Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет202/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   284
Қосалықтау.  Өте  сирек  кездесетін  бұл  сөз  «Едіге»  жырынан 

көрінеді:  «Қосалықтап  отау  тіктірген...  Көшкенде  бартал  тарт- 

тырған».  Бұл  сөзге  П.М.Мелиоранский  де  түсінік  берген:  «ставя 

парами» деген болар дейді, яғни киіз үйлерді қатар тіктіру дегенді 

білдіретінін  айтады  және  бұл  тұлғаның  сөздіктерде  жоқ  екенін  де 

ескертеді.  Көшпелі  халықтардың  тұрмысында  киіз  үйлерді  қос-

қостап  тіктіру  салты  немесе  сәндіктің,  байлықтың  белгісі  болса 

керек.  Біз  проф.  Мелиоранскийдің  түсіндірмесін  қолдаймыз,  яғни 

қазіргі  қосарлау  сөзінің  ескі  варианты  деп  танимыз.  Кезінде,  сірә, 



300

қосалық  тұлғасы  зат  есім  де  болған  болар,  оған  етістік  тудыратын 

-та  жұрнағы  жалғанып  қосалықтап  отау  (үй)  тігу  «қос-қосынан 

қатарлап  үй  тігу  немесе  тіпті  қазақ  тұрмысында  да  орын  алған  екі 

киіз  үйді  біріне-бірін  жалғап  тігуді  осылайша  атауы  мүмкін.  Сөз 

мағынасы қос деген түбірдің семантикалық ұйытқы болып тұрғанын 

көрсетеді.  Қосалықтау  сөзін  біз  әзірге  өзге  жырлар  мен  ертедегі 

ақын-жыраулардың  өлең-толғаулары  тілінен  не  мақал-мәтелдерден 

таба алмадық. Іздестіре түсу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет