«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы



Pdf көрінісі
бет135/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   247
Өгдүлміштің Одғұрмышқа жауабы

 

Жауап беріп, айтты Өгдүлміш: — Өзіңді,



 

Естідім мен,  тыңда менің сөзімді.

 

Ай, аға, өзге ерсең мақсат-тілекке,



 

Зорламаймын, қаяу қылма жүрекке!

 

Сөзді қойдым, тусын күнің алдыңда,



 

Хат жаз ханға, мені ұятқа  қалдырма!

3710  Елік хатты өзі жазды, аңдасаң,

 

Хатың барсын, оған өзің  бармасаң.



 

Мен көнейін, жауап бергін, сауап тап,

 

Тіліңді өлшеп, сөздеріңді сараптап.



 

Хатқа түсір,  айтқаныңды айтайын,

 

Ай, білікті ер, мен Елікке қайтайын.




 330

44. ОДҒҰРМЫШТЫҢ ЕЛІККЕ ХАТ ЖАЗЫП ЖОЛДАУЫ 

АЙТЫЛАДЫ

 

Айтты  Одғұрмыш: — Аялда, ерім, не дейін,



 

Керек  десең, хат  та жазып берейін.

* * *

 

Дəуіт, қағаз, қалам алып сайланып,



 

Елікке хат-жауап жазды ойланып.

3715  Алла атымен сөзін жазды алғашқы,

 

Уа, жаратқан, кешіргін!.. — деп жалғасты.



* * *

 

Аллаға осы тілімменен, діліммен,



 

Сансыз тəуба, шүкір еттім бүгін мен.

 

Жер, Ай, Күнді, көк Көкті сол жаратты,



 

Кедей мен бай, қараңғы мен жарықты.

 

Жаратты елді, сансыз тірлік иесін,



 

Берді аш қоймай  ризығын  тиесі.

 

Жарастырды екі дүние тірлігін,



 

Есеп жетпес айтуға оның бірлігін!

3720  Өзі — жалғыз, бар екені шүбəсіз,

 

Түрін емес, ділін сақта, күнəсіз.          



 

 

Ұлы да өзі, ұлық та өзі, қадірлі,   



 

Барша жұрттан еркі бөлек, əмірлі.

 

Жаратты көп, күллі сансыз құлдарын,



 

Тілегенге берді пайда, пұлдарын.

 

Тік көтерді жасыл көкті жаратып,



 

Зерледі ай, күн, жұлдыздарды қалатып.

 

Түнек басқан еді күмбез түндігін,



 

Құдіретімен жағып қойды күнді іліп.

3725  Жерді гүлдеп, жасыл суды жайнатты,

 

Желмен желпіп, қызыл отты қайнатты.



 

Құрлық пен су, ыстық пен бу арасын,

 

Жарастырып, берді ризық қарасып.



 

Тілегенін жаратты һəм реттеді,

 

Оған демеу-көмек керек етпеді.




 331

 

Құлшылықсыз құлын қолдар, тілесе,



 

Құлшылықты құлын қорлар, тілесе!

 

Нені тілеп, «Бол!» десе, сол болып тұр,



 

Əр үкімі не десе де қонып тұр.

3730  Мың-мың сəлем пайғамбарға қадірлі,

 

Дұрыс жолға салған тірлік, жаныңды.



 

Ханға, міне, дұға оқып, хат жаздым,

 

Саулық тілеп, сəлемімді ақтардым.



 

Хан хатынан мейірімі шашылды,

 

Оқып жүзім жайнап, көзім ашылды.



 

Ізгі жарлық, түрлі кеңес, ақылы,

 

Барша сөзі, таңдайыма татыды.



 

Ізет,  құрмет,  ішіп-жемек,  киімді,

 

Уағда етіпті — бəрі ізгілік, тиімді.



3735  Бұл тілеуді қуып іздеп пенделер,

 

Күллі əлемді шарлап, кезіп, сенделер.



 

Қызмет етпей артса құрмет, мерейім,

 

Бұл дəулетке разы болмай не дейін.



 

Мұның біраз зияны бар, қарағын,

 

Өзім барсам, жетер еріп залалым.



 

Бірі — менде қызмет қылар білім жоқ,

 

Қате істесем, жұртқа қарар түрім жоқ.



 

Заң білмеймін, жоқ құлық, жөн, рəсім,

 

Жөн-жосықсыз таппайды ісің ұнасым.



3740  Екіншіден, көрдім дүние жапасын,

 

Жафа қылдым өзім, күтпей опасын.



 

Бір Аллаға сыйындым һəм сыйладым,

 

Сақтар енді тəңір, дінім — иманым.



 

Тамағым бар, бар иыққа жабарым,

 

Артық мүлік жиып қайда барамын.



 

Қуып  қайтем ас пен киер киімді,

 

Жаппар ием кем қылмайды күйімді.




 332

 

Ол жаратты, асырады бағыма,



 

Ай, ел бегі, сақтар енді тағы да!

3745  Саған дүние берді. Есіркемеді,

 

Сақи ием маған бермес пе еді!?



 

Күллі ізгілік, кедейлігім — байлығым,

 

Жаратқаннан, ең аяғы — қайғы, мұң.



 

Ибадат қып, бақтым хақтың есігін,

 

Түбі күллі ел келер жер сол, шешімім...



 

Бағып сенің есігіңді, түнейін,

 

Тірлік жұмсап, сонда, нені тілеймін?!



 

Екеуміз де бір Алланың құлымыз,

 

Сол құлдықтың ішінде тең құнымыз!



3750  Құлға құлдың табынғаны жараспас,

 

Қызметшілер қадірлеспес, қараспас.



 

Ыстық ниет болса жұрттың бəрінде,

 

Шын жүректен тəует етсін тəңірге.



 

Білікті ер сəтті айтыпты, бағала,

 

Ай, ақжүрек, естіп сіңір санаңа:



 

«Қызмет қылма, тоққа-дағы, ашқа да,

 

Табынбағын бір тəн үшін басқаға.



 

Бір Аллаға табын, күтіп кесімін,

 

Күндіз-түні бағып ашық есігін!»



3755  Əуелі, Елік, төрт шартымды орында,

 

Табынайын, бетті басып қолыма:



 

Мəңгі өлмейтін тірілікті тілеймін,

 

Қартаймайтын жігіттікті тілеймін.



 

Күллі кесел-аурудан сақтағын,

 

Бай қыл, кедей тауқыметін артпағын.



 

Бұл төртеуін берсең қарап қалмайын,

 

Табынайын,  ғазиз  жанды арнайын.



 

Осыларды берсең маған, ей, Елік,

 

Қол қусырып, құлың болып келейін.




 333

3760  Мұны істеуге құдірет-күшің жетпесе,

 

Менен артық не айырмаң бар, айт,  кесе!?



 

Киім де бар, тарықпаймын тамақтан,

 

Тағы керек болса, берер жаратқан.



 

Құрмет, қорлық — бір құдайдан, мұңайман,

 

Тірлік, ажал тағы да сол құдайдан!



 

Мұны  білген-білімдардың  ерені,

 

Өзге не бар, ей, өркенді ел ері?!



 

Бір жаратқан сақтар мендей пендені,

 

Тек асырай алмайсың, бек, сен мені.



3765  Келіп сені асырасам, асылы,

 

Мені Алла сақтар, сөздің ашығы!



 

Өзің тоймай, татырмассың маған ас,

 

Мен тойғанша, хақ тамаққа қарамас.



 

Мұңайғанда хабаршы да іздемен,

 

Сезеді өзі, айтпасам да тіл безеп.



 

Қақпашы да, құл да бағып тұрмайды,

 

Тірі пенде күштеп, зорлық қылмайды.



 

Жаза бассам, кешірмейсің сыңайың,

 

Күнəмді  ием  кешіреді ылайым!



3770  Не дегенін есті құлдың жазықты,

 

Көңіл сырын тілмен толғап бағыпты:



 

«Ей, мейірлі, жаппар ием, тəңірім,

 

Мейірбан тек, сенің əділ əмірің!



 

Құсалансам, сенің көңілің иеді,

 

Жарлылардың сенсің арқа сүйері.



 

Дертке — шипа, күйінгенде — сүйініш,

 

Зеріккенде — ермек, шерде — сүйеніш.



 

Қуанышым, уанышым, сауығың,

 

Сүйінішің ішінде тұр, ай, ұлық!



3775  Көп күнəға баттым енді расында,

 

Бəрібір аз рахымыңның қасында.




 334

 

Күнəмді кеш, жоқ саған еш залалы,



 

Қинама көп, кім рахат табады?!

 

Күнəм да мол, рахымың мол қарасар,



 

Рахымыңды берсең — саған жарасар!

 

Сен қинасаң — қиналмаққа лайықпын,



 

Сен кешірсең — кешірмекке лайықсың!

 

Білесің сен, білсең, мұнда мен — жалғыз,



 

Білемін мен, бір сен онда, сен — жалғыз!

3780  Кінəлімін, кінə, азапқа батырар,

 

Сен — əділсің, ақ нұр сенен шашырар.



 

Аманатқа алсаң адал жанымды ал,

 

Өзге түк жоқ менде сүйіп, табынған!»



 

Ай, хан, мына өткінші өмір озады,

 

Күн-күн санап кеми-кеми тозады.



 

Несі қажет құр мұңайып, қамығу,

 

Неге қажет сүйініп құр, жанығу.



 

Атаң кетті, кетер інің, ұл-қызың,

 

Анаң кетті, сөнер құрбың, жұлдызың!..



3785  Өлгендерді көрдің, сен де өлерсің,

 

Бір күн жерге кірер бəрі, өрерсің.



 

Қапы қалма, Елік, ойлан, абайла,

 

Өзіңнен соң жақсы ат қалдыр қалайда!



 

Зая қылсаң бастан кешкен күніңді,

 

Зая өткізбе енді келер түніңді.



 

Өткен күннен керегіңді аларсың,

 

Келер күнге  дайындалып қаларсың.



 

Осы халды көзім көріп тұрғанда,

 

Не пайда бар, өзіңе жол бұрғанда.



3790  Сұм дүниеден көңілімді көшірдім,

 

Сүйенішім жалғыз Алла, кешіргін!



 

Қойғын мені, өзімше өмір сүрейін,

 

Осында, Елік, тілеуіңді тілейін.




 335

 

Барғаныммен еш пайдам жоқ беретін,



 

Өзіңді өзің қолда, берер кеңесім.

 

Мен түңілдім, жөн саған да — шеттемек,



 

Екеумізге кісілерден  жоқ медет!

 

Енді қалған күннен дұрыс кетейін,



 

Ибадат қып, парызымды өтейін.

3795  Бары жетер, жоқ артықтың керегі,

 

Дүние түбі — ұйық  қой, жоқ  кемері.



 

Өмір өтті буырқанып борандай,

 

Күйінемін, кетті мəңгі оралмай.



 

Киім бүтін, тамағым тоқ, дұрысы —

 

Пайдасы жоқ дүниесі құрысын!



 

Айтқан екен құлқы бүтін тоқ көңіл:

 

«Жетер! — десе, — құт-қанағат бекке бұл!»



 

Жақсы айтыпты қанағатты баққан ер,

 

Қанағаттан құт-ризық тапқан ер:



3800 «Ауыз үшін ризық еттім тапқанды,

 

Иық үшін киім еттім жапқанды.



 

Тірлік болса, тамағымды табармын,

 

Ием берер, керегімді алармын!»



 

Пайдасы үшін Елік мені шақырса,

 

Жоқ еш себім, жоқ білім де, ақыл да!



 

Ел ішіне жарап қалар десе егер,

 

Кесіп айтам, жоқ жарайтын еш өнер!



 

Десе, егер іске жүрсін жұғысып,

 

Істейді інім мың кісінің жұмысын.



3805  Егер мені ізгі тұтсаң, ей, Елік,

 

Өзің де ізгі бол, осыған келейік!



 

Ұстағанша мың жақсының етегін,

 

Жағаңды аман тұтсаң əмəн, жетеді.



 

(Мың іс бастап тастағанша бітірмей,

 

Бір-ақ  іске  пейілді бұр бүтіндей.)




 336

 

Даңқы шыққан не түрлі ерен, бағыңа,



 

Жиылыпты түмен қол боп  жаныңа.

 

Елік менен қандай пайда көреді,



 

Пайдасыз іс — татымсыз, жоқ көмегі.

 

Өзімді өзім сұранамын алдыңда,



 

Босат мені ашуға бой алдырма.

3810  Тағы не бір сөздер қалды жазылмай,

 

Естіді інім айтар түгел жасырмай.



* * *

 

Түгесіп сөз, тұрды, хатты байлады,



 

Інісіне берді, жолға сайлады.

* * *

 

Айтты: — Жаздым, тілегімді, сөзімді,



 

Тілмен айтқан сөзді естідің өзің де.

 

Ауызша өтін, Елік естіп жақтасын,



 

Қоя берсін, маған қолын артпасын!

 

Сөз əкелген елші жауап жеткізер,



 

Жауап сөзді естідің, тез жеткін ер.

3815  Үш Орданың ханы айтқан сөз  көшелі,

 

Күллі жұртқа тарап кеткен  деседі:



 

«Сөз бұрмайтын Елшіге мін тағылмас,

 

Сөздің шынын жеткізсе ол жаңылмас.»



 

Түркі ханы жақсы  айтыпты байыптап:

 

«Тура айтса Елші, бұйырмаңдар айыпқа!»



 

Өлім де жоқ, түк жоқ елші мүдірер,

 

Естігені тура шықса тілінен.



 

Елші деген тілші, тілмен бірдейді,

 

Тілі сөзін айтса, ажалды білмейді.



3820  Болса елші зейін, тілдің ұстасы,

 

Мақтап тілін, сый бер сөздің қысқасы!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет