Диплом жұмысының мақсаты. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдалануға қатысты теориялық материалдар жинақтау, практикалық әдіс-тәсілдерінің тиімділігін тексеру.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды:
Диплом жұмысының міндеттері:
- жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдарының мазмұнына талдау жасау және соған байланысты болашақ дефектологтардың игеруі қажетті теориялық материалдарын айқындау;
- жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу әрекетін даму деңгейін анықтау;
- жалпы тіл дамуының бұзылысы бар ІІІ деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу әрекетін дамыту бойынша сюжеттік-рөлдік ойындар жүйесін құру және оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру;
- эксперименталды оқыту барысында басқа тәсілдерді қолданудың маңыздылығын тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |