей 

бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік 

алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау 

нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын 

салдық.  Олардың  барлығын  ең  соңғы  үлгідегі 

құралдармен  жабдықтадық.  Аса  күрделі  опе-

рацияларды  өз  елімізде,  өз  дәрігерлеріміз 

жасайтын  жағдайға  жеттік.  Жалпы  халықтың 

тұрмысының, денсаулығының түзелуі, санының 

өсуінің нәтижесінде қазақстандықтардың орта-

ша өмір ұзақтығы 72 жасқа жуықтады.

Мемлекет  қандай  жағдайда  да  әлеуметтік 

міндеттемелерін  шашау  шығармай  орындап 

келеді.  Тарихымызды  түгендеп,  мәдениетімізді 

өркендетуге  қол  жеткіздік.  Жаңа  жылдан  бюд-

жет  қызметкерлерінің  жалақысы,  әлеуметтік 

жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 

30  пайызға  дейін  көбейеді.  Осының  барлығы 

халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз 

өмір сүруіне толық негіз болады.



Құрметті қазақстандықтар!

Осыдан екі жыл бұрын мен «Қазақстан-2050» 

Стратегиясын  жарияладым.  Осы  уақыттың 

өзінде-ақ  біз  оны  жүзеге  асыруда,  тіпті, 

жаһандық  дағдарыстың  теріс  ықпалына 

қарамастан,  орасан  зор  нәтижелерге  қол 

жеткіздік.

Біріншіден, Давос экономикалық форумының 

Жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік  индексі 

көрсеткіші  бойынша  Қазақстан  әлемде  42-ші 

орынға ие болды.

Екіншіден,  бизнес  үшін  барынша  қолайлы 

жағдайлар 

жасайтын 

елдердің 

әлемдік 


рейтингінде Қазақстан 41-ші позицияны иеленді.

Үшіншіден,  бүгін,  30  қарашада  Қазақстан 

Дүниежүзілік  сауда  ұйымының  заңды  түрдегі 

толыққанды  мүшесі  болды.  Ол  туралы  ДСҰ-

ның  Бас  кеңесінің  отырысында  ресми  түрде 

хабарланатын  болады.  Бұл  оқиға  тәуелсіз 

Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең бо-

лып табылады. Ол біздің еліміздің толыққанды 

сауда-экономикалық  әріптес  ретінде  мойын-

далуын  айғақтайды.  Қазақстанның  ДСҰ-ға 

өтуі  біздің  экспорттаушыларымыз  үшін  де, 

экономикамыздың 

шешуші 

секторларына 



(жалғасы 2-бетте)

Жетісу 

университеті



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ   

Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

бейсенбі, 10 желтоқсан, 

2015 жыл

2

келетін  шетелдік  инвесторлар  үшін  де  жаңа 

мүмкіндіктер ашады.

ІІІ. Біздің дағдарысқа қарсы басты страта-

гемамыз

Бүгінде  көптеген  жайттар  Ұлы  Қазақстан 

жолы мен Мәңгілік Ел идеясын бастап отырған 

өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта 

мерзімді  және  таяу  болашаққа  арналған  іс-

қимыл стратегияларымыз бар.

Қазір  және  кез  келген  басқа  уақытта  біздің 

дағдарысқа  қарсы  басты  стратагемамыз  үш 

қарапайым,  бірақ  маңызды  –  өсім,  реформа-

лар, даму ұғымдарымен үндес.

Біріншісі  –  өсім.  Әңгіме  ең  алдымен, 

экономикалық  өсім  туралы  болып  отыр. 

Ағымдағы  міндеттерге  қатысты  алғанда  бізге 

Қазақстанның  әлемнің  неғұрлым  дамыған 

отыздығына 

енуін 


қамтамасыз 

ететін 


экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру 

қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып, 

өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.

Екінші  –  реформалар.  Олар  экономиканың, 

қоғам 

мен 


мемлекеттің 

тұрақтылығын 

қамтамасыз етеді. Қазір біз «100 нақты қадам» 

Ұлт  жоспарын  жүзеге  асырып  жатырмыз. 

Олар өз ауқымы жағынан біз 90-шы жылдары 

жүргізген реформалар ауқымына сәйкес. Бізге 

мемлекеттік  және  корпоративтік  менеджментті, 

қаржы және фискалдық секторларды неғұрлым 

тереңірек реформалау мейлінше қажет.

Үшінші  –  даму.  ХХІ  ғасырда  қоғамның 

барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың 

басты факторына айналып отыр. Біз Жалпыға 

Ортақ  Еңбек  Қоғамы,  жоғары  әлеуметтік 

жауапкершілік,  халықтың  неғұрлым  әлсіз  бу-

ындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл 

мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттар-

ды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар 

жүргізудеміз.



IV.  Дағдарысқа  қарсы  және  құрылымдық 

жаңарулардың бес бағыты

Таяу уақыттарда бізге келесі бес бағыт бой-

ынша  дағдарысқа  қарсы  және  құрылымдық 

кешенді жаңаруларды жүзеге асыру қажет.



БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру

Біздің  маңызды  міндетіміз  –  қаржы  жүйесін 

жылдам  тұрақтандыру,  оны  жаңа  жаһандық 

нақты ахуалға сәйкестендіру.

Біріншіден,  қаржы  секторының  теңгенің 

еркін бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін 

қамтамасыз  ету.  Мұндағы  қағидатты  сәт  сол, 

Ұлттық  валютаның  бағамына  Ұлттық  қор 

қаржылары  есебінен  шексіз  қолдау  көрсету 

тәжірибесіне  қайта  оралу  болмайды.  Ұлттық 

банк  банк  секторының  барлық  субъектілеріне 

жұмыс  істемейтін  несиелер  бойынша  стресс-

тестілеу  жүргізуі  қажет.  Оның  нәтижелері  бой-

ынша оларды мойындау және есептен шығару 

жөнінде шаралар қабылдау керек. Капиталдан-

дыру  проблемаларын  шеше  алмаған  банктер 

қаржы  жүйесінен  «кетуі»  тиіс.  Қазақстандық 

банктер  барлық  халықаралық  стандарттарға, 

соның 

ішінде, 


Базель 

комитеті 

мен 

Халықаралық  валюта  қорының  стандарттары-



на  сәйкес  келуі  қажет.  «Долларсыздандыру» 

құралдарын  кеңейту  арқылы  ұлттық  валютаға 

деген сенімді нығайтуға қол жеткізудің маңызы 

зор.


Екіншіден, 

инфляциялық 

таргеттеу 

шеңберінде  Ұлттық  банк  орта  мерзімді 

болашақта  инфляция  деңгейін  4  пайызға 

дейін  төмендетуі  керек.  Ол  үшін  пайыздық 

мөлшерлемелерді  икемді  өзгерту  тетігі 

толыққанды пайдаланылуы тиіс.

Үшіншіден,  Ұлттық  банктегі  институттық 

кемшіліктерді  жою  қажет.  Біртұтас  Зейнетақы 

қорын, Проблемалы несиелер қорын және басқа 

да  қаржы  институттарын  оның  бақылауынан 

шығару керек.

Төртіншіден, 

2016 

жылы 


зейнетақы 

активтері  жеке  қазақстандық  немесе  шетелдік 

компаниялардың  басқаруына  берілуі  тиіс. 

Зейнетақы  жиналымдарының  табыстылығын 

арттыру  мақсатында  зейнетақы  қаржыларын 

инвестициялауға көзқарастарды қайта қараған 

жөн.  Зейнетақы  қорына  көзқарас  пен  басқару 

да Ұлттық қорға көзқарас пен басқару сияқты 

болуы керек.

Ұлттық банк қоғам мен қаржы мекемелеріне өз 

қызметінің мәселелері бойынша үнемі тиянақты 

ақпарат  беріп  тұруы  тиіс.  Қаржы  секторына 

қатысушылардың  бәрімен  қалыпты  жұмыс 

бабындағы үнқатысуды жолға қоюдың маңызы 

зор.  Осы  аталған  барлық  кезек  күттірмес  ша-

раларды қабылдағаннан кейін ғана экономика-

ны  ынталандыруға,  соның  ішінде  монетарлық 

тәсілдермен  ынталандыруға  кірісуге  болады. 

Мен  жаңа  басшылықтың  Ұлттық  банкті  сауат-

ты  басқаратынына  сенемін.  Біздің  бәріміздің 

де ұлттық валютамыз – теңгеге сенуіміз қажет. 

Теңге салымдары – бүгінде азаматтардың жи-

налымдарын сақтаудың ең үздік құралы.

ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру

«Көрпеге  қарап  көсілу»  –  бұл,  әсіресе, 

жаһандық  дағдарыстың  ықпалы  жағдайында 

біз  үшін  тексерілген  қағидат  және  бюджет 

саясатының дұрыс моделі.

Бүгінде  біз  бюджетке  салықтық  түсімдердің 

20 пайызға дерлік төмендегенін айтып отырмыз. 

Қосылған  құн  салығын  төлеу  көлемі  төрттен 

бірге,  ал  табысқа  корпоративтік  салық  бой-

ынша 13 пайызға төмендеді. Бұл бар болғаны 

бизнеске  қосымша  қысымды  білдіретін  бола-

ды. Бюджет шығындарын Ұлттық қор есебінен 

жабу – көрегендік емес. Біз алдағы жылдардың 

қандай  боларын  білмейміз.  Сондықтан  менің 

ұстанымым қағидатты – Ұлттық қор қаржыларын 

ағымдағы  шығындарға  пайдалану  тоқтатылуы 

тиіс.  Ұлттық  қордан  республикалық  бюджетке 

жыл  сайынғы  кепілдендірілген,  шектеулі  транс-

ферт  бірден-бір  тетік  болуы  керек.  Үкіметке 

Ұлттық  қор  қаржыларын  жаңа  жаһандық 

өмір  шындығы  жағдайында  қалыптастыру 

мен  пайдаланудың  жаңа  тұжырымдамасын 

әзірлеуді тапсырамын.

Бізге  мемлекеттік  кірістер  мен  шығыстардың 

бүкіл  жүйесін  қайта  қарау  қажет.  Ең  алдымен, 

бюджеттің  кіріс  базасын  ұлғайту  керек.  2017 

жылы  қазіргі  ҚҚС-тің  орнына  сатудан  түсетін 

салықты енгізу қажет. Барлық тиімсіз салықтық 

жеңілдіктерді жойған жөн. Салықтық режімдерді 

оңтайландыру қажет – тек үш деңгей ғана қалуы 

керек. Олар – жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін па-

тент және шағын және орта бизнес, сондай-ақ, 

аграрлық  сектор  үшін  арнайы  салық  режімі. 

Мұндай  механизм  «көлеңкелі  экономиканы» 

жарыққа алып шығатын болады.

Салық  саласының  мөлдірлігін  арттыру 

Үкіметтің басты міндеті болуы тиіс. Тек осылай 

еткенде  ғана  экономиканың  әрбір  субъектісі 

салықтарды  толық  көлемде  төлеуге  мүдделі 

болмақ.


Үкімет  салықтық  әкімшілендірудің  тиімділігін 

қамтамасыз  етуі  керек.  Бүгінде  мүлікті  жария 

ету мерзімдері 2016 жылдың 31 желтоқсанына 

дейін  ұзартылды.  Мүлік  пен  ақшаны  заңды 

айналымға  қайтару  үшін  қосымша  ынта-

ландырулар  қабылданды.  Құпиялылық  пен 

сот  қудалауынан  қорғауға  кепілдік  беріледі. 

Үкіметке жария ету жағдайларына тағы бір рет 

талдау  жасауды  және  қажет  болған  жағдайда, 

оған қатысушыларға кепілдікті күшейтуді тапсы-

рамын. Мен мүлікті жария етуге қатысу жөнінде 

әлі  де  ойланып  жүргендердің  барлығын  осы 

мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамын.

2017  жылдың  1  қаңтарынан  кірістер  мен 

шығыстарды  жаппай  декларациялау  күшіне 

енеді. Одан кейін, олар қайда болса да, олардың 

шығу төркіні мен салық салынуын анықтау үшін, 

соның  ішінде  Экономикалық  ынтымақтастық 

пен  даму  ұйымының  көмегімен,  есепшоттар 

мен  активтерді  анықтау  бойынша  шаралар 

қабылданатын болады.

Енді  бюджет  шығындарын  оңтайландыру 

жөніндегі  шаралар  туралы.  Үкіметке  барлық 

бюджеттік  бағдарламаларға  толық  ревизия 

жүргізуді  тапсырамын.  Дағдарыс  жағдайында 

әр  теңге  де  маңызды.  Тиімсіз  шығындар  не-

месе  жеке  сектор  есебінен  жабылуы  мүмкін 

шығындар бюджеттен шығарылуы тиіс. Өңірлік 

және  индустриялық  даму  бағдарламаларының 

шығындарын қайта қарау қажет.

Мемлекеттік  шығындар  мен  субсидиялар 

жүйесін де қайта қараған жөн. Бүгінде бүтіндей 

бір  салалар  мемлекет  есебінен  өмір  сүруде. 

Сонымен  бірге,  мәселен,  «ҚазАгро»  корпора-

циясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдау 

құралдары  бүкіл  ауылшаруашылық  тауар 

өндірушілердің  тең  жартысы  үшін  қолжетімді 

емес.  Бюджет  шығындарын  жеңілдету  үшін 

мемлекет-жекеменшік 

әріптестігі 

тетігін 

белсендірек қолдану қажет. Экономиканың ба-

сым салаларына жеке инвестицияларды ынта-

ландыру бойынша қосымша шаралар қарастыру 

керек. Жеке инвесторларды жол, газ құбыры, ау-

руханалар, мектептер және басқа да нысандар 

құрылысына  ғана  емес,  сонымен  бірге,  олар-

ды  қайта  жаңғыртуға  және  техникалық қызмет 

көрсетуге  тартудың  да  маңызы  зор.  Бюджет 

шығындарын оңтайландырудан босаған барлық 

қаржыны  бірінші  кезекте  халық  үшін  нақты 

нәтижелер әкелетін жобаларға бағыттау қажет.



ҮШІНШІ. 

Жекешелендіру 

және 

экономикалық бәсекелестікті ынталандыру

Бүгінде  тұрақты  экономикалық  өсімді 

қамтамасыз  ету  үшін  ішкі  ресурстарды  барын-

ша босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді 

құралды – кең ауқымды жекешелендіруді және 

бәсекелестікті  ұлғайтуды  пайдалануға  тиіспіз. 

Бүгінде өсім мен бәсекелестікті не ұстап тұр?

Ең  алдымен,  үлкен  мемлекеттік  сектор  –  7 

мыңнан  астам  кәсіпорындар.  «Самұрық-

Қазына» және «ҚазАгро» холдингтері өнеркәсіп 

пен  ауыл  шаруашылығының  орасан  зор 

активтеріне  тиімді  бақылау  жасай  алмайды. 

«Самұрық-Қазына» қорының активтері ІЖӨ-нің 

40 пайыздан астамын құрайды, 500-ден астам 

«немерелер»  мен  «шөберелерден»  тұрады. 

«ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтері бюджет 

пен  банктер  арасындағы  тиімсіз  делдалдарға 

айналды.  Осылардың  бәрі  далиған  штаттар-

мен және орасан бюджеттік ресурстармен қоса 

жүреді, сонымен бірге, жеке инвестициялар мен 

бастамаларды  ығыстырып  шығаруға  апарып 

соқтырады.

Қазір  мемлекеттік  сектор  нысандарын 

жекешелендіруге 

шектеулерді 

алып 


та-

стау  маңызды.  «Мемлекеттік  мүлік  тура-

лы»  Заң  мен  Азаматтық  кодекстің  бірқатар 

ережелерін  қайта  қарап,  жекешелендіруге 

жатпайтын  стратегиялық  нысандардың  са-

нын  қысқарту  қажет.  Үкіметке  мемлекеттік 

меншіктегі  ұйымдардың  бәрін  қоса  отырып, 

Жекешелендірудің  жаңа  бағдарламасын  жаса-

уды  тапсырамын.  Олардың  ішінде,  «Самұрық-

Қазына»,  «Бәйтерек»  және  «ҚазАгроға» 

кіретіндері  де  бар.  Жекешелендіруден  кейін 

ВМЕСТЕ ВЫДЕРЖИМ 

ИСПЫТАНИЯ

В  условиях  сложившей-

ся  из-за  внешних  факторов 

непростой  ситуации  в  ка-

захстанской  экономике,  де-

вальвации 

национальной 

валюты, снижения стоимости 

экспортной продукции в мире 

все казахстанцы - служащие, 

бизнесмены, предпринимате-

ли,  бюджетники  -  обращают 

взоры к своему Лидеру, ждут 

от  него  ответов  на  самые 

актуальные  вопросы  време-

ни. И Глава государства, как 

всегда,  оправдал  ожидания 

своих соотечественников.

Особое  внимание  Пре-

зидент  Казахстана  уделил 

глобальному  кризису,  имеющему,  по  его 

словам, всеохватный характер. Не обошел 

он  и  нашу  страну.  Падение  цен  на  нефть, 

экономический  спад  распространились  по 

всему  миру,  и  это  неизбежность,  которую 

надо принять и понять. Но у кризиса есть 

обратная сторона. История нашей страны 

начиналась  в  условиях  аналогичного  кри-

зиса, и мы научились преодолевать кризис-

ные явления, находить внутренние резервы 

для роста, потому что того требовала наша 

независимость.  Этот  опыт  бесценен,  его 

потенциал  следует  использовать  сегодня. 

Упреждающая  антикризисная  программа 

направлена на преодоление негативных по-

следствий кризисного периода.

Не  обошел  вниманием  Глава  государ-

ства  и  политику  санкций,  применяемых 

сегодня ведущими державами друг против 

друга.  Санкции  –  это  путь,  ведущий  в  ни-

куда, тупик, из которого необходимо найти 

разумный  выход.  Казахстан  призывает  го-

сударства проявить сдержанность и попы-

таться понять друг друга.

Важное место в Послании 2015 года заня-

ли вопросы образования. Несмотря на кри-

зис, вводятся в строй новые школы и дет-

ские сады, ремонтируются старые здания. 

В  общей  сложности  введено  в  строй  1700 

объектов образования за один только про-

шедший год. Кроме того, на 29% повышает-

ся зарплата учителей, начиная с 1 января 

следующего  года.  А  с  1  января  2017  года 

любой  молодой  человек  может  бесплатно 

получить техническое и профессиональное 

образование. По словам Президента, госу-

дарство обязуется дать казахстанцам пер-

вичную  специальность.  "Молодому  чело-

веку, который закончил школу, остался не 

у дел, прийти и получить первую, рабочую 

специальность", - добавил он.

  Не  всякое  государство  может  похва-

статься такими планами и достижениями в 

кризисный период.

30  ноября  Президент  страны  назвал  

историческим днем: Казахстан стал полно-

правным членом ВТО. Президент подробно 

остановился на тех усилиях, которые были 

предприняты  в  стране  для  достижения 

этой  цели.  Членство  во  Всемирной  торго-

вой  организации  открывает  перед  нашей 

страной  новые  возможности,  с  одной  сто-

роны,  и  накладывает  на  отечественных 

производителей  новые  задачи  –  с  другой. 

Как сказал Президент страны, теперь резко 

усилится конкуренция, выдержать которую 

казахстанские предприятия смогут, только 

непрерывно обновляя и модернизируя про-

изводство, технологии, товары.

Суть  антикризисной  программы  Глава 

государства  выразил  формулой  «Три  Р»: 

рост,  реформы,  развитие.  Жизнь  по  этой 

формуле  позволит  решить  многие  про-

блемы,  достигнуть  дедолларизации  казах-

станской экономики, росту престижа и веса 

национального тенге. Решение этих задач 

в  свою  очередь  по-

зволит  решить  набо-

левшие вопросы бюд-

жетников:  учителей, 

врачей, полиции. 

С    11  января  2017 

года  начинается  все-

общее  декларирова-

ние  доходов.  Прези-

дент  страны  назвал 

это  последней  воз-

можностью  легали-

зовать  свой  капитал 

тем  лицам,  которые 

хранят  деньги  и  не-

движимость  в  зару-

бежных  банках.  Ле-

гализация  позволит 

бизнесменам  и  пред-

принимателям  безбоязненно  расширять 

свою деятельность во благо Казахстана и 

тем  самым  способствовать  преодолению 

последствий кризиса и процветанию родной 

страны.  Страна  создала  условия  для  обо-

гащения всем, теперь ждет отдачи от тех, 

чьи высокие доходы  отмечаются в рейтин-

говых журналах мира. В этой связи Глава 

государства  подчеркнул  необходимость 

распространения  опыта  тех  областей,  где 

хорошо  развивается  государственное  и 

частное  партнерство  (ГЧП).  Было  радост-

но слышать из уст  Президента страны до-

брые  слова  об  опыте  нашей  Алматинской 

области, где благодаря ГЧП уже построены 

и  введены  в  строй  несколько  дошкольных 

учреждений, планируются новые проекты.

Послание прозвучало. Президентом стра-

ны  сказаны  добрые  напутственные  слова 

казахстанцам, намечены конкретные меры, 

даны  соответствующие  поручения  Прави-

тельству.  Мы  вместе  выдержали  немало 

испытаний, выдержим и это, выразил уве-

ренность Н.А. Назарбаев. 

Сказано емко и весомо. Остается одно – 

работать по-новому, с учетом сложившейся 

в  мире  политической  и  экономической  си-

туации. Работать креативно, творчески, ду-

мая только о процветании отечества.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет