«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет31/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   247
Еліктің Хажыбқа жауабы

 

Елік айтты: — Шақыр, маған кірсін ол, 



 

Көрейін мен, мені дағы көрсін ол.

 

(Кірсін!— деді ол, — жолығып, бір-бірімізді көрелік, 



 

Сөз — суретші. Жоқ оған көзден əділ төрелік!)

580    Шықты Хажыб. Айтты: — Айтолды барарсың, 

 

Ханға көрін, құт белбеуін тағарсың!




 107

14. АЙТОЛДЫНЫҢ КҮНТУДЫ ЕЛІКТІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ 

(ҚҰЗЫРЫНА) КӨРІНУІ АЙТЫЛАДЫ

 

Кірді Айтолды тағзым етіп, көрінді, 



 

Жүзін көріп ашылды Елік көңілі.

 

Сөз бастады, Елбасына жүгінді, 



 

Сүйіндірді өзін, шырын тілінде.



Еліктің Айтолдыға сауалы

 

Елік: — Кімсің? Атың кім? — деп сұрады, —



 

Қайдан келдің? Қайда ендігі тұрағың?..

 

Айтолды енді сабырменен кеңесті, 



 

Əр сөзінен, білсең, ақыл лебі есті.

585    Сабыр, ақыл — парасаттың белгісі, 

 

Ақылсыз жан хайуанмен тең кісі.



 

Мұны меңзеп шəйір бəйіт қалдырған: 

 

Ісің болса, саспа, баппен тындырғын!



 

Бастарда істі байыбына барып ал, 

 

Асыққандар күйінер де, жаңылар.



 

Барлық істе саспа, сабыр қыл-дағы, 

 

Сабыр тұтса, бектік құрар құл-дағы...





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет