Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет199/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   284
Бүріншік. «Едіге» жырының Шоқан нұсқасында: Алғаным келін 

болған жұрт, Ақ бүріншік салған жұрт деген жолдар бар. Мұндағы 

бүріншік сөзінің мағынасын мәнмәтінге қарай оңай аңғаруға болады: 


296

әңгіме – келін боп түскен жас әйелдің қайын жұрты туралы, демек, 

қалыңдықтың келін болуының этнографиялық бір белгісі – басына ақ 

жамылғы (орамал) салуы (бүркенуі) дегенді білеміз. Сөз мағынасын 

топшылауға ақ және басына орамал – ақ бүріншік салу, яғни басын 

бүркеу,  бүркену  мағынасынан  көрініп  тұрғандығы  да  көмектеседі. 



Бүріншік сөзінің түпкі тірегі – бүрү етістігі, одан туындаған бүркену 

сөзінің  семантикалық  тірегі  –  жамылу  (басына  салу).  Қазіргі  қазақ 

тілінде  бүркеніш  (көзден  тасалап  тұратын  жамылғы),  бүркеншік 

(басқа  салатын  жамылғы)  тұлғалары  бар,  оның  бүріншік  варианты 

бұл күнде жоқ. Сірә, бұл осы заттың ескі атауы болар. Қазақ тілінде 

«жамылу» ұғымы бүрү деп емес, бүркену деп аталатын болғандықтан, 



бүріншік тұлғасы ескіріп, бүркеншік деген түсінікті тұлға қолданылып 

кеткен сияқты. «Едіге» жырының Шоқан жинаған нұсқасы, оның өзі 

айтқандай, ең әрідегі жырланысы болғандықтан, талданып отырған 

сөздердің орын алуы – заңды. Демек, бүріншік сөзін тұлғалық ескілік 

деп  санауға  болады.  Әйел  баскиімінің  бүріншектен  басқа  да  атау-

лары  біраз  бар,  олардың  ертеректегі  түрлері  бүріншік/бүркеншік, 



баутақ, бүгінде барлары – орамал, кимешек, жаулық, тіпті бұлар да 

мағыналары айқын болғанмен, олардың тұлғаларына этимологиялық 

талдау жасауға болады.

Айталық,  баутақ  сөзін  акад.  Ә.  Марғұлан  «кимешек»  мағына- 

сындағы  монғол  сөзі»  деп  түсіндіреді  (Марғұлан  Ә.  Ежелгі  жыр-

аңыздар.  -  Алматы,  1985.  -  57-бет).  Монғол  тіліндегі  богтах  деген 

сөздің қазақша (түрікше) тұлғасы дейді. Бірақ біз монғол сөздікте- 

рінен  бұл  сөзді  таба  алмадық.  Сірә,  басқа  бір  еңбектерде  бар  бо-

луы  керек.  Ал  кимешек  сөзінің  этимологиясын  проф.  К.К.Юдахин 

жақсы көрсеткен: қырғыз тіліндегі елечек – «күйеуі бар әйелдің орап 

байланған  бас  киімі  (тюрбан)»  деп  талдайды.  Елечек  –  парсы  сөзі, 

қырғыз тілінде «токол елечек (тоқал елешек – сәл аласалау ақ тюр-

бан). Қаз(а) елечек – үлкен елечек: «қаза елечек оронгон қатындары 

танымал»,  сайма  елечек  –  мандайына  өрнек  салған  елечек»  деген 

түрлерін көрсете келіп, «киймелечек (кимешек) – қазақ әйелдері бай-

лайтын  елечек»  деп  арнайы  түсіндіреді.  Киіме+елечек  –  кимечек

қазақша – кимешек (Кирг.-русс.сл., 949-бет).

Сөйтіп,  ақ  бүріншік  –  қазақ,  қырғыз,  ноғай  т.б.  халықтардың 

әйелдерінің  «этнографиялық  таңбасы»  (көрсеткіші),  ескі  сөз,  бірақ 

түбірі түркілік және түсінікті сөз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет