«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет32/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   247
Айтолдының Елікке жауабы

 

Айтолды айтты: —  О, құтты Елік, бағамда:  



 

Құл қадірі — қызметіңе жарауда.

590    Қызметшімін, босаға — орным, атым — құл, 

 

Ісім — қызмет, кісілікке жақынмын.



 

Келдім саған ұзақ қиын жол жүріп, 

 

Жетті арыз-тілегіме қол бүгін!



 

Тілегім бұл: қайтарма сен бетімді, 

 

Жақын тұт та, көргін қызыметімді!



* * *

 

Сөзін естіп сүйінді Елік, сенді Елік 



 

Тілегенім осы,— деді, берді ерік.



Еліктің Айтолдыға жауабы                                               

 

Елік айтты: — Айтолды, көрдім сені, 



 

Сүйінтті қылық, құлық, көркің мені.




 108

595    Істің көркі — мейірім, ақылдылық,

 

Қақпамды бақ, өзіме жақын жүріп.



 

Менен — мерей болады, еңбек — сенен, 

 

Еңбек болса, құт есік ашар, сенем!



 

Сен бүгіннен түзу жүріп еңбек ет, 

 

Қызмет етсе, құл ақысын өтер бек!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет