Әдебиеттер тізімі.
1.
Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық, - Алматы, «Санат», 2006. –
904 бет.
2.
Ыбырай Алтынсарин тағлымы: Әдеби – сын мақалалар мен зерттеулер/
М.Жармұхамедов. – Алматы: Жазушы, 1991.- 384 бет
3.
Алтынсарин Ы. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Қазығұрт»
баспасы, 2003. Т1. Өлеңдер. Этнографиялық еңбектер. Ғылыми – әдістемелік шығармалар.
– 240 бет.
4.
Оспанұлы С. ҰЛЫ ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ. – Қостанай: «Центрум» ЖШС, 2014. –
360 бет.
ОӘЖ:
93/94
СЫРЫ АШЫЛМАҒАН – КҮДЕРІ АҚЫН
Нұрғазина А.М.
Костанайский государственный педагогический институт
Мақалада 1916 жылғы Торғай бойындағы ұлт-азаттық көтерілісіне белсене қатынасқан, әрі сарбаз,
әрі ақын, жырау, отты жырларымен халықтың рухын көтеріп, күреске үндеген Күдері Жолдыбайұлы. Ұлт-
азаттық көтерілісіне белсене қатынасып, оны өзінің тасқынды жырларына арқау еткен.
В статье говорится об участнике Тургайского национально-освободительного восстания в 1916
году, а также о солдате и поэте, призванным бороться с огнем и
поднявший дух народу, о великом человеке
Күдері Жолдыбайұлы. Күдері Жолдыбайұлы один из редких поэтов который принял активное участие в
национально-освободительном восстании и оставил множество стихов про великое восстание казахского
народа.
The article refers to the party in Turgay national liberation uprising in 1916 , as well as soldiers and,
therefore, designed to fight the fire and raise the spirit of the great man Kuderі Zholdybayuly . Kuderі Zholdybayuly
one of the few poets who took an active part in the national liberation uprising and which left many poems about the
great revolt of the kazakh people .
Торғай уезі тұрғындарының әдеби мұрасы аса бай болды. Олардың арасынан
шыққан шығармалары ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына енген ақын-жазушылар мен
қоғам қайраткерлері де аз болған жоқ. « Өзі өлсе де сөзі өлмейтін» даңсалы тұлғалар
әлемде аз емес. Қасиетті Арқа жерінде туып, ел мен жердің даңқын асырған ардақты
тұлғалардың есімін бұл күндері біреу білсе, біреу білмей жатқаны шындық. Ш. Айтматов
113
айтқандай « жер шарынан із-тозсыз ғайып болуды ешкім де қаламайды.» Ақиық ақын
Мұқағали айтқан: « шаң басқан архивтерден табылармыз» дегеніне сай тілге тиек етпекші
болып отырған ақынымыз –Күдері Жолдыбайұлы жайында болмақ. Күдері Жолдыбайұлы
– 1861 жылы киелі Торғай топырағандағы «Қызбел» ауылының «Сарықопа» деген
жерінде туылып, 1931 жылы дүниеден өткен.Қостанай облысы, Жангелді ауданы,
Сарыңопада туған. Артында қалған мұралары көнекөз шежіре қарттар мен өткен жайлы
ой толғап жүрген азғантай адамдар ғана білетін, мұрасы мұрағаттардан ғана табылатын
ақынның жырларында терең мағына мен сырдың жатқаны анық
Ауылдағы молдадан сауат алып, қадим мектебінде оқу- жазу үйренген. Күдерінің
Торғайдағы екі кластық орыс- қазақ мектебінен білім алуына ЬІбырай Алтынсарин- нің
зор ықпалы болған. Сонымен бірге ақынның кейбір шығармаларының әдебиеттік, идеялық
жақтарының жақсаруына Ыбырайдың ықпал тигізгені созсіз. «1879- 1880 жылы болған
«Жалпақ қоян» атты жүтты сурет- тейтін үзақ өлеңін Күдері ақын ЬІбырайдың кеңесімен
жазады. Оның бүрынғы өлең-жырларына қарағанда, бүл анағүрлым «багалы шығарма»
деп баға берген Ыбырай Алтынсарин», - дейді жазушы, галым Қажым Жұмалиев өз
еңбегінде. [2; 48б.]
Ақын 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған қазақтың ұлт-азаттық қозғалысына
қатысып, патшалық Ресейдің қазаққа әскер ретінде қару бермей, күрек, қайла ұстатып,
қара жүмысқа салғанын қорлық санап, аяққа тапталған намыс үшін, орысқа қазақтың
қанын төктірмеу үшін, елді бостандыққа шақырған арнау үгіт жырларын айтты.
«Амангелдінің Торғайды алуы», «Әліби Жанкелдіүлына» деген толғауларында көтеріліс
басшыларының жарқын бейнесін жасады. «Дәуренбекке», «Және сәлем Кәрімжандай
балаға», «Мешін - жүт жылы», «Дүние шіркін барады өтіп» атты өлеңдерінде өмір,
табиғат сырының әр қырын парық- тайды. «Сарбазақын» атанып, азаттық жаршысы
болған.
Өзіне жетерлік дәулеті бар адам болған. Орынбор қаласынан 1911 жылы
О.Яковлев баспаханасында басылған «Материалы по Киргизскому землепользованию,
собранные
и
разработанные
Статистической
Партией
Тургайско-Уральского
переселенческого раиона. Тургайский уезд» атты жинағында Күдері туралы мынандай
деректер бар: «Кодер Жолдыбаев Торғай уезі, Майқара болысы, 3-ауылдың 5-
қыстауының ақсақалы. Оның қыстық қыстауы, жаздық жайлауы мен көлі, құдығы және
түтін саны мен малда басқа қүрылымдары бар». Осының бәріне басшылық жасап,
жұмысты үйымдастыру міндеті Күдеріге артылған.
Күдері ақынның Үлы Октябрь көтерілісшілерімен бірге көтеріліске шықты. Кеңес
үкіметі орнағаннан кейінгі өмірі туралы деректер өте аз.
Ертеде кейбір көзкөрген адамдардың айтуынша, ақын ескішіл, кертартпалық
көзқараста болған, діншіл деп жала жабылып, қудалауға түскен дейді. Кеңес үкіметін
қолдап, оған шын ниетімен қызмет еткен , сол себепті қудалаудан аман қалған.
Ақынның 1930-1932 жылдардагы өмірінің соңғы күндері қугын-сүргін, аштықпен
қатар келді. Ашаршылық азабынан Күдері ақын да құтылмады. 1931 жылы Қостанай
облысы Әулиекөл аймагыныц Бекбау ауылының маңында Қызылқұм деген жерде жасы
70 асқанда дүниеден өтеді. [8; 102б.]
Ақын шығармаларының ең негізгі арқауы болғаны қазақ халқының ұлт –азаттық
қозғалысы.
«Қазақ даласынан ет, мыңдыған жылқы мен түйе майданға жіберілді. Соғысты
сылтау етіп, жұмысқа « ерікті түрде» шаруаларды пайдаланды. Көтеріліске желеу болған
негізгі себепші фактор: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала
өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу» туралы
жарлығының шығуы»( Қазақстан тарихы,270б) болатын. Бұл жағдай туралы М.Дулатұлы
« жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» ,- деген еді. Міне дәл
осындай « ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран жағдайда ақын Аманкелді бастаған
көтеріліске қатысып қана қоймай көтерілістің жалынды жыршысы бола білді. [5; 69б.]
114
Ақын «айырылған серігінен пақырыңмын» деп аумалы – төкпелі замандағы
бақытты ғұмырдың сәні мен мәні кетіп, патша үкіметінің отаршыл саясатының кесірінен
ел мен жерден айырылған халық басына қара бұлт төнген алапатты жылдардағы анадан
бала, елінен ері айырылған қиын –қыстау заманды айтса тағы бір өлеңінде:
« Айдау көріп мал азды,
Ұйқысы кетіп жан азды.
Қатын – бала домықты,
От басында отырған,
Алжыған кемпір, кәрі шал,
Жылай – жылай торықты.
Түйеден қом, аттан жал,
Бәрі кетіп болыпты.» [2; 25б.] ( Аманкелдінің Торғайды алғаны),- деп келетін жыр
жолдары айғақтайды.
Ақын шығармаларының ең негізгі арқауы болғаны қазақ халқының ұлт –азаттық
қозғалысы.
«Қазақ даласынан ет, мыңдыған жылқы мен түйе майданға жіберілді. Соғысты
сылтау етіп, жұмысқа « ерікті түрде» шаруаларды пайдаланды. Көтеріліске желеу болған
негізгі себепші фактор: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала
өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу» туралы
жарлығының шығуы»( Қазақстан тарихы,270б.) болатын. Бұл жағдай туралы М.Дулатұлы
« жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» ,- деген еді. Міне дәл
осындай « ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран жағдайда ақын Аманкелді бастаған
көтеріліске қатысып қана қоймай көтерілістің жалынды жыршысы бола білді.
« Көтерілді жұрт ашуы дәуірлеп,
Қолдан бала ұстап беру ауыр деп.
Талай қорқақ ер боп кетті, табанды,
Талқандауға қияметтік заманды.
Атқа мініп айбалтасын асынып,
Бұзбақшы боп бүліншілік қамалды...» [2; 54б.] (Ер туды) ,-деп келетін жыр
жолдары міне жоғарыдағы айтқан халық көтерілісінің от білтесінің не екенін одан ары
айқындай түседі.
Тағы бір жырында:
« Сорғалады көздің жасы болды көл,
Айдарлымды алмақ болып жау салды қол.
Тұлымдының турамақшы тұлымын,
Бұл ғазаптан барма бізге шығар жол» [2; 33б.] (көздің жасы болды көл),- деп
күйзеліске түскен халық мұңын жырға қосады.
Қазақ халқы - ежелден қойдан қоңыр, жаны жайсаң дарқан халық. Басына қиындық
іс түсе қалса « бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білетін бауырмалдығы мен
ұйымшылдығын толық айғақтады. Бұған дәлел:
« Ерлер сонда нұры тасып,
Жүдеп қайтад келген жасып.
Солдат келсе жан таласып,
Қыралық деп баталасып.
Мінген ерлер қазан атқа.» [8; 48б.] ( Ер туды) айтылған жыр жолдары арқылы біз
қазақ халқының өліспей беріспейтін қайсар да жігерлі, ер жүрек рухының асқақтығын
ұғына аламыз.
Көркем шығарманың жаны – айнымастай өмір шындығы. Күдері ақын
шығармаларынан бұлар қағыс қалған емес.
« ...Қарағай сапты найза алып,
Ат – айғырын жаратып,
Айбалтасын қолға алды.
115
Әрлі – берлі толғанды,
Ел қоныстан қозғалды,
Кезінен бұрын бусанды...»(Аманкелдінің Торғайды алғаны),- деген жыр жолдарына
зер салар болсақ ашу – ыза кернеген халық өліспей –беріспейтіндігін, « жағаласпай жан
қалмас» дегеннің ақиқатын ұғынған қалың елдің жабыла атқа қонаған заманының
бұлжымас дәлелі.
Ақын – қоғамдық өмірдің уәкілдік тұлғасы. Ақынның бұл өмірден және көркем
әдебиеттен алар орнын өзі жасаған заманындағы тарихи жағдайлармен тығыз байланысты
болып келеді.
Күдері Жолдыбайұлы әне сондай бір машақатты жылдарда туылып, дәуірдің
шындығын тамаша жырларының бойына сіңіре білді. Ақын шығармаларында тек қана ұлт
– азаттық көтеріліс жайы ғана емес Торғай даласында болған 1930-32жылдардағы
ашаршылық ақиқаты да жыр жолдарынан көрінеді.
« ...Елден топырақ бұйырмай,
Кірмейтін жерге айналдым.
Қарға адым жер мұң болды,
Қазыққа ажал байландым.
Талықсып тұрмын маужырап...» [8; 67б.] (Інісі Тұрмағанбет Дәркенұлына сәлемі), -
деп келетін жыр жолдарында ақын халық басында болған ауыртпалықты біреуден естіп
яки жазып алып емес өз басынан өткен жағдайларды жазады. Аштықтан жүруге дәрмені
жетпей, өлімнің келуін күтіп, көздерінде әлсіз үміт ұшқыны бұлдыраған сағымдай
көрінетіп зұлматты, қиындық қыспағында қалған қазақ жайын;
«...Енді үміт жоқ бөтеннен,
Болар деп тірек тағы да.
Қолымыз жетпей босқа өлдік,
Бір тамшы сүт ағына.
Қойдан бетер қырылдық,
Тигендей індет табына...»,- деп жырлайды. [8; 72б.]
Сөз соңында біз осы қолымызға түскен аз болсада саз болған ақын жырларындағы
ақиқаттың ашты да болса шындық екенін айта отырып, қазақ халқының әр дәуірде
көрмегенінен көргені көп болып, өмірлері ел мен жер деп шерге толған азапты да
қайғылы, қасіретке толы сол бір ақтаңдақ жылдардағы машақатты анық көре аламыз.
«Мен қазақ мың өліп, мың тірілген» дегендей-ақ халқымыз азаптың дәмін аз татты
ма? Арыдан сөз қозғамасақта бүгінгі күні жоқталып, артында қалған мұралары жинақтала
бастаған Күдері Жолдыбайұлының отты жырлары дәл сондай бір аласұрған, бөгеуден
ағытылған, судай болып жалындаған ерік – жігері мол қазақ халқының алапат
замандардағы басына түскен ауыр жағдайлардың айқын көрнісі болмақ. «Сарбаз ақын»
атанған Күдері ақын азаттық жаршысы болды, Торғай даласындағы біраз тарихи оқиғаны
өзі қатысушы болып, жарлай білді.
Ақынның соңғы жылдары Қазақстан тарихында болған 1930-1932 жылдары болған
қуғын-сүргін, аштықпен қатар келді.Ашаршылықтан құтыла алмаған Күдері ақын жасы 70
асқанда 1931 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Бекбау ауылының маңында
Қызылқұм деген жерде дүниеден өтеді. [6; 82б.]
Сонымен, тұнып тұрған тарихы бар Торғайдың төсінде дүниеге келген Күдері ақын
өмір бойы сол өлкенің тарихына сыр шертіп, өз ойын жыр шумағымен өрбіте білген жан
деп білеміз. Қазіргі кездегі тарихты қайта зерделеуде жырмен өрілген тарихтың да орны
да маңызы бар деуге болады, осы алғашқы деректанулық негізі деп айтуға болады.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақ совет энциклопедиясы.Т.6. – Алматы: 1975.-152б.
2.
Кенжеахметов С. Күдері – жауынгер ақын // Торғай таңы. 1972, 11 қараша.
116
3.
1916 жыл. Алматы: Рауан, 1996 ж.
4.
Даркенов Қ.Ғ. Күдері ақын шығармашылығындағы Торғай жеріндегі
ашаршылық ақиқаты// Қазақ.- 2012.-17-24 ақпан.(№7/8).-5 б.
5.
Даркенов Қ.Ғ. Күдері ақынның көңіл айтуы// Қазақ. 2012.- 14 қыркүйек (№37).-
6 б
6.
Қазақ әдебиетінің тарихы, 1-т., 1-кітап. А., 1960;
7.
Әуезов М. Әдебиет тарихы. –Алматы:Ана тілі, 1991. -240 б.
8.
Торғайдың Күдері ақыны.-А.,2015
ОӘЖ:
82-1/-9
А. ШАЯХМЕТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭТНОМАРКЕРЛІ СИПАТЫ
БАР СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІГІ
Сайфуддинова Г.А., қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенті,
ғылыми жетекшісі: Бекбосынова А.Х., филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Мақалада Ақылбек Шаяхметов шығармаларындағы этномаркерлі сөздердің мағынасы талданған.
В статье рассматриваются значение этномаркерных слов в произведениях Акылбека Шаяхметова.
The article discusses the value ethnomarketing words in the works of Akylbek Shayakhmetova.
Қазақтың намыс туына айналған Бауыржан Момышұлынан неден қорқатыны
туралы сұрағанда, ол кісі «бесік жырын айтпайтын келіндерден, ертегі айта білмейтін
әжелерден қорқатынын», - білдірген екен. Шынында да бесік жырын, «әлди, әлди,
бөпешімді» айтпақ түгіл, ондай-ондайға осқырына қарап, өз тілін өзекке теуіп тастап, өзге
тілде бала тәрбиелеп үйренгендердің мыңдап саналуы – қазіргі қазақ қоғамының
шындығы. Ұлт болашағы ел егемендігімен тығыз байланысты шешуі күрделі, өзекті
мәселе екені белгілі. Расында, қазіргі таңда біздің ана тіліміздің қоғамдағы атқаратын рөлі
төмендеп келеді деуге болады.
Зерттеуші-ғалым Ә.Қайдаровтың пікірінше: «Этнографизмдер – тұрмысымызда
болған, әлі де қолданылып келе жатқан күнкөріс бұйымдарының белгілі бір кәсіпке,
шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке,
ішер асқа, туыстық қатынаста, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік құқыққа
байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін
көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері» [1,19].
Ғалымның ойын түйіндесек, этнографизмдер дегеніміз – этнографиялық заттар мен
құбылыстардың атауы. Яғни, тек қана қазақ халқының танымына тән сөздер. Мұндай
атаулар көркем әдебиетте көптеп қолданылатыны белгілі. Оны ғалым А.Сейілхан
былайша түсіндіреді: «Этноатаулар көркем шығармада тіл мен әдебиеттің ғана
байланысын көрсетпей, ұлттық болмыс пен ұлттық белгіні де танытады. Осының өзі
қаламгер тілінде этномәдени фон жасаудың негізгі құралы» [2, 41].
Этносты, этнос болмысын тек оның тілі арқылы ғана түсінуге болады. Халық
өміріндегі мол деректер мен мағлұматтарды тіл ғана бойына сыйғызып, ұрпақтан ұрпаққа
жеткізетін қайнар бұлақ.
Ғалым Ә.Қайдар: «Этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру
деген сөз оның сонау балаң кезінен есейгенге дейінгі барлық болмысы мен өмір-
тіршілігін, дүниетанымы мен мәдени, рухани байлығын ана тілінда сақталған фактілер
мен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игіліге асыру болып
табылады» - деген болатын.
117
Демек,
ақын-жазушылар
шығармаларындағы
этнографизмдер
ұлттық
ерекшеліктерді танытатын, қазақ халқының ұлттық сипатын беретін лингвомәдени
бірліктер болып табылады. Сөзімізді мысалмен дәлелдейтін болсақ:
Осы қазақ елі үшін атқа мінген,
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бойтұмар қып ар-ұждан – қазынасын,
Абыройын жоғалтпай сақтап жүрген. («Көзімді ашып көргенім» жинағы
«Тәуелсіздік ескерткіші алдында» өлеңі. 10-бет).
БОЙТҰМАР
1.зат. этн. Тіл – көзден сақтау үшін мойынға не киімге тағатын ерекше қасиетті
саналатын бұйым немесе дұға сөзі жазылған үшбұрыштап сыртын матамен қаптап тіккен
қағаз.
2.ауыс. Ерекше қадір тұтатын қасиетті нәрсе. [ҚӘТС 3-том. 430-бет].
Ақын қолданған «бойтұмар» сөзі ұлттық тілімізге ғана тән болып келіп, ұлттың
тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін көрсетуде айрықша қызмет атқарған деуімізге болады.
Құба талды өрілтіп бесік қылған қазағым,
Терісінен бөрінің ішік қылған қазағым,
Әзіл менен күлкіні бұлақ қылған қазағым,
Қызыл құйрық түлкіні тымақ қылған қазағым,
Сары май мен тортаны ерітіп алған қазағым,
Қазы менен қартаны кертіп алған қазағым,
Қымызы мен шалабын қатар ішкен қазағым. («Көзімді ашып көргенім» жинағы
«Қазағым» өлеңі. 14-бет).
БЕСІК - зат. этн. Қазақ халқының мәдени мұраларының бірі, ұлт өнерінің төл
туындысы, баланың кеудесі мен аяғын қаттырақ байлап жатқызатын, дәретін жайдырмау
үшін арнайы орнатылған түбегі мен шүмегі бар нәресте бөлеуге арналған ағаш төсек
[ҚӘТС 3-том. 295-бет].
Қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мен танымында бесіктің де бірнеше түрі
кезедеседі және де бесікке қатысты бірнеше ырым – тыйымдар да кезедеседі. АСПАЛЫ
БЕСІК – төбеге жіп, арқанмен іліп қойған тербелмелі бесік болса, ал БЕСІКБАУ – зат.
этн. ұштары бесіктің екі жанындағы сабау ағаштарға таңылатын, біреуі бөленген сәбидің
көкірек тұсына, екіншісі тізеліктің үстінен түсетін, биязы жүннен тоқылған құр немесе
екі-үш қабат матаны сырып, баулары ысылып жасалған тартпа бау болса, ал
БЕСІКЖАМБЫ – зат. этн. бесікке ұқсас құйылған кесек күміс. БЕСІККЕРТПЕ – зат.
этн. бесіктегі бала шошынып ұйықтай алмаған кезде я болмаса жаңа бесікке баланы
бөлемей тұрып, арқалығын қыздырған темірмен бірнеше жерден күйдіріп қаритын ырым
түрлері де бар. Сонымен қатар, БЕСІКСАЛАР – зат. этн. кәде. Бесікке салу рәсімін
орындаған адамға берілетін сый. Қазақ халқы бұл дәстүрді ғасырлар бойы сақтап, оны
баланы бесікке саларда міндетті түрде орындаған.
БЕСІКТОЙ – зат. этн. бесікке салар той, нәрестені алғаш бесікке бөлеуге
байланысты жасалатын ғұрыптық салтанат.
Ақын өлеңдерін талдау барысында ұлттық киімдердің де қолданысы кең өріс алған.
ІШІК – зат. этн. Елтіріден, сеңсеңнен әртүрлі аң терілерінен тігілген, сырты
матамен тысталған қазақтың ұлттық киімдерінің бірі [ҚӘТС 15-том. 750-бет].
ІШІК – сәнді әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан, ішін аң, мал
терілерінен тігеді. Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі, етегіне дейін теріден
жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол тігіледі, жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай
ол күзен ішік, түлкі ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, қарсақ ішік, зорман ішік, пұшпақ ішік,
суыр ішік, сеңсең ішік, жанат ішік деп аталады. Бота терісінен жүні ішіне қаратылып
тігілетін ішік сирек кездеседі. Ішікті ер адамдар да әйел кісілер киген. Әйел кісілерге
арналған ішіктер әртүрлі ою-өрнектермен әшекейленіп жасалады. Қазақтың әдет-
ғұрпында ішіктің алатын өзіндік орны бар. Мысалы, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған
118
жастарға киюге болмайды, себебі жастық жалыны мен тері қызуы жігіттің күшін
қайтарады немесе ауруға ұшыратады. Сол сияқты екі адам боранды күнде адасып, қасқыр
ішікті адамның жанындағы кісі үсіп өлсе, онда өлген кісінің туыстары қасқыр ішікті
кісіден құн даулауға қақысы бар, өйткені бір қасқыр ішік екі адамды суыққа бермейді.
ТЫМАҚ – зат. этн. аң терісінен жасалған, теріден тігілген, биік төбелі, маңдайы
сыртына қарай, екі құлақшасы бар, желке-жотаны жауып тұратын, артқы етекте тұратын,
суықта киетін жылы бас киім. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тымақ түрлері рудың, елдің
ерекшелігін байқатып тұрады [ҚӘТС 14-том. 544-бет].
ТЫМАҚ – ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Бұрын
қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін тымағына қарап та таныған, яғни арғын,
жалайыр мен найман тымағы немесе Торғай, Семей тымағы деген үлгілері болған.
Тымақтың да бірнеше түрлері кездеседі. ЖЕКЕЙ ТЫМАҚ – этн. әдемі тігілген жеңіл
тымақ. ЖЫҒЫТ ТЫМАҚ – этн. түлкі терісінен тігілген тымақтың түрі. СЕҢСЕҢ
ТЫМАҚ – этн. марқайған қозының қырқылмаған өскелең жүнді терісінен тігілген бас
киім. ТҮЛКІ ТЫМАҚ – этн. түлкі терісінен тігілген тымақ. ҮКІЛІ ТЫМАҚ – этн. үкі
тағылған тымақ. [ҚӘТС 14-том. 544-бет].
Тымақ – биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын
артқы етегі бар жылы бас киім. Сыртын берік, қымбат маталармен тыстайды. Екі
құлағына ызбалы бау тағады. Етегін төбеге қайырып қою үшін, тымақтың артқы жағына
тобылғыдан немесе берік ағаштан тиек жасап қадайды. Бұл қасиетті бас киімді
айырбастауға болмайды, оған аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра
есебінде қалып отырған. Бұрынғы кезде қазақтар жаңа туған баланы неше күні кем болса,
сонша күн тымаққа салып, кереге басына іліп қоятын болған. Бұл – тымақтың қадірі мен
қасиетін бейнелейтін көрініс.
Ақын А.Шаяхметов шығармаларын талдау барысында қазақ халқының ұлттық
тағам атауларының да кеңінен қолданыс тапқанын байқауға болады. ТОРТА – зат. сары
майды еріткенде ыдыстың түбінде қалатын тұнба қалдық [ҚӘТС 14-том. 302-бет].
ҚАЗЫ ҚАРТА – жылқының қадірлі саналатын қазысы мен қартасы. ҚАЗЫ – зат.
этн. жылқының майлы қабырғасын етегімен қосып тұздап, ішекке тығып жасаған ұлттық
тағам. Қазақ халқының ұлттық тағамы болып табылатын қазының да бірнеше түрлері
кездеседі. БИ ҚАЗЫ – бүйен ішекке тыққан шұжық тәрізді жуан қазы. БҰЖБАН
Достарыңызбен бөлісу: |