«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Қызылбасқа барма,—деп,

Жылап сұрап тұрғанда,

Ағеке, не деп тұрғаның?

Басыңа қиын іс түссе,

Кім болар сенің құрбаның?

Жалғыздығың ағеке,

Менің жылап тұрғаным.

Сонда түсер есіңе

Атадан жалғыз туғаның.

990


1000

1010


1020

340

БАТыРлАР  ЖыРы

340

341


Исадан туған бес батыр

Бұларды үлгі қыларсың.

Ақсүңгі неге жыласын,

Бірін-бірі жауға тастамас,

Атадан бірге туғасын.

Туған түгел жасымас,

Қасыңа ерген жолдасың.

Атадан жалғыз туғаның 

Басыма қайғы салып тұр,

Қайғының ауыр саудасын

Сапарыңды бересің,

Саудаға түсер сау басым

Басқа түскен сауданы

Пендеге Құдай салмасын.

Қарасай, Қази—қос батыр

Бұлар да кетіп баратса,

Ақ Қибат неге жыласын.

Қарасай жауда қалғанда,

Қази барып алмай ма?

Қази жауда қалғанда,

Қарасай барып алмай ма?

Туысқан туған болмай ма?

Туысқаны болмаса,

Жалғыз, �іркін, �ырқырап,

Жауда басы қалмай ма?

Осы айтқанды ағеке,

Ойласаңыз болмай ма?

Ағасы қалса, іні алар,

Ағайынды екеуі

Бірі қалса, бірі алар.

Жазатайым іс болса,

Сен қасқаны кім алар?

Осыны айтып Әділге,

Қарындасы жылады.

—Жалғыз едің, кетпе—деп,

Сапарың бер,—деп сұрады.

Қарындасын қия алмай,

Көзінің жасын тия алмай,

Әділ жылап жүргенде,

1030


1040

1050


1060

340

340


341

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Сол уақыттар болғанда,

Күн ортадан ауғанда,

Қарындасын қия алмай,

Не дерін Әділ біле алмай,

Қайғыменен тұрғанда,

Қарасай, Қази тұра алмай,

Әділ досын қия алмай,

«Қалама»,—деп қауіп жеп,

Қызыл, жасыл екі ту

Қолдарына алады.

Дос Әділдей бола ма?

Аламанды жүргіздім,

Құмырсқадай өргізіп.

«Орақ» деп ұран салады.

Орақ деген дауысқа

Сүйегі қызып Әділдің,

Бұл да кетіп барады.

Желке айдары желкілдеп,

Көзінің жасы мөлтілдеп,

Мұңды болған бей�ара

Жылап-еңіреп қалады.

Әділ жөнеп жатқанда,

Анасы �ауып келеді,

Баласын сонда көреді.

Көреді де би анасы,

Көзінің жасын төгеді.

Елімегін жастап сұлаулы 

«Шырағым, жүр» деп жылады,

Көзінің жасын бұлады.

Жылап тұрып анасы:

«Сапарың бер»,—деп сұрады.

Ше�есін көріп жастағы,

Мойнын келіп бұрады.

Сонда анасы толғады:

—Айналайын, �ырағым,

Қызылбас болды құмарың,

Сапарыңды сұрадым.

Жолы қиын сапар,—деп,

Есітеді құлағым.

1070


1080

1090


1100

342

БАТыРлАР  ЖыРы

342

343


Сен кеткесін, �ырағым,

Күнім болар бір қысым.

Қысым енді жаз болды,

Қа�ан келер жыл құсым.

Қорқытып кетті, құлыным,

Үйдегі көрген бір түсім.

Барасың қайда, Әділім?

Сен кеткесін, �ырағым, 

Болмады менің сабырым.

Жоқ еді сенің аға-інің,

Жас та болса әр жерге

Кетіп еді дабысың.

Қызылбас мықты ел,—деймін,

Аламаны зор,—деймін.

Барған адам келмейді,

Бұрынғы өткен ерлердің

Ала алмаған жер,—деймін.

Жалғыз едің, �ырағым,

Сапарыңды бер,—деймін,

Көз жасымды көр,—деймін.

Қызылбасқа кетерсің,

Қиын жолға жетерсің.

Ем�егім сүті ақдария,

Болып �ықса алдыңнан

Одан қалай өтерсің?!

Көзімнің жасы көлдария,

Толып �ықса алдыңнан

Одан қалай өтерсің?

Бара жатқан жолыңның

Талай қиын жері бар,

Ү� ай�ылық �өлі бар.

Аспанменен тірескен,

Бұлтпенен күрескен,

Асқар биік тауы бар,

Қалай одан өтесің?!

Астыңда мықты жауың бар,

Жауға не амал етесің?!

Ақ сүт берген анаңды,

Қарындасың Ілия,

1110


1120

1130


1140

342

342


343

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Жолын тапқан дүние

Тастап неғып кетесің?!

Сонда Әділ сөйледі:

—Тұр десе де тұрмады,

Жылама, анам, жылама,

Жыламай көңілің тына ма?

Осы сапар, анам-ай,

Сапарымды сұрама.

Қырық мың әскер ергесін,

Бармай балаң тұра ма?

Қолыңда болса бұл жолға

Бір тәуекел етермін.

Бармай қалсам бекермін,

Бара жатқан жерімде

Алты ай�ылық жол болса,

Алты ай жүріп жетермін.

Алдымнан �ықса қиын жол 

Бұзып-жарып өтермін.

Көзіңнің жасы көлдария

Болып �ықса алдымнан

Көпір салып өтермін. 

Қырық мың әскер қолым бар,

Қол бастаған ерім бар,

Ем�егің сүті ен дария

Болып �ықса алдымнан

Түсіп оған кетермін,

І�іп сонда өтермін.

Алты ай�ылық жол болса,

Алты ай�ылық азықпен

Қызылбас жауға жетермін.

Ү� ай�ылық жол болса,

Жай бұлтты жандырып,

Әскерімді қондырып,

Шөлдетпей өтіп кетемін.

Асқар биік тау болса,

Жалғыз аяқ жол салып,

Әскерімді �ұбыртып,

Жол салып сонда өтермін.

Қызылбас мықты жау болса,

1150


1160

1170


1180

344

БАТыРлАР  ЖыРы

344

345


Қырық мың әскер қолым бар,

Қол бастаған ерім бар,

Барып сойқан етермін.

Қиын болса бұл жолға

Бір тәуекел етермін.

уайым айтпа, анам-ай,

Маңдайымнан көрермін.

«Түс түлкінің боғы» деп,

Айтып кеткен бабамыз.

Қорықпа түстен анам-ай,

Тап�ы қылды Құдайым,

Іні менен ағадан.

Күні бүгін болғанда,

Ағам менен ініме,

Қайда ізі деп таба алмай,

Жалғызбын деп балаңай

Сапарынан қаламай.

Қайта бер, анам, еліңе.

Қырық мың үйлі ноғайға,

Ноғай түгіл талайға

Бас�ы болған кісі едім.

Сізден жауап сұрамай,

Көре алмайтын күн болса,

Таңда мақ�ар күнінде

Сонда іздеп табармын.

Осылай деп ер Әділ,

Анасына жылады.

Қайтпағасын анасы,

Амалы құрып тұрады.

«Жолың болсын балам,—деп,—

ылажым жоқ, Алла»,—деп,

Батасын беріп анасы,

Көтеріп алып қолдарын:

—Бір жаратқан Құдайым,

Он сегіз мың ғаламды.

Абзал қылып жаратып,

Көретін ісін адамның

Жазып қойдың қаламын.

1190

1200


1210

344

344


345

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Жаратқан Құдай, Жаппар-ай, 

Ете гөр мықты жалаңды,

Панаңызға тапсырдым,

Әділ жалғыз баламды.

Әулиелер, пайғамбар,

Жәрдем берің балама?!

Бересің өзің панаңды.

Ерлердің пірі ер Ғали,

Жеті ғайып пірім-ай.

Жеті жердің і�інде

Ақ �алмалы пірім-ай!

Пірің еді, �ырағым,

Қысылғанда есіңе ал,

Пайдасы тиер өзіңе.

Сөйлеме жатқа сырыңды,

ұмытпа, балам, піріңді.

ұмытып кетсең, балам-ай,

Көрерсің, балам, қиынды,

Көрмейсің қайтып Қырымды.

Айтып болып тарқаттым

І�імдегі �ерімді.

Ердің пірі ер Ғали,

Тапсырамын саған-ай

Әділ жалғыз ұлымды.

Құлағың сал сөзіме,

ұмытпа, балам, ұмытпа,

Жеті ғайып піріңді.

Қысылған жерде есіңе ал,

Пайдасы тиер өзіңе.

Сөйлеме жатқа сырыңды,

ұмытпа балам мұңыңды.

ұмытып кетсең, балам-ай,

Көрмейсің қайтып Қырымды.

Сені қа�ан көрген�е,

Жолдан аман келген�е,

Көре алмайтын болады.

Бір Аллаға тапсырдым,

Әділ жалғыз ұлымды.

1220

1230


1240

1250


346

БАТыРлАР  ЖыРы

346

347


Бақытыма Құдай көремін,

Анасы Аққа қол жайып,

Батасын беріп жылады.

Анасының батасын

Әділ тұрып алады.

Ақ сүт берген анасын

Және қарындасын да,

Әділ бала қия алмай,

Көзінің жасын тия алмай,

Қолдан қалып тұрады.

«Орақ» деп ұран �ақырып,

Тасыған судай жапырып,

Қол жөнеліп барады.

Есітіп Әділ тұра алмай,

Ше�есімен қо�тасып,

Бұл да кетіп барады.

Екі мұңды жыласып,

Амалы жоқ қалады.

Жөнеліп кетті жас Әділ,

Бұрынғы өткен ерлердің

Бара алмаған жеріне.

Екі мұңды жыласып,

Әділменен қо�тасып,

Қайтып кетіп барады.

Қырымдағы еліне

Әскер кө�іп жөнелді.

Көп жасаған Қоянақ

Көпті көрген кең еді.

Көрмеген жерін білетін,

Көңілі сергек ер еді.

Адастырмай әскерді,

Қолды бастап келеді.

Бірне�е күн жол жүріп,

Азғана емес, мол жүріп,

Бір күні талтүс болғанда,

Күн алты айға толғанда,

Қамысты көк қияқ көл,

Қоянақ қартқа сынақ көл

Осы көлдің басына

1260


1270

1280


1290

346

346


347

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Шар�ап келген көп әскер

Қонып тыным алады.

Әскер тыным алған соң,

Жолын байқап қарады.

Қиға� деген Алатау

Асқар бұлтпен күрескен

Мұнарланып тұрған-ды.

Мұнарланып тұрғанын

Әділдің көзі �алады.

Сонда есіне түседі,

Жалғыздықтың жаманы-ай.

Қан�а мықты болса да,

Табандасып жалғыздық,

Тұра алмады табаны.

Жалғыздық түсіп есіне,

Сонда Әділ сөйледі:

—Қарасай, Қази ер едің,

Екі достым сен едің.

Сен атадан екеусің,

Атадан жалғыз мен,—деймін.

Қырымнан �ығып жүрерде,

Екі досым не дедің?

Айтқан сөзің �ын болса,

Жана бір жауап бер,—деді.

—Әділ достым сен едің,

Саған жолдас мен едім.

Осы қырық мың әскердің

Билігі сенде,—деп едім.

Айтқан сөзді біл,—деді,

Жалған емес, �ын,—деді.

Осы қырық мың әскердің

Билейтін ханы сен,—деді.

Қиға�тың биік тауына,

Қызылбастай жауына

Қолды бастап жүр,—деді,

Сонда Әділ сөйледі:

—Қол бастаған Қоянақ,

Саған жолдың бәрі анық.

Қоянақ қартым, кел,—деді,

1300


1310

1320


1330

348

БАТыРлАР  ЖыРы

348

349


Жолдас алып қасыңа,

Жаудың жолын көр,—деді.

Таудың қиын тастарын,

Жүре алмайтын жолдарын,

Көріп байқап қажыма,

Хабарын жылдам бер,—деді.

Исадан туған Серігім,

Қиын жолда жүргенім

Осындай қиын болды ғой.

Пайда тиер,—деп едім,

Серігім ерді дегенде.

Қызылбастың қаласын

Талқан қылар,—деп едім.

Қоянақ батыр, ер,—дейді,

Таудың жолын көр,—деді.

Жүре алмайтын жолдарын,

Таудың қиын бағдарын

Анық барлап көр,—деді,

Жол хабарын бер,—деді.

Көріп келген жолыңа

Қолды бастап жүр,—деді,

Екеуің атқа мін,—деді.

Қаратаудың басына

Жалғыз аяқ тар жолға

Салып жетіп кел,—деді.

Қиын жолды көргесін,

Кеуліме қайғы енеді.

Қоянақ қарт пен Серігі

Тар жолға батып кірмеді,

Кірейін десе сенбеді.

Бұрғымен тескен тесік бар,

Қиялмен келіп қараса,

Ерге де мүмкін кесір жол.

Жолды көріп Қоянақ,

Атының басын бұрады.

Екі батыр кеңесіп,

Қатты уайым �егеді.

Кірмесе де тар жолға,

Жолды көріп барлады.

1340


1350

1360


1370

348

348


349

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

«Бұған кіріп болмас,—деп,—

Кірген кісі оңбас» деп,

Қоянақ басын �айқады.

Жолды жүріп көргеннен,

Тау басына қайтады.

Қоянақ қайтып келеді,

Жас Әділді көреді.

Қарасай таудың хабарын

Қайтып келіп береді.

Келіп қартың сұрады,

Келе сөйлей береді:

—Бір жейтұғын жем ү�ін

Қар�ыға барып түседі

Шайтанның құрған торына.

Барып келдім, Әділ хан,

Қызылбастың тауына,

Қорғасынның жауына.

Есіткеннің бәрі рас,

Биіктігі тауының

Халықтап ұ�қан қара құс

Жекелей ұ�ып �ыға алмас.

Төрт аяқты аң түгіл

Құстар ұ�ып қона алмас.

Етегін зерлеп қарасаң,

Биік ұлпа Қызыл құм,

Атой �ылап �аба алмас.

Бұрғыменен тескен жол

Адам барып көре алмас.

Жалғыз адам болмаса, 

Екі адам қатар жүре алмас. 

Сондай қиын жол екен, 

Тілімді алсаң қайталық, 

Алдырмайтын ел екен. 

Жолды барып барлаған, 

Жалған айтар мен бе едім. 

Жалғыз аяқ тар жолға 

Батылым барып кірмедім. 

Қол бастаған ер Әділ, 

Ендігісін өзің біл. 

1380


1390

1400


1410

350

БАТыРлАР  ЖыРы

350

351


Сонда Әділ сөйледі: 

—Қоянақ қартым, не дедің, 

Жолды оңай демейсің, 

Елге қайтар деймісің, 

Жолды барып көргесін, 

Неге түсіп көрмейсің? 

Қырық жыл қырғын болса да, 

Ажалың жетпей өлмейсің. 

Кірмегесін і�іне, 

Жол мәнісін білмейсің. 

Жолдың арғы �етіне, 

Қызылбастың кентіне, 

Барып неге келмейсің? 

Анықтап көріп көзіңмен, 

Сөйтіп бізге хабарын 

Қорытып неге бермейсің? 

Исаның ұлы Серігім, 

Қоянақ қартың қасыңа 

Қосып сені жібердім. 

Тар жолға қорқып кіре алмай, 

уайым айтып келгенің 

«Ер» деп мақтап жүрсем де, 

Жоқ екен байғұс жүрегің. 

Осыны айтып болады

Ахметке жолығады. 

Исадан туған Ахмет, 

Алладан болсын рахмет.

Жолдасын тастап кетуге, 

Жаманға қиын ақырет. 

Бұйырамын тар жолға, 

Бұл сөзімді мақұл ет. 

Өлімге басын байлаған, 

Алмасын тасқа қайраған. 

Қолтығына қол салып, 

Аждарларды барлаған.

Сен қа�аннан ер едің, 

Артық туған ер едің. 

Осындай қиын тар жолда 

Пайдасы тиер,—деп едім. 

1420


1430

1440


1450

350

350


351

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Қиын жерде болмаса, 

Пайдаңды қа�ан көремін. 

Алабас атқа мін,—деймін, 

Белге қару іл,— деймін. 

Қоянақ пен ер Серік 

Бұлар қорқып кірмейді. 

Тау басынан қайтыпты, 

Хабарын дұрыс бермейді. 

Көрмегесін тар жолды, 

Сөзіне адам сенбейді. 

Әй, Ахмет сен,—дейді, 

Бұйырамын мен,—деді. 

Жалғыз аяқ тар жолды, 

Таудан құлап көр,— дейді. 

Жолдың кіріп і�іне, 

Хабарын жылдам бер,—дейді. 

Бұйрығымен Әділ хан 

Алабас атқа мінеді, 

Беліне қару іледі. 

Алабас атты қам�ылап, 

Алтын туы жарқырап, 

Тауға �ауып жөнелді. 

Қаратауға Ахмет 

Салып жетіп келеді. 

Тау жағалап �абады, 

Оттай лаулап жанады. 

Бұрғымен тескен тар жолды,

Мұның да көзі �алады. 

Тау басынан еңкейіп, 

Жолды байқап қарады. 

Жалғыз аяқ тесік жол, 

Адам жүрмес тесік жол. 

Төмен түсіп жүрген соң,

Тау басына қарады. 

Атын келе қаңтарды, 

Жолдың түрін байқады, 

Мұның да жауы қайтады. 

Пірлеріне сиынып, 

Ахмет жолға келеді. 

1460


1470

1480


1490

352

БАТыРлАР  ЖыРы

352

353


Ай балтасын көтеріп, 

Қара тасқа ұрады. 

Қара тасын қопарып, 

Көбін алып тастады. 

Бір уақыттар болғанда, 

А�уменен долданып, 

Айбалтасын ұрады. 

Қандай қайтпас болса да, 

Айбалтасы сынады. 

Айбалтасы сынғасын, 

Ахмет батыр жылады. 

Исаның ұлы Ахметтің 

Сөйтіп жолы болмады. 

Айбалтасы сынғасын, 

Ахмет қарап тұрмады. 

Аузын а�ып кереді, 

Тісіменен қопарып, 

Біраз тасты алады. 

Бір уақыттар болғанда, 

Бір тасқа аузын салғанда, 

Тісі сынып қалады. 

Екеуі сынып қалғасын

Амалын таппай тұрады. 

Аузы болып қызыл қан, 

Тұлпарына мінеді. 

Тауға ылаж таба алмай, 

Бұл да қайтып келеді.

Қайтып келіп Ахмет, 

Былай�а жауап береді: 

—Жұмсаған Әділ сен едің, 

Тауға барған мен едім. 

Жалғыз аяқ тар жолды 

Көріп кел, маған,—деп едің. 

Жұмсағасын бұйырып, 

Тауға қарап жөнелдім. 

Тау хабарын айтайын, 

Тындасаңыз Әділ хан. 

Бір жейтұғын жем ү�ін, 

Қар�ыға барып түседі, 

1500


1510

1520


352

352


353

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Шайтанның құрған торына. 

Қуанады адамдар 

Жеті мү�е сауына. 

Барып келдім, Әділ хан, 

Қиға�тың биік тауына. 

Бармайтұғын жер екен, 

Қызылбастың тауына. 

Қара�ы менің аузыма, 

Балтам сынып қалғасын, 

Салып едім аузымды 

Қиға�тың биік тасына. 

Цементпен құйыпты,

Жалғыз аяқ жолын да. 

Кірейін десем сенбедім, 

Сөзімнің болмас жалғаны, 

Жалған айтар мен бе едім, 

Жалған емес �ын,—деймін. 

Биіктігі тауының 

Тікелей ұ�қан қара құс, 

Басына ұ�ып �ыға алмас. 

Етегін байқап қарасаң, 

Биік ұлпа Қара құм. 

Ат қиялап �аба алмас, 

Адам оған кіре алмас. 

Жалғыз адам болмаса, 

Екі адам қатар жүре алмас.

Сондай қиын жол екен, 

Жолы қиын бұл екен. 

Тілімді алсаң, қайталық, 

Алдырмайтын ел екен. 

Жалған айтар мен бе едім, 

Батылым барып жүрмедім, 

Кірейін десем сенбедім. 

Мұндай қиын тар жолды 

Өмірімде көрмедім. 

Жол бастаған ер Әділ, 

Ендігісін өзің біл, 

Алдырмайтын ел екен. 

Сонда Әділ сөйледі, 

1530


1540

1550


1560

354

БАТыРлАР  ЖыРы

354

355


Сөйлегенде не деді: 

—Әй, Ахмет құрмағыр, 

Қорықпас едің оңбағыр. 

«Айдаһар» деп жүргенің 

Кесіртке ме еді, құрмағыр. 

Қайта бер енді қосыңа, 

«Айдаһар» деп қол салып, 

Дараланған болсаң �о�ымай, 

Айдаһар деп жүргенің, 

Өлген жылан болғаны-ай! 

Ер деп сені, іс бердім, 

Ертпей адам қасыңа. 

Жолға кірмей қайтқаның, 

ылайық па өзіңе-ай. 

Жолы қиын екен деп

уайым салдың басыма-ай. 

Жауынгер болат дегенім 

Болып жатыр жасық-ай. 

Тар жолға барып кіре алмай, 

Келгенің сенің атың-ай, 

Қайта бер енді қосыңа. 

Қарасайға толғады: 

—Ей, Қарасай, Қарасай, 

Қанды Орақтың баласы-ай. 

Қайда кеттің Қарасай,

Асыл ердің баласы-ай?! 

Жақсы менен жаманның 

А�ылып жатыр арасы. 

Қарасай, өзің болмасаң, 

Батырсынып жүргенің 

Белгілі болды �амасы. 

Сәлем айтып келеді, 

І�іне кірмей жолдасың. 

Енді өзің бар, Қарасай, 

Қарасай, Қази болмаса, 

Құрыды жұрттың �амасы. 

Тесік жолға кіре алмай, 

Аралығын сірлеп көре алмай, 

Болып тұр жұрттың тұлғасы. 

1570


1580

1590


1600

354

354


355

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Қаратауды көргенде, 

Таудай болған батырлар 

Болып кеткен аласа-ай. 

Өзің барып көрмесең, 

Зар болады қалмақтың 

Қызыл ғана қаласы-ай. 

Жаманның көңлі тар,—дейді, 

Кетпесін жауға ер,—дейді. 

Қызылға тоқым сал,—дейді, 

Орақтан қалған жасыл ту, 

Желбіретіп ал,—дейді. 

Жасың үлкен болса да, 

Жұмсадым сені Қареке, 

Жалғыз аяқ тар жолға, 

Барып келгін сен,—деді. 

Сол уақытта Қарасай 

Асылда ердің баласы-ай, 

Айтуы-ақ мұң екен,

Жұмсасын деп тұр екен. 

Жалғыз аяқ тар жолға 

Қарасай кетіп барады, 

Мұны көзі �алады. 

Атын келе қаңтарып, 

Жолдың түрін байқады.

Жол қамалын көргенде, 

Қарасай бір сөз айтады: 

—Ақ жасаған Құдайым, 

Өзіңнен жәрдем сұрайын. 

Жігітке пайда бермеді 

Көп ойлаған уайым. 

Жау үстінде тұрмайын, 

Көрмей кетсем тар жолға 

Мен Орақтан тумайын. 

Не де болса көрейін, 

Маңдайыма жазғанын. 

Айтып кеткен атамның 

Бітірейін арманын. 

Мынау қиын жол екен, 

Жаны бар адам бара алмас. 

1610


1620

1630


1640

356

БАТыРлАР  ЖыРы

356

357


Қиын да болса кірейін, 

Қиын жолды көрмесем, 

Жол хабарын білмесем, 

Қарасай атым айтылмас. 

—Үлкен атам—қанды Орақ, 

Көрінде тыны� жата алмас,—

Деді дағы Қарасай 

Өзін-өзі қайрады, 

Өлімге басын байлады. 

Екі көзін �арт жұмып, 

Астындағы Қызылды 

Тар жолға айдап салады. 

Жалаң аяқ тар жолмен 

Қарасай кетіп барады. 

Екі көзі Қызылдың 

Шам-�ырақтай жанады. 

Жан-жағына қарамай, 

Сол мезгілде кем болды. 

Түніменен жүреді, 

Жол азабын көреді. 

Бір уақыттар болғанда, 

Таң белгісін береді. 

Таң атқасын Қарасай,

Жолдың �ықты �етіне. 

Жақындаған құсайды, 

Қызылбастың кентіне. 

Қорғасынның думамен, 

Оқып салған бетіне. 

Біраз ғана келеді, 

Өзінің айтқан сертіне. 

Осы жерге келгенде, 

Атын келе қаңтарып, 

Жердің түрін байқады. 

Көріп жолдың қиынын, 

Қарасай бір сөз айтады: 

—Көрмегенім көп екен, 

Жүрер жолым жоқ екен. 

Байқап келіп қарасам, 

Жолы қиын бұл екен. 

1650


1660

1670


1680

356

356


357

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Ат бауырын жаза алмас, 

Ат қиялап �аба алмас, 

Орғыл-орғыл құм екен. 

Мұның арғы жағына 

Көз жіберіп қарасаң, 

Алты қатар ор екен.

Ордың арғы жағына 

Көз жіберіп қарасаң,

Айналасы ай�ылық, 

Көлденеңі күн�ілік 

Он екі қабат тор екен. 

Жолы қиын тар екен, 

Хан белгісі бар екен. 

Ханның басы қорғаса, 

Алдырмайтын жер екен. 

Асты теңіз су екен, 

Арасына салдырған 

Дербент деген қала екен. 

Дарбазасы темірден, 

Он екі пар өгізбен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет