Мазмұны кіріспе



бет7/19
Дата11.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#30650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
айман дип

Практикалық базасы - Шымкент қаласындағы №28 «Гаухар» функциялары ауыр және жеңіл бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бөбекжай балабақшасы

1 СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің дамымау себептері

Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу тілі туа біткен процесс емес екенін көптеген авторлар дәлелдеген. Ол онтогенез барысында адамның әлеуметтік дамуымен байланысты. Сөйлеу тілінің дамуы мидың орталықтарының және оларды жалғайтын жолдарының қалпына, баланың ой-өрісі мен дене дамуына байланысты болады.

Ерекше білімді қажет ететін балаларда сөйлеу тілінің түрлі бұзылыстары кездеседі. Олардың ішіндегі күрделісінің бірі - ол сөйлеу тілінің жалпы дамымауы. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы - есту қабілеті мен зияты қалыпты дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл бұзылыстары.

Орыс балаларында кездесетін сөйлеу тілінің жалпы дамымауын Ресейлік дефектология ғылыми зерттеу институтының Р.Е.Левина [14] бастаған ғалым қызметкерлер Г.А.Каше [15], Л.Ф.Спирова [16] және т.б. 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан негіздеді. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін.

Дыбыстарды айтуының бұзылуы, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылымының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.

Сөйлеу тілінің дамымауы әртүрлі деңгейде кездеседі. Алғашында Р.Е.Левина [14,22б.] сөйлеу тілінің жалпы дамымауын үш деңгейге бөледі. Кейіннен Т.Б.Филичева [3,29б.] 4-ші деңгейді сипаттап қосады.

Кейінгі кезде Қазақстандық ғалымдар Қ.Қ.Өмірбекова [17], М.С.Грушевская [18], Г.Б.Ибатова [19] т.б. мектепке дейінгі жастағы қазақ тілді балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізді. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілді сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың сөйлеу тіліне тән көптеген кемшіліктер, қателер кездесетіні анықталды. Ол кемшіліктер сөйлеу тілінің құрылымдық компоненттерінің барлығына қатысты, атап айтсақ: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық (сөзжасам, сөзөзгерту, сөйлем құрау) жағы.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымаудың пайда болу себептері, яғни этиологиясы әртүрлі болады. Сөйлеу тілінің дамымау себептері көп жағдайда акустикалық-гностикалық процестердің әлсіздігінен болады. Бұндай жағдайларда есту қабілеті сақтаулы болғанда сөйлеу тілінің дыбыстарын қабылдау қабілетінің төмендігі байқалады. Естіп қабылдау бұзылуының нәтижесі: біріншіден, фонемаға тән акустикалық белгілерді дұрыс ажырата алмауы, екіншіден, дыбыс айту бұзылыстары және сөздің буындық құрамын қайталаудағы қателер болып табылады.

Сөйлеу тілінің тежелуі немесе жалпы дамымауы орталық жүйке жүйесінің белгілі бір бөлімдерінің органикалық зақымдануларымен немесе жетілмеуімен байланысты зақымдану салдарынан пайда болады.

Сөйлеу тілінің дамымауы әлеуметтік себептерге де (екі тілдік, көптілділік, естімейтін ата-аналарда тәрбиеленуі), баланың дене дамуындағы әлсіздік және жиі созылмалы ауыратындығы, уақытынан ерте туылғанына (шала тууына) байланысты пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда сөйлеу тілінің тежелуі (кешеуілдеп дамуы) туралы айтылады. Басқа жағдайларда сөйлеу тілінің жалпы дамымауы орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануының белгісі болып табылады

Тіл - ойды дамытушы құрал. Ой тілдік материалсыз айтарлықтай жақсы дами алмайды. Тіл ойды басқарып отырады. Баланың сөйлеу тілі жақсы дамыса, ойы да соншалықты жақсы дамиды. Психолог Н.И.Жинкин [20] былай деп жазған: «Тіл - бұл интелліктіні дамытушы амал. Тіл қаншалықты тез меңгерілсе, соншалықты жеңіл түрде бала білімді меңгереді. Тілдік байлық ойдың дамуына әсерін тигізеді. Ең негізгісі мектеп жасына дейінгі балалар жаңа сөздерді меңгергенде ол ойда жинақталып қала береді. Бұл ой мен тілдің байланыстылығын қамтамсыз етеді.

Қазіргі жаңа замандағы психология мен психолингвистика тіл адамның ақыл-ойын дамытушы процесс ретінде қарастырылады. Тіл ережелерін бала қарым-қатынаста және танымдық процестердің даму барысында меңгереді. Алғашқыда бала бұл ережелерді түсінбейді, бірақ сол ережелерді білетіндей қабылдайды. Тілдік қабілеттілік өз тарапынан білгірлік пен дағдылар және іс-әрекет схемасымен сәйкес келуі керек А.Валлон [21], Л.С.Выготский [22] т.б. Тілдің туындауы белгілі бір когнитивтік база негізінде қаланады. Балаларда тіл шықаннан кейін ойлауға үлкен әсерін тигізеді, ол баланың тілдік жүйесінің қалыптасуына да ықпал етеді. Балалардың тілді меңгеруі ересектермен тығыз байланыста болу арқылы дамиды.

Адамда тілдік процестердің қалыптасуын - екі жүйе «ми мен тіл» арасындағы байланысты И.М.Сеченов [23] және И.П.Павлов [24] өздерінің еңбектерінде зерттеген. И.М.Сеченов[23,22б.] мидың рефлекторлы жұмысына адам өмірінің саналы және саналы емес барлық аспектілерін қосты, сөйлеудің сезімнен тыс объектілермен ойлаудың негізгі жағдайы ретіндегі рөлін көрсетті. И.М.Сеченов [23,42б.] өзінің физиологиялық зерттеулерімен сөйлеу-ойлау механизмі туралы ілімінің негізін салды және сөйлеудің психологиялық теориясын жасады.

И.П.Павлов [24,33б.] физиологиялық жаңа бөлімінің - бас миының үлкен жартышарларының физиологиясының негізін салушы болып табылады. Ол былай белгіледі: екінші сигналдық жүйені басқару бірінші мен тікелей байланыста жүзеге асырылады. Байланыстың бұзылуы сөйлеудің сөздің мағынасыз ағынына айналуына әкеледі.

А.Р.Лурия [25] белгілегендей, сөйлеу аймақтары бас ми қабығында Брок және Вернике аймақтары деп аталады. У.Пенфилд [26] көмекші рөл ойнайтын жоғарғы сөйлеу аймағын тапты. Автор барлық үш сөйлеу механизмі сияқты басқаратынын дәлелдеді.

М.М.Кольцова [27] белгілегендей, сөйлеу тітіркендіргіштеріне келетін бас миының қозғалыс бөлімін сөйлеу қимыл орталығы деп аталады.

Сөйлеу-қимыл анализаторы тек сөйлеу қалыптасқаннан кейін әрекет ете және дами бастайды.

И.П.Павловтың [24, 62б.] екі сигналды жүйесі туралы идеясын дамытып, өз зерттеулерінде ішкі сөйлеудегі 1-ші сигналдық жүйенің спецификасын көрсетті. Ол ұғымның сөйлеу жүйесін меңгеру сөйлейтін адамда ойлаудың басқа формалары - көрнекі-бейнелік, көрнекі-тәжірибелік ойлау болатынына әкеледі деді. Олар ішкі сөйлеу түрінде сақталатын, сосын белсендіретін ұғымның тілдік негізде жүзеге асырылады. А.Н.Соколов [28] ішкі сөйлеуді «ойлаудың негізгі механизмі» ретінде қарастырады. Ол ішкі сөйлеу әр түрлі сөйлеу мезанизмдерінің арақатынасынан тұрады деп есептеді (қимыл, есту, көру).

Сөйлеу тілі бұзылыстарына әкелетін барлық этиологиялық факторлар полиморфты және күрделі. Көп жағдайда жалпы сөйлеу тілінің дамымауы түрлі факторлардың комплексті әсер етуі салдарынан болады, тұқымқуалаушылық бейімделуден, орталық жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігінен және қоршаған ортаның қолайсыздығынан. Кейде бұл себептер бұзылыстың туындауындағы басты, ал кейде қосалқы факторлар болып табылады.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы жұқпалы ауруларды өткергеннен немесе өткір немесе созылмалы уланудан пайда болуы мүмкін. Бұған анасының жүктілік кезіндегі ерте немесе кеш токсикоз болуы, қандарының сәйкессіздігі, босану кезіндегі жарақаттар мен патологиялар, орталық жүйке жүйесінің аурулары, баланың алғашқы жолдарындағы бас ми жарақаттары және т.б әсер етеді.

Сөйлеу тілі бұзылыстарының айқындалу құрылымы мен деңгейі бас миының зақымдалу күрделілігі мен оқшаулануына тәуелді. Сонымен, бас миының жатырішілік зақымдалуы кезіндегі сөйлеу бұзылыстары басқа да полиморфты даму бұзылыстарымен байланысады (есту, көру, тірек-қимыл аппараты, интеллект).

Сөйлеудің сөйлеу-қозғалыс механизмін қамтамасыз ететін құрылым аймағында бас миының зақымдалу локализазиясы кезінде сөйлеудің дыбыс айту жақтарының бұзылысы-дизартрия пайда болады. Ең ауыр және тұрақты түрі жалпы сөйлеу тілінің дамымауы болып табылады. Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу секілді псикалық үрдістердің түрлі ауытқушылықтары жалпы сөйлеу тілінің дамымауының функционалды себептері болып келеді. Ақыл - ойының артта қалуы, есте сақтаудың түрлі бұзылыстары және басқа да психикалық функциялардың бұзылыстары психоневрологиялық себептер болып саналады. Ең күрделі сөйлеу бұзылыстары сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық, сондай-ақ лексико-грамматикалық жақтарын қамтиды.

Сөйлеу тілінің дамуын үш критикалық кезеңге бөлуге болады.

Бірінші критикалық кезең (1-2жас) - бұл сөйлеу тілінің алғышарттарының қалыптасуы. Бұл кезеңде сөйлеу тілінің дамуы басталады, коммуникативті мінез-құлық негіздері қалыптасады. Бір жарым жаста бала фразалық сөйлеу тілін қолдана бастайды, оның енжар сөздік қоры 150 сөзді, ал белсендісі-50 сөз шамасын құрайды. Осы уақытта Борк аймағындағы сөйлеу тілі қыртыстарының белсенді дамуы жүреді. Критикалық сәт болып 14-18 айлық жас кезеңі саналады, онда сөйлеу тілі дамуына болмашы қолайсыз факторлар әсер етеді.

Екінші критикалық кезеңде (3жас) сөйлеу тілінің белсенді дамуы жүреді. Бала қарым-қатынас тіліне көшеді. Бұл жаста келеңсіздіктерді байқауға болады және т.б.

Сөйлеу жүйесінің шамадан тыс жүктелуі нәтижесінде түрлі бұзылыстар, мысалыға тұтығу пайда болуы мүмкін. Бала сөйлеу қарым-қатынасына түспей, тұйықтанады. Кейде мұндай тұтығудың түрін эволюционды деп атайды, яғни баланың нақты жасымен байланысты. Былай болуы мүмкін: мутизм туындап, сөйлеу тілінің дамуы артта қалады.

Үшінші критикалық кезең (6-7 жас)- балалардың көпшілігі мектепке барып, психикаға қосымша күш болып табылатын жазбаша сөйлеу тілін меңгере бастайды. Балаға жоғары талаптар қойылады, соның нәтижесінде тұтықпаға әкелетін жүйке жүйесінің ақаулықтары пайда болуы мүмкін.

Мектепке жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін дұрыс бағалау мен түсіну үшін А.Н.Гвоздевтің [29] материалдары бойынша құрылған. Қалыпты бала сөйлеуінің жүйелік даму сызбасын қолдану ұсынылады. Ол баланың ана тілін меңгеру заңдылықтарының эталондарымен шартталған. Бұл үшін сөйлеу тілінің жағдайын зерттеу қортындысы туралы мәліметтер болу керек. Бұл сөйлеуінде бұзылысы бар баланың тілінің дамуына және тілдік әртүрлі компоненттердің кезеңдік қалыптастыруын бағалауға, қоюға мүмкіндік береді:

1.Егер бала жеке аморфтық сөздерді қолданса және оның сөйлеу тәжірибесінде екі сөздерді байланыстыруы қалып қойса, онда оның сөйлеу жағдайын бірінші кезеңнің бірінші этапына жатқызу керек. «Бір сөздік сөйлем».

2.Егер балалар аморфтық сөздер мен 2, 3 және 4 сөз тіркестерін қолданса, грамматикалық түрі өзгеріссіз, етістіктің шартты райының осы жастағы III жағы мен айтылса, бұл сөйлеу қызметін бірінші кезеңнің екінші этапына жатқызу керек. «Түбір-сөзбен аморфтық сөздерден құралған сөйлем».

3.Егерде бала атау септіктегі шартты райдың осы шағындағы етістікті сөйлемде грамматикалық дұрыс қолданса, ал қалған сөздер аграмматикалық болса, онда оны екінші кезеңнің бірінші этапына жатқызу керек. «Сөздің бірінші түрі» .

4.Баланың сөйлеу тілі жағдайында сөздердің жалғаулары дұрыс және дұрыс емес болса, атау септік пен етістіктің конструкциялық түрін игерсе, бірақта сөйлеуінде сөйлемнің конструкуциялары дұрыс қолданылмаса, оны екінші кезеңнің екінші этапына жатқызу керек. «Тілдің флексиялық жүйесін бекіту».

5.Балалардың тілдік дамуы сөз тіркестері мен қосымшалар және флексияларды сөйлемде дұрыс қолданса, онда оны екінші кезеңнің үшінші этапына жатқызу керек. «Сөздердің қызметтік бөлігін бекіту».

6.Балалардың сөздері бұрмаланып қолданатын болса, оны үшінші кезеңге жатқызу керек. «Тілдің морфологиялық жүйесін бекіту».

Басты назарды балалардың сөз өзгертуіне аудару керек. Онда бала тілдің конструктивтік (морфологиялық) элементтерін жеке өз бетінше қолдану мүмкіндіктері ашылатын болады. Баланың айтқан барлық сөздері оның сөздің дұрыс грамматикалық түрін бекітуі ретінде көрінеді. Сонда да бұл үлкендердің қарапайым сөз түрін қайталау болуы мүмкін.

Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге алғаш ұмтылу ХҮІІ ғасырдағы еңбектерінде жазылған. Логопедия өз бетінше ғылым саласы болып ХІХ ғасырдың екінші жартысында енгізілді. ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін логопедия сөйлеу қозғалыс бұлшықеттерінің бұзылысы ретінде сөйлеу тілі бұзылысының шектеулі мағынасына ие болады. Сөйлеу тілі бұзылысы артикуляциялық қозғалыс қиындығын жоюдың белгілі әдістерін қарастыру негізінде ғана жүзеге асырылды. Тәжірибе жүзінде түзету шаралары дәрігерлік бағытқа сәйкес жүргізілді.

Сөйлеу тілі жоғары психикалық қызмет жүйесінде негізгі орын алады және адамның ойлау, сана әрекеттерінің негізгі механизмі болып табылады, Сөйлеу тілінің жоғарғы психикалық қызметке жататыны туралы анықтаманы Л.С.Выготский [22,26б.] айтып кеткен. Оның түсінігінше, әрбір психикалық қызмет мидың жүйелі әрекеттерінің нәтижесі, түрлі ми құрылымдары мұнда үлесін қосады.

Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.

Сөйлеу-адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды.

Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері.

Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады.

Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі.

Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі-үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі.

Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа).

Бұл жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А.Н.Леонтьев [30] бұны даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде.

Балалар төрт жасында сөз тіркестерін еркін қолданады, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрыс дамиды. Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.

Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады.

Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек.

Сөйлеу аппараты-бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.

Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады.

Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.

Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән.

Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерін-де сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады.

Сөйлеу тілі күрделі физиологиялық, психолгиялық, тілдік сенсомоторлық процесті білдіреді. Ғылыми көзқарастардың ұлғаюы мен тереңдеуі сөйлеу әрекеті табиғатында логопедия бағытын түбегейлі өзгертті-бірінші жоспарда педагогикалық мазмұны алға жылжыды. Қазіргі таңдағы логопедия дефектологияның жалпы принциптеріне сүйене және басқа ғылымдармен (психология, физиология, тіл ғылымдары) байланыса отырып, сөйлеу тілін психикалық дамуға әсер ететін көпсалалы жүйесі деп қарастырады. Тілдік қарым-қатынас өзіндік іс-әрекетті жоспарлауға, ұжымдық еңбекке қатысуға және т.б. жағдай жасайды. Сөйлеу тілі әрекеті барлық психикалық процестермен тығыз байланысып, бірге қалыптасып дамиды. Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басы дамуына, сонымен бірге, психологиялық дамуына әсерін тигізбей қоймайды. Баланың тілін дамытумен бірге біз оның сана сезімін ой-өрісін дамытамыз.

Логопедиялық зерттеулерде, айтылу бұзылысытарымен қатар, сөздің дыбыстық құрамы, жазу тілін игеруі, лексико-грамматикалық даму деңгейі анықталады. Таным процестері мен рецепторлық әрекеттерінің жағдайы да зерттеледі. Тіл бұзылысы тиісінше, дәрігерлік кеңеспен келісе отырып, арнайы оқытумен түзету-тәрбие іс-шаралары арқылы педагогикалық әдістермен жойылады. «Дислания» терминін Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк [31] енгізген. 1827 жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған.

ХІХ-ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциялық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарың салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады.

В.Олтушевский [33] дислалияға керісінше, артикуляциялық аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған дыбастардың бұзылуын жатқызды.

20-ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі атаған. Мысалы: Ф.Ф.Рау [34 ] «Фонемалардың айтылуының бұзылуы», Парамонова Л.Г. [35] «Дислалия», М.Е.Хватцев[36] «Тіл мүкістігі (косноязычие)» деп атаған.

Сөйлеу тілі бұзылысы бар балаларға логопедтік көмек осы салаға сәйкес арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде, жалпы мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде, балалар емханалары мен ауруханаларында көрсетіледі.

Г.А.Каше [15,31б.], Р.Е.Левина [14,45б.] еңбектерінде атап көрсеткендей, дыбыс мәдениетін дамыту жұмысының нәтижесі барысында негізгі жауапкершілік арнайы мамандарға (дефектолог, дәрігер, психолог, логопед, ұстаздар) жүктеледі.

Сонымен қатар, Қазақстанда да қазіргі таңда сөйлеу тілінде дыбыс айту бұзылыстары бар балаларға да жан-жақты көмек көрсету, түзете-дамыту жұмыстары қолға алынған. Осы орайда, сөйлеу тілінде дыбыс айту бұзылыстары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы еңбектер Е.М.Мастюкова [10,316], Т.Б.Филичева[5,49б.], Г.В.Цикото [37] сөйлеу тілінде дыбыс айту бұзылыстарын түзету жолдары туралы алғашқы еңбектер К.С.Лебединская [39], Г.А.Каше [15,42б.], Е.Ф.Рау [34], сөйлеу тілінде дыбыс айту бұзылыстары бар балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы ілім Е.М. Мастюкова [10,636] балалар (жас ерекшелігі) психологиясы сұрақтары Л.С.Выготский [22,56б.], негізгі диагностикалық принциптер Л.С. Выготский [21,59б.], С.Я. Рубенштейн [42], А.Р. Лурия [25,25б.] мектепке дейінгі жастағы дыбыс айту бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық жағын дамыту туралы Қ.Қ.Өмірбекова [17, 19б.], және т.б еңбектерінде жазылған.

Психологиялық-педагогикалық кешенді түзету жұмыстары неғұрлым ерте және белсенді жүргізілсе оң нәтижесін берері сөзсіз. Сол себепті қазіргі таңда 2003 жылдан бастап іске асырылған «Кемтар балаларды әлеуметтік және медицицналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес, сөйлеу тілінде дыбыс айту бұзылыстары бар балаларды түзету жұмыстарын ерте жастан жүргізу қолға алынған.

Г.А.Каше [15,52б.], М.Ф.Фомичева [40,35б.], еңбектерінде атап көрсеткендей, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыс бұзылысын дер кезінде түзету, оның дамуына жағымды ықпал етеді. Сондай-ақ, сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылғандығы күрделі мүкістері толып жатқан қатты асқынуларға әкеліп, соғуы мүмкін және баланың ауызекі сөйлеу тілі мен жазу тілінде басқа кемістіктерді шығаратынын ескеру қажет. Бұл қалай болады?

Сөйлеу барысында, демек дыбыстардың айтылуы кезінде сөйлеу мүшелерінің қимылынан сезім түйсігі пайда болатыны мәлім. Осы сезім тітіркенуінің күші бас миының қыртыснда болады. И.П.Павлов [24,56б.] екінші сигналды жүйенің қалыптасуына байланысты сезім тітіркендіргішіне үлкен маңыз берген және оларды «базальды бөлігі» деп атаған. Атап айтқанда сезім тітіркедіргіш фонематикалық түйсіктің қалыптасуына шешуші қызмет атқарады. Дыбыстардың айтылуындағы ақаулықтарының «базальды бөлігі» толығымен қатыспайды, ендеше фонематикалық түйсіктің толық дамымайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Фонематикалық түйсіктің бұзылуы баланың сөйлеу тіліндегі үндестік жағынан немесе сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетінде бір-біріне ұқсас дыбыстарды дауысынан ажырата алмауына душар етеді. Оның сөздік қорына құрамында ажыратылуы қиын, ұқсас дыбыстары бар сөздер кірмейді. Соның салдарынан бала өзінің жас мөлшерінен біртіндеп қала бастайды. Фонематикалық түйсіктің сөздің жалғаулықтары мен екпінсіз жалғаулары баланың көзіне шалынбайтыны түсінікті.

Сонымен, баланың сөйлеу тіліндегі фонетика-фонематикалық және лексика-грамматикалық сияқты тұтас тізбек бұзылыстардың пайда болатынын көрсетуге болады. Міне, дыбыс бұзылысын дер кезінде анықтап жоймаса, кейбір жағдайларда ауыр зардапқа ұшыратуы мүмкін.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы барлық мүкістіктерді 5 жасқа жейінгі мерзімде анықтап, тексеру қажет. Неге? Дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелері әлі жеткілікті дәрежеде дамымаған, әрі орнығып бекімеген жас бала сөйлеу тіліндегі дыбыстардыңбарлығын бірдей дұрыс айта алмайтыны өзінен-өзі түсінікті. 4-5 жасқа дейінгі баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылып айтылуы потологиялық деп саналады.

Е.Н. Винарскаяның [41] «Возрастная фонетика» еңбегінде айтып кеткендей, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыс айтылуы, психофизиологиялық тұрғыдан алғанда, бала дамуына тәуелді. Фонетика-лингвистика мен паралингвистиканың арасында, қоғамдық-тарихи және табиғи негіз алады . Бұл өз кезегінде, лингвистика, психолингвистика, нейролингвистика, социолингвистика, сөйлеу тілінің психофизиологиясын бір жүйеде, заман талабына сай ғылыми жинақтап, тоғыстырады.

Осыған орай, баланың жас бойынша тіл дамуын, атап айтқанда, дыбыс айтылуы дамуын жүйелі түрде бейнелеуге болады:

- фонетикаға дейінгі кезең (0-1 жас)

- фонетикалық паралингвистика, бейнелеу және ым – ишара кезеңі (1-3 жас)

- фонетикалық іс-әрекет пен фонематикалық қарым-қатынас кезеңі (ауызша сөйлеу) қалыптасуында дауысты және дауыссыз дыбыстарды қолдану (3-6 жас)

- фонетикалық қарым-қатынас морфологиялық құрамды қолдану кезеңі (6-10 жас)

Логопедттік үдерістерді ұйымдастыру сөйлеу бұзылыстарын жоюға немесе жеңілдетуге және психо-физиологиялық кемшіліктерде педагогикалық іс әрекеттің басты мақсаты- адам тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Логопедиялық іс-әрекет ішкі және сыртқы факторларға әсер ету керек. Ол өзіндік сөйлеу бұзылыстарын түзету мен компенсациялауға бағытталған күрделі педагогикалық процесс.

Сөз-сөйлеу тілінің негізі, сондықтан сөйлеу тілін қалыптастыру дағдысын меңгерместен, қарым-қатынас жасау мүмкін емес. Сөздік жұмыстары баланы қоршаған ортамен, құбылыстармен, олардың атауы және белгісімен байланысты жүргізіледі. Салыстыру, жіктеу және топтай білуі логикалық ойлауымен сөйлеу тілі дамуының көрсеткіштеріне тәуелді. Сонымен қатар, баланың дыбыс айту мәдениетін тәрбиелеуде маңызды. Дыбыс мәдениеті түсінігіне тек дыбысты дұрыс айту ғана емес, сонымен қатар, дыбыстың,сөздің, сөз тіркестерінің айқындылығы, сөйлеу екпінің нақтылығы және сөзді есту қабілеті арқылы қабылдай білуі жатады. Әсіресе, дыбыс мәдениеті жұмыстарын мектепке дейінгі жаста жүргізген тиімді.

Байланыстырып сөйлеу-тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір-бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып, сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.

Байланыстырып сөйлеу тілі балада ерте жастан-ақ пайда болады. Айтып кететін болсақ, қалыпты дамыған балаларда екі жарым, үш жаста пайда болады. Ал дамуында ауытқуы бар балаларда бұл әрекет тым кеш дамиды.

Қалыпты дамыған бала 4-8 айда былдырласа, ақыл ойы кем бала 12 айында. Дебил балаларда алғашқы сөздері 3 жаста пайда болады (Кассиль, Шлезингер бойынша). 2.5-5 жаста алғашқы сөздері шығады (Кармен бойынша). Қалыпты дамыған балаларда 10-18 айда алғашқы сөздері шығады.

Күрделі кемістіктер көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларының 40-60% байқалады, 1 сыныпта өте көп Хватцев пен Каше бойынша [15,42, 48б.]

Мектеп жасына дейігі кезекңдерде сөйлеу тілінің заттық әрекеті, қоршаған ортаға деген қызығушылығы, эмоциясы, фонематикалық есту қабілеті, артикуляциялқ аппараттың жұмысы төменгі деңгейде қалыптасады. Ақыл ойы кем балалардың көбісі мектеп жасына дейінгі кезеңдерде, яғни 4-5 жаста сөйлей бастауы керек.

Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде, ойлау әрекетінің көрнекі-заттық түріне, естуіне, көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аударуы қажет.

Осымен бірге ересек адамнаң сөйлеу тіліне назар аударуы, қабылдауы тәрбиеленеді. Ал фонематикалық ксту қаблетінің, белсенді сөз қорының, сөздің мағынасын түсінуінің дамуына өз үлесін қосады.

Басты назарды баланың сөйлеу тілінің негізгі түріне қарым-қатынас түріне аудару керек. Себебі, ол баланың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының бірден-бір тәсілі. Балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін, ол қажетті жағдайдан туу қажет. Бұл жерде жаттап алынған сөзді қолданудың қажеті жоқ.

С.Я.Рубенштейн [43,25б.], ақыл ойы кем балалардың сөйлеу тілінің толық жетілмеуінің негізгі себептері: «бас ми қыртысының тұйықтаушы функцияларының әлсіздігі, барлық анализаторларда жаңа дифференцияциялардың баяу жасалуы» деген.

Зияты зақымдалған балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің бұзылуы жүйелі сипатқа ие. Олардың сөйлеу әрекеті барлық операциялардың қалыптаспағанның себебінен, қарым-қатынас қажеттілігінің төмендігі, сөйлеу әрекетін бағдарламауы, дамымауы.

Ақыл ойы кем балалардың байланыстырып сөйлеуі баяу жүреді. Балалар көптеген уақыт ситуативті сөйлеу тілі және сұрақ-жауап кезеңінде ұзақ тоқталып қалады. Өз бетінше сөйлеуге өту өте күрделі процесс, ол кейде жоғарғы сыныпқа барғанша созылады. Балалардың өз бетінше сөйлеуін сұрақ, басқа көмек арқылы үнемі белсендіріп отыруы керек. Сөйлеу тілінің контексиік түрі зияты зақымдалған балалар үшін қиын келеді. Оларға жеңіл және түсінікті сөйлеу тілінің ситуативті түрі, яғни белгілі бір жағдайға немесе көрнекілікке сүйене отрып сөйлеу. Балалардың байланыстырып әңгімелеуі, үзелмелі, логикалық реттігі, бөлімдерінің арасында байланысы бұзылған, мазмұны толық ашылмаған болады, балалар кеңістік, уақыттық қатынастарды, себеп-салдар байланысын түсінбейді. Сюжеттің негізін құрайтын бөлшектерін тастап кету, керісінше, артық, сюжетке қатысы жоқ жағдайларды қосып айту да орын алады.

Балалар заттың атын атап айта білумен қатар, оны сипаттай білулері қажет. Ф.Ф.Сахинның [44]айтуынша, байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуында, сөйлеу тілі мен ақыл ойдың дамуын анық көрсететін тығыз байланыс бар болады.

Байланыстырып сөйлеу тілі балада ерте жастан-ақ пайда болады (қалыпты дамыған балаларда). Дамуында ауытқуы бар балаларда бұл әрекет тым кеш дамиды.

Әр бір жеке адамның сөйлеу тілі, ойлау әрекетінің ерекшелігіне, темпираминтіне, жан-жақтылығы мен басқа да психикалық даму жақтарына байланысты ерекшеленеді. Сөйлеу әрекетін әр түрлі танымдық әрекеттермен, әсіресе ойлаумен байланысты қарастыру жөн. Сондықтан да сөйлеу тілі ойлаудың негізгі құралы болып табылады.

Адам баласы өз ойын ауызша жеткізе білуі үшін, белгілі бір себеп болуы керек. Ал ол дегеніміз – қозғалыс әрекетіні күші, яғни өз ойын жеткізудің негізгі жағдайы. Ал келесі бір жағдай, ол бір мазмұнды әңгіменің немесе екі , одан да көп адамның арасында жалғасуы.

Л.С.Выготский [22,86б.] айтқан: «Ойлау іске аспайды, тек сөз арқылы жүзеге асады, ол «ойлау» мен «ой» арқылы ішіміздегінің барлығын сөзбен жеткізе білуіміз қажет» деген.

Ойды байланыстырып сөйлеу арқылы жеткізе білудің келесі бір түрі, үнсіз іштен сөйлеу болып табылады. Ол да байланыстырып сөйлеу тілінің бір түріне жатады. Бұл механизм психологияда – іштен сөйлеу деп аталады. Осы әрекетті жүзеге асырып барып, дұрыстылығына көз жеткізгеннен кейін ғана, өз ойын ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізуге болады.

Белгілі бір хабарды, мәліметті ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізу үшін, семантикалық ережедерді ескеру қажеттілігі туындайды. Олар сөздердің байланысын оның мағынасымен анықтайды. Нәтижесінде қажетті сөздер алынып, хабарлама немесе мәлімет қысқа да, нұсқа айтылады.

Төменгі сынып оқушылары мәтінді толық оқып, қысқаша түрде мазмұнын айтып бере алады. Зияты бұзылған балалар көмекті қажет етеді. Олардан сұрақтар қою арқылы байланысқан түрдегі жауапты ала аламыз. Бұл жерде балалардың өз ойын байланыстырып, ауызша сөйлеу арқылы жеткізе алмауы байқалады. Бұл механизмды ұғыну уақытты, семантикалық бағытталған жұмысты қажет етеді. Көбінесе мектепте жүргізілетін тәжітибелік жұмыс кезінде оқушыларға берілетін мәтін бірнеше бөлікке бөлініп, әр бөлімнің мазмұны сұралады. Бұл оқушыларға күрделі сөйлемдерді жай сөйлем түріне айналдырып, өзіне түсінікті түрде айтылады.

Зерттеу жұмыстарында оқушылар бір-біріне өмірінде болып жатқан қызықты оқйғаларды анық, қызықты айтып, әңгімелеп берулері мүмкін. Ал сабаққа келгенде сөйлеу тілі жеткіліксіз, байланыстырып сөйлеуі түсініксіз болады.

Бұл баланың мәтін мазмұнын түсінбеуінен, мәтінмен жеткілікті жұмыс жүргізілмегендіктен, баланың қызығушылығын танытпағандықтан болады. Осының салдарынан мектеп жасына дейінгі балалар мәтіннің кез келген бөлімін қысқаша «тезис» түрінде қалыптастыра алмайды. Бұл жұмысты жүйеге келтіру үшін, сөйлеу тілі механизмінің теориясы мен тәжірибесін жеткілікті жетілдіру керек.

Жоғарыда атап өтілген факторлардың әрқайсысы немесе осы факторларының үйлесіп келуі тіл кемістігінің пайда болуына себеп бола алады. Тіл кемістігінің пайда болу себептерін табиғи (органикалық) және функционалды факторлар деп бөледі. Табиғи себеп деп бас миының шеттегі немесе орталық бөлімдеріндегі тіл механизмдері анатомиялық-физиологиялық құрылысының қатты бұзылуынан болатын себепті айтамыз. Функционалды себептеріне анатомиялық-физиологиялық құрылысы әдеттегі күйінше сақталады, тек қана тіл механизмінің бұзылуы жатады.

Сонымен барлық тіл кемістіктерін, оларды тұғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады.

- органикалық тіл кемістіктері;

- функционалды тіл кемістіктері.

Табиғи тіл кемістіктері зақымның таралу аймағына байланысты келесідей етіп бөлуге болады

а) тілдің табиғи бұзылуының орталықтан пайда болуы (осыған бас ми қабығында орналасқан тіл механизмдерінің бұзылуының нәтижесінде болатын афазия, алалия және т.б. жатады);

б) тілдің табиғи бұзылуының шеттен пайда болуы (оған ринолалияны, механикалық дислалияны және т.б. жатқызуға болады).

Сонымен, сөйлеу тілінің дамымауына көптеген факторлар себеп болатыны белгілі болды. Яғни, сөйлеу тілін, соның ішінде сөздік қорын молайту үшін жан-жақты жағдайды қарастырған жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет