Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 1. Халықтың ауызекі сөйлеу тілі – қазақ әдеби



Pdf көрінісі
бет11/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   161
§ 1. Халықтың ауызекі сөйлеу тілі – қазақ әдеби 
тілінің негізі
Қазақ халқының этнос ретінде қалыптасқанына дейінгі оны 
құраған ру-тайпалардың және одан кейінгі қазақ қауымының 
өмір сүру барысындағы ауызекі сөйлеу тілінің барлық 
қаттауын (лексикалық қазынасын, грамматикалық тұлға-
тәсілдерін, фонетикалық жүйесін) және олардың әр кезеңдегі 
нақты күй-қалпын дәл көрсету қиын. Дегенмен қазақ халқын 
түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын, ж-мен сөйлейтін 
(сөз басында j емес, ж дыбысы келетін: жоқ, жақсы, жыл деп 
сөйлейтін) тайпалар одағы құрағандықтан, осы тайпалардың 


32
жеке хандық құрған тұсы – ХV ғасырға дейінгі ауызекі сөйлеу 
тілінің жалпы грамматикалық сипаты мен сөздік қазынасы- 
ның, дыбыстық жүйесінің қандай болғанын көз алдымызға 
келтіре аламыз
39
.
Зерттеушілердің ізденістеріне қарағанда, қыпшақтардың 
нағыз дәуірлеп тұрған кезі – ХII-ХIV ғасырларда хатқа түскен 
«Кодекс Куманикус» (ХІІІ ғ.) «Терджуман турки уа араби» 
(XIII ғ.) «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» (XIV ғ.), «Китаб 
ат-туһба аз-закйа фил лүғат ат-туркийа (XIV ғ.) т.б. сияқты 
сөздіктер сол дәуірлердегі сөйлеу тілінің ескерткіштері бо-
лып саналады
40
. Қыпшақтардың ауызекі сөйлеу тілінің заттық 
(сөздік) көрінісі мен грамматикалық, фонетикалық сипа-
тын Махмуд Қашғари (ХІ ғ.) сөздігі де танытады. Бұлардағы 
түркі сөздеріне, олардың тақырыптық топтарына зер салсақ, 
ерте дәуірлердің өзінде-ақ қыпшақ тілдерінің, оның ішінде 
қазақ тілінің ауызекі сөйлеу тәжірибесінде деректі, дерексіз 
ұғымдарды беретін бай лексика қоры болғанын аңғарамыз.
«Кодекс Куманикус» (латынша «Кумандардың кітабы» де-
ген атау) – XIII ғасырда жазылып, бізге қолжазба күйінде жет-
кен ескерткіш. 164 беттік бұл ескерткіш екі бөлімнен тұрады: 
бірінші бөлім үш тілдік (латын, парсы, қуман) сөздіктен, зат 
есімдер мен есімдіктердің септелу үлгісінен тұрады (1-110-б), 
екінші бөлімінің басымын (111-164-б.) діни уағыздар құраса, 
қалғанын куманша-немісше, куманша-латынша сөздер, ита-
льян поэзиясының үзінділері (ақын Петрарканың қолымен 
жазылған), қысқа куманша, латынша мәтіндер, куманша 
жұмбақтар құрайды. Куманша мәтіндердің мазмұны негізінен 
христиан дінін берік ұстауға үгіттейді, Иисус Христостың 
айтқан ақылдарын ұсынады, көрген азаптарын баяндайды.
Ескерткішті зерттеуші қазақ ғалымдарының пайымдауын-
ша, кітаптың I бөлімі практикалық мақсат көздеп, II бөлімі 
кумандарға христиан дінін уағыздау ретінде ұсынылған
41
. Бұл 
39
Курышжанов А. К истории изучения разговорной речи кыпчаков XIII-XIV вв.// 
Известия АН Каз ССР. - Серия общественных наук. - 1970. - № 6.
40
Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің 
тілі. - Алматы, 1971.
41
Сонда, 47-б.


33
ескерткіш жайында толық мәліметті сілтемеде көрсетілген 
еңбектен алуды ұсынамыз.
Кумандарды қыпшақтар, половецтер деп те атаған. 
Қыпшақтар XII-ХIV ғасырларда мерейлері үстем болып ша- 
рықтаған, осы кездерде құмандар (қыпшақтар) тілі Қара теңіз 
бен Каспий айналасында жалпыға бірдей ортақ тілге айна-
лып, Еуропа елдері қыпшақтар туралы тиісті мәліметтер алып 
отыруға мәжбүр болған.
Көрші отырған орыс, армян сияқты елдердің оны үйреніп 
алуын өмірдің өзі талап еткен. Осылардың нәтижесінде «Ко-
декс Куманикус» сияқты еңбектер жазылып қалған
42
.
Бұл ескерткіштің материалдарына қазақ әдеби тілінің бір 
арнасы ретінде зер салсақ, лексика саласынан мынаны айтуға 
болады: XIII ғасырлардағы қыпшақтардың ауызекі сөйлеу 
тілінде адам, табиғат, қоғам, адамдардың өзара және табиғатпен 
қарым-қатынасы сияқты тұстардағы нақты зат, құбылыс ата-
уларымен қатар, дерексіз ұғым аттары дараланып, едәуір 
дамыған түрде қалыптасқанын көреміз. «Кодекс Куманикусқа» 
қарасақ, қыпшақтар тіліне тән және бір ерекшелікті аңғарамыз, 
ол – мұнда дерексіз (абстракт) зат есімдер негізінен түркі, 
оның ішінде қыпшақ тілдерінің сөздері болып келеді. Мы-
салы, айтмақ (хабар), ақлық (ақтық, күнәсыздық) алғыш 
(алғыс), аманат, ант, арувлық (тазалық, арулық), асров 
(тәрбие), ачув (ашу), базлық (бейбітшілік), бейуклук (биіктік), 
бошақ (бостандық), бұйрук (бұйрық), бұлғақ (қым-қуыт кезең), 
бірлік, бүтүнлүк (бүтіндік), егілік (игілік), ексүк (кемшілік), 
емгек (қиындық), емінлік (қауіпсіздік), йете (жете, ақыл, ес), 
йеңмек (жеңіс), уғат (ұят), улулуқ (ұлылық) т.т. Бұл сөздер 
қазіргі қазақ әдеби тілінде де дерексіз ұғым атаулары болып 
табылады. Әрине, XIV-ХV ғасырлардан кейінгі даму кезеңінде 
бірқатар түркілердің, соның ішінде қазақтардың әдеби тілінің 
лексикасында дерексіз ұғым атауларын араб-парсы тілдерінен 
енген кірме сөздермен білдіру басым болып келгені белгілі. 
Бірен-саран дерексіз кірме атаулар (ақыл, ашық «ғашық», бақт 
42
Құрышжанов Ә., Жұбанов А., Белботаев А Құманша-қазақша жиілік сөздік. - 
Алматы, 1978. - 27-б.


34
«бақыт», давлат «дәулет», дүние т.т.) «Кодекс Куманикус» 
ескерткішінде де бар. Дегенмен негізгі бағыт – лексикалық 
байлық түркінің өз сөздері болып келгенін аңғару қиын емес.
Мұндағы үш тілдік сөздікте берілген сөздердің мағына- 
лары бойынша топтастырылған түрлеріне қарасақ, 70-беттегі 
және оның атына байланысты сөздерден бастап, адам, зат, 
табиғат, қасиет, сапа атаулары т. т. 110-беттегі дақыл аттары-
на дейін 40 түрлі топқа бөлініп берілген. Бұлар – қазіргі әдеби 
тілдердің сөздік қазынасының бұдан 6-7 ғасыр бұрынғы көзін 
танытатын материалдар.
Сөздік түрінде жеткен келесі ескерткіш – «Терджуман тур-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет