Мазмұны кіріспе 3 І тарау Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы


Етістіктердің орын алмастырушы сөздері



бет30/32
Дата07.01.2022
өлшемі129,99 Kb.
#19073
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
3.2. Етістіктердің орын алмастырушы сөздері

Етістіктердің орын алмастырушы сөздері арасында көбіне көмекші етістіктер мен жалғаулық етістіктер кездеседі. Мәселен, етістіктің жай түрлерін (яғни, бір сөзден тұратын) пайдаланғанда негізгі етістік dо етістігімен алмастырылады. Етістіктің күрдері түрлерін қолданғанда қайталаған кезде негізгі етістік түсіп қалып, көмекші етістік қалады: If you study as well as you did this year... - Сіз биыл да өткен жолғыдай (оқығандай) оқысаңыз…Орысша біз “учиться” «оқу» етістігін қайталай алмаыз және түсіріп тастаймыз. Ағылшынша мағыналықтың орнына dо көмекші етістігін қоя аламыз. She knows this rule and so do I. - Ол бұл ережені біледі, мен де (білемін). They passed the examination and so did I. - Ол да емтиханға шыдап шықты, мен де (шыдадым). Бірақ етістіктердің онын алмастыратын басқа да сөздер болады. Мұндай сөздер сөйлеу тілінде жиі кездеседі. Мәселен, қазіргі заманғы сөйлеу тілінде to say сөзі to be like мағынасымен алмастырылады: I said “Winston, if I weren’t in my right mind, I’d think you’re trying to hit on me” and he was like “and you’d be right.” – «Уинстон, егерде мен ақыл-есімнен адаспасам, сені менің соңымнан жүгіріп жүр деп ойлаған болар едім» дедім, ал ол болса, «Сен шындықты айтқан болар едің» [38, 76]. Модальдық етістіктердің орнын алмастырушылар.Көбіне модальдық етістіктерді басқа баламалармен алмастырады. Ол көбіне модальды етістіктердің көбі өткен немесе келер шақтың түрлерін құра алмағандықтан болады. М.Г.Рубцова былай деп жазды: «Модальдық етістіктердің инфинитивтің қорытынды түрлері болмайды, яғни күрделі түрлерді құра алмайды (мәселен келер шақта көмекші етістікпен) және туындымен (мәселен үстеу). Сондықтан мұндай түрлерді құру үшін инфинитиві бар және қандай болсын түрді, уақытты, райды құра алатын баламалар қызмет етеді.Модальдық етістіктерді алмастыру үшін қолданатын can и may сөздері модальдық етістіктердің лексикалық мағынасын көрсетеді: can - to be able (able - способный) (қабілетті);may - to be allowed (to allow - разрешать) (рұқсат етті). Модальды етістіктердің орнын алмастырушылардан кейін әрқашан to демеулік шылауы бар мағыналық етістіктің инфинитифі жүреді» [3, Интернет], мәселен: We shall be able to correct the program. He was allowed to perform the operation. Мы сможем исправить эту программу. Біз бұл бағдарламаны түзете алпмыз. Оған бұл операцияны жасауға рұқсат етті. Немесе: Ол бұл операцияны жасай алды.Must модальдық етістігінің екі баламасы бар: to be (келер шақта қолданылмайды)


to have. These problems were to be considered together. Such a search will have to be undertaken. Unfortunately, some things just have to be learned by rote. Бұл мәселелер бірге қарастырылуы қажет еді Мұндай ізденіс жүргізу керек. Өкінішке орай, кейбір нәрселерді жаттап алуға тура келеді [14, Интернет].«Must етістігі мен оның to have мен to be баламаларын бірдей сөзбен аударуға болады, бірақ олар мағынасында әртүрлі болады, сондықтан көп жағдайда аударма кезінде аталған контексте олардың нақты мағынасын беретін баламаларды қолданған дұрыс. Ср: I must go to the conference. I'm to go to the conference. I have to go to the conference. «Мен (маған бару керек) бұл конференцияға баруға тиістімін. Мен бұл конференцияға баруға міндеттімін (маған бұл конференцияға бару керек (жоспар бойынша, келісім бойынша). Мен бұл конференцияға баруға мәжбүрмін (ауырып қалған Н орнына баруға тиістімін)» [3, Интернет]. «Модальдық етістік пен балаалары тіркесіп келген жағдайда, екі етістікті де аударады, кейде оның алғашқысын (модальды) сөйлемнің басына шшығару қажет» [3, Интернет]. Мәселен: We must be able to predict the properties of a reagent.They may have to take the value into account.Applications may also need to be preceded by research in modeling. Біз реагенттің (барлық) қасиеттерін айта алуға тиістіміз. Пайдалану (тәжірибелік) үшін модельдеу саласындағы зерттеулер қажет болуы мүмкін. [3, Интернет]. Көмекші етістіктер мен жалғаулық етістіктер мағыналық етістіктердің орнын алмастырушы ретінде барлық көмекші етістіктер мен жалғаулық етістіктер сөйлемде мағыналық етістіктердің орнын алмастыра алады. Қайталанған кезде мағыналық етістік түсіп қалып, көмекші және жалғаулық етістіктер ғана қалады. Көбіне мағыналық етістіктер орнына to be, to do, to have етістіктері болады. Орыс тіліне аударған кезде орын алмастырушы сөзді қайталаған дұрыс. “Didn’t your mother tell you that the most expensive is not always the best?” “No she did not…” – «Ең қымбат- ең жақсы бола бермейді, деп саған анам айтқан жоқ па еді?» «Жоқ, айтқан жоқ» [22, 77].

Did I say I wasn’t going to start?” “No… No, but -” “That’s right. Because I am.” – «Мен бастағалы жатқан жоқпын деп айтып тұрған жоқпын ба?» «Жоқ… Жоқ- » «Дұрыс, себебі мен дайындалып жатырмын» [22, 78].

Godamn! I won! No – that wasn’t right. Misery had. – Құдайым! Мен жеңдім! Жоқ, бұл өтірік Мизери жеңді [22, 79].

Баяндауыш етістіктердің орнын алмастырушы сөздерді сипаттай отырып Рубцова өз еңбегінде былай жазды: do – көмекші етістігі жоқ алдындағы сөйлемнің баяндауышының орнына қойылады (яғни, мағыналық етістікпен ғана көрсетілген баяндауыштың орнына). do етістігі уақытты белгілеп бастауышпен келіседі. Аударма кезінде алмастырылған етістікті қайталау қажер, әсіресе, «мағыналық етістікпен және орын алмастырушы етістікпен белгіленген уақыт сәйкес елмеген жағдайда», мәселен:


We shall use this letter, as Prof. N. did, for the constant V.
A wise man seldom changes his mind, a fool never does.
Біз профессор Н тұрақты көлем V үшін жасағандай (қолданғандай), бұл әріпті қолданамыз; Ақылды адам өз пікірін сирек өзгертеді, ал ақымақ ешқашан (өзгертпейді). Жаңа көмекші етістік. Егерде орнына алмастырушы сөз пайдаланылатын баяндауыш көп мүшелі болса (яғни, мағыналық етістіктен басқа көмекші де), онда оны алмастыру үшін уақытша немесе модальдық сипатты көрсететін бірінші көмекші етістік қолданылады. Орыс тіліне аударылған кезде оны көмекші етістік-орын алмастырушы көрсетіп тұрған шаққа қойып мағыналық етістікті қайталау қажет. Мәселен: As science has evolved so has its meaning.
We should assemble all the facts and information we can.
Ғылым дамыған сайын, оның мағынасы да дамиды.
Біз жинай алатын барлық деректер мен барлық ақпараттарды жинауымыз қажет.

3) so қызметтік сөзі. Егерде атаулы бөлігі сын есіммен, зат есіммен немесе үстеумен көрсетілген қайталануға тиісті баяндауыш құрамдас болса, онда орын алмастырушы сөз (мағыналық жағының) so пайдаланылады. Етістіктердің орнын алмастырушы сөздер ретінде көбіне көмекші етістіктер мен жалғаулық етістіктер қызмет етеді. Бұл етістіктер қандай да болмасын мағыналық етістікті алмастыруы мүмкін. Сондай-ақ модальдық етістіктердің орнын алмастыратын сөздер де болады.

Аударма кезінде баяндауыштың мағыналық жағын қайталау қажет мәселен: These data are very important for theory, and less so for practice. Бұл мәліметтер теорияға да аса қажетті, сондай-ақ тәжірибеге де қажет.Аударма кезінде so 'также' сөзінің мағынасын да ұмытпау қажет, мәселен: These differences are negligible, and so are the varieties of the process.Бұл айырмашылықтарды елемеуге болады, сондай-ақ бұл үрдістің әртүрін де елемеуге болады.Жалғаулық етістіктердің мағыналық мәні жоқ, оларға грамматикалық күш түседі (уақыт, тұлға , сан көрсеткіші болып табылады( және зат есіммен, сын есіммен, үстеумен, инфинитивпен, герундиемен және сан есіммен көрсетілген баяндауыштың мағыналық бөлігімен бастауышты қосу үшін қызмет етеді. Кең тараған to be жалғаулық етістігімен мысал келтіреміз: The language is a means of imparting ideas. He was liberal in his views.
Тіл едеяны беру құралы. Ол өз көзқарастарында либералды болды.
This demonstration оf samples is more convincing.

The problem is how to secure its advantages.


Бұл үлгілерді көрсету неғұрлым сенімдірек болды. Мәселе оның артықшылықтарын сақтауда болып отыр. Жалғаулық етістіктерге сондай-ақ to become ' (бола алады), to remain (қала алады) етістіктері же жатады, мәселен: The problem became unsolvable. Much work remains to be done.
Мәселе шешілмес болды. (Әлі де) көп жұмыс жасау қажет. Кейбір етістіктер қатары мағыналық та, жалғаулық та етістік қатарында бола алады. 3,Интернет]. Не is a student. Ол -студент
Но: Не is in the laboratory. Ол зертханада.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет