«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет33/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   247
Айтолдының Елікке жауабы

 

Жерді өбіп, Айтолды айтты: «Ер Елік, 



 

Көзін ашса — дəулет қолын береді!

 

Қызмет үшін келдім тастап үйімді, 



 

Ұзақ жүрдім, көріп тұрсың күйімді,

600    Қызметте қуат берсін жасаған,

 

Сенің ісің үшін сақтап қатадан!»



 

Тұрды орнынан көңілі өсіп, шаттанып, 

 

Өңі жайнап, келді алдына қақпаның.



 

Не дер екен басына құт қонған ер,

 

Бар тілегі түгел қабыл болған ер:



 

«Бектер күліп қараса егер кісіге, 

 

Көңілі өсіп, қан жүгірер түсіне.



 

Бектер ерге жылы жүзбен қараса, 

 

Көзі жайнап, шығар сөзі тамаша.



605    Кімді бектер жақын тұтса жанына, 

 

Байқа, өзгелер үйір соның маңына.



 

«Бек» — деген «Құт!» Жақын жүрсе кісі оған, 

 

Бар тілегі қабыл болып, ісі оңар!»



* * *

 

Енді Айтолды қызметін бастады, 



 

Ертелі-кеш ешбір тыным таппады.

 

Күндіз істі, түнде атқарды күзетті, 



 

Не істесе де, күмəнсіз һəм ізетті.

 

Елбасына кіріп-шығып жүреді,



 

Оң қарайды ол, сенеді бек жүрегі.




 109

610     Күннен-күнге қызметін сіңірді, 

 

Қадірі артты, ел көзіне ілінді.



 

Адал болса, бек те құлдай құлына, 

 

Кішкене ерді ісі теңер ұлыға...



 

Қызмет қыл. Құл Бек болар еңбекпен, 

 

Еңбек етпей — тілегіне кім жеткен!



 

Есті енді дана сөзін, білікті, 

 

Ойын нəзік кестелепті, тізіпті.



 

«Жанса еңбегі, тексіз төрге лайықты, 

 

Жаман іспен орнын табар байыпты.



615    Қызметшілер ісін мінсіз атқарсын, 

 

Тілегіне жетер қадір артқан соң!»



 

Бұл Айтолды қызмет етті тесіліп, 

 

Елбасы ашты мархабатпен есігін.



 

Жақындасты күн-түн санап ол енді,

 

Қайғы қашты, қуанышқа бөленді.



 

Қызмет етті, Айтолды енді теңелді, 

 

Елік пейіл беріп, құтқа кенелді!



 

Елік түрлі істе байқап, сынады,

 

«Тілегенім — сол!» — деп, сенді, құлады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет