«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет37/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   247
Еліктің Айтолдыға жауабы

 

Сөйледі Елік ашуланып, арқырап:



 — 

Ай, білімсіз, кісі екенсің ақымақ!

 

Қара өзіңе, кім едің сен мен үшін,



 

Қайдан келген мардымсу мен керісу.

645  Қызмет етіп, жоқ сіңірген еңбегің,

 

Пайдаң тиді деуге, жоқ еш бергенің!



 

Қызметіңсіз қадіріңді асырдым,

 

Орын бердім, ал сен мені басындың.



 

Тобығың жастап, жайғасып кеп дендедің,

 

Айтқын, мынау сен отырар жер ме еді!?



 

Сөзімді айттым, сөздеріңді тыңдадым,

 

Мазағың ба, маған көзді жұмғаның?!



 

Кешірдім де, жалғадым сөз — жібімді,

 

Айтқын — неге теріс бұрдың жүзіңді?!



 

650  Естіп, құлақ қоймап па ең ер сөзіне;

 

«Бекке жақын жүрсең,  сақ бол өзіңе!»



 

Айтпап па еді саған атаң,  анаң мен:

 

«Бекке өзіңді теңгерме, ей, балам!» — деп.



 

Құймап па еді, топ басы: «Ұғып тегіңді,

 

Басыңды бақ, басынба, — деп, — бегіңді».



 

Бұл бектер — от!  Отқа жақын бармағын!

 

Егер барсаң — күйіп, күл боп қалғаның!




 112

 

(Бек деген от! Ойнама отпен, жақындап,



 

Күйініп кеп — күл боларсың сақырлап.)

 

Аңғал болма!  Өртің де бір, бек те бір,



 

Өртке түссе — майдай ерір көк темір.

655  Байқап көрсең, бектер от-өрт жалынды,

 

Басыңды үзіп, бас сап сорар қаныңды!



 

Байқап тұрсаң, қорқытар ол бұқтырар,

 

Қорықпасаң, күшпен жасқап ұқтырар!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет