Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау


Желілердің программалық жабдықтары



бет12/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
1.4. Желілердің программалық жабдықтары
Хаттамалар – кейбiр қатынастарды iске асырудың тәртiбiн реттейтiн ережелер мен процедуралар жины. Мысалы, бiр елдiң дипломаты басқа елдiң дипломатымен қарым-қатынас жасағанда бекiтiлген хаттамаларға сүйенедi. Компьютерлiк ортада қатынас ережелер сол мақсатта қызмет етедi Хаттамалар, бұл – бiрнеше компьютер желiге бiрiккен кезде бiр-бiрiмен араласуға мүмкiндiк беретiн ережелер мен техникалық процедуралар.
Хаттамаларға байланысты 3 негiзгi жағдайды есте сақтау керек:
1.Көптеген хаттамалар бар. Олардың барлығы қатынастарды тасымалдауға қатынасқанымен, әрбiр хаттамалар әртүрлi мақсатты, әртүрлi мiндеттердi орындайды, сонымен бiрге өзiнiң шектеуi және мүмкiндiктерi болады.
2.Хаттамалар OSI моделiнiң әртүрлi деңгейiнде жұмыс iстейдi. Хаттамалардың мiндеттi жұмыс iстеуi деңгейiне байланысты анықталады. Егер, мысалы бiр хаттама физикалық деңгейде жұмыс iстесе, ол желiнiң адаптер тақшасы арқылы пакеттердiң өтуiн және олардың желiлiк кабельге өтуiн қамтамасыз етедi.
3.Бiрнеше хаттама бiрге жұмыс iстей алады. Бұл жағдайда олар стек немесе хаттамалар жиынын құрайды.
Желiлiк функциялар OSI моделiнiң барлық деңгейлерiне бөлiнген болса, онда сол сияқты хаттамаларда хаттамалар стегiнiң әртүрлi деңгейiнде жұмыс iстейдi. Хаттамалар стегiнiң деңгейлерi OSI моделiнiң деңгейлерiне сәйкес келедi.

Хаттамалар жұмысы


Желiде мәлiметтердi тарату техникалық көзқарастан кезектескен қадамдар қатарына бөлiнуi керек және олардың әрбiреуiне сәйкес өзiнiң ережесі, процедуралары немесе хаттамалары болады. Әрекеттердiң нақты орындалу реті қатаң сақталады.
Сонымен бiрге, бұл әрекеттер желi компьютерiнде бiрдей кезеңмен орындалуы керек. Жiберушi компьютерде бұл әрекеттер жоғарыдан төмен бағытта, ал қабылдаушы компьютерде төменнен жоғары бағытта орындалады
Жiберушi компьютер хаттамаға сәйкес келесiдей әрекеттер орындайды:

  • Мәлiметтердi хаттама жұмыс iстей алатын пакет деп аталатын кiшiгiрiм блоктара бөледi;

  • Алушы компьютер мәлiмет нақ өзiне арналғанын бiлу үшiн пакеттерге адрестiк ақпарат қосады;

  • Желiлiк адаптер тақшасы арқылы және арықарай желiлiк кабель арқылы мәлiметтердi жiберуге дайындайды.

Қабылдаушы компьютер хаттамаға сәйкес сол әрекеттердi керi тәртiпте орындайды:

  • Желiлiк кабельден мәлiметтер пакетiн қабылдайды;

  • Желiлiк адаптер тақшасы арқылы пакеттердi компьютерге жiбередi;

  • Пакеттен барлық жiберушi компьютер қосқан қызметтiк ақпаратты өшiредi;

  • Мәлiметтер блогында бiрiктiру үшiн мәлiметтердi пакеттен буферге көшiредi;

  • Қосымшаға мәлiметтер блогын керектi форматта жiбередi.

Жiберушi компьютер және қабылдаушы компьютердегі желi бойынша келiп түскен мәлiметтері бастапқымен сәйкес болу үшiн бiрдей әдiспен орындалуы керек. Егер, мысалы екi хаттама мәлiметтердi әртүрлi әдiспен пакетке бөлсе және сәйкес келмейтiн ақпаратты қосатын болса, онда осы хаттамалардың бiрiн пайдаланатын компьютер басқа хаттама жұмыс iстеп жатқан компьютермен қатынас орната алмайды.
Көп деңгейлi архитектурадағы хаттамалар
Желiде бiр уақытта жұмыс iстейтiн бiрнеше хаттамалар мен мәлiметтер келесi операцияларды орындайды:
- Дайындау;
- Беру;
- Қабылдау және т.б.әрекеттер.
Әр түрлi хаттама жұмыстары операциялардың ақауларын (конфликт) және бiтпеген жұмыстарды болдырмайтын жағдайда үйлестiрiледi. Оған деңгейдегi хаттама бiрiгуiн бөлу арқылы жетуге болады.
Кең таралған хаттамалар
Хаттамалардың iшiндегi ең танымалылары мыналар:

  • TCP/IP;

  • NetBEUL;

  • X.25;

  • Xerox Network System (XNS);

  • Aplle Talk;

  • OSI хаттамалар жиыны;

  • DEC net.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет