әлі де болса аз ғана,
Қайратыңды таныдым,
Жетіп қапсың жас бала.
бір шыбындай жан тәтті,
барар едім үйіме,
Мені іздеген қайрақты,
Жолығар едім бәріне.
ендігісін өзің біл,
тіл тигізбейін піріңе.
езуін тартып ер шора,
ерлігімен күлді енді.
әлібидің жанының
тәтті екенін білді енді.
—Өлтірмес едім мен сені,
керек деп отыр басыңды,
Өшпенді кісің үйде енді.
күшті кісі едің деп,
кеудесіне мінді енді.
сонда әліби жылайды,
көзінен төгіп қанды жас,
Қан төгілді аралас.
—білдім, шора, аямас,
беделіңе қарамас.
ұртта менің қанымды,
Жеті атаңа болсын ас.
тық шешеңнің к…не,
керек болса, міне, бас.
«Құр айтады»,—деп шора жас,
сақалынан алады.
кеудесінен әлінің,
тізесімен басады.
Аспаһанды ақ семсер[ді]
4880
4890
4900
4910
206
бАтырлАр Жыры
206
207
Алқымынан салады.
кесіп басын алады,
Өшпенді жауым осы деп,
Қылыштың қанын жалады.
Аттанып кетті ер шора,
әліби жатып қалады.
болад деп қандай заманым,
Қырық үйлі тама, нәрікбай,
Қалған екен қамалып.
күңіреніп бәрі шулады,
көрген соң аман баланы.
«Мінекей жаудың басы»,—деп,
Атасының алдына
Алып кеп тарту салады.
таңда махшар күн болса,
Құрармыз ен таразы.
Өзі теңді жігіттің
сұлтаны—шора, қоразы.
егескен жауы өлген соң,
келдесін алып келген соң,
әлібидің өлгенін
тірлікте көзі көрген соң,
шораны берген Құдайға
нәрекем болды разы.
«бүгін алса Құдайға
болмаспын»,—деп,—наразы.
тамалар шулап жылады,
әлібиді өлтіріп,
шора батыр шықты деп,
дүниенің төрт бұрышына
әуезе болып барады.
шабады деп қай күні,
Алған соң әуел бәйгені,
түрікпеннің елінен
Қайрақтыда ес қалмады.
Ал әлібиді өлтіріп, неше күн көрген бейнет, неше күн көрген
қорлық сол күні есінен шығып кетті. енді уақыты қош болып,
қатері жам болып, Құдайға шүкір деп жата берді. шора батыр
4920
4930
4940
206
206
207
ҚиссА нәрікбАй – шорА
әлібиді өлтіргенмен, дұшпанды мұқатқанмен, тамалардың
күндері бұрынғыдан жаман болды. «бұрынғы күніміз күн екен,
жаман күнге енді қалдық,—деп, қырық мың үйлі қайрақты,
қырық мың үйлі айрақты, екі қырық мың бір жерде тұтас
жатқан ел еді, біз қырық ауыл елдің мұны өлтіргенімізбен
ақырында осы шоқпар біздің басымызға тимей кімге тиер,—
деп, әліби екі қырық мың елдің басшысы еді, үкіммен болып
тұрған адам еді»,—деп қайғымен қамкөңіл болды. «егер де
шора біздің сорымызға тумаса, бұл жерде тұрарымызға туса,
Қазанға барар,—деп әңгіме кеңес қылар еді, егер бұл Қазанға
барса, адамның сырттаны бұдан да күшті болар еді»,—деуші
еді. «ол Қазанда есім деген ағасы, ноғайлы тама деген елі бар,
жана үш жүз деген қазақ бар, соларменен әскер жиып келіп,
намыс қылып, бұлар қайғы-қасірет ойласа, біздер сол туралы
жанымызды сақтап тұрар едік,—деп, Қазанға барса ағасы
мен әскер тартып келсе, біз Қазаннан келген ерлерді көріп
көңіліміз раушан болар еді. шора Қазанға бармай мұнда тұрса,
қартайғанда әке-шешесіне бір мехнат салар»,—деп, қырық үйлі
тамалардың адамдары кеңес етті. «Атасы-анасы түрікпеннің
қолында қалып пенде болып көп жапалар көрер ме екен»,—деп,
бұл сөзді шораға айта алмай, сыртынан нәрікбайдың мазасын
алып, сөз қылар еді. бір күні мазасын алып қоймаған соң,
тамалардың адамдарын ертіп келіп, ұйықтап жатқан шораға
нәрікбайдың сөйлеген сөзі еді:
—Жаңбыр жаумай су болды,
пұлы қымбат манатым.
тасқа тиіп мұқалды
балдағы алтын болатым.
нәрікбай қылып басында,
Жақсы қылып, Құдай, жараттың.
Қырық қақпалы Қазаннан,
Алып келіп бұл жайға.
Қырық үйге мені қараттың,
Қырық үй алды мазамды.
басыңды көтер, ер шора,
Құйрығым мен қанатым.
кім көтермес пендеге,
Құданың салған нәубетін.
4950
4960
208
бАтырлАр Жыры
208
209
әлібиді алған соң,
ойлап едім баяғы.
келер деп кеткен дәулетім.
Қырық үйлі қоңсы қылды зар,
басыңды көтер, шоражан.
Айтатұғын сөзім бар,
көтерші басты ұйқыдан,
Өлгенде көрген перзентім,
Қиямет болды бұл күнім,
тұтасты дене, жұлыным.
Айтатұғын сөзім бар,
басыңды көтер ұйқыдан,
тілеп алған, құлыным.
Жаман да болса туғаным,
сыртыңнан сөзін тыңдағын.
Өзім адам болдым деп,
бұларды жерге ұрмағын.
ұлық болсаң кішік бол,
тәкаппарлық қылмағын.
Айтайын деген сөзімді,
Өлгенде көрген, шырағым,
Өз аузымнан есіткін,
Ағаңның айтқан жауабын.
Жаман да болса бұл сенің,
Өз жаманың, туғаның.
Жамансыз жақсы болмайды,
ырысына шыққан жақсысы
Өз жаманын қорғайды.
Жаман біткен денеңді
кесетұғын күн қайда?
бірге туған таманы
көрмейтұғын күн қайда?
Жаманның сөзін тыңдасаң,
түбінде Құдай оңдайды.
Айтатұғын сөзім бар,
шуылдап жаман қоймайды.
Алпыс атан, мұрындық
Қаяққа барса соған бар.
Жаманда қызыр бар деген,
4970
4980
4990
5000
208
208
209
ҚиссА нәрікбАй – шорА
туысқанның тілін ал.
Жаманның айтқан сөзіне,
шырағым, шора, құлақ сал.
кеткеніңді Қазанға
бұл жұрт көрді мінесар.
Қайрақты мен тама боп
Жүрер жан саған қайда бар?
Өлмей тұрсаң көрерсің,
Азғана ауыл таманы
Қараңғы тұман бір басар.
сыртыңнан дұшпан тыңдап жүр,
тамалар естен адасар,
Аман күнде жұрт таппақ,
есен ерге жарасар.
Алты айшылық осы жерден
Атаңның жұрты Қазан бар.
билеп тұрған Қазанды
есім деген ағаң бар.
бұл жерде тұрма, жоқ болып,
ертерек, жаным, соған бар.
Аттанып келер қайрақты,
бір мыңын оның қырарсың,
екі мыңын қырарсың,
он мыңына келгенде,
көпке не айла қыларсың.
Жан көрінбей көзіңе,
Жалғыздық түсер өзіңе.
Жалғызбын деп жыларсың,
саныңды ұрып, арман қып.
Қиындық көрген кезіңде,
саныңды бір күн ұрарсың.
Өзгенің несі кетеді,
Қартайғанда әкеңді
біреуге пенде қыларсың.
көмек берер адам жоқ,
Құдайдан басқа панаң жоқ.
Өзің жалғыз, көбің жоқ,
көпке айтар сөзің жоқ.
екі қырық мың қайрақты,
14–253
5010
5020
5030
5040
210
бАтырлАр Жыры
210
211
тұтасып кетер қырық мың боп.
әліби—жұрттың егесі,
Жоқтаусыз қалар деймісің.
Қартайғанда әкесін
Қайрақты олжа қылды деп,
боларсың жұрттың кеңесі.
тілімді алсаң Қазан бар,
Қазанда есім ағаң бар.
Жаманды-жақсы болса да,
туысқан еді ер есім.
Жоқтамай қалар демесін,
Айтайын ақыл мен енді.
Қазанға бар сен енді,
сен Қазанға кеткен соң,
шыным, дұшпан келмейді.
ноғайлы, тама намыс қып,
есім ер мұнда келеді.
Қазан бар деген себебім,
Өзіңнен де жақсының
сырты күшті деп едім.
Қазанға шора кетті деп,
сыртымнан дұшпан келмеді.
сен Қазаннан келгенше,
Мұндағы қалған ел-жұртың
бір тыныштық көреді.
көптің оғын көмектеп,
Жоғалса табар, қоймайды.
Жалғыздың оғы жоғалса,
Жан ашыры табылмас.
кейінді ойлап, шырағым,
көпсіз жүйрік шабылмас.
ұлтандай жатқан ел екен,
егессе, бізге не қылмас.
бұл жерде жалғыз болғанмен,
Қазанда жалғыз емессің.
Қазанға барсаң тұз айдап,
неге келдім демессің.
Менің тілімді ал, балам,
түбінде қайғы жемессің.
5050
5060
5070
210
210
211
ҚиссА нәрікбАй – шорА
түрікпен қылар көптігін,
таманың көрдім секілін.
бүгінде балам қайтқан жоқ
әлі ешкімнен екпінің.
Қазанға кеткін, қарағым,
боласың қапы соңғы күн.
шырағым, ерте Қазан бар,
Қазанда есім ағаң бар.
Қалай мені жоқтамас,
дұшпаныңды айтып соған бар.
дұшпанда ағаң қалды деп,
түрікпен қамап алды деп,
Жәкең сәлем айтты деп,
көремін бе сені деп,
осы елден болған сараға,
нәрікбай қайғы жеді деп,
ертерек іздеп елге бар.
ел-жұртың есітіп,
көрмекке сені ынтызар.
Алты айшылық арада
Жүретұғын жолы бар.
Қырқылмаса қанаты,
Алты айда да жеткізер,
Қазанға сені байшұбар.
осындай нәрік айтады.
кетері кет деп айтса да,
көңілі жоқ қиғандай.
нәріктің айтқан бұл сөзін
тұрды шора жақтырмай.
Құлағына салған соң,
бетін ашып алған соң,
келді тама шуылдап,
Қазанға барғын, шора,—деп,
тыныштық бермей былшылдап.
«кетпесең бізді қырғын»,—деп,
тыныштық бермес ыңылдап.
Қаршығаға ерген қарғадай,
Қалмады тама соңынан.
5080
5090
5100
5110
212
бАтырлАр Жыры
212
213
«Қайрақтыға қырғызбай,
Өзің-ақ қырғын қолыңнан».
таманың қылған қорлығы,
әлібиден қаттырақ,
шораның кетпес ойынан.
кететұғын көңіл жоқ,
кетпейтұғын жолы жоқ.
кетпес еді Қазанға,
Өзіне серік елі жоқ.
елі жоқтың белі жоқ,
Жалғыздың көпке сөзі жоқ.
Адасса, қалар далада,
бастап жүрер елі жоқ.
—әлібиді өлтірдің,
ерден ердің кемі жоқ.
Өзім де, балам, қимаймын,
түбінде бармай ебі жоқ.
бұл сөзді айтып нәрікбай,
Жүріп кетті үйіне.
бар деуге қимай баласын,
Қой деуге қимай тамасын,
көзінің жасын сел қылды
екі ауылдың арасын.
түрегелді ер шора,
баратұғын көңіл жоқ.
әкесі айтса не шара,
Атқа мініп сандалып,
не қыларын білмеді.
неше күн жүрді ойланып,
«Қырмасаң бізді, Қазанға
барыңыз»,—деп тама жүр.
Айрылмаймыз, жәке, деп,
соңынан өңкей бала жүр.
сол уақытта шораның
ойран болды ақылы.
Қазанға кет деп жылайды
әкесінің жақыны.
Қалмаймыз деп шуылдап
5120
5130
5140
5150
212
212
213
ҚиссА нәрікбАй – шорА
таманың қыз-қатыны.
не қыларын білмейді
Қасиетті күлқаныс.
бар дейін десе шораға
Қазан деген бір алыс.
бармасын десе ер шора,
түрікпен жатыр қып намыс.
әлғал шора атанып,
Қайғыра берсін несіне.
Жалғыздығы түседі
ерте менен кешіне.
шауып шықты баяғы
Өзі туған жеріне.
белеңнің қайқы төсіне,
тап төбенің басына
шауып шора барады.
Қорамсаққа қол салып,
Қозы жауырын оқ алып,
оқты бір жерге қағады.
Қырық үйлі тама, бес ауыл,
бір бөрік құрлы көрінбей,
бөркіне ақыл салады.
«берекесіз қу тама
Алды менің мазамды.
көздейсің білем шамасы,
Атамнан қалған Қазанды,
Қайрақты отыр ойында.
болжап алды-артымды,
біліп отыр шамамды.
іздейтұғын көңілім жоқ,
нәрікбайды жылатқан,
Атама дұшпан адамды.
тағы да ойлап білемін,
одан жақын табарды.
Жалғыздығы құрысын,
ерлерге қайғы салғанды.
біздер кімге шікара,
не ерлер өткен қайғырып,
бұрыннан соңғы қалған-ды.
5160
5170
5180
5190
214
бАтырлАр Жыры
214
215
Мың тамаға бермеймін
Мұндағы жаман баламды.
Мен кеткен соң кім бағар
Ата менен анамды.
біз түгіл өткен көп ерлер,
бөркіне ақыл салғанда
екеу-екеу екі аға,
барамын ба Қазанға,
бармаймын ба Қазанға,
барсам қиын болар ма
Мұндағы қалған тамаға?»
Ақыл салып бөркіне,
Қарғып мінді алаға.
бір қиял түсіп балаға,
Өсіп-өнген жеріне,
Жетіп келді ер шора.
Жайық деген өзенге,
көп шомылған көліне.
—ей, Жайығым, Жайығым,
Жағалай жатқан қайығың.
Өзіңде өзім тусам да,
түбім бөтен екенмін,
бұл жолда менің айыбым.
түрікпеннің зорынан,
Аз таманың қорынан,
болмаса білем дайыным.
бала боп өстім бойыңда,
Құлындай аунап бауырыңда.
Құрығыңды кесіп ап,
сүйретіп едім қарымда.
Мың жылқыны гулетіп,
тоғанының бойына,
ойнасам ойыным қанбады.
Өзеніңді жайлаған,
Өскен елдің тойына,
сендей өзен таусылмас,
ел жатуға дария.
Ақ Жайықтай жер жоқ деп,
5200
5210
5220
5230
214
214
215
ҚиссА нәрікбАй – шорА
Айтушы еді қария,
енді кетіп барамын.
Өзіңде туған ер шора
Амандаспай кетті деп,
Артымнан менің налыма.
Арқыраған суы бар,
Аспанға жеткен буы бар,
суыңнан ішкен жолаушы,
Жеткенше саған ынтызар.
еніңе көзім жетпейді,
ішіңнен елім кетпейді.
шүйгініңді жерде жоқ,
Қыраңдығың көлде жоқ.
туған жерін сағынбай,
Жүретұғын мен де жоқ.
Жерден бұрын көктейді,
сүйрігің тәтті, сүттен ақ
таңдайымнан кетпейді,
Аман болғын, Ақ Жайық.
онан соң келіп бір жерге,
—Ассаламағалейкүм,
Атама қоныс, Қоғалы,
ешкілі мен обалы.
сен—Қоғалы деген көлімсің,
кірім жуып, кіндігім
кескен жерім сенбісің.
Өзіңде туған бала еді,
Қоштаспай кетті дермісің,
Мен барамын Қазанға.
тұрар заман болмады
Амандасып жеріне.
әр қиял түсіп көңіліне,
Арыздасып қоштасты
Өсіп-өнген жеріне.
онан соң келіп үйіне,
Атасынан бата алып,
елге сәлем дат алып,
Жау жарағын байланып,
Жүрмекке шора сайланып.
5240
5250
5260
5270
216
бАтырлАр Жыры
216
217
нәрікбай мен күлқаныс
батасын берді зарланып:
—Құлыным, шора, шырағым,
Алладан жетсін мұрадың.
сені сұрап Құдайдан,
Жеті жылдай жыладым.
сөйткенде көрген, шырағым,
бір Құдайға тапсырдым.
бабай түкті шашты әзіз,
Айналайын атыңнан.
ұмытпа, балам, жадыңнан,
сиынсаң қолдар бабаң бар,—
деп, нәрікбай мен күлқаныс жана қырық үйлі тамалар бәрі
амандасып, қоштасып, әуелі Құдайға, екінші, пірлеріне тапсы-
рып, бата беріп, мойындарына бұршақ салып, есендігін сұрап
қала берді. енді шора батыр алты айда Қазанға жетіп барады.
барса, Қазанның шетінде бір күрке тұр екен. бір кемпір тезек
теріп жүр екен, шора соған барды. кемпір шораны: «Аман
келдің бе?—деп бетінен сүйіп, әке-шешең аман ба?»—деп аты-
нан түсіріп алып көрісті. күркеге ертіп келді, бір шал отыр
екен, шал шорамен көрісіп: «Аман-есен келдің бе? нәрікбай
мен күлқаныс аман ба?»—деп жыласып отырды. ол ақсақал
нәрікбайдың уәзірі еді. Қазанды қалмақ алып, Қозбанбет, са-
дыр деген қалмақ патша болып билеп тұрған еді. шал ақсақал:
«Қарағым, шора, кірің болса жуғызып, шаңың болса қақтырып
жата бер»,—деді. шора шұбар атқа мініп, Қозбанбет, садырға
келіп:
—есім қайда?—деді.
—есім қазір зынданда жатыр,—деді. шора:
—шығарып бер,—деді.
—Жаумысың не елмісің?—деді Қозбанбет.
садыр:
—елміз,—деді.
—ел болсаң шығар,—деді. сонда шорадан сескеніп есімді
зынданнан шығарып берді. есімнің шашы, сақалы белуарына
түсіп еді. есім мен шора көрісіп, жылап: «нәрекем бар ма,
аман-есен бе?»—деп жылады. шашын алып, мұртын басып
жеті жылғы ту қара биенің қазысына бөлеп, қалжалап,
5283
216
216
217
ҚиссА нәрікбАй – шорА
кемеліне келтіріп, қалмақты шауып, Қозбанбет, садырды
ұстап алып, басын кесіп өлтіріп, екеуі тізе қосып, қорада өлген
қалмақты арбалап тысқа шығарды. енді Қазан елінен көп әскер
алып түрікпенге жөнеді. түрікпенге келіп, таманы үш қабат
шауып алған екен, келе-ақ шауып жіберді. сонда Қарахан:
«нәрікбай деген достым, шора деген құрбыма сәлем,—деп
елші жүргізіп,еліме амандық бер»,—деді. сонда қалған еліне
амандық берді. әлібидің қызы Ақсұлуды сексен нарға алтын,
күміс жасау арттырып шораға ұзатты. түрікпенді Қараханға
бағындырып, патша қып қалдырды. енді нәрікбай Қазанға
келіп тағына мініп, патша болып дәурен сүрді. содан кейін
шора Қазанда нәріктен соң хан болып, үкім жүргізіп, қалмақ,
қазақ халқын өзі сұрады.
218
219
Алаш-алаш болғанда,
Ала тай ат болғанда,
орманбет хан өлгенде,
басы саулар күлгенде,
он сан ноғай бүлгенде,
Қазан деген қалада,
Қырық мың үйлі тамада
нәрікбай деген бай еді,
төрт түлікке сай еді.
Қызыл ала сиырдан,
Ақты-бозды қойынан,
тоқсан тоғай жылқыдан,
Ат басындай алтыннан,
Қой басындай күмістен,
күмістің қанша пұлынан
ысабы жоқ бай еді,
Қазына малы көп еді.
бұйра сақал құлынан,
шүйке басты күңінен
дүниеге көңілі тоқ еді.
сазандының елінен
Алды бір қыз деп еді.
тумады бұл қыз кешігіп,
келгенге қанша жыл болды.
сұрасаң, аты—Құлқаныс,
елуге жасы кеп еді.
сол жерлерге келгенше,
бір перзенті жоқ еді.
Арамға аузын ашпаған,
Ер
Шора
(Молда Мұса нұсқасы)
10
20
218
219
ер шорА
дәретсіз жерді баспаған,
екі қолы жағада,
Аузында дәйім тоба еді.
Жайлаған таудың бұлағы,
Жайқалған шалғын құрағы.
перзент деген, жақсылар,
Адамзаттың шырағы.
сонша дәулет бітсе де,
бір перзенттің жоғынан,
нәрікбай мен Құлқаныс[тың]
болмады көңіл тұрағы.
Анда-санда аңырап,
Жылаушы еді зарланып
киіктей өлген лағы.
сол уақытта тамаға
әлімхан деген хан еді.
Хан-қарасын билеген
есім ер деген бар еді.
Қайратына мас болып,
Қаңтарда нардай жарады.
Қалмақтармен соғысып,
неше жерде тоғысып,
іздегені қазақтың
намыс пенен ары еді.
Қайып ерен қырық шілтен,
ұрысқа есім барғанда,
шылауында жар еді.
сол есім мен нәрікбай
бір туған еді анадан.
Қорқушы еді есімнен
Қарайған халқы, жалпы адам.
екпіндеген ерлердің,
талайын тұсап матаған.
ұстамай дұшпан жағадан,
сыйлаушы еді ағасын.
Қабағына көп қарап,
перзентсіз көңілі қапа еді.
нәрікбай мен есімнің
Жан бетіне қарамай,
30
40
50
60
220
бАтырлАр Жыры
220
221
Жатушы еді жылқысы
Ақ теңізді жағалай.
шалағайы берік боп,
озған еді шабаны.
Үйде отырып ерігіп,
Үйінен шықты бай нәрік.
көп жылқысын аралап,
сол уақытта, жақсылар,
Құдіретімен Құдайдың
теңіз тасып жасырды.
Жылқысында нәрікбай
көріп тұрды бұл сырды.
Қара суды қақ жарып,
ішінен шығып бір шұбар,
оқыранып шауып кеп,
көп жылқыға қосылды.
Үйірінен нәрікбай,
Жылқысында көрген жоқ
бұл сияқты мүсінді.
нәрікбайға, жақсылар,
бір баланың дағы өтті.
Құдіретіне Құдайдың
көнбеймін деген халат-ты.
Жақсылық сөз—жарым ырыс,
бұл бұрынғы әдет-ті.
көз жасымды көргей деп,
егесін мұның бергей деп,
шауып барып бай нәрік,
шұбар аттан тәу етті.
сол уақытта, жақсылар,
тұлғасы басқа шұбардың
ұшқанша басар аяғын
тарғақ пенен қулардың.
көзі шолпан жұлдыздай,
Жүні сусар құндыздай,
ілеспейді үстіне,
шаң менен тозаң шұбардың.
нәрікбай сонда сөйледі:
—Ай, жануар, шұбар ат,
70
80
90
100
220
220
221
ер шорА
Мақпалдан дорба ілейін,
Үстіңе сенің мінгендей,
егеңді ақтан тілейін.
көрсетсе Құдай бір жарық,
тілеуін тілеп жүрейін.
бермесе Құдай шарам не,
Қартайсам да өзім мінейін.
екпініңді байқасам,
ескен желмен бірдейсің,
Құбылып ойнап жер басып,
басқа малдай жүрмейсің.
шұбардың түрі неше алуан,
Ақ пенен қызыл гүлдейсің.
бір қалпына қарасам,
Қайратыңды байқасам,
күркіреген күндейсің.
Қартайғанша бағайын,
тілләдан қазық қағайын.
бір перзентке, жануар,
тілеулес болып жүргейсің!
нәрікбай асқан бай еді,
Құдай берген несіпті,
төрт түлікке сай болып,
ысапсыз малы өсіпті.
сол жерлерге келгенше,
Құлқаныс тумай кешікті.
көрсетпеді бесікті.
судан шығып келгенін,
нәрікке Құдай бергенін,
інісі есім есітті.
Ат екен деп есітті
көгерткендей бір ерді.
көңіл қылды есім ер,
шұбар атты тілерді.
Қартайып, жасып бай нәрік,
баладан үзген күдерді.
«бай нәрікке баршы,— деп,
Құлағына салшы»,—деп,
110
120
130
140
222
бАтырлАр Жыры
222
223
шұбар атты тіленіп,
бір адам есім жіберді.
Жіберген адам келеді,
сөзге шорқақ ер еді,
көкірегі көр еді.
Ханға да болса бір айтқан,
сондай өзі ер еді.
нәрікбайға жолығып,
иіліп сәлем береді.
сәлемін алып бай нәрік,
«Жол болсын, балам? »—деп еді.
сол уақытта ол адам,
сөйлейін деп алқынып,
Құрбақадай кебеді. Достарыңызбен бөлісу: |